164
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория,
әдістер және тәжірибелер
Зерттеуші өзінің зерттеуіне зияны тиюі мүмкін тәуекелдерді
азайтуға және оны негіздеуге ұмтылуы тиіс. Ол әдеп мәселелері-
не қатысты құжаттарды толтыру кезінде аталған тәуекелдер мен
оларды қалай басқаруға болатынын мұқият қарастыруы қажет
(Зақымдану
қаупін азайту, Australian National University, 2022).
Қамқорлық принципін сақтау үшін әрбір зерттеуші өз-өзіне:
«Менің зерттеу жұмысым кімдерге пайдалы болмақ?» деген сұрақ
қоюы керек. Егер зерттеу тек зерттеушінің өзі үшін
ғана пайда
келтіретін болса (мысалы, деректер жинау түрінде), онда мұндай
зерттеу әдепке жатпайды, ал зерттеуші өзімшілдік көзқарас таныта
отырып, қамқорлық принципін бұзған болып есептеледі. Коэн мен
оның телавторлары (Cohen et al., 2011) атап өткендей, зерттеуге
қатысушыларға немесе олардың қауымдастығына пайда әкелуге
Достарыңызбен бөлісу: