Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К


Қаншықтар және ұрғашы мысықтарды пішу



Pdf көрінісі
бет85/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   129
оперативтік хир 8 н

Қаншықтар және ұрғашы мысықтарды пішу 
 
Көрсету. Әдетте қаншықты иелерінің талабымен мінезін өзгерту 
мақсатымен, операция жасайды. Ұрғашы мысықтың күйлеуі 3 айда 
қайталанып, ол мазасызданып, ерекше бақырып, үйден қашып, 
шағылысқанша тышышталмайды. Егер бір ұрғашы мысықты еркімен тудыра 
берсе, оның ұрпағының барлығы 5 жылдың арасында 100 мыңға жетеді екен. 
Сол себептерден ұрғашы мысықты пішкен дұрыс болады. 
Операция техникасы. Жалпы жансыздандыруға калипсол, рометар
немесе ромпун қолдануға болады. Аминазинды мысықтар ауыр көтеруі 
себебінен пайдаланбағаны дұрыс. Жергілікті анестезияны 0,5% новокаин 
ерітіндісімен жасайды, одан жоғары концентрациясы және лидокаин
ксикаин жануарды уландырады. Мысықты арқасына немесе оң жағына 
жатқызып бекітеді. Парамедиалдық лапаротомияны кіндіктің артынан
паркостальды соңғы қабырға және сербек аралық ортада, 4-5 см ұзындықпен 
жасайды. Теріні және қарын бұлшық еттерін тіліп, жатыр мүйіздерін суырып 
алып, аналық бездерді тауып алады. Жатырлық будаларға тамырларымен 
бірге, екі мүйіздің екі жағынан жеке Дешан инесімен лигатура салады. 
Аналық без алдына және артына лигатура салынады (сурет 133). 
Сурет 133. Қаншықтардың аналық безіне лигатура салу 


176 
Аналық бездерді қайшымен кесіп алады. Құрсақ қабырғасына 
қаншыққа үш, мысыққа екі қабатты тігістер салынады. 
 
Шап – ұмалық жарыққа операция жасау 
 
Ішкі ағзардың құрсақ аумағынан шаптық канал қуыстарына шектелуін 
шап - ұмалық жарық деп атайды. Бұл жарықтың ең жиі түрі - ішкі ағзалардың 
қынаптық каналға және жалпы қынап қуысына енуі. Мына оқиғада жарықты 
интравагинальдық (жалған ұма жарығы) – hernia intravaginalis деп атайды. 
Шарбының немесе ішек ілмектердің қабырғалық іш пердемен бірге ұма және 
жалпы қынаптық қабықтың аралығына енуін қынаптан тыс жарық – hernia 
extra - vaginalis , s . scrotalis vera (нағыз ұма жарығы) деп атайды. Ең көбірек 
жарықтың бірінші түрі көп таралған; оны түрі әдетте қабандарда жолығады
айғырлар және басқа еркек түрлі малда сирек кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет