Мұнай газ өндіру саласындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар Кіріспе


- тарау. Қысатын сорғы станциялары



бет11/18
Дата24.02.2016
өлшемі1.98 Mb.
#13373
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18

51 - тарау. Қысатын сорғы станциялары
963. Ағызатын сорғы станцияларында қауіпсіз пайдалану үшін кен орнын өңдеу сызбасына байланысты келесілер қарастырылады:

1) технологиялық модульде негізгі технологиялық үрдістерді жүргізу үшін аппаратура мен жабдықты жинақтау;

2) газды алдын ала алумен мұнайды айналдыру;

3) ұңғымалар және учаскелер бойынша мұнайды, газды, конденсатты және суды есепке алу;

4) ұңғыма өнімін алдын ала сорғыту және алдын ала өңдеусіз өнімдік қабаттарға суды толтыруды қамтамасыз ететін, қымталған аппараттарда қабатты суды тазалау.

964. Ағызатын сорғы станцияларының құрамы және жабдықтың сипаттамасы қабатты флюидтің сипаттамаларын есепке ала отырып, жобамен анықталады.

965. Сорғы қондырғылары, технологиялық ыдыстар, құбырлар және резервуарлар қабатты флюидтің құрамын, сепаратор қысымын және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, пайдаланылады.

966. Буферлі ыдыстың орналасу биіктігі тік геодезиялық белгілерді және гидравликалық қысымды ескере отырып, анықталады.

967. Қабылдау коллекторы құбырларды майыстырмай еңіспен жобаланады.

968. Ағызатын сорғы станциясы блокты, жарылыс өрт қауіпсіз жасалған, пайдаланудың автоматты режимінде қарастырылады.

969. Апаттық жағуға газды әкету шамшырақ қондырғыға жүзеге асырылады.

52 - тарау. Технологиялық құбырлар
970. Құбырларға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 27 шілдедегі № 176 бұйрығымен бекітілген, Технологиялық құбырларды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары қолданылады.

971. Кен орнын орналастыру және өңдеу жобасына сәйкес объектілердің құрамында кәсіпшілік құбыр жолдары қарастырылады (бұдан әрі – КҚ):

1) ұңғымадан өлшеу қондырғысына дейін өнімді жинауды қамтамасыз ететін, сағалық алаңнан лақтыратын құбырлар;

2) автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғысынан мұнайды бірінші сепарациялау пунктеріне дейін мұнай газ жинайтын құбырлар, ағызатын сорғы станциясы немесе орталық жинау пункті;

3) мұнайды жинау орнынан мұнай жолдары және жинаудың орталық пунктіне дейін ағызатын сорғы станциясы;

4) жинаудың орталық пунктінен мұнайды магистральды тасымалдау құрылыстарына дейін мұнай жолдары;

5) мұнайды айналдыру қондырғысынан газды дайындау қондырғысына, газ компрессорлық станцияға, жинаудың орталық пунктіне, газды қайта өңдеу кешеніне дейінгі газ құбырлары;

6) газлифті және қысымды ұлғайту ұңғымаларына газды тасымалдау үшін газ құбырлары;

7) суды қабатқа толтыру үшін құбыр жолдары;

8) ингибиторларға арналған құбыр жолдары;

9) орталық жинау пунктінен газды магистральды тасымалдау құрылысына дейінгі газ құбырлары.

972. Қабатты сұйықтарды және газдарды тасымалдау үшін құбырларды жобалық жүктемелерге және мүмкін болатын химиялық әсер етуге сәйкес пайдаланады.

Құбырлар жобада және техникалық құжаттамада көрсетілген, пайдалану кезеңіне ішкі және сыртқы коррозияның әсер етуінен қорғалады.

Коррозиялық-белсенді және улы заттарды тасымалдайтын құбырлар технологиялық ортаның зиянды әсер етуін ескеретін, коррозияға қарсы жасалады.

973. Ұңғымалармен байланысты құбырлар мұнай газ құбырының апаттық саңылаулануы кезінде ұңғымадан сұйықтың ағынын жабатын, бекіту құрылғыларымен жабдықталады.

Егер де ұңғыманың жұмыс көрсеткіштері қашықтықтан бақыланатын және ТҮ АБЖ қарастырылатын болса, қашықтықтан басқарылатын бекіту құрылғылары жобаға сәйкес қолданылады.

974. Құдықтарда орналасқан бекіту арматурасы жұмысшыны құдыққа түсірместен, қашықтықтан басқарумен немесе қауіпсіз басқару үшін құрылғымен қамтамасыз етіледі.

975. Арматураны ашу және жабу технологиялық регламентке сәйкес, қысымның құбылуына байланысты қауіптілікті және гидравликалық әсер етуді ескертуді қамтамасыз ететін режимде жүргізіледі.

976. Газдары мен мұнай өнімдері бар құбырларда су жолдарымен және пневматикалық құбырлармен тікелей біріктіру бар.

977. Құбырлар өзара тек ашық жағдайда болатын, араларында бақылау вентилі және манометрі бар ысырмалар арқылы қосылады. Ысырмалардың қымталуы манометрде қысымның жоғына байланысты ауысымына бір реттен кем емес тексеріледі.

978. Жер үстіндегі құбырлар жобаға сәйкес, жанбайтын материалдан тіреулерде төселеді.

Тіреу құрылымдары ретінде әрекеттегі құбырларды, жабдықтардың, ғимараттардың және құрылыстардың элементтерін қолдануға жол берілмейді.

979. Қыздырылған тұтқырлығы жоғары өнімді әрбір ағызудан кейін қату қауіптілігі болғанда құбырлар, соның ішінде апаттық, тұтқырлығы аз, қатпайтын өніммен айдалады.

980. Кәсіпшілік құбырларын бойлау жол бойынша техникалық қызмет көрсету үшін автомобиль көлігінің, өрт техникасының, жүк көтергіш және жерді қазатын механизмдерінің кедергісіз және қауіпсіз қозғалу мүмкіндігі қарастырылады.

981. Кәсіпшілік және кәсіпші аралық құбырлардың, жер асты және жер үсті коммуникацияларының жолдары және қорғалатын аймақтары жергілікті жерде нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес көрсеткіштермен, ескерту және тыйым салу белгілерімен белгіленеді.

982. КҚ төсеу кезінде ұңғыманың тасымалданатын өнімінің физикалық-химиялық қасиеттеріне және жұмыс көрсеткіштеріне (қысым, температура) сәйкес, қауіпсіз ара қашықтықтар сақталады.

Тұрғылықты мекен-жайлар арқылы жолды төсеуге жол берілмейді.

Жұмыс қысымы шамадан артық коэффициентті есепке ала отырып, қысым көзінің шекті қысымы бойынша анықталады, жұмыс температурасы тасымалданатын заттың шекті температурасы бойынша қабылданады.

КҚ учаскесі қысымның көзінің белгісінен төмен орналасқан жағдайда ағызылатын өнімнің гидростаттық қысымы ескеріледі.

983. Транзиттік технологиялық құбырларды ғимараттар, құрылыстар, қондырғылар астында және олардың үстінде төсеуге жол берілмейді. Бұл талап резервуарлар астынан өтетін, газды теңестіру жүйесінің құбырларына таратылмайды.

984. Құбырларды біріктіру дәнекер қолдану арқылы жүргізіледі. Фланецті және бұрандалы құрамалар бекіту арматурасын, қысымды реттегіштерді, қорғаныс құрылғыларын, БӨҚжА және құбырлардың бөлшектерінің жобамен және дайындаушының техникалық құжаттамасына сәйкес қосу орындарында орнатылады.

985. КҚ автокөлік және темір жол жолдарымен қиылысуы жобалық құжаттамаға сәйкес, шамдарды орнатумен қораптарда орындалады.

986. Судың бөлінуі мүмкін құбырлардың кескіні төмендетілген учаскелері жоқ. Судың бөлінуі мүмкін орындарда оны сорғыту қарастырылады.

987. Табиғи-климаттық жағдайлардың және жер сілкінісінің әсерінен жер массаларының қозғалу қауіптілігі бар аумақтарда құбырларды қорғау бойынша инженерлік шаралар қарастырылады.

Көтергіш қабілеті жеткіліксіз топырақтарда құбырдың тұрақты жағдайын және теңгерімін өтейтін шаралар орындалады.

Таулы топырақта төсеу кезінде құбырдың сәйкес қабыршағы немесе балласты қабаттарды төсеу қарастырылады. Өзгерілетін кескін жағдайларында көмірсутегілердің апаттық тастамаларын жою және қоршаған ортаға техногенді әсер етуді төмендету үшін құбырларды тартпаларға төсеу қарастырылады.

988. КҚ ішкі кеңістігін тазалау және тексеру үшін «Магистральды және өнеркәсіптік құбырларды салу. Қуысын тазалау және сынау» ВСН 011 – 88 және жобалық құжаттамаға сәйкес тазалау және диагностикалау құрылғыларын іске қосу, олардың қозғалысын бақылау, химиялық реагенттермен өңдеу және үрлеу бойынша шаралар қарастырылады.

989. КҚ тас жолы бойынша бұрылыс бұрыштарында және коммуникациялармен қиылысу орындарында, 1 км кем емес қашықтықта анықтайтын белгілер орнатылады.

Тас жолдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көлік құралдарының қарама қарсы өтуі үшін белгілі бір орындар және бағыттарын көрсетулермен тұраққа арналған алаңдар бөлінеді.

990. Әрбір КҚ басында және соңында пайдаланудан жедел шығару үшін бекіту құрылғылары орнатылады.

Бекіту құрылғылары жобада көрсетілген аралықтар бойынша, өтетін жерлер мен қауіпті учаскелерде, желілі бөліктерінде орнатылады.

991. Құбырларда оқшауланған кеңістікке, кері айналу аймағына және ауаны айналдырып үрлеуге жол берілмейді.

992. Күкірт сутегі бар өнімді тасымалдауға арналған мұнай газ конденсат өткізгіштердің бекіту арматурасы беткейінде орнатылады.

993. Қайнау температурасы 200 °С асатын өнімдер үшін, тұтану температурасы 45 °С төмен және температурасы мен қысымына қарамастан зиянды заттардың болуымен газдар мен тез тұтанатын сұйықтар үшін құбырларда орнатылатын бекіту және реттеу арматурасы болаттан қолданылады және технологиялық ортаның сипаттамасына сәйкес.

Бекіту арматурасын орналастыру ыңғайлы және қауіпсіз қызмет көрсету, жөндеу және ауыстыру ескеріле отырып жүргізіледі.

Жабуда және жөндеуде болатын құбырларда бекіту арматурасын ашық қалдыруға жол берілмейді. Технологиялық сызбадан шығарылған құбырларда арматура жабылады, акт жасаумен және КҚ төлқұжатында тіркеумен тығындар орнатылады.

Құбырлардағы бекіту арматурасы үнемі тексеріледі және майланады. Бекіту арматурасын ашу және жабу үшін қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін әдістерді қолдануға жол берілмейді.

Гидравликалық соққының алдын алу үшін құбырлардағы бекіту арматурасы ақырын ашылады және жабылады.

Бекіту арматурасы құбырлардың жеке учаскелеріне өнімді беруді тез және сенімді тоқтату мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бекіту арматурасындағы және құбырлардағы бұзушылық жойылады.

Құбырларда тығыздағыштарды және бекіту арматурасын ауыстыруға технологиялық ортадан тазалағаннан, бумен, инертті газбен үрлегеннен, тұншықтырмаларды орнатумен және журналда тіркеумен ысырмалармен әрекеттегі құбырлардан өшірілгеннен кейін жол беріледі.

994. Салмағы 50 кг жоғары, кезең сайын бөлшектеуді талап ететін, арматураны және құбыр жолдарының элементтерін орналастыру орындарында арматураны құрастыру және бөлшектеу үшін қозғалмалы немесе стационарлы механикаландыру құралдары қарастырылады.

995. Ұңғымалармен тікелей байланысты, лақтыратын құбырлар мұнай газ құбырының апаттық саңылаулануы кезінде ұңғымадан қабатты флюидтің ағынын автоматты жабатын бекіту құрылғыларымен жабдықталады.

996. КҚ бекіту арматурасында, соның ішінде штоктың жасырын қозғалысымен, редуктор немесе бекіту құрылғысы бар, олардың «Ашық», «Жабық» айналу бағытын көрсететін, бағыттағыштар орнатылады. Бекіту арматурасы және қорғаныс құрылғылары технологиялық сызбаға сәйкес белгіленеді және нөмірленеді.

997. Пайдалануға енгізу алдында, қайта құру және жөндеуден кейін жобалық құжаттамаға сәйкес беріктік пен қымталуға сынау және ішін тазалау жүргізіледі.

КҚ сынау және тазалау кезінде қауіпті аймақтың шекаралары осы Талаптарға 5 - қосымшаға сәйкес қолданылады. Қауіпті аймақтар ескертетін және тыйым салатын қауіпсіздік белгілерімен белгіленеді.

Сынаулар учаскенің немесе барлық КҚ дайындығын, сыналатын объектіге атқару құжаттамасын ұсынғаннан және жұмысты ұйымдастыру жоспарында көрсетілген, қауіпсіздік шараларын орындағаннан кейін жүргізіледі.

Сынамалар жүргізу кезінде КҚ-нан технологиялық ортаны қауіпсіз әкету және пайдаға асыру қарастырылады.

998. Құбырларға пневматикалық сынаулар бұрын инертті газбен көмірсутекті жарылысқа қауіпті ортаны тасымалдаған, ауамен немесе инертті газбен жүргізіледі. Құбырларды күкіртсутегі және зиянды заттар бар газбен үрлеу және сынауға жол берілмейді.

999. Құбырларға ауаны, инертті газды немесе буды өткізу ұялы құрылғыларды пайдаланумен және бекіту арматурасын орналастырумен жүргізіледі. Тазалаудан және сынағаннан кейін оларды бөлшектеу жүргізіледі, бекіту арматурасында бұқтырмалар орнатылады.

1000. Құбырларды темір жол, автокөлік жолдарының қиылысу аймағында, тұрғылықты жердің, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық объектілерінің жанында сынау кезінде аталған объектілердің өкілдерімен сынау мерзімін және қауіпсіздік шараларын келісу жүргізіледі.

Қауіпті аймақтың шекарасында өткізу режимі орнатылады. Сынама кезеңінде қауіпті аймақта көліктің қозғалысына және жұмыстар жүргізуге жол берілмейді.

1001. Беріктік пен қымталуға сынау саңылаулану, шешілетін және шешілмейтін құрамаларда жіберулер болмаған кезде, температураның, ажырау белгілерінің және көрінетін қалған ақаулардың өзгеруі ескеріле отырып, манометр бойынша қысымның төмендеуі кезінде қанағаттанған деп танылады. Сынамалардың нәтижелері актімен рәсімделеді.

1002. Ылғал бар мұнай және мұнай өнімдеріне арналған құбырларды жылу оқшаулаумен қорғайды, ал төменгі температураларда пайдалану кезінде жылу серігімен жылытады.

Оқшаулаудың зақымдануы анықталған кезде оны қалпына келтіру бойынша шаралар қолданылады.

1003. Анықталған ақауларды жою қысымды атмосфералыққа дейін түсіргеннен кейін жүргізіледі.

Ақауларды жойғаннан кейін қайтадан сынау жүргізіледі.

1004. Сынау кезінде қолданылатын материалдар, орналастыру алдында шәкілдің сәйкестігіне, пломбаның және рұқсат етілген қысымның белгісінің болуына тексеріледі.

1005. КҚ инертті газбен немесе бумен үрлеу технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі. Күкіртсутегі бар газбен меркаптандарды және қауіпті заттарды үрлеуге жол берілмейді.

Үрлегеннен кейін КҚ сыналған учаскесінде бекіту арматурасы жабылады және сынау актісінде және журналда күні мен уақытын тіркей отырып, бұқтырмалар орнатылады.

1006. КҚ жағдайын бақылау үшін үрлеу немесе сынау кезінде келесі функцияларды орындайтын жұмыс жетекшісімен екі жақты байланыспен қамтамасыз етілген, жұмысшылар (қараушылар) тағайындалады:

1) КҚ бекітілген учаскесін үнемі бақылау;

2) жер асты және жер үсті КҚ сынау кезінде қозғалыс үшін жабық жолдарда және қауіпті аймақта адамдардың, жануарлардың болуына және көлік құралдарының қозғалысына жол бермеу;

3) үрлеу мен сынау жүргізуге кедергі келтіретін немесе КҚ жақын жердегі адамдарға, жануарларға, құрылыстарға және көлік құралдарына қауіп туғызатын барлық жағдайлар туралы дереу бақылау тұлғасына хабарлау, және оларды қауіпті аймақтан әкету бойынша шаралар қабылдау.

Қарау кезінде жұмысшылар технологиялық регламентте көрсетілген қауіпті қашықтықта болады және қорғаныс құралдарын қолданады.

4) Қорғалатын аймақтың аумағында құдықтарға және шұңқырларға түсуге жол берілмейді.

1007. КҚ қорғалатын аймағының аумағына жұмысты аяқтағаннан кейін жоюмен жұмысты ұйымдастыру жоспары бойынша жөндеу немесе қайта құру кезінде қажетті шұңқырларды есепке алмағанда, жобамен қарастырылмаған канализациялық құдықтарды, қазан шұңқырларды, орларды орналастыруға жол берілмейді.

1008. Құбырлар АҚҚ тарта отырып, ұйымның техникалық басшысымен бекітілген кестеге сәйкес кезеңдік қарауға және техникалық куәландыруға жатады.

1009. Алдын ала қараулар кезінде қорғалатын аймақтың аумағында құдықтарға және өзге шұңқырларға түсуге жол берілмейді. Газдалу немесе істен шығушылық анықталған жағдайда персоналдың әрекеті АЖЖ бойынша және ДО ЖҚҚ қолданумен объект басшысының нұсқауы бойынша орындалады.

1010. Газ-, мұнай- және конденсат құбырлары өтетін жерлердің су асты бөлігін тексеру сүңгуір қызметінің күшімен жылына бір реттен кем емес жүргізіледі. Газ-, мұнай-, конденсат құбырларының өтетін екі жақтық қақпағында су айнасын және ағын бойынша төмен сыртынан қарау тас жолды қарау журналында белгімен, ұйымның техникалық басшысымен бекітілген кесте бойынша жүргізіледі.

1011. КҚ техникалық жағдайлары және тексеру жүргізу мерзімдері сәйкес КҚ пайдалану тәжірибесін, сыртқы қарау, алдыңғы тексеру нәтижелерін, тексерулер аралығында КҚ қауіпсіз және апатсыз пайдалануды қамтамасыз етуді ескере отырып, коррозиялық-эррозиялық үрдістердің жылдамдығына байланысты ұйымның техникалық басшысымен бекітілген кесте бойынша орнатылады.

КҚ бірінші тексеру пайдалану басталғаннан кейін бір жылдан көп емес мерзімде жүргізіледі.

1012. Тексеру жүргізу үшін дайындау, негізгі және қорытынды жұмыстардың орындалу мерзімін; техникалық және технологиялық көліктік, апаттық және қауіпсіз қамтамасыз етуді; технологиялық регламентке сәйкес орындаушыларды және құжаттарды рәсімдеуді көрсете отырып жұмысты ұйымдастыру жоспары жасалады.

1013. Құбырларды беріктік пен қымталуға кезеңдік сынау негізінен, КҚ тексеру кезінде жүргізіледі.

Сынау кезеңдігі коррозиялық үрдістердің қасиеті, тасымалданатын орта, оны тасымалдау жағдайлары және жылдамдығы ескеріле отырып, ұйымның техникалық басшысымен орнатылады.

КҚ тексеру нәтижелері актіде және техникалық төлқұжатта көрсетіледі.

1014. КҚ оқшаулау жабындысының жағдайын кезеңдік бақылау ұйымның техникалық басшысымен бекітілген кесте бойынша, топырақты ашусыз оқшаулаудың зақымдануын анықтауға мүмкіндік беретін диагностикалау әдістерімен жүргізіледі.

Жанатын затпен сіңірілген оқшаулау учаскелерін анықтаған жағдайда АЖЖ сәйкес өрт қауіпсіздігі бойынша шаралар қолданылады.

1015. КҚ қабырғалар, жабындылар және іргетастар арқылы төсеу орындарында қораптар мен тығыздау құрылғылары орнатылады. Құбырларды төсеу орындарында дәнекер тігістерінің, фланецті және бұрандалы құрамалардың болуына жол берілмейді.

1016. Жұмыс істемейтін және технологиялық ортадан өшірілген құбырлар тазаланады, үрленеді және сызбада көрсете отырып және журналға тіркеумен бұқтырмаларды орнатумен жабылады.

1017. Туннельдерде төселген құбырлардың, олардың ілмектерінің және тіреулерінің жағдайына қосымша бақылау қамтамасыз етіледі. Құбырлардың, олардың ілмектерінің және тіреулерінің істен шығушылығы жойылады.

1018. Жіберілген орындарды (аққан) қымтау үшін құрылғылар құбырларда (қамыттарда) жоспарлы жөндеу жұмыстарын бастағанға дейін технологиялық ортаның ағуының алдын алу үшін орнатылады.

Саңылаулану анықталған жағдайда құбырларды пайдалануға жол берілмейді.

Жобамен және технологиялық регламентпен қарастырылмаған қамыттар және өзге стандарттан тыс элементтер болған жағдайда құбырларды пайдалануға жол берілмейді.

1019. Кәсіпшілік құбырлар механикалық және сыртқы реттелмеген әсер етуден қорғалуға және күзетілуге және технологиялық регламентке және өндірістік бақылау жүйесіне сәйкес күзетілуге жатады.



53 - тарау. Мұнайды дайындаудың технологиялық кешені
1020. Мұнайды дайындау қондырғысын (бұдан әрі - МДҚ) іске қосу алдында жобаға, технологиялық регламентке және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жабдықтың, құбырлардың, қорғаныс қақпақтарының, арматураның, жермен жанастыру құрылғыларының, БӨҚжА, басқару жүйелерінің, апатқа қарсы және өртке қарсы қорғаныс, желдету, канализация жүйелерінің, ЖҚҚ, ДО ЖҚҚ, ҰҚҚ (ұжымдық қорғаныс құралдары) техникалық жағдайы тексеріледі. Жүйеден ауа инертті газбен шығарылады. Үрлеудің аяқталуы шығатын бу, газ, әуе қоспасын талдаумен анықталады, ондағы оттегінің шоғырлануы технологиялық регламентпен орнатылған концентрациядан аспайды.

1021. Мұнайды дайындау қондырғысының белгіленуі, құрамы, пайдаланудың техникалық және технологиялық жағдайлары жобада белгіленеді.

1022. МДҚ кешенін және оның құрамына кіретін ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықты, құбырларды, арматураны, металл құрылымдарын, жермен жанастыру құрылғыларын, БӨҚжА, одақтасу, желдету, канализация, байланыс, өрт сөндіру құралдарының, техникалық жағдайын және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын, жеке қорғаныс құралдарының, ТҮ АБЖ, телеметрия, апатқа қарсы және өртке қарсы қорғаныс жүйелерінің болуын тексеру ұйымның техникалық басшысымен бекітілген кесте бойынша жүргізіледі. Кестемен өндірістік аумақтың, келетін жолдардың қорғалатын және тазалық-қорғаныс аймақтарының жағдайын тексеру қарастырылады.

1023. МДҚ, қосымша құрылғыларды және құрылыстарды пайдалану жобаға немесе технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

МДҚ құрамы, жабдықтың белгіленуі және нөмірі нақты жағдайына және енгізілген өзгертулеріне сәйкес, операторлықтың бөлмесінде болатын технологиялық сызбада, блок-сызбада көрсетіледі.

1024. Қондырғыны пайдалану кезінде жобада және технологиялық регламентте қарастырылған, технологиялық айналым (қысым, температура, өнімділік) көрсеткіштерін бақылау қамтамасыз етіледі.

1025. Операторлықтың бөлмесінде болатын бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерінің сәйкестігі кезең сайын тексеріледі және тікелей жабдықта, аппараттарда, сорғыларда, резервуарларда, сепараторларда, құбырларда орналасқан құралдардың көрсеткіштерімен салыстырылады.

БӨҚжА тексеру технологиялық регламентке сәйкес бақылау метрологиялық құралдармен жүргізіледі.

1026. Технологиялық көрсеткіштерді реттеу және өзгерту технологиялық регламентке сәйкес ақырын жүргізіледі.

Көрсеткіштерінің өзгеру жағдайлары және ауытқу шегі МДҚ пайдалану, іске қосу және тоқтату бойынша технологиялық регламентпен орнатылады.

1027. Қорғаныс қақпақтары, бекіту, ажырату және реттеу құрылғылары істен шыққан жағдайда, БӨҚжА, автоматика және телеметрия құралдары, апатқа қарсы және өртке қарсы қорғаныс жүйесі болмаған және істен шыққан жағдайда жабдықты, аппараттарды және ыдыстарды пайдалануға жол берілмейді.

1028. Қызмет көрсетуші персонал технологиялық сызбада көрсетілген жабдықтың, аппараттардың, БӨҚжА, қорғаныс жүйесінің дұрыстығына тұрақты бақылауды қамтамасыз етеді.

1029. Аппараттарда, жабдықта, құбырларда және арматурада бұзылушылық пен саңылаулану анықталған жағдайда тұтанудың, мұнай және мұнай өнімдерінің ағуының алдын алу үшін өткізетін жерге дереу су буы беріледі, жұмыс жетекшісіне хабар беріледі, қорғаныс құралдарын қолданумен АЖЖ қарастырылған, алғашқы кезекті әрекеттер орындалады. Жұмыс жетекшісінің нұсқауы бойынша объектіні тоқтату жүргізіледі және апаттық-құтқару және өрт қызметі тартылады.

1030. Газдалудың қауіпті аймағының шекаралары газометрлік бақылау құралдарымен анықталады және «Кіруге болмайды», «Газға қауіпті» ескерту белгілері мен қауіпсіздік белгілерімен белгіленеді.

АЖЖ бойынша әрекеттерді орындауға тартылмайтын персонал қауіпті аймақтан әкетіледі, жұмыс жетекшісінің нұсқауы бойынша қорғаныс құралдары мен ұшқын басқыштар болған кезде жұмысшылар мен көлікке режимдік өткізу орнатылады.

1031. Дайындаушының техникалық құжаттамасымен қарастырылмайтын болса, қысыммен жұмыс істейтін аппараттарда және құбырларда соққылармен, созумен, болттарды және түйреулерді бекітумен байланысты жұмыстар жүргізуге, жұмыс істейтін сорғыларда қымтағыштарды бекітуге жол берілмейді.

1032. Жабдықтардың, сауыттардың, резервуарлардың, ыдыстардың люктерінің қақпақтары қауіпсіз ашу, бекіту және механикаландыру құралдары үшін құрылғыларды қолданумен дайындаушының техникалық құжаттамасына сәйкес қолданылады.

1033. Жабдықтың, аппараттардың, құбырлардың, резервуарлардың, ыдыстардың қорғаныс бүркемесі және оқшаулау жобаға, дайындаушының техникалық құжаттамасына сәйкес қамтамасыз етіледі. Зақымданулар анықталған жағдайда объект басшысы оны қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдайды.

1034. Сорғы қондырғыларын пайдалану аппараттарда, резервуарларда және ыдыстарда өнімнің шекті деңгейінен және жұмыстың рұқсат етілген жобалық көрсеткіштерінен ауытқыған жағдайда іске қосылатын, жарық және дыбыстық дабыл белгісі болған кезде жүргізіледі.

Қымталудың және нығыздау элементтерінің істен шыққан жүйесімен жұмыстар жүргізуге жол берілмейді.

1035. Резервті сорғыларды іске қосу алдында технологиялық өнімді ақырындап кіргізумен алдын ала жылыту жүргізіледі. Жұмысқа сорғыларды алдын ала қыздырусыз қосуға жол берілмейді.

1036. Сорғыларды қоректендіретін аппараттарда, резервуарларда және ыдыстарда өнімдердің деңгейі сәйкес болмаған кезде сорғы қондырғыларын қосуға және пайдалануға жол берілмейді.

1037. Технологиялық өнімді, газды, буды, суды, электр энергиясын, ауаны беруді тоқтату, апатқа қарсы және өртке қарсы қорғаныс жүйелері істен шыққан, басқа объектілерде қауіпті жағдай пайда болған кезде персонал АЖЖ көрсетілген, қауіпсіздік бойынша шаралар мен әрекеттерді орындайды. Қауіпті жағдай кезінде жұмыс жетекшісінің нұсқауы бойынша АЖЖ бойынша объектіні құлақтандыру және апаттық тоқтату жүргізіледі. Жұмыстарды қалпына келтіру МДҚ техникалық жағдайын тексергеннен және қауіпсіздік бұзушылықтарын жойғаннан кейін жүргізіледі.

1038. Апатқа қарсы және өртке қарсы қорғаныс жүйелері, өрт сөндіру қондырғылары және жарылуға қауіпті концентрацияларды анықтау жүйелері істен шыққан жағдайда олардың жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру бойынша дереу шаралар қабылданады, ал осы жүйелерге жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қондырғының қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін, АЖЖ шаралары орындалады.

1039. Аппараттардан және ыдыстардан технологиялық ортаны құрғату автоматты режимде қымталған жүйеге жүргізіледі.

Бекіту құрылғысын қолмен басқарумен құрғату кезінде жұмыстар ДО ЖҚҚ және жұмыс орнындағы газдалуды тексергеннен кейін бақылаушының қатысуымен жүргізіледі. Құрғатуды жүзеге асыратын жұмысшылар және бақылаушы газға қауіпті құрылғыдан бүйір жағында орналасады. Суды, мұнайды, мұнай өнімдерін құрғату технологиялық регламент бойынша жүргізіледі.

1040. МДҚ құбырлары технологиялық ортаны резервуарға немесе апаттық ыдысқа қауіпсіз және тиімді әкету үшін дірілдің әсер етуін ескере отырып бекітіледі.

Қауіпті жағдайда мұнай өнімдерін әкету технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

1041. Үлгілерді алу аппараттағы шекті қысымға есептелген, үлгіні алуды пайдаланумен жүргізіледі. Вентильдері істен шыққан, тексеру мерзімі өткен үлгі алғыштармен пайдалануға жол берілмейді.

Үлгілерді алу кезінде персонал ЖҚҚ, ДО ЖҚҚ, газ талдағыштарды қолданады.

1042. Аппараттардағы, ыдыстардағы, қыздыру құрылғыларындағы технологиялық ортаның деңгейін көзбен шолып бақылауға арналған құралдар сыртқы әсер етуден және қираудан қорғаныспен, термотөзімді әйнектен дайындалады.

1043. Жылу алмастырғыштарды жұмысқа қосу технологиялық ортаның температурасы ақырын көтерілген кезде жүргізіледі.

1044. Конденсаторлар тоңазытқыштардан әкетілетін суда мұнай өнімдерінің болуына жол берілмейді, ал оны анықтаған жағдайда аппарат өшіріледі.

1045. МДҚ жұмысын ұзақ уақытқа тоқтату немесе жабуға уақытша тоқтату кезінде акт жасаумен аппараттарды және құбырларды коррозиядан, суық уақытта қатудан және оларда жарылу өртенуге қауіпті қоспалардың қалыптасуынан қорғау үшін шаралар қабылданады.

1046. Сепараторларды, аппараттарды, ыдыстарды, резервуарларды, құбырларды және жабдықты тазалау және үрлеу кезінде мұнай өнімдерінің булары және газдары газ жинау ыдысына және шамшырақ қондырғысына әкетіледі. Сұйық фаза ыдыстарға, резервуарларға және сорғыту жүйелеріне әкетіледі. Аталған жұмыстарды газдалуды, ШРК, ШРЗК үнемі бақылау кезінде орындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет