139
Мес қарынды әдетте арнайы аспап – троакармен теседi ол жоқ болғанда
өткір скальпель, кәдімгі пышақ т.б. жарамды аспаптарды қолданады. Тесу
үшiн троакардың өткiр ұшын белгілеген орынға қойып, малдың оң жақ артқы
аяғының тілерсек буынына қарай аспаптын ұшын бағыттап, троакардың
тұтқасы үстiнен алақанымен тесетiндей күшпен қатты және жылдам ұрады.
Егер терi тесiлмесе, оны алдымен скальпельмен кішкене тiледi.
Құрсақ
қуысының қабырғасын және мес қарынды тескен соң, троакардың тұтқасын
сабына дейін енгізеді. Троакардың гильзасын басып тұрып, оның стилетін
суырып алады.
Тесікті саусақпен жауып, жиналған газды аз мөлшерде
баяулап шығарады. Гильзаның түтігі кесек заттармен бiтелiп калса, оны
троакарды қайтадан тығып тазартады. Газды
толық шығарып болғаннан
кейін гильза арқылы қарын iшiндегі жіті ашуды тоқтатату мақсатымен
дәрiлерді (тимпанол, белседелген көмір, эспумазан т.б.) жiбередi. Гильзаны
малдың терісіне тігіп қойып оны 5 – 6 сағатқа дейiн ұстайды.
Газ пайда
болуы тоқтағаннан кейін, троакардың гильзасын терiнi саусақпен баса тұрып,
қарыннан суырып алады. Жараны жуып тазартып тесік орныны 5 – 10%
йодтың спирттегi ерiтiндiсiн немесе 5% бриллианты жасылдың спирттегі
ерітіндісін жағады, мүмкіндік болғанда желімдермен желiмдейдi.
Достарыңызбен бөлісу: