64
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория,
әдістер және тәжірибелер
1-кезең. Әдебиеттерді анықтау және іріктеу
Қажетті әдебиеттерді іріктеудегі ең алғашқы маңызды қа-
дамы – зерттеу жұмысына қатысты кілт сөздерді анықтап алу.
Кілт сөздер мұқият және логикалық тұрғыдан нақты анықталған
жағдайда ғана әдебиеттердің негізгі бағытын айқындауға бола-
ды (Oliver, 2012). Мысал ретінде «Қазақстандағы пәндік-тілдік
кіріктірілген оқыту (CLIL): Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі
(НЗМ) бес мұғалімнің кейсін зерттеу» (Karabassovа, 2018) атты
зерттеу жобасын қарастырып көрейік. Аталмыш зерттеу мұғалім-
дердің танымдық білімі мен педагогикалық
тәжірибесіне баса
назар аудара отырып, үштілділік жағдайында Қазақстанда CLIL
жүйесін енгізу мәселелерін қарастырады. Нәтижелер қатысқан
мұғалімдердің көпшілігінің CLIL-дің
педагогикалық мақсатын
білмей, оны басқа тілде оқыту деп қана түсінетіндігін көрсетіп
отыр. Пән мұғалімдері оқушылардың тілін дамытуда жанама рөл
атқара отырып, тілден гөрі мазмұнға басымдық береді. Зерттеу-
дің тақырыбы мен мақсатына қарай мынадай негізгі ұғымдарды
анықтауға болады:
• CLIL концептуалдылығы (teachers` conceptualization);
• СLIL тәжірибесі (CLIL implementation немесе CLIL practices);
• CLIL мұғалімдері (CLIL teachers).
Егер аталған өлшемдер дереккөздерді табуға көмектеспесе,
онда іздестіру жұмысын басқа да кілт сөздерді қосу арқылы кеңей-
ту керек. Іздеу өлшемдерін кеңейту үлгісі 2.1-суретте көрсетіледі.
65
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
мұғалімдердің
СLIL әдістемесін қабылдап, түсінуі, оған деген
қарым-қатынастары мен көзқарастары
CLIL сабақтарын жобалап,
жоспарлау
екінші/үшінші тілде немесе ағылшын тілінде оқыту
пән мен тілді кіріктіріу, біріктіру стратегиялары, CLIL-ді жүзеге
асыру
teachers` perceptions, understanding, attitude and beliefs about CLIL
design
of CLIL lessons, planning CLIL
teaching through a second/third language or English
integration of content and language,
integration strategies, CLIL enactment
2.1-сурет. Қазақстандағы мектеп мұғалімдерінің пән мен тілді кіріктіре оқыту
тақырыбы бойынша әдебиеттерді іздестіруді кеңейту үлгісі
Достарыңызбен бөлісу: