Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К


Жыныс мүшесіне операция жасау



Pdf көрінісі
бет87/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   129
оперативтік хир 8 н

Жыныс мүшесіне операция жасау 
 
Анатомо - топографиялық деректері. Жыныс мүше (penis). Оның 
негізінде белоктық қабықпен жабылған (tunica albuginea), каналды дене 
(corpus cavernosum) жатады, одан бөлімдер қалыптастырушы трабекулар 
тереңдеп тарайды. 
Жыныс мүшесінде екі бөлім болады: бекітілген және азат. Азат бөлімі 
күйіс қайырушыларда соңында, ал шошқаларда ұманың алдында 
сигмотиптес бүгіліс түрде болады (flexura sigmo - idea). Айғырларда жыныс 
мүшесінің бас жағында жақсы дамыған диск тәріздес басы болады, оның 
төменгі шұңқыршығында несеп каналдың азат шеті алға шығады (rocessus 
urethralis). Күйіс қайырушылардың жыныс мүшесінің ұшталған бас жағында 
жапқышы үмегені жоғарылау болады (galea glandis). Ұсақ күйіс 
қайырушыларда несеп-жыныс өсіндісі 4-5 см алға шығады. Төбеттерде және 
мысықтарда жыныс мүшенің бекітілген бөлімдерінде екі үңгірлі дене, ал азат 
бөлігінде — жыныс мүше сүйегі болады. 
Күпек (praeputium). Оның сыртқы бөлімі тері, ішкі бөлімі 
париенталдық және висцеральдық жапырақшалардан құрылған. Күпек 
қаптың қуысын қалыптастыратын өзіне тән кілегейлі қабық. Қабандарда 
шеткі тәннің дорсальдық қабырғасында күпектің дивертикула қуысы 
орналасады. Айғырларда күпек екі қабатты (сыртқы және ішкі), олардың 
әрбірі сыртқы және ішкі жапырақшалардан түзеледі. Ішкі күпектің ішкі 
жапырақшасы жыныс мүшеге өтіп, онда кішкене циркулярлық білік 
қалыптастырады. 
Жыныс мүшенің және күпек бұлшық еттері. Жыныс мүшенің 
тартқышы (m. retractor penis) тегіс бұлшық ет ұлпасынан құрылған. Қос 
бұлшық етің басы бірінші құйрық омыртқалардан басталып, жыныс мүшенің 
вентральдық беттерімен жүріп оның бас жағына дейін жетеді. Күйіс 
қайырушыларда және шошқаларда ретракторы жыныс мүшеге сигмотәрізді 
бүгілістің төменгі тізесіне бекітіледі. 


179 
Жыныс мүшеде үш фасция болады: меншікті, тереңді және үстіңгі. 
Несеп-жыныс өзегі немесе уретра (canalis urogenitalis, s. urethra) 
қуықтың мойынынан басталып, жыныс мүшенің бас жағында аяқталады. 
Қабаттары. Кілегейлі қабығы бойымен бүрмеленеді және онда 
уретральдық арнайы бездері болады. Уретраның ішіне шәует шығаратын 
көпіршік, купер және баданалық жыныс бездердің каналдары ашылады. 
Артқы жамбас бөлімінде уретра каналы бар, күйіс қайырушыларда және 
шошқаларда кілегейлі қабықта орақ тәріздес бүрмесі болады. Оның үстінде 
соқыр қапшық қалыптасады (дивертикул). Дивертикул әрқашан катетердің 
қуыққа жылжуына кедергі болады. 
Уретраның көпіршік денесінде күре тамырлар жиі қосылған үлкейген 
каверналар түзеледі, оның трабекулыларын үлкен санның тегіс бұлшық 
етінен құрылады. Ол артқы жамбас бөлімінде уретраның баданасын 
қалыптастырады. Жыныс мүшенің уретральдық өзегі сыртқы жағынан тығыз 
фиброздық ұлпамен тұйықталады. 
Жыныс мүшенің қанмен қамтамасыз етуі сыртқы және ішкі жыныс 
және бітеуіш тамырлардың бұтақтармен жүзеге асады. 
Жыныс мүше және күпектің жүйкеленуі келесі жүйкелер (сурет 135) 
атқарады. Жыныс жүйкесі (n. pudendus) бұқаларда және 
Сурет 135. Бұқаның жыныс мүшесі және фасциясының жүйкеленуі 
1– жыныс жүйкесі; 2- оның шаптық терілік бұтағы; 3 - n.dorsalis penis; 4-5 оның 
ұмалық және күпектік бұтақтары; 6 - орта геморридальды жүйке.; 8 – соңғы қабырға 
аралық жүйке; 9 – бұйір құрсақ астыңғы жүйке; 11- жыныс мүшенің терең фасциясы; 12 - 
сары құрсақ фасциясы; 13 - үстіңгі жапырақша; 14 - ішкі жапырақшалар; 15 – терең 
жапырақша; 16 - париенталдық жапырақша; 17 - краниальды күпек б; 19 - күпектің тесігі 
айғырларда III (II) және IV құйымшақ жүйкелердің бұтақтарынан 
қалыптасады. Жамбас қуысында жыныс жүйкесі, құйрық бұлшық еттеріне, 


180 
бұт терісіне және ұманы жүйкелейтін тері бұтақтың, шап жүйкесіне бұтақтар 
қайтарады. 
Орта тікішектік жүйке (n. rectalis medius ) IV құйымшақтық жүйкенің 
вентралдық бұтағынан шығады. Оның бұтақтары тік ішекті, анус көтергішті 
және жыныс мүшені жүйкелейді. 
Каудальды тікішектік жүйке (n. rectalis candalis) V құйымшақ жүйкенің 
вентральдық бұтағы. Орта геморридальдық жүйкеге паралельді және бірнеше 
медиальды жүреді. 
Вегетативтік жамбас өрімі (plexus pelvicus) жамбас бөлімдегі уретраға, 
жыныс мүшенің ретракторлық бұлшық еттеріне және бірге жүретін қан 
тамырларына көп санды бұтақтарды қайтарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет