66
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
іздеу жүйелерінің бірі – Google Scholar мүмкіндіктерін пайдалануға
болады (https://scholar.google.com).
Дерекқорлардың немесе каталог жүйесінің бірімен жұмыс істей
отырып, кілт сөздер мен терминдерді пайдаланудан бөлек дереккөз
түрін (кітап, журналдағы мақала, шолу), оның жарияланған күнін,
ауқымын көрсететін сүзгілерді орнату арқылы іздестіру жұмысын
нақтылап, тарылтуға болады. Әдебиетке шолу барысында жаңадан
шыққандарын пайдаланған жөн. Зерттеліп отырған тақырып бой-
ынша дереккөздердің ауқымы кең болса, онда соңғы жылдардағы
зерттеулерді қамтыған дұрыс. Сонымен
бірге бірнеше ондаған
жылдар бұрын жазылса да, белгілі бір ғылым саласының дамуына
айтарлықтай үлес қосатын ірі теориялық еңбектердің болуы мүм-
кін екендігін жоққа шығаруға болмайтынын есте ұстау қажет.
Әдебиеттерді іздестірудің жоғарыда келтірілген мүмкіндік-
тері мен жолдарын пайдалана отырып,
теориялық және эмпи-
рикалық әдебиеттерді табу және тізімін шығаруға тырысыңыз.
Зерттеу сұрағына сәйкестігіне көз жеткізу үшін әрбір материал-
дың мазмұнын қарап шығу да өте маңызды. Зерттеуші шолу, эн-
циклопедия немесе оқулық секілді қосымша дереккөздерін емес,
бастапқы дереккөздерді, яғни зерттеушілердің түпнұсқа жұмы-
сын пайдалануы керек. Әдебиеттерді іздестіру барысында зертте-
летін тақырып бойынша ең қажетті немесе сілтеме жиі жасалған
жұмыстарды анықтап және олардың шолу тізіміне қосуда мұқи-
яттылық таныту керек. Шолу аяқталғаннан кейін де жаңа зертте-
улер пайда болған-болмағанын білу үшін дерекқорға оралыңыз.
Бұдан басқа, қолмен немесе EndNote, Citation немесе Mendeley-ді
пайдаланып, оларды библиографиялық тізімге бірден қосып, жұ-
мыстың соңында дереккөздер тізімін рәсімдеу бойынша жасала-
тын жұмысты жеңілдетіңіз.