69
Назарбаев Университеті
Жоғары білім беру мектебі
Теория авторы
Теорияға шолу
Негізгі
идеялар мен
болжамдар
1 автор
•
•
2 автор
•
•
•
2.2-кесте
Теориялық әдебиетке шолудың үлгісі (Bloomberg & Volpe, 2012)
3. Ғылыми материалдарды оқып, кестені толтыру барысында
шолу мәтінінде пайдалануға болатын пікірлерді немесе дәйексөз-
дерді жазып алу керек. Сонымен бірге авторлардың сөздері дәл-
дікпен, сапалы жазылуы тиіс, өзге біреудің идеясы мен сөздерінің
кездейсоқ көшірілгенін (плагиат) болдырмау үшін автордың сөз-
дерін
бет санын көрсете отырып, жақшаның ішінде беру қажет.
Осылайша уақытыңыз бен күшіңізді үнемдей аласыз.
4. Жоғарыда келтірілген
кестелер әдебиеттерді іздеп,
оларға
шолу жасауды реттеудің бір түрі ретінде қызмет ете алады. Талда-
натын зерттеулер немесе теориялар арасындағы айырмашылықтар
мен
ұқсастықтарды таба отырып,
әдебиетке әдіснамалық тұрғы-
дан шолу жасау үшін аталған аналитикалық әдіс-тәсілдерді пайда-
лануыңызға болады. Мұндай кестелерді әдебиетке шолу бөліміне
біріктіруге не зерттеу есебіне не болмаса диссертацияға қосымша
ретінде тіркеуге болады.
Әдебиеттерді талдап болғаннан кейін оқылған дереккөздерді
бөліктерге жіктеу арқылы жинақтау
әдісінің көмегімен нақты
дәлелдерді тұжырымдауға көшу керек. Жинақтау – талдау кезінде
толтырылған кестенің жеке бөліктерін бүтін бір бөлікке біріктіру
үдерісі. Алайда жинақтау идеялардың қарапайым байланысы ғана
емес, ақпаратты жаңа, логикалық және түсінікті түрде өңдеп, ұсы-
ну деген сөз.
70
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория,
әдістер және тәжірибелер
Достарыңызбен бөлісу: