Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К


Еркек малдың шап аумағындағы операциялары



Pdf көрінісі
бет92/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   129
оперативтік хир 8 н

 
Еркек малдың шап аумағындағы операциялары 
 
Анатомо - топографиялық деректері. Шап аумағы тар жолақты өзек, 
үстіңгі жағынан құйрық түбірімен, төмен жағынан ұма негізімен, 
бүйірлерден құйымшақ - шонданай будаларымен және артқы - жамбас 
бұлшық еттермен шектеледі. Шаптың 2 бөлімі болады - анальдық және 
несеп-жыныстық; соңғыда жыныс мүшесі және уретра орналасады.
Қабаттары: жіңішке тері (оның орта сызығында тігіс байқалады), нашар 
дамыған тері шелі, фасция , бұлшық ет қабаты, шаптың жоғарғы бөлімінде 
тұратын анустың сфинктеры, анусты көтергіш және құйрық бұлшық етті; 
төменгі бөлімде жыныс мүшенің ретракторы - көтергіші болады. Жыныс 
мүше несеп-жыныс каналымен шапта, несеп-жыныс бөлімінде орналасқан.


187 
Қанмен қамтамассыз етуі шаптық, жапқыш және бульбоуретральдық 
тамырлардың бұтақтарымен жүзеге асырылады. Иннервацияны шаптық 
жүйкелермен (бөксе жүйке бұтақтары) қамтамассыз етіледі.
Жылқы шабының анестезиясы (сурет 142)
Көрсетуі. Уретротомия, уретростомия және шаптағы басқа 
операциялар. 
Жансыздандыру техникасы. Төменгі шонданай-тікішек бөліміндегі 
шонданай доғасының үстінде шұңқыршақтың терісін мұқият тазалап 
зарасыздандырады. Жіңішке инемен анустың оң жағынан шонданай доғадан 
саусақ ені ара қашықтығында тері астына 5 мл 3%-дық новокаин ерітіндісін 
инъекциялайды, содан соң инені тағы 0,5 см тереңдете ерітінді сол мөлшерде 
қайтадан енгізеді. Инъекциялау кезінде инені оңға және сол жаққа бұрады. 
Осы екі инъекциямен шаптық жүйкенің үстіңгі және терең бұтақтарын 
тежейді.
Сурет 142. Жылқы шабының анестезиясы. Инені енгізетін нүктелер. 
Жансызданатын аймағы 
Тура осы тәсілмен шаптың сол жақтарын жансыздандырады. 
Уретротомия немесе уретростомия жасағанда жыныс мүшесіне қосымша 
өткізгіштік жансыздандыру істейді . 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет