82 - тарау. Термогазхимиялық өңдеу
1392. Ұңғыманың забой жанындағы аймағын термохимиялық өңдеу үшін бытыра зарядтары және құрылғылары өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес қолданылады.
1393. Бытыра зарядтарымен контейнерлер өрт қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген, ұңғыма сағасынан 50 м кем емес қашықтықта орналасқан, қорғалатын бөлмеде сақталады.
1394. Қысымның бытыра генераторлары (аккумуляторлары) лубрикаторға кіргізу алдында зарядтардың түсірілетін ілмегіне орнатылады.
1395. Бытыра зарядтарының ілмектері орталық ысырма жабық болғанда лубрикаторға орнатылады. Түсіру кезінде құрылғының зақымдануын болдырмайтын, қауіпсіздік талаптары сақталады. Жұмыс екі жұмысшымен орындалады.
1396. Ұңғыма забойына түсірілген қысымның аккумуляторын немесе бытыра генераторын басқару құралдарына және электр желісіне қосу келесі кезектілікте жүргізіледі:
1) ұңғыма сағасын қымтау;
2) зарядтардың ілмегінің электр сымын басқару құралдарына қосу;
3) жұмыс алаңында болатын жұмысшыларды (тікелей орындаушылардан басқа) ұңғыма сағасынан 50 м кем емес қашықтыққа әкету;
4) қосу құралдарын «Өшірулі» жағдайына орналастыру;
5) электр желісінің сымын трансформаторға немесе тарату құрылғысына қосу;
6) адасқан электр тоқтарының соғуын болдырмайтын шараларды орындау;
7) электр энергиясын басқару құралдарына беру;
8) электр энергиясын заряды бар ілмекке қосу жұмыс жетекшісінің нұсқауы бойынша жүргізіледі.
1397. Ұңғыманың забой жанындағы аймағын аралас өңдеу үшін қабаттың гидравликалық ажыратуының бытыра зарядтарын және элементтерін қолдану кезінде ЖҰЖ көрсетілген талаптар орындалады.
83 - тарау. Қабаттың гидравликалық ажырауы
1398. Қабаттың гидравликалық ажырауы ЖҰЖ сәйкес жүргізіледі.
Жұмыстар басталғанға дейін объектінің дайындығы тексеріледі және акт жасалады.
1399. Қабатты гидроажырату үшін сорғы қондырғылары мен агрегаттар ұңғыма сағасынан 10 м кем емес қашықтықта орналасады, қондырғылар арасындағы қашықтық 1 м кем емес.
Қабатты гидроажырату жүргізу алдында тереңдіктегі-сорғы ұңғымаларында дайындау жұмыстары басталғанға дейін келесілер қарастырылады:
станок-тербелткіштің әкелгішін өшіру;
редукторды тоқтату;
қозғалтқыштың іске қосу құрылғысында «Қосуға болмайды! Адамдар жұмыс істеуде» жазбасын орналастыру.
1400. Гидроажырату бойынша жұмыстар кезінде қолданылатын агрегаттар мен машиналардың түтін шығаратын құбырлары тұншықтырғыштар-ұшқын өшіргіштермен (гидроысырмалармен) қамтамасыз етіледі.
1401. Манифольдтар блогының тегеурінді коллекторы бақылау-өлшеу құралдарының тетіктерімен, қорғаныс қақпақтарымен және сұйықты әкету желісімен жабдықталады, қысымды ұлғайтатын құбырлар кері қақпақтармен жабдықталады.
1402. Гидроажырату үшін жабдықты орналастырғаннан кейін ұңғыма сағасы, қысымды ұлғайтатын құбырлар 1,25 кем емес қор коэффициентімен қабаттың гидравликалық ажырауы кезінде шекті қысымға беріктік пен қымталуға сыналады.
1403. Ұңғыма ішіндегі жабдықтың жинағына ұңғыманың құрылымының және сағалық жабдықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пакерлі құрылғы орнатылады.
1404. Қабатты гидроқышқылды ажырату жүргізу кезінде технологиялық регламентке сәйкес коррозия ингибиторы, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдары қолданылады.
1405. Агрегаттарды іске қосуға жұмыс жетекшісінің нұсқауы бойынша, тікелей басқарумен байланысты емес адамдарды қауіпті аймақтың шегінен тыс әкеткеннен кейін жол беріледі.
1406. Агрегаттардың жұмыс істеуі кезінде ұңғыма сағасын және құбырларды жөндеуге немесе орамын бекітуге жол берілмейді.
Қабаттың гидроажырату үрдісін уақытша тоқтату кезінде, кері температуралар кезінде сұйықты сынама толтыру жүргізіледі.
1407. Гидроажырау кезеңінде қауіпті аймақтар белгіленеді, қауіпсіздік белгілері және өткізу режимі орнатылады, объек аумағы бойынша қозғалыс бақыланады.
84 - тарау. Ату-жару жұмыстары
1408. Ұңғымаларда ату-жару жұмыстарын орындау және жару материалдарын қолдану (бұдан әрі - ЖМ) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылғы 19 қыркүйектегі № 141 бұйрығымен бекітілген, Жару жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
1409. Жұмыстар бұрғылау немесе мұнай газ өндіру ұйымымен бекітілген және келісілген, АЖЖ жүргізу жобасына (жоспарына) сәйкес орындалады.
Жоспар жұмыс жетекшілеріне беріледі және объектіде болады.
АЖЖ жүргізу кезінде ұңғымаларды сынау және игеру технологиясы құрамында АЖЖ жүргізу кезінде, персоналдың дереу өзара әрекет етуін талап ететін апаттарды жою кезінде жұмыстар АҚҚ келісілген, жұмысты ұйымдастыру жоспарына сәйкес орындалады.
1410. АЖЖ және ЖМ тасымалдаумен, сақтаумен және пайдаланумен байланысты жұмыстар АЖЖ жасау кезінде ескеріледі.
1411. АЖЖ технологиялық регламентке сәйкес, объек басшысының қатысуымен, геофизикалық жұмыстар жетекшісінің тікелей басшылығымен және бақылауымен жүргізіледі.
Геофизикалық бөлімшенің басшысында және персоналда АЖЖ жүргізуге, ЖМ пайдалануға рұқсат беретін құжаттар болады.
Электр жару құралдарын пайдалану кезінде басшы және персонал электр қауіпсіздігі бойынша сәйкес біліктілік тобына ие.
АЖЖ алдында жұмыс басшысы журналда тіркеумен қол қойдыра отырып орындаушыларға нұсқаулық өткізеді, қауіпті және зиянды өндірістік факторларды ескере отырып, денсаулығының жағдайын, ТҚ куәлігінің, ЖҚҚ, ДО ЖҚҚ, ҰҚҚ, газометрлік бақылау және алғашқы медициналық көмек көрсету құралдарының болуын тексереді.
Бұрғылау және мұнай газ кәсіпшілік жабдығын қолданумен АЖЖ жүргізу кезінде жұмыстар және объект басшылары журналған қол қоя отырып тіркеумен персоналға бірлескен нұсқаулық өткізеді.
Жұмыстар жүргізу объектісіндегі геофизикалық ұйымдар пайдаланатын матреиалдардың, бұйымдардың және АЖА, байланыс, алғашқы медициналық көмек көрсету құралдарының, ЖҚҚ, газ талдағыштардың, ДО ЖҚҚ, өрт құралының, ескерту және тиым салатын қауіпсіздік белгілерін дайындаушының техникалық және пайдалану құжаттамасына ие.
Дайындау, негізгі және қорытынды АЖЖ жүргізу кезіндегі қауіпті аймақтар жұмысты ұйымдастыру жоспарына және Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес, қауіпсіздік белгілерін және ескерту жазбаларын орнатумен, қараңғы уақытта жарықтандырумен белгіленеді және қоршалады.
АЖЖ жүргізу кезінде объект аумағында өткізу режимі орнатылады. Объектіге тікелей өндірістік операцияларды орындайтын персонал рұқсат етіледі. АЖЖ айналыспайтын жұмысшылар қауіпті аймақтан объект аумағынан тыс әкетіледі.
АЖЖ басшысы және объект басшысы қауіпті аймақтарды қорғауды қамтамасыз етеді және орналасқан орнын, жұмыс регламентін, байланыс, құлақтандыру және белгі беру құралдарын көрсете отырып, объектіде өткізу режимін қамтамасыз ету үшін бақылаушы персоналды тағайындайды.
1412. Ұңғымаларда АЖЖ қолданудың қауіпсіз жағдайлары (шекті температура және гидростаттық қысым, минималды өткізу диаметрі) жоспарлы, геологиялық, техникалық жағдайларға және дайындаушының пайдалану құжаттамасына сәйкес АЖЖ дейін тексеріледі.
Перфорация (қарқын) аралығында температура мен қысыммен ұңғымаларда қолданылатын аппаратура үшін шекті рұқсат етілген деңгейде АЖЖ түсіру алдында көрсеткіштерін өлшеу жүргізіледі.
1413. Ұңғымада АЖЖ жүргізуге аумақты, ұңғыманы, жабдықты дайындау бойынша жұмыстар жүргізгеннен, жұмыс жетекшісімен АЖЖ жүргізу үшін ұңғыманы тексергеннен кейін жол беріледі. Тексеру нәтижелері бойынша дайындық Актісі жасалады.
1414. АЖЖ дайындық кезеңінде АЖЖ түсіру, іске қосу және көтеру кезінде ұңғыманың қымталуын қамтамасыз ететін, қымтайтын және лубрикаторлы құрылғылармен ұңғыма сағасын жабдықтау жүргізіледі.
ГМСК, күкіртсутегінің пайда болуы қаупі бар және гидростаттықтан асатын сағалық қысымымен ұңғымаларда АЖЖ жүргізу кезінде ұңғыма сағасы ТҚЖ жабдықталады.
ТҚЖ құрастыру және тестілеу шарттары дайындаушының пайдалану және техникалық құжаттамасына сәйкес, жұмысты ұйымдастыру жоспарында көрсетіледі.
Ұңғыма оқпанын соңғы үлгілеу қолданылатын АЖА көлемдік-масалық техникалық сипаттамаларына сәйкес, үлгі сымында түсірумен жүргізіледі.
Иілімді құрылымдағы АЖА қолдану кезінде (сырты жоқ перфораторларды, қысымның оқты генераторларын, шнур торпедаларын) үлгі ұзындығы бойынша шектеулер қойылмайды.
Геофизикалық жабдық бірегей контурға жермен жанастырылады.
Геофизикалық жабдықтың жермен жанастыру өткізгіштерін қосу үшін ұңғыма металл құрылымында оны қосу орны белгіленеді.
Ұңғымада жарылу өртенуге қауіпті жабдықтан, тұрғылықты және тұрмыстық бөлмелерден кем дегенде 100 м қауіпсіз қашықтықта, ұңғыма сағасынан – 50 м қашықтықта, АЖА дайындау, зарядтау және жинау бойынша жұмыстар жүргізу үшін жеке алаңдарды дайындайды.
Аталған қашықтықтарды сақтау мүмкін болмаған жағдайда алаңды орналастыру АЖЖ жүргізуге жұмысты ұйымдастыру жоспарында көрсете отырып, қауіпсіздік бойынша қосымша шараларды қамтамасыз ету және орындауды ескере отырып жүргізіледі.
ЖМ және АЖА жұмыс істеу алаңында АЖА жабдықтау орны үшін 20 м кем емес қашықтықта, ұңғыма сағасы үшін 50 м кем емес қашықтықта қауіпті аймақтардың шекараларын белгілейтін қауіпсіздік белгілері орнатылады.
ЖМ, АЖА дайындау және сақтау кезінде қозғалмалы зарядтау шеберханасы (перфораторлық станция зертханасы) ұңғыма сағасынан 20 м кем емес орналасады.
ЖМ зарядтарын, бастау құралдарын, дайындаушымен зарядталған АЖА шешуге жол берілмейді.
Жабдықтау және зарядтау оларды қолдану бойынша құралға сәйкес: қозғалмалы зарядтау шеберханаларында, перформатор станцияларының зертханаларында; ұңғымадан 20 м кем емес орналасқан, арнайы жабдықталған бөлмелерде; қауіпсіз аймақта, сәйкес ауа райы жағдайларында жұмыс істеу үшін дайындалған ашық алаңдарда жүргізіледі.
АЖА зарядталған жару оқтары, электр детонаторлары, электр тұтандырғыштар сымдардың металл құрылымдарымен байланысын жоққа шығаратын жағдайларда орналастырылады және тасымалданады.
Ату аппараттарына арналған электр тұтандырғыштар аппаратқа орнатқанға дейін және орнатқаннан кейін ұңғымада жару алдында жағдай және электр кедергісіне тексеріледі.
Ұңғыманы торпедалау үшін жұмысты ұйымдастыру жоспарымен қарастырылған, құрылғылар қолданылады. АЖЖ, торпеданы зарядтау ұңғымада торпедалауға дайындау жұмыстары аяқталғаннан және акт жасаумен ұңғыманы үлгімен тексергеннен кейін жүргізіледі.
АЖА, ЖМ ауыстыру үшін АЖА әсер ету және зақымдану қауіптілігін жоққа шығаратын құрылғылар қолданылады.
Бастау құралдары АЖА-да тікелей аппаратты түсіру алдында ұңғыма сағасында орнатылады.
АЖА іске қосылуын жоққа шығаратын одақтасу құрылғысын орнату кезінде, перфоратор станциясының зертханасында (қозғалмалы зарядтау шеберханасы) ату (жару) аппаратына бастау құралдарын орнатуға жол беріледі.
1415. АЖЖ жүргізу күндізгі уақытта жүргізіледі.
1416. АЖЖ қараңғы уақытта жүргізу кезінде қосымша қауіпсіздік шаралары орындалады:
1) жарықтандыру жүйесінің қоректендіру көздері қауіпті аймақтан тыс орнатылады;
2) 50 м кем емес, қауіпті аймақ шегінен тыс орнатылған, прожекторлармен жұмыс орындарын жарықтандыруға жол беріледі;
3) мұнай газ өндіру, бұрғылау ұйымының өкілімен, жару жұмыстарының жетекшісімен қол қойылатын, қараңғы уақытта АЖЖ жүргізу үшін ұңғыманың дайындығы туралы акт жасалады.
1417. АЖЖ дайындау және жүргізу кезінде ұңғымада және қауіпті аймақта жұмыстар жүргізуге жол берілмейді. Бұрғылаудың электр жабдығы өшіріледі. 1 км кем қашықтықта электр дәнекерлеу жұмыстарына жол берілмейді.
1418. Ұңғымаларда келесіде АЖЖ жүргізуге жол берілмейді:
1) ұңғымада АЖА түсіру үшін кедергі болғанда;
2) ұңғымада үйінділер мен ұстағыштар болғанда;
3) жұмысты ұйымдастыру жоспарымен қарастырылатын, арматура және қымтау құралдарының ұңғыма сағасында болмаған немесе істен шыққан кезде;
4) қолданылатын АЖА, ЖМ және жару құралдары үшін рұқсат етілген шектен асатын, забойдағы қысым және температура кезінде;
5) жауын, құйын, 8 м/сек асатын жел, тұман және 50 м кем көріну кезінде;
6) жұмыс орнын және қауіпті аймақты жеткіліксіз жасанды жарықтандыру кезінде қараңғы уақытта;
7) осы жергілікті жер үшін ашық жұмыстарға орнатылған, ауаның минимумнан төмен температурасы кезінде;
8) лубрикаторларды қолданбастан, газдаушы және сіңіретін ұңғымаларда;
9) объект мен персоналдың жұмысты ұйымдастыру жоспарына және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес еместігі кезінде.
1419. Жауын қауіптілігі және қарқынды табиғи жағдайлар кезінде ұңғымаларда қауіпсіздік бойынша шаралар орындалады:
1) бетіндегі АЖА және ЖМ әкетіледі және қауіпті факторлардың әсер етуін болдырмайтын, қауіпсіз аймаққа жабылады;
2) ұңғымаға түсірілетін ату аппаратурасы немесе торпеда берілген тереңдікке дейін жеткізіледі және атылады немесе жарылады;
3) ұңғымадан шығарылатын аппаратура жауын мен қолайсыз ауа райы жағдайы тоқтатылғанға дейін обсадты бағанада тоқтатылады.
1420. Теңіз ұңғымаларындағы АЖЖ өндіріс кезінде қолайлы ауа райы жағдайында жүргізіледі.
Желдің жылдамдығының және теңіздің толқуының рұқсат етілген көрсеткіштері персоналды, ЖМ және перфоратор станцияларын жеткізу үшін, көлік құралдарының және теңіз бұрғылау қондырғыларының техникалық сипаттамаларымен анықталады.
1421. Жарудың электр әдісін қолдану кезінде адасқан токтардан қорғау бойынша шаралар орындалады. Ол кезде АЖЖ жұмыстарды ұйымдастыру жоспарымен техникалық қорғаныс құралдарын, электр жару жүйелерін, одақтасуды қолдану қарастырылады.
1422. Ұңғымада АЖА түсіру және көтеру электр жару желісінің және сымның оқшауланған өткізгіштері кезінде жүргізіледі.
1423. Құрастырылған электр жару желісінің дұрыстығын тексеру журналға тіркеу арқылы, аппаратты 50 м кем емес тереңдікке түсіргеннен кейін, электр кедергісін өлшеумен орындалады.
АЖА қосу алдында сым токтың, аппараттың уақытынан бұрын іске қосылуын болдыруы мүмкін ыдыстағы токтың болмауына тексеріледі.
1424. Жару оғын немесе жарғышты АЖА орналастыру алдында жару жұмыстарының жетекшісі бірінші белгіні береді, ол бойынша қызмет көрсетуші персонал қауіпсіз жерге әкетіледі. Осы талапты орындағаннан және магистральды сымдарды ток көзіне қосқаннан кейін екінші белгі «күшті» белгісі беріледі. Осы белгі бойынша жару жұмыстарының басшысы токты магистральды желіге қосады. Үшінші белгі «болды» қауіптілік жоқ кезде объектіні тексергеннен кейін беріледі.
1425. АЖА сымға қосу жұмыс жетекшісінің бақылауымен, дайындаушының нұсқаулығына сәйкес, жарушы біліктілігі бар жұмысшымен жүзеге асырылады.
АЖА ұңғымаға түсіру кезінде сымның қозғалысы және созылуы бақыланады. Ұңғымадан өтпеген кезде АЖА ажыратуға жол берілмейді.
Тастамаға қарсы жабдық болмаған немесе істен шыққан кезде, техникалық жағдайының және тығыздау актісі болмаған кезде ұңғымаларда АЖА өткізуге жол берілмейді.
АЖА жару жұмыстарының жетекшісінің және объект басшысының қатысуымен әрекетке қосылады.
АЖЖ жүргізгеннен кейін жару магистралы (сым) ток көзінен дереу ажыратылады. Ұңғыма сағасына жарылыстан кейін 5 мин соң, жару жұмыстарының жетекшісіне баруға жол беріледі. Аппаратты ұңғымадан көтергенге дейін және жұмыс жетекшісінің рұқсатынсыз ұңғымаға баруға жол берілмейді.
1426. Жұмыстар нәтижелері бойынша перфорацияны бақылау аппаратурасымен зерттеу жүргізумен аралық тереңдігі және орындалған перфорацияның сапасы тексеріледі.
1427. АЖЖ істен шыққан жағдайда, қауіпті аймақ режимі сақталған және жұмысшыларды қауіпсіз аймаққа әкету кезінде, жару жұмыстары жетекшісімен қарау үшін көтеру жүргізіледі.
Көтергеннен кейін әрекеттер АЖЖ сәйкес, жұмыс жетекшісінің нұсқауы бойынша, АЖА, ЖМ алу кезінде бақыланбайтын іске қосылу қауіптілігін жоққа шығаратын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес орындалады.
85 - тарау. Өнеркәсіптік ағындарды қалпына келтіру
1428. Мұнай газ өндіру объектілерінде өнеркәсіптік ағынды сұйықтар (бұдан әрі - ағындар) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына, тазалық және экологиялық нормаларға сәйкес жобалық шешімдерге сай бейтараптауға, тазалауға және қалпына келтіруге жатады.
1429. Ағындарды жинау және құрамына, тазалау құрылыстарының және қалпына келтіру жүйелерінің жұмысының тиімділігіне өндірістік және зертханалық бақылау орнатылады. Ағындардағы мұнай өнімдерінің және зиянды заттардың рұқсат етілген құрамы белгіленген тазалық-экологиялық нормалардан аспайды.
1430. Істен шыққан немесе жобаға сәйкес келмейтін гидравликалық ысырмалармен, құбырлармен және жабдықпен канализациялық және құрғату жүйесін пайдалануға жол берілмейді.
1431. Мұнай газ өндіру объектісінің аумағында, қорғаныс және тазалық-қорғаныс аймағында өнеркәсіптік канализация және коммуникация құдықтары жабық күйде болады. Құдықтардың қақпақтары болат немесе темір бетонды жүзікте 10 см кем емес құмның қабаты төгіледі.
Құбырлардың эстакадалары астында және жарылыс өрт қауіпті және зиянды заттарды қамтитын, сыртқы қондырғылардың жабдығының үйілу шегінде жол берілмейді.
1432. Құдықтарда жұмыс істеу кезінде қоршау, қауіпсіздік белгілері және «Байқаңыз! Жұмыс жүргізілуде» жазуымен жазбалар ілінеді.
1433. Ағындарды сәйкес тазалауды қамтамасыз етпейтін, тазалау құрылғылары істен шыққан жағдайда өнеркәсіптік канализацияны пайдалануға жол берілмейді.
86 - тарау. Коррозиядан қорғау
1434. Күкіртті мұнайды дайындау кезінде жабдықтар мен құбырлар коррозияға төзімді материалдардан жасалады. Қалыпты болатты пайдалану кезінде коррозияға қарсы бүркеме қарастырылады және коррозия ингибиторлары қолданылады.
1435. Жер асты құбырлары және резервуарлары коррозиядан электр химиялық қорғаныс құрылғыларымен қамтамасыз етіледі.
1436. Жабдықтар мен құбырларды оқшаулау және қорғалып бояу техникалық куәландырудан және сынаудан кейін жүргізіледі.
1437. Құбырлар мен жабдықтың жағдайына техникалық басшысымен бекітілген кестеге сәйкес, кезеңдік бақылау, қабырғаларының қалыңдығын және тозу көлемін анықтау жолымен бақылау орнатылады. Тексеру нәтижелері төлқұжатқа жазылады.
87 - тарау. Жұмысты механикаландыру
1438. Такелажды құрал-саймандар (арқандардар, ілмектер, шынжырлар) және жүк көтергіш механизмдері (біліктер, шығырлар, крандар) жүргізілген сынама уақытымен және рұқсат етілген жүктеме туралы көрсетумен биркалармен және таңбалармен жабдықталады және тексеріледі. Жүк көтерімділігінен асатын жүктеме кезінде құрал-саймандар мен механизмдерді қолдануға жол берілмейді.
1439. Такелажды жұмыстар күндізгі уақытта жүргізіледі. Такелажды жұмыстарды қараңғы уақытта жүргізу бақылау тұлғасының жазбаша нұсқауы бойынша жүргізіледі және белгіленген норрмалар бойынша жарықпен қамтамасыз етіледі.
1440. Жүк көтергіш механизмінің жұмыс орны оның әрекет етуі және қауіпті аймағының радиусында қауіпсіздік белгілерімен белгіленеді. Қажет болғанда қоршау орнатылады, өткізу пунктері қойылады. Көтерілетін жүктің астында және оның қозғалыс жолында болуға жол берілмейді.
88 - тарау. Технологиялық үрдістерді автоматтандыру
1441. МГК өңдеудің қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ету үшін келесілер қарастырылады:
1) жарылу өртенуге қауіпті учаскелерде персоналдың үнемі болуын жоққа шығаратын және объектінің техникалық жағдайы, МГК өңдеудің технологиялық көрсеткіштері туралы ақпаратты алуды және тіркеуді қамтамасыз ететін, жабдықты, технологиялық үрдістерді, апатқа қарсы және өртке қарсы қорғанысты автоматтандырудың шекті деңгейі;
2) қауіпті және апаттық жағдайлар пайда болған кезде іске қосылатын одақтасу, қорғаныс және белгі беру құрылғыларының көп деңгейлі жүйесі;
3) әуе ортасын автоматтандырылған бақылау және жұмыс аймағында саңылаулануды, газдалуды, адамдар мен қоршаған ортаға зиянды әсер ету қауіптілігін ерте анықтау;
4) апаттық байланыстың және құлақтандырудың автономды жүйесі, персоналды және халықты мүмкін болатын қауіптілік немесе төтенше жағдай туралы жедел ақпараттау.
1442. Автоматтандыру құралдары және құрылғылары дайындаушының техникалық құжаттамасына, технологиялық және климаттық жағдайларға сәйкес пайдаланылады.
1443. МГК өңдеу объектілерін пайдалануға қабылдау кезінде актіде әрбір объект және технологиялық үрдіс бойынша сынау нәтижелерін көрсете отырып, бақылау, басқару, апатқа қарсы және өртке қарсы қорғаныстың автоматты жүйелеріне сынау жүргізіледі.
1444. МГК объектілерін автоматтандыру үшін бақылау және басқару пунктері қарастырылады:
1) сағалық алаңдарда ұңғымаларды, жеке қондырғыларды және жабдықты бақылау және қызмет көрсету үшін операторлық пункт;
2) ұңғыма өнімін өндіру, жинау, тасымалдау, дайындаудың технологиялық үрдістерін бақылау және қызмет көрсету үшін операторлық пункт;
3) көмірсутекті өнімді дайындау бойынша диспетчерлік пункт;
4) мұнай газ өндіру ұйымы үшін орталық диспетчерлік пункт.
1445. Басқару пунктерінде келесі функцияларды қамтамасыз ететін аппаратура қарастырылады:
1) қауіпті апаттық режимдердің пайда болғандығы туралы апаттық дабыл белгісін және технологиялық кешеннің әрбір блогы бойынша автоматты қорғаныстың іске қосылуы;
2) технологиялық үрдістердің көрсеткіштерін өлшеу және белгіленген режимнен ауытқу туралы дабыл белгісі;
3) технологиялық көрсеткіштерді автоматты реттеу;
4) технологиялық блоктарды, агрегаттарды, бекіту арматурасын, орындаушы құрылғыларды және механизмдерді қашықтықтан басқару;
5) МГК өңдеу объектілерін басқару деңгейі бойынша және жұмыс орындаушыларына ақпаратты тіркеу және беру.
1446. Жедел және диспетчерлік пункттер сәйкес коммуникациялары, энергиямен жабдықтау, байланысы, телеметрия, өмірмен қамтамасыз ету, қауіпті және апаттық жағдайларда сыртқы әсер етуден күзету мен қорғанысы бар неғұрлым қауіпсіз жерлерде орналасады.
1447. Диспетчерлік пунктердің құрамында келесі бөлмелер қарастырылады:
1) үнемі бақылауды және байқауды талап ететін, басқару тетіктерін, қалқандарды және өзге аппаратураны орналастыру үшін диспетчерлік;
2) диспетчерлік қызметпен тұрақты бақылауды талап етпейтін, құралдар мен құрылғыларды орналастыру үшін аппаратшы;
3) ақпаратты өңдеу және сақтау үшін;
4) БӨҚжА жөндеу және қалпына келтіру үшін шеберхана (зертхана);
5) жедел және кезекші персоналдың жұмысы үшін;
6) қосымша, қызметтік, күзет және тазалық-тұрмыстық бөлмелер.
1448. Жедел және диспетчерлік пункттер резервті электрмен жабдықтаумен бірінші санаттағы электр қабылдағыштарға жатады.
89 - тарау. Байланыс және дабыл белгісі
1449. Жарылуға қауіпті бөлмелер мен сыртқы қондырғылар үшін байланыс және дабыл белгісінің құрылғылары жарылыстан қорғалып орындалады.
1450. МГК өңдеу объектілері байланыс және дабыл белгісімен қамтамасыз етіледі:
1) жалпы өндірістік телефон және телеметрия байланысы;
2) өндіріс ішіндегі диспетчерлік және басқарушы (директорлық байланыс);
3) басқарушы-іздестіру, ұялы және қатты сөйлейтін байланыс, факсті және электронды байланыс;
4) радиофикация;
5) күзет және өрт байланысы, видеобақылау, «Дабыл» белгісін беру.
1451. Жалпы өндірістік байланыстың телефон станциялары, негізінен, диспетчерлердің, операторлардың, басшылықтың, апаттық-құтқару, өрт және медициналық қызмет жұмысшыларымен тұрақты байланысты қамтамасыз ету үшін орталық жинау пунктінде, МДҚ және құрылымдық бөлімшелерде орналасады.
1452. Өндіріс ішіндегі байланыс технологиялық үрдісті тікелей орындайтын өндірістік персоналды, соның ішінде диспетчерлердің объектілермен және қызмет көрсетуші персоналмен тұрақты байланысын, ұйымдар мен объектілердің басшыларының байланысын қамтамасыз етеді.
1453. Басқарушы байланыс ұйымның басшылығы, диспетчерлік қызметтер, объектілер мен өндірістік-технологиялық учаскелер арасында тәулік бойы режимде орнатылады.
1454. Тарату ақпаратын бір мезетте беру үшін кезекші персонал үнемі болатын бөлмеде орнатылатын, радиофикация желісі қарастырылады.
1455. Дабыл белгісін беру үшін жедел-технологиялық, өрт және күзету, дыбыстық және жарық дабыл белгісі қарастырылады.
1456. Байланыс станциялары қауіпті және апаттық жағдайда ауаны мүмкін болатын газдалудан қорғау үшін желдің үстем бағыты мен жергілікті жердің кедірлігін ескере отырып, неғұрлым қауіпсіз орындарда орналасады.
1457. Апаттық, өрт және күзет дабыл белгісінің байланыс құрылғылары сәйкесінше апаттық-құтқару және өрт қызметінің, объект күзетінің бөлмелерінде орналасады.
1458. Байланыс станциялары электр қабылдағыштардың І санатына жатады және резервті электр генераторлы қондырғылармен және аккумулятор батареяларымен қамтамасыз етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |