Мусабекова Айнаш Орикбаевна Ержанова Салтанат Кулдасбаевна «Персоналды басқару» пәні бойынша Дәрістер курсы мамандығы: «5B051900-Еңбекті ұйымдастыру және нормалау» Қарағанды 019 лекция



бет13/73
Дата17.04.2024
өлшемі0.89 Mb.
#499000
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   73
multi-293 x970856161

·Қауіпті төмендетеді;
·Өнімділікті қамтамасыз етеді;
·Капитал нарығына енуді жақсартады;
·Көшбасшылықты жақсартады;
·Айқындылықты жəне қоғамдық жауапкершілікті көрсетеді.
Мемлекеттердің заңдары, оның ішінде Қазақстанның заңдары акционерлік қоғамдардың жұмысының барлық өзгешеліктерін, акционерлер, директорлар кеңесі жəне атқарушы орган арасындағы қарым-қатынасты, акционерлер жиналысы өткізілуінің, директорлар кеңесінің отырысының, кеңес комитеттерінің жұмысының жəне басқа да көптеген ерекшеліктерін есепке ала алмайды, жəне есепке алуға тиіс емес. Бұлардың барлығы қоғамның ішкі стандарттары.


2. Корпоративті басқарудың жүйесі (құрылымы)
Ұжымдық басқарудың барлық жүйелері төрт негізгі принцип айналасында өрбиді: адалдық, шындық, есеп берушілік, жауапкершілік, айқындылық.
Оларды төмендегідей сипаттауға болады:
·Адалдық. Ұжымдық басқару жүйесі барлық акционерлердің құқығын қорғауға, барлығына, оның ішінде миноритарлыққа да əділлетті қарым-қатынасты қамтамасыз етуге жəне олқылық орын алған кезде ықпалды шараларды қолдануы тиіс.
·Есеп берушілік. Ұжымдық басқару жүйесі компанияның атқару органының директорлар кеңесіне жəне директорлар кеңесінің акционерлерге есеп беруін қамтамасыз етуі тиіс.
·Жауапкершілік. Ұжымдық басқару жүйесі акционерлердің заңдықұқықтарын мойындауды қамтамасыз етуге, қаржылық сəттілік жəне қоғамдық тұрақтылық мəселесі бойынша компаниялар мен акционерлер арасындағы ынтымақтастықты ынталандыруға тиіс.
·Айқындылық. Ұжымдық басқару жүйесі қызығушылық танытқан тұлғалардың барлық шешіміне ықпал ететіндей барлық маңызды мəселелер бойынша ақпараттың шынайлығының уақтылы ашылып жəне сенімділігін қамтамасыз етуі тиіс, оның ішінде:
- Қаржылық жағдайды;
- Қызметтің нəтижелері;
- Меншіктік құрылым;
- Қоғамды басқару.
Корпоративті басқару қарапайым моделге сүйенеді:
Акционерлер олардың мүдделерін қорғайтын директорларды таңдайды.
Директорлар маңызды мəселелерді дауысқа салады жəне негізгі шешімдерді қабылдайды.
Акционерлер директорларға есепберушілігін сақтау үшін шешімдер айқын түрде қабылданады.
Компания директорларға, инвесторлар мен басқа да мүдделі тұлғаларға
қажетті ақпараттар өндірісіне арналған бухгалтерлік стандарттарды қабылдайды.
Компанияның саясаты мен тəжірибесі ұлттық жəне жергілікті заңдарға сайкеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет