Мусабекова Айнаш Орикбаевна Ержанова Салтанат Кулдасбаевна «Персоналды басқару» пәні бойынша Дәрістер курсы мамандығы: «5B051900-Еңбекті ұйымдастыру және нормалау» Қарағанды 019 лекция


Ішкіауысымдық және арнайы үзілістер



бет21/73
Дата17.04.2024
өлшемі0.89 Mb.
#499000
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   73
multi-293 x970856161

Ішкіауысымдық және арнайы үзілістер
Жекелеген жұмыс түрлеріне жұмыс уақытында іске қосылатын технологиямен және өндіріс және еңбек ұйымымен келісілген, жұмысшыға ішкіауысымдық үзілістер қарастырылады;
Ашық ауада жылдың суық мезгілінде жұмыс істейтін немесе жылынбайтын кеңістіктерде жұмыс істейтін, сонымен қатар тиеу-түсіру қызметіндегі жұмысшыларға жылыну үшін жұмыс уақытына кіретін арнайы үзілістер береді;
Бір жарым жасқа дейінгі баласы бар жұмыс істейтін әйелдерге, бір жарым жасқа дейінгі анасы жоқ балалары бар ерлерге (асырап алыушылар) тамақтану үшін, және баланы тамақтандыруға қосымша уақыт беріледі. Қосымша уақыт келесі ұзақтықтағы жұмыстың әр үш сағаты сайын беріледі (жиі емес):

  • бір баласы барларға, — әр үзіліс отыз минуттан кем емес;

  • екі немесе одан да көп баласы барлар үшін — әр үзіліс бір сағаттан кем емес.

Жұмысшының өтініші бойынша бала тамақтандыруға қосымша уақыт демалыс және тамақтануға берілетін үзіліске қосылады, немесе келісілген үзілістер жұмыс күнінің басына немесе соңына қарай беріледі (ауысымдар).
Баланы тамақтандыруға берілетін үзілістер жұмыс уақытына қосылады.
Жыл сайынғы (ауысым аралық) демалыстың ұзақтығы
Жұмысшының күнделікті демалысының ұзақтығы (ауысымаралық) он екі сағаттан кем емес, жұмыстың аяқталуы мен келесі күннің басталуы аралығын қамтиды.
Демалыс күндері
Жұмыскерелерге апта сайын демалыс күндер беріледі.
Бес күндік жұмыс аптасында жұмысшыларға аптасына екі күн демалыс беріледі, ал алты күндік жұмыс аптасы кезінде – бір күн.
Бес және алты күндік жұмыс аптасында, жексенбі жалпы демалыс күні болып санлады. Бес күндік жұмыс аптасындағы екінші демалыс күні жұмыс тәртібі ережелерімен әрі ұжым шарты арқылы орнатылады.
Өндірістік-техникалық жағдайларға, халықты үздіксіз қамтамасыз ету қажеттігі жағдайында үздіксіз жұмыс істейтін орындар немесе демалыс күндері тоқтату мүмкін емес өндіріс орындарындағы жұмысшыларға демалыс күндер аптаның кез келген күні, жұмысшылардың өкілдерімен келістіріле жасалған жұмыс берушінің бекітілген актілеріне сәйкес, жұмысшылармен кезектесе отырып демалыс беріледі.
Мұсылман күнтізбесі бойынша аталып өтілетін Құрбан-айт, 7 қаңтар – православ Рождествосы демалыс күндері саналады.
Іссапардағы жұмысшы бағытталған жұмыс берушінің еңбек тәртібіне сәйкес берілген демалыс күндерін пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет