45
Назарбаев Университеті
Жоғары білім беру мектебі
Зерттеуде қандай да бір теорияның болмауы оның сапалық
зерттеудегі рөлін талқылаудың төртінші сатысы болып табылады
(Creswell & Creswell, 2020). Нақты бір теория көрініс таппайтын
зерттеу, әдетте, феноменологияға негізделеді.
Эддлес-Хирш атап
көрсеткендей, «феномологиялық зерттеу сапалық зерттеудің басқа
типтерінен белгілі бір құбылысты қарастыратын және оны мүмкін-
дігінше аз бұрмалап немесе түсіндіру арқылы сипаттауға тырыса-
тын ғылым болуымен ерекшеленеді» ((Eddles-Hirsch, 2015, 251-б.).
Зерттеушінің міндеті – сапалық зерттеу материалы үшін таңдалып
алынған негізгі құбылысты барынша сипаттап баяндау.
Джозеф Максуэллдің сапалық зерттеу интербелсенді мо-
делі (Maxwell, 2013)
Жоғарыда атап өткеніміздей, сапалық зерттеуге икемді дизайн
тән. Яғни сапалық зерттеудің дәстүрлі зерттеу кезеңдерінен басты
айырмашылығы оның бойында интербелсенділіктің
ерекше рөл
атқаратындығында. 1.7-суретте сапалық зерттеуді ұйымдастыру-
дың Джозеф Максуэлл әзірлеген интербелсенді
моделі ұсыныла-
ды. Бұл модельдің мәні зерттеушіге зерттеу үдерісінде кез келген
жобалық шешімді қайта қарауға не өзгертуге мүмкіндік беретін
бөліктердің икемділігінде жатыр. Ол
жаңа жоба жасауға неме-
се қандай да бір дизайнды өзгертуге жауап ретінде жұмыс істей-
ді (Maxwell, 2008). Дизайнның өзегінде барлық өзге бөліктермен
байланысты болып келетін зерттеу сұрақтары тұрады, ол
дерек-
терді жинап, талдау барысында өзгеруі мүмкін. Зерттеу сұрақтары
өзге сұрақтарға тікелей әсер етіп қана қоймай, оларға тәуелді де
болып келеді (Maxwell, 2013).
Максуэлл бөліктер арасындағы бұл қатынас сызбасын жоғарғы
және төменгі деген екі үшбұрышқа бөліп қарайды. Зерттеу сұрақта-
ры, зерттеу мақсаты және зерттеудің теориялық/концептуалдық аясы
арасындағы байланысты танытатын жоғарғы үшбұрыш теориялық
және концептуалдық бөлімді құрайды. Сізге, ең алдымен, зерттеу ди-
зайнының аталған бөлімін әзірлеп алу қажет. Сіздің зерттеу сұрақта-
рыңыз зерттеудің мақсатымен тығыз байланысты болуы керек және
ол аталған зерттеу тақырыбындағы/саласындағы біліміңіз бен басты
теориялық ұстанымыңыз арқылы негізделуі қажет (Maxwell, 2013).
46
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
1.7-суретте берілген Максуэллдің
интербелсенді моделінің
төменгі үшбұрышы зерттеу сұрақтарыңыздың зерттеу әдістерімен
және зерттеудің сәйкестілігімен тығыз байланысты болып келеді.
Аталмыш үшбұрыш дизайнды жүзеге асыру бөлігі ретінде зерт-
теу сұрақтарының жауабын табуға көмектесетін зерттеу әдістерін
таңдауға ықпал етеді. Әдіс-тәсілдерді
таңдауда олардың зерттеу
сұрақтарының жауабын іздеуге мүмкіндік беретіндігіне назар ау-
дару қажет.
Зерттеу сұрақтары сапалық зерттеудің интербелсенді екі мо-
делінің ортақ негізі ретінде қызмет атқарады (Maxwell, 2013). Де-
ректер арасындағы бес бөлікті қатынастың бекітілген дизайннан
айырмашылығы, ол сызықтық және ізбе-ізділіктің қатаң ереже-
лерін сипаттамайды,
керісінше, «дизайнның икемділігін» көрсе-
теді (Maxwell, 2013, 5-б.).
Зерттеу
мақсаты
Зерттеу
сұрақтары
Зерттеудің
концептуалдық
аясы
Зерттеу
әдістері
Зерттеудің
сәйкестілігі
Достарыңызбен бөлісу: