Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



Pdf көрінісі
бет104/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

Зиян түрлері
Зиянның түрлерінің тәуекелін қарастыруға арналған 
сұрақтар
Психологиялық зақым
Зерттеу пайдасыздық, күйзеліс, ашу немесе қорқыныш секіл-
ді психологиялық зақым келтіру қаупімен байланысты ма?
Физикалық зақым
Зерттеу жарақаттану, өзін ауру сезіну немесе ауырсыну 
(кемсіту, қулық жасау немесе кез келген басқа да құрмет-
темеушілік немесе әділетсіз қарым-қатынас нәтижесінде) 
секілді физикалық зақымдану қаупімен байланысты ма?
Құқықтық зиян
Зерттеу қатысушыларды әлеуетті сот ісіне тартуға немесе 
адамдарды сотқа беру қаупін тудыруы мүмкін бе?
Әлеуметтік зиян
Зерттеу жеке тұлғалық қарым-қатынасқа айтарлықтай кері 
әсер етуі мүмкін бе? Мәселен, зерттеуге қатысушылар мен
олардың отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынасқа 
зиян келтіруі мүмкін бе? 
Экономикалық зиян 
Зерттеуге қатысу қатысушыларға тікелей немесе жанама 
шығындар тұрғысынан зиян келтіруі мүмкін бе? Мәсе-
лен, кәсіби беделін, нарықтағы ұстанымын, медициналық 
сақтандыруын немесе жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін 
жоғалтуына әкеліп соғуы мүмкін бе?
7.1-кесте 
Зиян түрлері және оның түрлерінің зияндылық тәуекелін қарастыруға арналған сұрақтар  
(Зақымдану қаупін азайту, Australian National University, 2022)


165
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
деген ұмтылыс «зерттеушілерден зерттеуге қатысушыларға субъ-
ект ретінде ғана қарамай («зерттеуге арналған жем» деп аталатын 
зерттеу құралының нысаны ретінде емес), олардың бойында өзіне 
деген құрмет сезімін оятуды талап етеді. Адамдарға құрметпен қа-
рауға болады, дегенмен зерттеу ол адамдардың өмірі үшін айтар-
лықтай маңызды болмауы мүмкін» (86-б.). 
Коэн мен оның телавторлары (Cohen et al., 2011) қамқорлық 
принципінің мысалы ретінде мынадай жайтты ұсынады. Мәселен, 
зерттеуші ұзақ уақыт бойы мектепке барып жүріп, мұғалімдер 
арасында сұхбат, сауалнама жүргізу арқылы деректер жинайды 
делік. Бұл жағдайда зерттеуші тек деректер жинап қана қоймай, 
көзқарастары мен тәжірибесі зерттелетін адамдардың өмірін жақ-
сартуға міндетті ме? Бұлай жасау, әрине, адамгершілікке, шынайы 
сыйластыққа жатпаған болар еді (Cohen et al., 2011). Зерттеу 
адамдардың проблемасын шешу үшін жүргізіле ме, әлде олардың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет