Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



Pdf көрінісі
бет33/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

1.6-кесте (жалғасы) 
Сандық, сапалық және комбинаторлық зерттеулерді салыстыру (Bloomberg & Volpe, 2008; 
Creswell & Creswell, 2020; Merriam & Tisdell, 2016; Creswell & Clark, 2018)


56
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
1-тарау бойынша тапсырмалар
1-тапсырма. Зерттеу тақырыбы мен мәселелерін айқындау
1. Білім беру жүйесінде сізді зерттеуші ретінде не мазалайды? 
Нені түсінгіңіз келеді?
2. Аталған зерттеу тақырыбында олқылықты кездестірдіңіз бе? 
3. Аталған мәселені зерттеуде өз үлесіңізді қалай қосар едіңіз?
4. Болашақ зерттеу жұмысыңызға атау ойластыру зерттеу 
тақырыбын таңдаудың тиімді тәсілдерінің бірі болып табы-
лады (Creswell & Creswell, 2020). «… туралы менің зертте-
уім» сөйлемін толықтыруға тырысыңыз. Мысалы, «Менің 
Қазақстан өңірлік жоғары оқу орындарында жұмыс істей-
тін жас оқытушыларды кәсіби тұрғыдан дамыту туралы 
зерттеуім» деген тәрізді. Байқасаңыз, ұсынылып отырған 
зерттеу тақырыбы әлеуметтік мәнмәтін тұрғысынан өте 
шектеулі. Біз нақты бір жас оқытушылардың кәсіби тұрғы-
дан дамуын, нақты бір өңірлік жоғары оқу орындарын, Қа-
зақстан Республикасы сынды нақты бір елді зерттеуді мақ-
сат етіп алдық. Яғни тақырып атауы зерттеуіңіздің аясын 
тарылтып тұр.
5. Зерттеу тақырыбын анықтаудың тағы бір өзгеше тиімді 
тәсілі – тақырып атауын өзіңізді зерттеуші ретінде қы-
зықтыратын сұраулы сөйлем түрінде құрастыру (Creswell & 
Creswell, 2020). Болашақ зерттеу жұмысыңыздың соңында 
ең маңызды деген қандай сұраққа жауап беру керек? Мәсе-
лен: «Қазақстан өңірлік жоғары оқы орындарында жұмыс 
істейтін жас оқытушылар өздерінің кәсібилігін дамыту 
үшін қандай стратегиялар пайдаланады?»


57
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет