Мусабекова Айнаш Орикбаевна Ержанова Салтанат Кулдасбаевна «Персоналды басқару» пәні бойынша Дәрістер курсы мамандығы: «5B051900-Еңбекті ұйымдастыру және нормалау» Қарағанды 019 лекция



бет18/73
Дата17.04.2024
өлшемі0.89 Mb.
#499000
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   73
multi-293 x970856161

Ұлттық мерекелер — Қазақстан мемлекеттiлiгiнiң дамуына елеулi ықпал еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметiне Қазақстан Республикасында белгiленген мерекелер. Ұлттық мерекелердi мейрамдау кезiнде орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарда ресми iс-шаралар өткiзiледi.

  • Мемлекеттiк мерекелер — қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлi түрде атап өтетiн мерекелер. Мемлекеттiк мерекелердi мейрамдау кезiнде ресми iс-шаралар өткiзiлуi мүмкiн.

  • Кәсiби және өзге де мерекелер — ұлттық және мемлекеттiк мерекелер мәртебесi берiлмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетiн мерекелер.



    3. Қызметтік нұсқау және құрылымдары
    Жұмыс уaқыты - бұл жұмысшының жұмыс берушінің актілеріне және еңбек келісім-шартына сәйкес қызметтік міндеттерін атқаратын, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіндегі жұмыс уақытына қатысты басқа да уақыт кезеңі 
    Жұмыс уақытының ұзақтығы: 

    1. қалыпты (аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс) 

    2. артылған

    3. толық емес

    Жұмыс уақытына мыналар жатады: 

    1. дайындалу-қорытынды жұмыстар (тапсырма алу, материалдар, құралдар, техникалармен, құжатамамен танысу, жұмыс орнын дайындау және тазалау, дайын өнімді өткізу және басқалары);

    2. технология, еңбек ұйымы, еңбекті нормалау және қорғау ережелерінде қарастырылған үзілістер, жұмыс орнындағы немесе жұмысшының өз уақытын дұрыс қалыптастыра алмағандағы күту уақыттары, мейрам және демалыс күндеріндегі кезекшілік;

    3. еңбек, ұжымдық келісім-шарт, жұмыс берушінің актілерімен немесе Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен анықталған үйде кезекшілік ету және бюасқа да кезеңдер.

     Жұмыс уақытын қысқарту төмендегі тұлғалар үшін бекітіледі: 

    1. он сегіз жасқа жетпеген жұмысшылар: 

    • он төрт жастан он алты жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – аптасына 24 сағаттан аспайтын;

    • он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – аптасына 36 сағаттан аспайтын.

    1. ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайындағы қызметкерлерге - аптасына 36 сағаттан аспайтын;

    2. бірінші және екінші топтағы мүгедектерге - аптасына 36 сағаттан аспайтын.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   73




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет