Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік нысандарына, мұнай базалары мен автожанармай құю стансаларына арналған өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережесі


Технологиялық жабдықтің және құбырлардың құрылғысына, пайдалануға және жөндеуге өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі



бет3/6
Дата09.06.2016
өлшемі486.5 Kb.
#124726
1   2   3   4   5   6

6. Технологиялық жабдықтің және құбырлардың құрылғысына, пайдалануға және жөндеуге өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
257. Барлық техникалық құрылғылар олардың техникалық сипаттамаларына және паспорттық деректеріне және пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес пайдаланылуға тиіс.

258. Барлық технологиялық аппараттарға технологиялық схема бойынша айқын білінетін позиция жазылуға тиіс. Әртүрлі белгілерде (қабаттарда) бөлмедегі бағана түріндегі аппараттардың әрбір белгіде (қабатта) таңбасы болуға тиіс.

259. Бағана түріндегі аппараттарда оларды тазалау және жөндеу үшін люкті жоғарыдан бастап ашу керек. Төменгі люкті ашу алдында ішкі үстіңгі беттерде шөгінділердің тұтану жағдайына буды беруге арналған шланг дайын болуы қажет.

260. Тез жанатын және газ тәрізді өнімдердің, селективті еріткіштердің және реагенттердің сынамаларын іріктеу сынама іріктеу келте құбырларын бөлмеден сыртқа шығару үшін үй-жайлардан тыс жүргізілуге тиіс.

261. Бөлмеде сынамаларды іріктеу қажеттілігіне қарай сынама іріктегіш сору желдетпесімен жабдықталған арнайы шкафқа орнатылуға тиіс, бұл ретте желдетпе шкафтың есігін ашу кезінде автоматты түрде қосылуға тиіс. 262. Жабдықты құрамдастыру жабдыққа қызмет көрсету және жөндеу ерекшелігін ескеруге, сондай-ақ

тұрақты жұмыс орындарындағы кемінде 2 метр негізгі өтпе жолдарды;

машиналарға қызмет көрсету шебі бойынша кемінде 1,5 метр өтпе жолдарды;

сондай-ақ аппараттар мен құрылыс конструкциялары арасындағы шеңберлік қызмет көрсету қажеттілігіне қарай кемінде 1 метр арақашықтықты қамтамасыз етуге тиіс.

263. Сыртқы қондырғыларға қызмет көрсетуші персонал үшін қыздыруға арналған бөлмелер көзделуге тиіс.

264. Жылытылған даяу жүргінші өтпе жолдарымен жабдықталмаған өндірістік ғимараттарда немесе персонал сыртқы қондырғыға қызмет көрсететін жағдайларда сырткиімге арналған бөлме көзделеді.

265. Қолданыстағы жабдықта және құбырларда жөндеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілмейді. 266. Жарылыс қауіпті аймақтары бар қондырғыларда жұмыстарды жүргізу кезінде ұшқын қаупі жоқ құралды пайдалану қажет. 267. Монтаждау, техникалық куәландыру немесе пайдалану барысында жабдықтың нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкессіздігі анықталған кезде ол пайдаланудан шығарылуға тиіс. 268. Жұмысшылар үшін қауіптілік көзі болуы мүмкін жабдықтың тораптары, бөлшектері, құрылғылары және бөлшектері, сондай-ақ қоршау және қорғау құрылғыларының үстіңгі беттері сигналдың түстерге боялады. 269. Ауыр бөлшектерді және жеке жабдықты көтеру және тасу үшін стационарлық немесе жылжымалы жүк көтеру тетіктері көзделуге тиіс.
1-Параграф. Құбырлы пештер
270. Пештер тұтандыру құрылғыларымен, жеке жылумен жабдықтау жүйесімен жарақтандырылған кезекші (пилоттық) оттықтармен жабдықталуға тиіс.

271. Жұмыс және кезекші оттықтарды құрылғы отының болуын сенімді тіркейтін жалынды басу дабыл қаққыштарымен жабдықтау қажет. 272. Газ тәрізді отын құбырларында негізгі оттықтарға газ қысымы рұқсат етілетіннен төмен азайған кезде іске қосылатын пештегі жалпы қырқу құрылғысына қосымша сақтандыру-тиек клапандары (СТК) орнатылуға тиіс.

273. Сұйық отынның және газ отынының негізгі және кезекші оттықтарға беріліс желілерінде бұғаттаулар жүйесінде іске қосылатын автоматты тиек органдары орнатылуға тиіс.

274. Газ тәрізді және сұйық отын құбырларында көп шырақты пештер үшін іске қосу режимінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін дербес реттеу органдары орныталуы керек.

275. Пештерді ғимараттардан тыс орналастыру кезінде сұйық және газ тәрізді отын жалпы құбырларында тиек органдары пештен 10 метрден жақын емес қауіпсіз арақашықтықта орналасуға тиіс.

276. Пешті іске қосудың алдында жану камерасында, түтіндік-құбырларды қандай да болмасын заттардың жоқ екендігіне көз жеткізу қажет, барлық люктер және соқпақтар жабылуға тиіс.

277. Пешті жағу кезінде технологиялық регламентте көзделген бардық бақылау аспаптары және барлық дабыл қосылуға тиіс.

278. Газда жұмыс істейтін пешті жағудың алдында барлық оттықтардың жұмыс және бақылау шағырларының тығыз жабылуын тексеру, конденсатты отын желісінен шығару қажет. Газдың беріліс жүйесі конденсаттың оттыққа түсуін болдырмауға тиіс.

279. Кезекші оттықтарды жағудың алдында оттық кеңістігін бумен, ал газ тәрізді отын беріліс желісін шамдағы инертті газбен үрлеу болуға тиіс. Соңғы ысырманың ашылу сәтінен бастап түтін құбырынан будың пайда болу сәтіне дейін оттық кеңістігін үрлеуді регламентте көзделген уақыт, бірақ кемінде 15 мин, ал көп камаралы пештер үшін жану камераларын камер кемінде 20 мин ішінде жүргізілуі керек.

280. Пешті жағу кезекші оттықтарды жағудан басталуға тиіс. Егер кезекші оттық (оттықтар) үш реттен жанбаған жағдайда, оттық кеңістігін үрлеуді қайталау керек.

281. Негізгі оттықтарды жағу ирек құбырдағы ең төменгі регламенттелген циркуляцияда және регламенттелген отын берілісі мәндерінде жұмыс істейтін кезекші оттықтарда жүзеге асырылуға тиіс.

282. Отынның барлық жұмыс істемейтін (оның ішінде жұмыс істемейтін) оттықтарға беріліс құбырлары өшірілуге тиіс.

283. Пештер су буының оттық кеңістігіне және құбырлардың қызуы кезінде ирек құбырларға автоматтық беріліс құралдарымен, сондай-ақ ирек құбырлар жүйелеріндегі апаттар кезінде шикізат және отынның беріліс автоматтық ажырату құралдарымен жабдықталуға тиіс.

284. Отын газы сұйық фазадан, ылғалдан және механикалық қоспалардан босату үшін оттыққа беру алдында алдын-ала сепаратордан, қыздырғыштан және сүзгілерден өтуге тиіс.

285. Сұйық отын қажетті тұтқырлықты қамтамасыз ету механикалық қоспалардан босату үшін құрылғыға беру алдында алдын-ала қыздырғыштан және сүзгілерден өтуге тиіс.

286. Іске қосу кезінде мынадай бұғаттаулар қосылған болуға тиіс включены: отын газы желісіндегі қысым төмендеген кезде кезекші оттықтардың автоматтық тиек органдарын жабу; отын газының негізгі оттықтарға беріліс желілерінде қысымның артуы немесе төмендеуі кезінде, сондай-ақ айналатын газдың немесе шикізаттың ирек құбырына беріліс тоқтатылған кезде негізгі оттықтарлың газ автоматтық тиек органдарын жабу; газдың немесе шикізаттың ирек құбырына беріліс тоқтатылған кезде сұйық отындағы автоматтық тиек органдарын жабу. 287. Бұғаттаулар және дабыл жүйесі отынның мынадай кезде кезекші және негізгі оттықтарға берілісін ажыратуды қамтамасыз етуге тиіс:

отын беріліс параметр регламенттелгеннен ауытқуларында;

пештің ирек құбыры арқылы шикізаттың циркуляция көлемінің рұқсат етілетіннен төмен түсуі;

пештен щыққанда шикізаттың шекті рұқсат етілетін температуралан асып кету;

жалынды басу аспабының іске қосылуы.

288. Пештің жұмысын бақылайтын барлық аспаптар реттеуші болуға тиіс. 289. Апатқа қарсы автоматтық қорғау жүйесі апатқа қарсы параметр дабылымен және атқару органдарының іске қосылу дабылымен жабдықталуға тиіс.

290. Құбырлы қыздыру пешін пайдалану кезінде бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау, ирек құбыр түтіктерінің, құбырлы аспалардың және пеш қаламасының жай-күйін шолып бақылауды жүргізу қажет. Құбырдарда шамадан тыс үрлеу, олардың күюі, қаламаның немесе аспалардың деформациясы, ретурбенттерді өткізу кезінде оттықты сөндіру, пешке өнімнің берілісін тоқтату, оттықа буды беру және құбырларға өнім жүрісі бойынша бумен немесе инертті газбен үрлеу керек.

291. Пеш жұмыс істеп тұрған кезде камералардың есіктері жабық болуға тиіс. Жанудың белгіленшен режимін бақылауды жүргізу қажет, оттықтар бірдей жүктемеде болуға, шырақтың көлемі бірдей болуға тиіс, аралық қабырғаны ұрмау және төбе және еден экрандарының құбырларын тимеу керек. 292. Будың оттық кеңістігіне берілісі ирек құбырдың ысуы кезінде автоматты түрде қосылуға тиіс, ол мыналармен сипатталады: шикізаттық ирек құбырдағы қысымның құлуы; асу қабырғасының үстіндегі температураның артуы;

регламенттелгенмен салыстырғанда пештен шыққан түтіндік газдардағы оттегі құрамының өзгеруі.

293. ПАЗ жүйелерін және пештің атқару тетіктерін электрмен жабдықтау I сенімділік санатының ерекше тобына жатады.

294. Пешті жөндеуге дайындау және жөндеу жұмыстарын жүргізу газ қауіпті жұмыстар болып табылады және ұйымның газ қауіпті жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі белгілеген талаптарына сәйкес орындалады. 295. Өндірістік объектілер найзағай әсерінен қорғалуға тиіс. Барлық жарылыс-өрт қауіпті объектілер жоғары әлеуееттер тоздыруынан қорғалуға және статтық электр тогы зарядтарының жиналуын болдырмайтын құрылғылармен жабдықталуға тиіс.

296. Пешті және оған орнатылған жабдықты жөндеуге дайындау технологиялық регламентке қатаң сәйкестікте орындалуға тиіс.
2-Параграф. Сорғылар
297. I және II қауіптілік сыныбы сұйықтықтарын ауыстыру үшін қосарлық ұштық тығыздамасы бар саңылаусыз, мембраналы немесе ортадан тепкіш сорғылар қолданылуы керек. 298. Құбырлардан, сорғылардан және сорғы бөлмесінде орналасқан басқа да жабдықтан қалдықтарды шығару сорғы бөлмесінен тыс жабық коммуникациялар арқылы; сұйықтық – арнайы арналған ыдысқа, ал булар және газдар шыраққа жүргізілуге тиіс.

299. Ашық сорғы бөлмелерінде еденді жылыту көзделуге тиіс. Еденді ыздыратын ирек құбырлар сорғы бөлмесі еденінің үстіңгі бетінде барынша суық бескүндіктің орташа температурасында (есептік жылыту температурасы) кемінде плюс 5 градус Цельсийден температураны қамтамасыз етуге тиіс.

300. Тұтқырлығы жоғары, суланған немесе суыған айдау сорғыларын өнімнің сыртқы ауасының температурасында, ашық алаңдарда орнату жұмыстың үздіксіздігін, жылу оқшаулауды немесе сорғыларды және құбырларды қыздыруды, сорғыларды және құбырларды үрлеу немесе шаю жүйелерінің болуын қамтамасыз ететін шарттарды негіздеуді және сақтауды талап етеді.

301. Тез жанатын және жанғыш сұйықтықтарды айдайтын сорғылардың шанақтары сорғылармен бір рамадағы электрқозғалтқыштардың жерге тұйықталуына қарамастан жерге тұйықталуға тиіс.

302. Олардың қозғалтқышпен тіркелу муфтасында қоршау болмаған кезде ортадан тепкіш сорғылардың жұмыс істеуіне және пайдалануға рұқсат етілмейді.

303. Бу сорғыларын іске қосу бу конденсатын алдын ала шығарғаннан және бу цилиндрлерін қыздырғаннан кейін жүзеге асырылады. Бұл ретте сорғының айдау құбырындағы ысырма ашық болуағ тиіс. 304. Сорғы бөлмелеріндегі құбырларда ағын қозғалысының бағытын, жабдықта технологиялық схема бойынша позициялардың нөмірін, ал қозғалтқыштарда ротордың айналу бағытын көрсету керек. 305. Сорғы бөлмелеріндегі сорғы жабдығы, едендер және науалар таза ұсталуы қажет. Ағын сулар құрамында қышқылдар, сілтілер, селективтік еріткіштер, этил сұйықтығы және басқа да улы және зиянды заттары бар еденді және науаларды жуғаннан кейін арнайы ыдыстарға жиналуға және кәрізге түсіру алдында технологиялық регламентке қатаң сәйкестікте зарарсыздандыруға тиіс.


3-Параграф. Компрессорлар
306. Компрессор бөлмесі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жүк көтеру құрылғыларымен және механизация құралдарымен жабдықталуға тиіс. 307. Негізделген жағдайларда компрессор бөлмесі машинистің тұрақты болуы үшін дыбыс оқшаулағыш кабинамен жабдықталады.

308. Компрессорды майлауға арналған майдың сертификаты болуға және компрессорға арналған зауыттық паспортта көрсетілген маркаға (тұтқырлығы, жарқыл, өздігінен тұтану температуралары, термиялық беріктігі бойынша) және нақты шарттарда осы түрдегі компрессордың жұмыс істеуі үшін тән айырықша ерекшеліктерге сәйкес келуге тиіс.

309. Ауа компрессорларының цилиндрлері үшін өздігінен тұтану температурасы 400 градус Цельсийден төмен емес және булар жарқылының температурасы сығылған ауа температурасынан 50 градус Цельсийшге жоғары жағар май қолданылуға тиіс.

310. Компрессорды салқындату жүйесінің салқындатқыш суының температурасына шекті рұқсат етілетін мәнге қол жеткізген кезде температураның қауіпті мәндер дабылымен және ПАЗ жүйесіне бұғаттай отырып, тұрақты бақылауды жүзеге асыру қажет. 311. Газды компрессордың қабылдауына беру жарық және дыбыс дабылымен, сондай-ақ сұйықтықтың шекті рұқсат етілетін деңгейіне қол жеткізген кезде компрессордың тоқтауын қамтамасыз ететін бұғаттауы бар сұйықтық бөлгіштер (сепараторлар) арқылы жүзеге асырылуға тиіс.

312. Компрессорлардың газ орамының барлық қосылыстарын технологиялық құбырларды пайдалануға қойылатын белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес саңылаусыздыққа тексеру қажет. 313. Компрессор бөлмелеріндегі құбырларда ағын қозғалысының бағытын, жабдықта технологиялық схема бойынша позициялардың нөмірін, ал қозғалтқыштарда ротордың айналу бағытын көрсету керек.

314. Ажыратылған немесе ақаулы дабыл және бұғаттау құралдары бар компрессорларды пайдалануға рұқсат етілмейді. 315. Майды, суды және ластануларды май-ылғал бөлгіштерден, ауа жинағыштардан жою керек.

316. Компрессорға кіреберістегі газдардың температурасы газдардың конденсация температурасынан жоғары болуға тиіс

317. Жарылыс қауіпті газдармен жұмыс істейтін компрессорды іске қосудың алдында, оны шығатын газдағы оттегі құрамы көлемдік 0 ,5 пайызкға дейін инертті газбен үрлеу керек.

318. Компрессорды жөндеу жұмыстарын орындау кезінде барлық технологиялық құбырлардан, стандартты бітемелердің көмегімен отын газ желісін және шырақ жүйесіне үрлеу желісін өшіру керек.

319. Атмосфералыққа жақын сору қысымы бар компрессорларда қабылдаудағы қысымның рұқсат етілетіннен төмен түсуі кезінде агрегатты ажырату бойынша бұғаттау көзделуге тиіс.

320. Компрессорлардың айдау желілерінде буферлік ыдыстар – пульсация басқыштар орнатылуға тиіс.
7. Қосалқы жүйелерге және объектілерге өнеркәсіптік қауіпсіздікті

қамтамасыз ету тәртібі
321. Барлық желдету қондырғыларының оларды жөндеу және пайдалану бойынша паспорттары және журналдары болуға тиіс.

322. Өндірістік қажеттіліктерге сумен жабдықтау тұйық жүйе бойынша жүзеге асырылуға тиіс.

323. Өнеркәсіптік кәріз желісінде жарылыс қауіпті булар мен газдардың таралуын болдырмау үшін оған гидравликалық қақпақтар орнатылуға тиіс. Мұндай қақпақтарды технологиялық жабдығы бар үй-жайлардан, технологиялық қондырғылар алаңдарынан, резервуарлар опырылмдарынан, ысырмалар тораптарынан, аппараттар топтарынан, сорғы бөлмелерінен, қазандықтардан, ағызу-құю эстакадаларынан барлық шығуларда орнату қажет.

324. Гидравликалық қақпақ құрылғысы оны тазалаудың ыңғайлығын қамтамасыз етуге тиіс. Әрбір гидравликалық қақпақта қақпақ түзетін сұйықтық қабатының биіктігі кемінде 0,25 метр болуға тиіс.

325. Өнеркәсіптік кәріздің жабық желісінің құдықтары әрдайым жабық ұтсалуға, ал қақпақтар болдат, темірбетон немесе кірпіш шығыршықта кемінде 10 сантиметр құм қабатымен жабылуға тиіс.

326. Кәріз және сумен жабдықтау желілері мерзімді тексеруге және тазалауға жатады. Су құбырларын және кәріз құбырларын, құдықтарды, науаларды, гидрқақпақтарды тексеру және тазалау кесте бойынша жүргізілуге тиіс.

327. Кәрізге шығару кезінде өндірістік ағын сулардың температурасы 40 градус Цельсийден аспауға тиіс. Температурасы барынша жоғары судың шамалы көлемін жалпы ағын температурасы 40 градус Цельсийден аспайтындай есеппен тұрақты су шығыны бар коллекторларға шығаруға рұқсат етіледі.

328. Араласуы жылудығ бөлінуімен, жанғыш және зиянды газдардың, сондай-ақ қатты шөгінділердің түзілуімен бірге жүретін реакцияларға әкеп соғуы мүмкін ағын сулардың әртүрлі ағындарын өнеркәсіптік кәрізге шығаруға рұқсат етілмейді.

329. Тереңдетілген сорғы станциялары сигналды басқару пультіне (оператор бөлмесі) шығара отырып, жарылыс концентрацияларына дейін автоматтық газ талдағышпен жарақтандырылуға тиіс.

330. Химиялық ластанған ағын сулардың сорғы станцияларын жеке тұрған ғимараттарда, ал қабылдау резервуарын сорғы станциясы ғимаратынан тыс орналастыру керек; сорғы станцияларының электрожабдығы жарылыстан қорғалған орындауда болуға тиіс. Сорғы станциясының ғимаратына тұрмыстық және қосалқы бөлмелерді қосып салуға рұқсат етілмейді.

331. Мұнай сүзгілегіштерді тазалау мерзімділігі және тәртібі технологиялық регламентте белгіленеді. 332. Сумен жабдықтау және кәріз желілерінде құдықтардағы тиек арматурасын орнатуға рұқсат етілмейді. 333. Мұнай сүзгілегіштер және градирен тостағандары биіктігі кемінде 1 метр жанбайтын материалдардан жасалған периметр бойымен қоршауларға ие болуғаи тиіс.
8. Өндірістерге қызмет көрсету кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
334. Ұйым қызметкерлері жеке сақтандыру құралдарымен, арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, арнайы тамақпен және басқа да құралдармен қамтамасыз етіледі. Өндірістік персоналдың (негізгі және қосалқы) арнайы киімі қажеттілігіне қарай тозаңсыздандыруға және/немесе химиялық тазалауға және газсыздандыруға жатады.

335. Жұмыс шарттарын қалыптандыру құралдарын және зиянды өндірістік факторлардың қызметкерлерге әсерін төмендету құралдарын қамтитын жеке және ұжымдық сақтандыру құралдары қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғауды, сондай-ақ қалыпты жарықтандыру деңгейін, шуыл мен дірілдің рұқсат етілетін деңгейлерін, электр тогының соғуынан қорғауды, қозғалмалы тораптардан және тетіктердің бөлшектерін жарақат алудан қорғауды, биіктіктен құлаудан қорғауды және басқа да құралдарды қамтамасыз етуге тиіс.

336. Жарылыс қауіпті аймақтары бар үй-жайларда пайдаланылған сүрту материалына арналған жәшіктерді орнатуға рұқсат етілмейді. 337. Жарылыс қауіпті аймақтары бар объектілерге темір бедерлері немесе шегелері бар аяқ киіммен, сондай-ақ статтық электр тогы зарядын тарту қабілеті бар киіммен кіруге рұқсат етілмейді.
3 - Бөлім. Мұнай базаларын және автожанармай құю стансаларын пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
338. Мұнай базаларын және автожанармай құю стансаларындағы өндірістік процестердің қауіпсіздігіне:

мұнай өнімдерін қабылдаудың, сақтаудың, берудің және есепке алудың қауіпсіз технологиялық процестерін, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін техникалық құрылғыларды қолдану арқылы қол жеткізіледі;

339. Қауіп-қатері жоғары жұмыстар жұмысқа рұқсат беру қағаздары бойынша жүргізіледі. Ондай жұмыстардың тізбесін техникалық басшы бекітеді.

340. Қауіп-қатері жоғары жұмыстар технологиялық операциялардың дәйектілігін және олардың қауіпсіз жүргізілуін белгілейтін технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

341. Әрбір мұнай базасы және автожанармай құю стансасы үшін апаттарды жою жоспары мен өндірістік бақылау туралы ереже әзірленеді.

342. Жарылыс қауіпті бөлмелерде сыртқы қондырғыларда орнатылуы электр бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика құралдары тиіс.

343. Әрбір мұнай базасында және автожанармай құю стансасында техникалық құжаттама бар:

мұнай базасының, автожанармай құю стансасының жобасы;

техникалық құрылғылардың паспорттары;

техникалық құрылғыларды пайдалануға, жөндеуге қатысты технологиялық регламент;

өндірістік бақылау туралы ереже.

344. Мұнай базасы, автожанармай құю стансасы телефон және дауыс зорайтқыш байланыспен жарақталады.



1-Параграф. Мұнай базаларының және автожанармай құю стансаларының аумағы
345. Мұнай базалары мен автожанармай құю стансаларына санитарлық қорғау аймақтары белгіленеді.

346. Мұнай базалары мен автожанармай құю стансаларының аумағындағы жолдар асфальттан, бетоннан немесе қиыршықтастан төселген.

347. Қауіпсіз өтуді қамтамасыз ету үшін аумақтағы жолдар мен өткелдер жақсы күйде ұсталады, қыстыгүні қардан тазартылады, түнгі уақытта жарықтандырылады.

348. Жаяу жүргіншілер үшін ені кемінде 0,75 м тротуарлар салынады.

349. Теміржолдардың өткелдерінде, олардың жолдармен қиылысатын орындарында рельстердің бүркеншіктерімен бір деңгейде тұтас төсемдер, қорғау тосқауылдары, қауіп туралы ескертетін дабылдама орнатылады.

350. Автомобиль жолдары мен өткелдер қиылысатын орындарда жерүсті құбыр желілері автомобиль жолдары мен өтпелердің үстінен кем дегенде 4,25 метр және өткелдердің үстінен кем дегенде 2,2 метр биіктіктегі тіректерге ілінеді.

351. Мұнай базасының аумағы жанбайтын материалдан жасалған, биіктігі кем дегенде 2 метр үрленетін шарбақпен қоршалады. Шарбақ ғимараттар мен құрылыстардан (әкімшіліктен басқа) кем дегенде 5 м қашықтықта орнатылады.

352. Мұнай базасының аумағындағы ғимараттар, құрылыстар және жабдықтар ҚР 3.02-15-2003 ҚНжЕ, ҚР 4.04.10-2002 ҚНжЕ, ҚР 2.04.05-2002 ҚНжЕ, ҚР 5.03-37-2005 ҚНжЕ, ҚР 2.02.-11-2002 ҚНжЕ талаптарына сәйкес орналастырылады.

353. Мұнай базасының, АЖҚС аумағы таза ұсталады. Аумақты ластауға және онда төгілген мұнай өнімдерінің, судың жиналуына жол берілмейді.

Жазғы уақытта резервуар паркіндегі шөп шабылады және аумақтан ылғал күйінде әкетіледі.

354. Мұнай базасының, АЖҚС аумағында ашық от көзін қолдануға жол берілмейді.

355. Шылым шегуге тек арнайы бөлінген және «Шылым шегетін орын» деген жазба ілінген, жабдықталған орындарда рұқсат етіледі.

356. Қауіп төнетін барлық орындарда ескерту (белгі беру) жазбалары мен қауіпсіздік белгілері орнатылады.
2-Параграф. Мұнай базаларының және автожанармай құю стансаларының жабдықталуы
357. Жобалау ұйымы технологиялық процесте қолданылатын техникалық құрылғылар үшін оларды пайдалануға болатын мерзімді белгілейді, бұл жобалық құжаттама мен техникалық паспортта көрсетіледі.

358. Жабдықтарды, механизмдерді, құралдарды ақаулы күйде немесе ақаулы қауіпсіздік құрылғыларымен (бұғаттайтын, тіркейтін және белгі беретін құрылғылар мен аспаптар), паспорттық өлшемдерден жоғары жүктемелермен және қысымдармен пайдалануға жол берілмейді.

359. Жабдықтарды, құралдарды пайдаланудан шығару өлшемдерін жобалық-құрылымдық құжаттаманы әзірлеуші немесе оларды жасаушы белгілейді.

360. Жабдықты жөндеу оны ажыратудан, қысымын түсіргеннен, қозғалатын бөліктері тоқтағаннан және олардың кездейсоқ қозғалысқа келуіне жол бермеу шараларын қабылдағаннан кейін жүргізіледі.

361. Іске қосу құрылғысында: «Қосуға болмайды! Адамдар жұмыс істеуде!» деген жазуы бар плакат ілінеді. Істен шығуға дейінгі жұмыс уақытында жөндеу жүргізуге жол берілмейді.

362. Қайта құрастырылған немесе жаңғыртылған жабдықты іске қосуды комиссия оның жобаға және осы Ереженің талаптарына сәйкестігін тексергеннен кейін жүзеге асырады.

363. Жабдықты техникалық куәландыру, орнату немесе пайдалану барысында оның технологиялық регламент талаптарына сәйкессіздігі анықталған жағдайда оны пайдалануға жол берілмейді.

364. Жабдықтың құрылымына өзгеріс жобалық-құрылымдық құжаттаманы әзірлеуші ұйыммен немесе жабдықты жасаушымен келісу бойынша енгізіледі.

365. Жабдықты (аппараттарды, құбыр желілерінің учаскелерін) іске қосу немесе тоқтату кезінде технологиялық жүйеде жарылыс қаупі бар қоспалардың түзілуінің алдын алу шаралары (инертті газбен үрлеу, үрлеудің тиімділігін бақылау) көзделеді.

366. Жасалуы бойынша климаттық жағдайларға сәйкес келмейтін жабдықтарды қолдануға жол берілмейді.

367. Жабдықтардың қызметкерлер үшін қауіп төндіретін тораптары, бөлшектері, тетіктері мен элементтері, қоршау және қорғау құрылғыларының үстіңгі беттері ескертетін түстерге боялады.

368. Жабдықтардың металл бөліктері жерге қосылады.

369. Қызмет көрсететін персоналдың жарақат алуына немесе оған зиянды әсер тигізуге себеп болатын техникалық құрылғылар қоршалады немесе қалқаланады. Қоршаулар мен экрандар жабдықтың іске қосу құрылғысымен бірге бұғатталады.

Қоршау жабдықтың мақсатына және құрылымының жасалуына, пайдаланылатын жағдайларға сәйкес келеді.

Қоршаудың құрылысы мен бекітпелері жұмыс істеушінің қоршалған элементпен оқыс жанасу мүмкіндігіне жол бермейді.

370. Механизмдердің қозғалатын бөліктерінен 35 сантиметрден көп қашықтықта орнатылатын қоршауларды шарбақ түрінде орындауға жол беріледі. Қоршауды механизмдердің қозғалатын бөліктерінен 35 сантиметрден аз қашықтықта орнатқан жағдайда оны тұтас немесе торлы (торлары 50 Х 50 миллиметрден аспайтын) етіп жасайды.

371. Шарбақты қоршаудың биіктігі механизмдердің қозғалатын бөліктерінің өлшемдеріне қарай анықталады, бірақ 1,25 метрден кем болмайды. Тұтас қоршаудың төменгі белдеуінің биіктігі 15 сантиметр, шектес бағаналардың осьтері арасындағы аралық 2,5 метрден аспайды. Торлы қоршаудың биіктігі 1,8 метрден кем болмайды. Биіктігі 1,8 метрден төмен механизмдер толығымен қоршалады.

372. Жетек белдіктеріне арналған шарбақты қоршаулардың биіктігі 1,5 метрден төмен болмайды. Екі шкивтің сыртқы жағынан белдіктің үзілу мүмкіндігін ескере отырып, металдан жасалған қарсы қалқандар орнатылады.

Тісті және шынжырлы берілістер алмалы-салмалы бөліктері және құрастыру мен жинауға қолайлы құрылғылары бар тұтас металл қалқандармен (қаптамалармен) қоршалады.

Қозғалатын бөліктердің шығыңқы бөлшектері шеңбері бойынша қаптамалармен жабылады.

373. Қоршаулардың есіктерін ашуға немесе қоршауларды түсіруге жабдық толық тоқтағаннан кейін жол беріледі. Жабдықтарды немесе механизмді іске қосуға қоршаудың барлық алмалы-салмалы бөліктерін орнына орнатып, мықты бекіткеннен кейін жол беріледі.

374. Машиналар мен жабдықтардың бекіткіш бөліктерінде және біріктіргіш элементтерінде жұмыс кезінде өздігінен босауға және ажырауға жол бермейтін құрылғылар (қарсы сомындар, шплинттер, сыналар және басқалар) қарастырылады.

375. Жабдық оның қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін мықты іргетаста (негізде) орнатылады.

376. Қызмет көрсету үшін жұмысшыны 0,75 метрге дейінгі биіктікке көтеру қажет болатын жабдық сатымен, ал 0,75 метрден жоғары биіктікке көтеру қажет болатын жабдық сүйеніштері бар басқыштармен жабдықталады.

377. Марштық баспалдақтар 60 градустан аспайтын (резервуарлар жанында –50 градустан аспайтын) еңіспен орнатылады, баспалдақтардың ені кем дегенде 65 сантиметр, ауыр заттарды көтеруге арналған баспалдақтардың ені кемінде 1 метр болады. Басқыштар арасындағы биіктік бойынша қашықтық 25 сантиметрден аспайды. Басқыштардың ішкі еңістігі 2-5 градус болады. Басқыштардың екі жағында адам аяғының сырғанауына жол бермейтін, биіктігі 15 сантиметр бүйірлік планкалар немесе ернеулік қаптамалар болады. Баспалдақтар екі жағынан биіктігі 1 метр қанаттармен жабдықталады.

378. Биіктіктегі жұмыс алаңдарының беті тайып кетуге жол бермейтін металл табақтардан немесе қалыңдығы кемінде 40 миллиметр тақтайлардан жасалған төсемдері, бір-бірінен 40 сантиметрден аспайтын қашықтықта орналасқан бойлық планкалары бар, биіктігі 1,25 метр қанаты және төсемге тығыз іргелес, биіктігі кем дегенде 15 сантиметр ернеуі болады.

379. Жабдықтардың сыртқы беттерінің және жылу оқшаулағыш жабындардың қаптамаларының температурасы жарылу қаупі мейлінше аз өнімнің өздігінен тұтану температурасынан аспайды, ал қызметкерлер үшін қолжетімді орындарда жайлар ішінде Цельсий бойынша 45 градустан және сыртқы қондырғыларда Цельсий бойынша 60 градустан аспайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет