Мусабекова Айнаш Орикбаевна Ержанова Салтанат Кулдасбаевна «Персоналды басқару» пәні бойынша Дәрістер курсы мамандығы: «5B051900-Еңбекті ұйымдастыру және нормалау» Қарағанды 019 лекция



бет8/73
Дата17.04.2024
өлшемі0.89 Mb.
#499000
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   73
multi-293 x970856161

Кәсіпорынның кадрлар қызметі – таңдап алынған кадрлық саясат шектерінде персоналды басқаруға бейімделген лауазымды тұлғалармен бірге мамандандырылған құрылымдық бөлімшелердің кәсіпорынды басқару саласындағы жиынтығы. Кадрлық қызметтің жаңа экономикалық жағдайдағы басты міндеті – өндірістің даму мақсаттарын қажеттіліктерімен біріктіру, кәсіпорынның даму стратегиясы мен онда істейтін кадрлардың мүдделерін теңдестіру.
Кәсіпорында персоналды басқарумен орта басқару деңгейі ғана емес, жоғары және төмен деңгейлерде де құратын кадрлық қызмет бөлімшелері айналысады. Жоғары басқару деңгейінде стратегия түріндегі сұрақтар шешіледі: кадрлық саясат қалыптасады, оны жүзеге асыру стратегиясы мен тактикасы анықталады, әдістемелік және нормативтік материалдар әзірлеуге тапсырмалар құрылады, оларды орындауға бақылау және кадрлармен жұмыс істеудегі барлық бөлімшелерді жалпы басқару жүзеге асырылады.
Кадрлық қызметтің бөлек бөлімшелері деңгейінде персоналды басқару жұмысы негізінде жедел сипатта болады.
Кадрларды басқару функциясын төменгі басқару деңгейінде (цех, учаске) салалық жетекшілері, сондай-ақ цехтық және учаскелік басқару құрылымдарының мамандары цехтың қоғамдық ұйымдары орындайды. Олар персоналды іріктеуге қатысады және жоғары өнімді еңбеке, жұмыскерлерді қабілеттіктері бойынша пайдалану үшін жағдай қамтамасыз етеді.
Кадрлық қызметтің қазіргі заманғы жағдайларда құрылуы туралы айтсақ, онда оның жалпылай танылған нысаны болмайтынын және ол көптеген себепшарттардан, атап айтқанда, кәсіпорын мөлшерінен, басқару жұмыстарының әрбір түрінің көлемінен, басшылықтың персоналды басқару міндеттерін, басшылық стилі мен әдістерін түсінуінен шығады.


2. Ұйымның кадрлық саясаты
Ұйымдағы кадрлық саясат - жоғары білікті ұжымды құру үшін кадрлық потенциалды қалыптастыру мен дамытуға бағытталған мақсат пен міндетті анықтаудағы қағидалар, әдістер мен формалар жиынтығы.
Кадрлық саясат ұйымның шаруашылық саясатымен тығыз байланысты. Бір жағынан, кадрлық саясат шешім қабылдауда мына функционалды жүйелер кешені жүзеге асады: ғылыми техникалық қызметті басқару, өндірісті басқару, экономикалық қызметті басқару, ұйым персоналын басқару. Екінші жағынан, кадрлық саясат аясында шешім қабылдау функционалды жүйелер кешеніне әсер етеді. Кадрлық саясаттың басты міндеті болып функционалды жүйені қалыптастыруда қажетті жұмысшылармен қамтамасыз ету және бағалау, мотивация мен ынталандыру, оқыту, аттестация жүргізу, персоналды пайдалану, қызметтік жылжуды жоспарлау, кадрлық резервті басқару, кадрлық жұмыстағы жаңашылдықты, қауіпсіздікті басқару сияқты сұрақтарға шешім табу.
Кадрлық саясат - ұйым стратегиясын жүзеге асыруға тиімді үлес қосуға және персоналға ұйым мен қоғам алдында әлеуметтік жауапкершілікті жүктеуге мүмкіндік беретін ұйымның мақсаттарына жету үшін әсер ету әдістерінің жиынтығы.
Ұйымның кадрлық саясатының негізгі бағыттары: персонал аймағында маркетингтік қызмет жүргізу; персоналға деген қажеттілікті жоспарлау; жаңа енгізудегі қосымша жұмыс орнын болжамдау; кадрларды аттестациялау, жинақтау, бағалау мен персоналдың еңбекке бейімделуі; еңбекке қызығушылықты арттыру үшін мотивациялау мен ынталандыру; персоналға деген шығынды оңтайлы орналастыру; оқыту жүйесін қалыптастыру, жұмысшылардың жылжуы мен басқарушылық қызметке резерв дайындауды жетілдіру мен жаңашылдандыру негізінде бағдарламалар жасау; еңбек және жұмыс орнын ұйымдастыру; әлеуметтік және жұмысбастылық бағдарламасын құру; кадрлық жұмыстағы жаңашылдықты басқару; персонал қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету; персоналдың босатылу себебін талдау және оған ұтымды жолдарын таңдау; еңбек сапасы, өмірі мен еңбек нәтижесінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету; персоналды басқару жобасын жетілдіру және әлеуметтік, экономикалық тиімділікті бағалау.
Персоналды басқару қызметі мына шараларды қарастырып, оны жүзеге асыруы керек:

  • кадрлық саясатты құру, персоналды басқару тұжырымдамасы мен кадрлық қызметтің қалыптасу жоспарын құру;

  • кадрлық қызмет бөлімшелерінің жағдайын жаңарту;

  • кезектен тыс аттестацияға сүйене отырып, ұйымның басқарушылық құрамында қажетті ауыстыру мен орналастырулар жүргізу;

  • персоналды жинақтау, іріктеу мен бағалаудың жаңа әдістеріне көшу;

  • іскерлік мансапты жоспарлау мен персоналдың кәсіби жылжу жүйесін енгізу;

  • еңбек мотивациясы мен ынталандырудың жаңа жүйесін енгізу;

  • персоналдың бейімделу бағдарламасын жасау;

  • еңбек тәртібін басқару шараларын қарастыру т.б.

Осы шаралардың жүзеге асуы мен тиімді жұмыс жүргізуді қолдау үшін персоналды басқару қызметінің ұйымдастырушылық құрылымын жетілдіру қажет.
Кадрлық саясат - ұйымның қызметі мен дамуына әсер етуді, яғни қаржылық, коммерциялық, инновациялық және ұйым қызметінің басқа түрлерін, жалпы айтқанда барлық жағдайлар кешені нің өзара әрекеттесуін қосатын персоналдың қызығушылықтарын тудырудың ең жинақталған формасы.
Ұйымның кадрлық саясаты сыртқы және ішкі деп бөлуге болатын бірқатар факторлармен анықталады.
Сыртқы факторларға жататындар:

  • ұлттық еңбек заңнамасы;

  • кәсіподақтармен арақатынастар;

  • елдің экономикалық жағдайы;

  • еңбек нарығының перспективалары.

Ішкі факторларға жататындар:

  • ұйымның құрылымы мен мақсаттары;

  • ұйымдастырушылық кұрылымы;

  • орналасқан аймағы;

  • қолданылатын техника мен технологиялар;

  • ұжымдағы моральды-психологиялық орта.

«Кадрлық саясат» термині кең және тар мағынада талқыланады:
- адам ресурстарын ұйымның стратегиясымен сәйкестендіретін нормалар мен ережелер жүйесі (жоспарланатын барлық іс-шаралар жиынтығы - іріктеу, штаттық кестені кұру, аттестация жүргізу, оқыту, жылжыту - алдын-ала ұйымның қойылған мақсатына сай жоспарланады);
- ұйым мен адамдардың арасындағы қарым-қатынастардың, нақты ережелердің жиынтығы мен шектеулері.
Кадрлық стратегия (персоналды басқару стратегиясы) - спецификалық негізгі қағидалардың жиынтығы, персоналмен жұмыс істеу ережелері мен ұйым мақсаты, ұйымдастырушылық стратегия типінің негізі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет