Мусабекова Айнаш Орикбаевна Ержанова Салтанат Кулдасбаевна «Персоналды басқару» пәні бойынша Дәрістер курсы мамандығы: «5B051900-Еңбекті ұйымдастыру және нормалау» Қарағанды 019 лекция



бет11/73
Дата17.04.2024
өлшемі0.89 Mb.
#499000
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   73
multi-293 x970856161

3 лекция Корпоративтік басқару


1. Корпоративтік басқару түсінігі және оның маңыздылығы
2. Корпоративті басқарудың жүйесі (құрылымы)
3. Корпоративтік мәдениет


1. Корпоративтік басқару түсінігі және оның маңыздылығы
Корпоративті басқарудың пайда болғанына, менеджмент саласына сияқты көп жыл бола қойған жоқ. Корпоративті басқару білім мен тəжірибенің жеке жүйесі ретінде 20 жыл бұрын қалыптаса бастады. Маңызды, əрі басты кезеңі деп 1999 жылдың мамыр айын санауға болады. Ол кезде бүкіл əлемдік масштабта бірлесіп басқару нормаларын бірыңғай стандартқа келтіру мақсатында Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымының қеңесінде бүкіл əлем үшін шын мəнінде үлгіге айналған (ЭЫДҰ) ұжымдық басқарудың принциптері тұжырымдалды. Алайда меншіктің бірлескен формасы əлемнің дамыған елдерінде бұрыннан бері қалыптасқан. Иелік ету жəне басқаруды бөлуге байланысты қатынастар – ұжымдық қатынасты заңнамалық жəне əлеуметтік реттеу сияқты, ұжымдық басқару Қазақстанда салыстырмалы түрде жақында ғана пайда болды. Бізде акционерлік қоғамдарға жетекшілік етуде, меншік иелері мен менеджерлер, минориторлық мен мажоритарлық акционерлердің түрлі мүдделерімен, тұтас алғанда акционерлердің құқықтары мен меншіктігімен байланысты мəселелерді шешуде өзіндік тəжірибе жинақталмаған. Əрине ұжымдық басқару бойынша əлемдік қауымдастықтың ұсынымдарын білдіретін тəсілдер мен ережелерді көшіре отырып, басқалардың тəжірибесін пайдалануға болады. Дегенмен, бүкіл əлемдегі компанияларға меншіктің акционерлік формасы ұсынатын айырмашылықтармен қоса ескеруді қажет ететін маңызды айырмашылықтар да бар.
Корпоративті басқару объективтік, есепберушілік, жауапкершілік жəне жариялылық сияқты демократиялық принциптердің негізі болып табылады. Ол коммерциялық қызметтің қалыптасқан нормаларын ұстануды қамтамасыз етеді, осылайша, демократиялық басшылықтың заңдылығы мен принциптерінің нығаюын қамтамасыз етеді.
Корпоративті яғни ұжымдық басқару (corporate governance) мекемедегі биліктің (governance) қалай құрылғаны жəне қалай жүзеге асырылатынымен байланысты атқарылады. Ұжымдық басқаруды корпорацияларды басқарумен шатастыруға болмайды.
Ұжымдық басқарудың тақырыбы кең ауқымды. Атап айтарлығы, Қазақстанда акционерлік қоғам болып саналатын корпорацияда ғана емес, кез-келген құқықтық формадағы мекемедегі билікке де қатысты мəселе.
Ұжымдық басқару теория жəне тəжірибе жүзінде фирмадағы билікті бөлу мəселесі сияқты агенттік мəселелерін талдаумен де айналысады. Оның мақсаты принципал мен агенттің арасындағы қарама-қайшылықты шешу. Классикалық теорияда принципал ретінде фирманың иесі, ал агент ретінде топ-менеджер шығады.
Алайда принципалдың анықтамасы кейбір толықтыруларды қажет етеді. Заң тұрғысынан алғанда компанияның əрбір акционері меншік иесі болып табылады. Нақты тұрғыда, оның ішінде Қазақстанда шешім қабылдауға, компанияның стратегиясын дайындауға тек ірі акционерлер ғана ықпал ете алады.
«Корпоративті басқару компанияның құрылымы мен қызметін басқару мен қадағалаудың процестеріне қатысты». IFC «Корпоративті басқару компанияның басшылығы, оның директорлар кеңесі, акционерлер жəне басқа қызығушылық танытқан тұлғалар арасындағы бірнеше қарым-қатынасты қамтиды. Ұжымдық басқару сонымен қатар, компания қызметінің мақсаттарын белгілейтін жəне оның жетістікке жету тəсілдері жəне сонымен қатар оның нəтижелерін, бақылау тəсілдерін анықтайтын құрылымды қамтамасыз етеді».
Осыған байланысты ірі акционерлер өздерінің құқықтарын компанияны бақылау арқылы жүзеге асырады, ал басқа акционерлер миноритарлар ретінде сипатталады, оларды дивиденттерді алу мен бағаның келесі қолайлы өзгеруі кезінде компанияның акцияларын сату қызықтырады деп жиі айтылады,
Осындай барлық жағдайда бақылаушы акционерлерде əртүрлі жағдайлар мен артықшылықтар болады, олар менеджментпен қарым-қатынасты өз беттерінше құрады, келесі бір жағдайда басқаруға белсенді түрде қатысып, ал екінші бір жағдайда Директорлар кеңесі арқылы басты шешімдерге бақылау жасайды. Қазақстандық тəжірибеде акцияның ең көп пакетін иеленген негізгі акционер Директорлар кеңесінің төрағасы атанады жəне осындай тұрғыдан акционерлік қоғамның жұмысын басқарып, қадағалайтын жағдайлар жиі кездеседі. Компания қызметінің тиімділігі мен оның ішіндегі ұжымдық басқарудың сапасы арасындағы байланыс жекелеген қиыншылық та туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет