Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К


Сиырларды және тайыншаларды пішу



Pdf көрінісі
бет84/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   129
оперативтік хир 8 н

Сиырларды және тайыншаларды пішу 
 
Анатомо - топографиялық деректер. Сиырларының аналық бездері сопақ 
түрінде, қысқа шажырақайларға (мезоварий) ілініп қойылған. Сол аналық без 
әрқашан оң жағынан көлемі аз болады; ересек сиырларда оң аналық бездің 
көлемі - ұзындығы 4-5 см ені 2,8 см дейін болады. Аналық бездер жатырлық 
кең будаларынан медиальды орналасады, шамамен жамбас қуысына кіру 
деңгейінде, тек қана кәрі сиырларда олар одан тыс орналасады. 
Жатырдың денесі қысқа, жатыр мүйіздері жамбас қуысының кіре 
берісінде орналасады, жартылай құрсақ қуысында болады; Олар жатырлық 
кең будаға ілініп қойылған, иілген, артқа және жоғары бағытталған. Қынап 
бөлімінде жатырдың мойында дорсальдық күмбездер болады - қынап күмбезі 
деп аталады. Қынаптың алдыңғы бөлімі сыртынан сірлі қабықпен жабылған, 
ол іш пердесінде тік ішек жатырлық және күлдіреуік жатырлық 
тереңдетулерді құрастырады. Бұл учаскелер арқылы қынап жағынан 
овариектомия жасағанда құрсақ қуысына ену үшін қолайлы. 


173 
Қанмен 
қамтамассыз 
ету 
және 
жүйкелену 
ерекшеліктері 
шошқалардағыдай болады.
Көрсетулері. Өндіріске жарамсыз (ісіктер, аналық бездің склерозы, 
сары денелердің персистенттық кистоздары) сиырларды бордақылауын 
жақсару және лактациялық дәуірін ұзарту үшін, етке бракқа шығарылған 
тайыншалардың жемдеуін жақсару үшін. Бір аналық без зақымдалғанда, 
ұқсас сау органның компенсациялаушы (викарлықты) қызметін есепке ала, 
біржақтық овариектомия жасалады.
Операция тәсілдері. Аналық бездерге опреративтік жетілуге тәуелді 
болады: 1) құрсақ қуысы арқылы овариектомия жас сиырларға және 
тайыншаларға бүйірі арқылы жүзеге асады; 2) қынап арқылы овариектомия, 
қынап ені толық жетілген, тек қана есейген сиырларға орындалады, 
дорсальды немесе вентральды колпотомияны қолданумен (дорсовагинальды, 
вентровагинальдық тілімдермен). 
Малды операцияға дайындау. Міндетті түрде 18 - 24-сағаттық аш диаета. 
Операцияның алдында қуықты және тік ішекті босатады. Құрсақ қабырғалар 
жақтан жерді операция жасайтын орнынның жүнін қырып, хирургиялық 
дайындау ережелерімен мұқият зарарсыздандырады. Қынап жағынан 
операцияны жасағанда оны антисептикті ерітіндімен (фурацилин 1:5000, 
этакридин 1:500 және т.б.) жуып тазартады. Сыртқы жыныс мүшелерін, оның 
шеңберін және құйрықты сабынмен мұқият тазартып жуып, кептіреді және 
теріні 5%- дық йод ерітіндісімен өңдейді. Қынапта және жатырда іріңді - 
катаралдық қабынуы барысында колпотомияны істеуге болмайды. 
Станокта бекіту. Бір көмекші танау қысқыштарын қолдануымен басты 
ұстап тұрады, ал екіншісі құйрықты шетке немесе жоғары қайырып ұстайды. 
Бұзауларды оң жағына жатқызып, сол артқы аяғын бұрып бекітеді. 
Жансыздандыру. Нейролептик 2% рометар немесе ромпун ерітіндісін 
қолданады. Аналық бездерді құрсақ арқылы алып тастуда паралюмбальдық 
немесе өткізгіштік инфильтрациялық жансыздануды қолданады. Операцияны 
аналық бездерге қынап арқылы жасағанда төменгі сакральді жансыздануды 
қолданады (8 – 10 мл 2% новакаин немесе лидокаин ерітіндісі) оның арқасында 
қынап қабырғалары күшпен жиырылып, оны тесуі жеңілдейді. Колпотомияны 
ең болмағанда жансызданусыз жүзеге асыруға болады. Кейбір авторлар 
ұсынылған мезовариды анестетик ерітіндісімен өңдеу тәсілі операция 
барысында практикалық мағыналары болмайды.
Операция техникасы. Аналық бездеріне құрсақ арқылы жету аш бүйір 
аумағынан болады. Бел омыртқаларының өсінділерінен 8 - 10 см ара қашықтықтан 
бастап, аш бүйірдің орталығында теріні, үстіңгі және сары құрсақ фасцияларын 
ұзындық көлемі 12-15 см мөлшерде кеседі. Қарынның сыртқы, ішкі және көлденең 
бұлшық етін олардың талшықтардың жүрумен ажыратады. Іш пердесін көлденең 
фасция бүрмесімен бірге іскекпен қысып алып, оны тартып сыртқа шығарып 
қайшымен жарып тастайды. Содан кейін саусақтармен қорғап кесуді қайшымен 
кеңейтеді. Құрсақ қуысының артқы бөліміне енгізілген қолмен, жатыр мүйіздері 
бойымен бағыттай, жатырдың оң мүйізін аналық безімен бірге жараға тарта 
әкеледі. Мезоварийге шынжырлы экразердың ілмегін немесе эмаскуляторды салып 


174 
аналық безді алады. Ұқсас тәсілмен сол аналық безді алады. Іш пердесін, көлденең 
фасцияны, көлденең бұлшық етті (немесе оның апосневрозын) және қарын қиғаш 
бұлшық еттерін кетгутпен тігіп қояды. Тігілген қабаттардың бетіне антибиотик 
немесе күрделі бактерициттік ұнтағын себеді. Құрсақ қабаттарын жартылай тігіп 
қойуға болмайды, себебі операцияның арты жарықпен асқынуы мүмкін. Теріге 
және сары құрсақ фасциясына түйінделген тігісті салылады, оны 10 күннен кейін
шешеді. 
Овариектомия бір өңдіде болғанда, оны операция жасайтын аналық без 
жағынан жасайды. 
Колпотомия қолдануымен орындалу. Малға жоғарыда айтылған 
дайындауларды және сакральді жансыздануды атқарғаннан кейін операцияға 
кіріседі. 
1. Дорсальды колпотомия. Оң қолмен жабық жүзді пышақты немесе 
кең жүзді қысқа сапты скальпельды алып, оның ұшын қол саусақтарының 
арасынан 2 см алға шығарып бекітіп қынапқа енгізеді. Жатырдың қынаптық 
бөлімдерін жатыр мойыны алдында, қынап дорсальды күмбезін және оған 
жабысып тұратын тікішек жатырлық тереңдетуді құрушы іш пердесін 2-4 см 
жарып тіледі. Жараға алма-кезек алдымен бір содан соң және екінші 
саусақты енгізе, жараны ысырып кеңейтеді, содан соң жатырдың катты 
мойынын төменін сипалап табады. Одан оның бүйірлерінен аналық бездерді 
тауып алады. Аналық безді қынап қуысына алып шығып (сурет 132)
экразердың бауымен оны бөліп алады. 
Сурет 132. Сиыр колпотомиясы. Қынаптың дорсальды қабырғасын кесу арқылы құрсақ 
қуысқа енгізілген саусақтармен аналық безді бекемдеу 
Егер қажет болса, қолды қынаптан сыртқа суырып алмай сол әдіспен 
басқа жағындғы аналық безді бөліп алады. Аналық бездерге арналған сым ара 
арқылы және Бесхлебников фетотомының бір резеңке түтігін пайдаланып, 
көмекші мен бірге бөліп алуға болады. 


175 
2. Вентральдық колпотомияның (О.Б. Бондаренко тәсілімен) 
дорсальдықтан ерекшелігі кесуді жатырдың мойынынан 2 - 3 см төмен, 
қынаптың вентральдық күмбезінде өткізеді. Колпотомдық тесік тікелей аналық 
бездердің орналасқан орынан шығады, ол қынап қуысына аналық без 
будаларын аздап керуімен олардың шығаруға ыңғайлылық жасайды. Онан 
арғы әрекеттер дорсальды колпотомиимен бірдей. 
Қынап қабырғасының жарасын тігіп қоймайды, оның шеттері 
желімделіп жылдам жазылады, 6 сағаттан кейін малға су және жеңіл 
қорытылатын азық береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет