Мусабекова Айнаш Орикбаевна Ержанова Салтанат Кулдасбаевна «Персоналды басқару» пәні бойынша Дәрістер курсы мамандығы: «5B051900-Еңбекті ұйымдастыру және нормалау» Қарағанды 019 лекция


Корпоративті басқарудың маңыздылығы



бет12/73
Дата17.04.2024
өлшемі0.89 Mb.
#499000
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   73
multi-293 x970856161

Корпоративті басқарудың маңыздылығы. Қазақстандағы ұжымдық басқарудың маңыздылығын ең алғаш реет Қаржыгерлер ассоциациясы мойындады. Қазақстанда негізгі ішкі инвесторлар қаржы институттары болып табылады. Олар əсіресе заң талабына сай инвестицияға салынған капиталдың қосымша қорғауды қажет етеді. Бұл істі өздерінен бастауды шешкен, Қаржыгерлер ассоциациясы 2004 жылы корпоративтік басқарудың моделді кодексін дайындау үшін жұмыс тобын құрды. Осындай кодекс 2005 жылы пайда болды. Соңынан Қазақстандық қор биржасының листингісіне ену үшін корпоративті басқару кодексін дайындау талабы пайда болды.
Көптеген қазақстандық компаниялар басқа биржаларға, IPO ға
(өздерінің бағалы қағаздарын салу) шығу туралы шешім қабылдағандықтан, олар үшін бірлесіп басқару жүйесінің болуы маңызды бола бастады, өйткені бірлесіп басқарудың болуы туралы талап барлық əлемдік сауда алаңдарында бар. Ұжымдық басқарудың маңыздылығын қорыта отырып, оның болуы төмендегі
жағдайларға əкеліп соғатынын айтуға болады:
·Акционерлердің (инвесторлардың) алдында тартымдылығының артуы. Тартылатын капиталдың бағасы төмендеп, инвесторлардың қызығушылығы артады;
·Акция құнының артуы;
·Акция құнының номиналды бірлігіне тартылатын капитал көлемінің артуы;
·Дивидендтер арқылы үнемдеу мүмкіндігі (акционерлер курс бағамының өсуі арқылы пайда табады);
·Жедел тиімділіктің артуы жəне компания мен оның акционерлерінің пайдалы жəне тұрақты дамуы үшін капиталды қолданудың тиімділігінің артуы;
·Компания мен мемлекеттің беделі артады;
Көптеген оқиғалар мен дау-дамай, бірігулер мен рейдерлік, қаржы дағдарысы, бұл тақырыптың оның ішінде Қазақстанда да маңыздылығын арттырады. Бұл оқиғалар мүдделі тұлғалар (акционерлер, қызметкерлер, қоғам), корпоративті менеджерлер, директорлар немесе мемлекеттік ресми тұлғалардың құқықтарының бұзылуы салдарынан компаниялардың зардап шеккенін көрсетеді. Ұлттық бизнес - қауымдастықтар жəне корпоративті менеджерлер капиталға қол жеткізу мен компанияның өсуі үшін ұжымдық басқарудың маңыздылығын түсіне бастады. Сыбайлас жемқорлық пен нашар менеджементтің кесірінен туған қаржы дағдарысы капитал алуды қиындата түсті. Инвесторлар өздерінің капиталдарын қорғау қажеттілігін жете түсінді. Олар əртүрлі компаниялардың инвестициялық 35 потенциялдарын қаржылық есептің тазалығы, анықтығы, айқындылығы жəне нақтылығынан инвестициялауға дейін бірдей стандарттар бойынша салыстыру мүмкіндіктеріне ие болғысы келеді. Бұл əсіресе, халықаралық инвестицияларды тарту үшін маңызды. Ұжымдық басқару компаниялар іштей басқарылатын жəне компанияның орналасқан жерінен мыңдаған шақырым жерде болуы мүмкін акционерлердің мүдделерін қорғау мақсатында директорлар кеңесі арқылы бақыланатын «ойын ережелерінің» жиынтығы болып табылады.
Дегенмен, тек шетелдік инвесторлар ғана компанияның қалай қызмет ететінін көзімен көргісі жəне түсінгісі келмейді. Жергілікті инвесторлар мұндай ақпаратқа оңай қол жеткізе алса да, олар өздері инвестиция құйған компанияларда бірлесіп басқару жақсы жолға қойылғанын қалайды. Қаржы дағдарысы қазақстандық компанияларға мүмкіндігінше инвестиция тарту қажеттілігін алып келді. Алайда капиталдың халықаралық нарығы жабылды.
Капитал алу мен қарыз алу ішкі нарықта мүмкін. Қазіргі кезде компанияларды қаржыландырудың ішкі көздерін іздеуді бастау мүмкіндігі тым жоғары. Алайда Қазақстанда қор нарығы дамымаған. Оның мүмкін себебінің бірі – потенциалды миноритарлық акционерлердің өздерінің инвестициялары сақталып, көбейетіндігіне, олардың құқықтарының бұзылмайтынына сенімсіздігі. Осыған байланысты, ұжымдық басқарудың күн тəртібіне қойылуы жəне потенциалды ішкі инвесторлардың сенімін қалыптастыру өзекті мəселе бола түседі. Əрине, инвесторлар ұжымдық басқарудың нақты, айқын, саналы стандарттары бар компанияларды іздей бастайды.
Ұжымдық басқару компаниялар мен экономикаға инвестицияларды бірнеше жолдармен тартуға көмектеседі. Біріншіден, айқындылық арқылы корпоративті трансакцияларда, бухгалтерлік есепте жəне аудит процедураларында бірлесіп басқару сыбайлас жемқорлық үшін қаржы алу мүмкіндігін жояды. Екіншіден, ұжымдық басқару рəсімдері компанияларға нəтижелерге негізделген нақты стратегияны жəне менеджерлерді марапаттау жүйесін құруға көмектесу арқылы компанияны басқаруды жақсартады. Үшіншіден, зерттеулер миноритарлық акционерлер жақсы қорғалған елдерде ірі жəне анағұрлым өтімді капитал нарығы болатынын көрсетті.
Ұжымдық жақсы басқару:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет