Мусабекова Айнаш Орикбаевна Ержанова Салтанат Кулдасбаевна «Персоналды басқару» пәні бойынша Дәрістер курсы мамандығы: «5B051900-Еңбекті ұйымдастыру және нормалау» Қарағанды 019 лекция


Адамның ұйымға бейімделуімен жүріс –тұрысының өзгеруі



бет47/73
Дата17.04.2024
өлшемі0.89 Mb.
#499000
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   73
multi-293 x970856161

4. Адамның ұйымға бейімделуімен жүріс –тұрысының өзгеруі
Адам ұйымдағы өз еңбегінің нәтижелерін талдау мен бағалау барысында өзінің жеткен табыстары мен кемшіліктерін ұйымдық ортамен байланыстырып, әріптестердің тәжірибесі мен жүріс-тұрысын қадағалаудан кейін белгілі бір қорытындыларға келеді. Бүндай кезде оның жүріс-тұрыс дағдысы ұйымға бейімделу салдарынан өзгеріп, ұйымдық ортамен арадағы қарым-қатынас сипаты жыли түседі.
Өз тәжірибесі туралы көзқарас қалыптастыру мен оны бағалау, ұйымдық орта талаптары мен шарттарына бейімделу үрдісі әрбір адам үшін өзіндік сипатқа ие болады. Бір ортаның аясында түрлі адамдар түрліше әрекет етеді. Ұйымдағы жүріс-тұрысын қалыптастыру кезінде адамда екі бостандық бар: ұйымда өзін қалай ұстайтындығы мен ұйымның құндылықтарын, мақсаттары мен философиясын қабылдау, не қабылдамауы.
Ұйымда адамның өзін қалай ұстауының негізгі төрт типін ажыратады.
Бірінші тип. Адам ұйым құндылықтары мен жүріс-түрыс нормаларын түгелдей қабылдап, қарама-қайшылықтарды болдырмауға тырысады. Ол тәртіпті болып, ұйымда қабылданған нормаларға сай өз рөлін орындауға тырысады, сондықтан бұндай адамның іс-әрекетінің нәтижесі негізінен оның жеке мүмкіндіктері мен қабілеттеріне және рөлі қаншалықты анықталғандығына байланысты. Өзін-өзі ұстаудың осы типі ұйымның берілген және тәртіпті мүшесін сипаттайды.
Екінші тип. Адам ұйым құндылықтарын қабылдамайды, бірақ сол ұйымдағы жүріс-тұрыс нормаларын ұстануға тырысады. Бұндай адамдарды бейімделгіш деп сипаттауға болады. Ол бәрін тәртіпке сай істейді, алайда оны ұйымның сенімді мүшесі деп атауға болмайды, өйткені ол жақсы және орындағыш жұмыскер болғанымен кез келген сәтте ұйымды тастап кетуі немесе ұйым мақсаттарына қайшы әрекет етуі мүмкін.
Үшінші тип. Ұйым құндылықтарын қабылдайтын адам ондағы жүріс-тұрыс нормаларына мойын ұсынбайды. Бұл жағдайда ол адам ұйымдағы әріптестерімен жиі қақтығысады. Бұндай адамды "ерекше" деп атайды. Ұйым осы адамдар үшін өзінің қалыптасқан ұстанымдарынан бас тарта алатын болса, онда жұмыскер өз орнын тауып ұйымға табыс әкеле бастайды.
Төртінші тип. Адам ұйымның құндылықтарын да, жүріс-тұрыс ережелерін де қабылдамайды. Бұл адам ұйым басшылығына ашық қарсы шығып айналасында қақтығысты жағдайлар туғызады. Бірақ ұйымда бұндай адам мүлдем өмір сүре алмайды деп айтуға болмайды.
Әрине ұйымға оның мүшелері белгілі бір ережелерге бағынатыны тиімді. Бұндай мәселенің шешілуі - нақты қасиеттері бар, ұйым үшін тиімді жүріс-тұрысты қамтамасыз ететін адамдарды жұмысқа алу. Алайда қажетті қабілеттері бар жұмыскерлерді тапқанымен олардан ұйымдық тәртіпке түгелдей бағынуды талап ету мүмкін емес.
Екінші әдісте ұйым жұмыскерлерге әсер етеді, оның көзқарасын өзгертіп, оның іс-әрекетін қажетті салаға бағыттайды.
Бұл әдісті адам жүріс-тұрыс ерекшеліктеріне үйретілуі мүмкін деген тұжырымға негізделеді. Адам өзінің жүріс-тұрысын тәжірибесінің өсуі барысында өзгертеді.
Жүріс-тұрыс ережелеріне үйретуді адам әрекетінің уақыт өте өзгеруінің тұрақты үрдісі деп қарастыруға болады, ол адамның тәжірибесінің негізінде қалыптасады.
Бұндай үйретулер, біріншіден жеке адамның тәжірибесіне немесе бүкіл ұжымның тәжірибесіне сүйенуі мүмкін; екіншіден нақты іс-әрекетке ғана қатысты болуы қажет емес. Ол пайда болуы мүмкін әрекеттерге де қатысты. Үшіншіден ол әрдайым адамның бойындағы өзгерістермен анықталады. Сырттай адам өзгеріссіз болып қалғанымен, іштей оның іс-әрекетік потенциалы өзгереді.
Жүріс-тұрысқа үйретудің үш тәсілі бар. Алғашқысы адамның рефлекторлық әрекеттеріне, яғни оның шартты және шартсыз рефлекстеріне байланысты. Мысалы бастық қол астындағы жұмыскерлері жақпай қалғанда ғана тілдесетін болса, онда адамдар бұндай бастықтан қорқып, оның көзіне көрінбеуге тырысады.
Екінші тәсіл адамның көзқарасына оның алдыңғы тәжірибесі әсер етеді деген тұжырымға негізделген. Бұндай үйретулер Б.Ф. Скиннердің теориялық зерттеулерінде орын алған. Скиннер іс-әрекеттің салдарға байланыстылық ілімінің негізін салған. Үшінші тәсіл - іс-әрекетті қадағалау негізіндегі үйрету. Бұл жерде әдетте басқа адамның әрекеттері бақыланады.
Ұйымға келісімен адам өзінің функционалды рөліне көңіл бөледі: жұмыстың жақсы орындалуы үшін не істеу керек, жұмыс барысында қандай адамдармен және қалай қарым-қатынас жасау керек. Ол өз жұмысында не маңызды екендігін, не үшін мақтау алуға болатындығын, жұмыс сапасының бағалануына не кіретіндігін қадағалайды. Екіншіден, ұйымда адам ресми процедуралық әрекеттерді орындауға үйренеді. Мысалы, түрлі сауалнамалар мен қағаздар толтыру, ұсыныстар, бекітулер жазу, кездесулер ұйымдастыру, ақпарат жинастыру мен сол ақпаратты пайдалана білу, жұмысқа келу мен кету және т.б. Үшіншіден, адам ұйымдағы өз орнын дұрыс түсініп, оны иемденуге үйренеді. Ол ұйымда қалыптасқан ережелермен, құндылықтармен, ресми емес топтардағы қарым-қатынастармен танысып, әріптестері мен басшылықпен дұрыс қатынас жасауға үйренеді. Төртіншіден, адам ұйымдағы өзінің міндеттерін қалай орындап, қиындылықтарды қандай жолмен шешетіндігін, өз мақсаттарына қалай жететіндігін біле бастайды. Мысалы, ол ұйымда қызмет сатысымен жоғарылауды мақсат етсе ұйым мен оның мүшелерінің мүмкіндіктерін өз мақсатында пайдаланып, қиын тапсырмалардан бас тартады және т.б.
Аумақтық әлеуметтік-экономикалық жұйе тарихи-мәдени құндылықтарды пайдалана отырып, өзінің шаруашылық қызметінің қосымша аясын дамыту үшін мүмкіндіктер алады және де ол жағымды жағдайлар қалыптасқан кезде басымдылыққа ие болуы мүмкін. Көптеген аумақтардың өзіндік бір мәдени-тарихи қайта бағдарлануын бақылай отырып, олардың рухани өндіріс орталықтарына айналуы жайлы айтуға болады. Рухани «қайта жайластыру» қоғамның әлеуметтік-адамгершілікті және психологиялық беріктілігіне, жеке адамның білімі мен бойына жинақтаған тәжірибесінің кеңеюіне септігін тигізеді. Мұнда туристік қызметтер аясы тек қосымша табыс алу негізі ретінде ғана көрінбей, жалпылай мәдениет пен еңбек өнімділігінің өсу факторы ретінде байқалады. Бұған қоса, туристік қызметтер аясының өңірлер арасындағы, үкіметтер арасындағы, халықтар арасындағы, тұлғалар арасындағы экономикалық қатынастарға жағымды әсер етіп, байланыстың нығаюы мен іскерлік белсенділіктің басқа рыноктарда біріктірілуіне мүмкіндіктер беретіндігін айта кету қажет. Елдер арасындағы туристік қызметтер саудасының дамуы және халықаралық ынтымақтастықтың жаңа түрлерінің таралуы, туристік қызметтердің экспорты мен импортының ара-қатынасы, елдер арасындағы қаржы салымдарының алмасуы, туристік қызметтер аясының интернационализациясының көрсеткіші болып табылады. Халықтар мен мемлекеттер арасындағы өзара түсінушілік пен ынтымақтастықтың болуы, адамның құқықтарының сақталуы, туристік қызметтер аясының айқын имандылық сипатын білдіреді. Туристік қызметтер аясының имандылық сипатын, демалыстың танып игеруімен қоса жұруі, бейбітшілікті қоштау бағытын ұстану, туризм түрінің интеллектуалды мазмұны, өсіпкел ұрпақтың тәрбиесі секілділерімен толықтыра түсуге болады.
Қоғам дамуының қазіргі кезеңі қоғамдық қатынастардың тұрақтылығы және имандылығымен сипатталып қана қоймай, маңызды экономикалық процестердің белсендеуі үшін негіз құрайтын мәдени-тарихи және рухани құндылықтардың ұдайы жанғыртылуы міндеттерін алға қоятын жаңа әлеуметтік-экономикалық ой-өрістерінің қалыптасуымен де ерекшеленеді. Тарихи-рухани маңызды жерлердің туристік бағдарлануы, тарихи-мәдени әлуетті қалыпқа келтіру, сақтау және ұқыпты пайдалану қазіргі таңның өзекті мәселелерінің бірі. Туристік қызмет аясының дамуы, құндылығына өлшем жоқ ұлттық байлықтың сақталуы мен оны кәдеге асыра пайдалана білу міндеттерін шешу арқылы экономикалық, сондай-ақ, әлеуметтік міндеттердің шешілуін бір жолға қояды.
Көптеген дамушы елдердегі туристік қызметтер аясынан түсетін салықты табыс, тікелей немесе жанама болсын, үкіметтік қорлардың қайнар көздері болып табылады. Және де туристік қызметтер аясы экономиканың басқа салаларымен үйлесе дамуына кепілдеме болады.
Елдің, өңірлердің дамуының теориялық және тәжірибелік мәселелерін қозғайтын еңбектерін талдай келе, диссертант, туристік қызметтер аясының салалары секілді, халық шаруашылығының маңызды қызмет аяларының топшалануы төңірегінде жұргізілген зерттеулер соңғы жылдары болмағанның қасы деп қорытындылайды. Бүгінгі күні зерттеушілердің назары макро деңгейге, яғни салалардың іріленген топтасуларына ығысқан. Дегенмен, қалыптасқан рыноктық қатынастар жағдайларында аталмыш саланың өңір экономикасындағы орнын табу маңызды. Бұл ең алдымен, туристік қызмет индустриясының әлеуметтік-тұрмыстық салалары қызметтерінің, халық тұрмысындағы әлеуметтік-экономикалық маңыздылығымен байланысты.
Рынок жағдайларында қоғам мен қызмет, оның ішінде туристік қызметтер аясының алатын артықшылықтары тұрғысынан, әсіресе әлеуметтік-мәдени аясына тән рыноктың «қателіктерін», жағымсыз әсерлерін ескеру қажет. Мұнда туристік қызметтердің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты, оларды өткізудің рынокты формасының жергіліктілігі, туристік қызметтер мен оның әлуетінің бірегейлігі, бәсекелестік негізбен рынокты күштер еркінділігін айтарлықтай шектейді. Сондықтан, реттейтін белгілі құрылымдар және әсерді мейлінше күшейтетін, рынокты формасынан тыс қабылданатын шешімдер қажет. Туристік қызметтер аясында бәсеке жоғары болған сайын, соғұрлым халықтың оларға қол жеткізу мүмкіндіктері артады, сәйкесінше, туристік айырбастың әлеуметтік бағыттылығы кеңейе түседі, халықтың тұтыну қорындағы олардың қосқан үлесі соғұрлым салмақты, қоғамдық еңбек өнімділігіне (емдеу шығындары мен сырқаттанғандарға жұмсайтын шығындарды қысқарту, ауруға шалдығуды төмендету және т.б.) олардың әсері соғұрлым күштірек, азаматтардың тәрбиесіндегі рөлі салмақты.
Сонымен, туристік аядағы қызмет, әлеуметтік-мәдени, экономикалық және экологиялық алғышарттарға негізделген, әлуетті салынған компоненттердің қайта қалпына келуі мен сақталуына септігін тигізетін, күрделі симбиозды формада көрінеді. Осы компоненттердің белсенділігі барлық қоғамдық процестердің дамуына негіз бола алады.
Мамандардың бағалауынша, бүгінде жер шарындағы еңбекке қабілетті әрбір 16-шы адам осы аяда еңбек етуде. Тек қана АҚШ-тағы қонақ үйлерде тоқталған әрбір мың туристерге, тікелей қызмет ететін 279 жұмыс орны және туризммен жанама байланысты салалардағы 107 жұмыс орны қажет болса, кемпинттердегі бұл қажеттілік сәйкесінше 57:32 сипатын алады. Бұған қоса, туристік қызметтердің өзіндік ерекшеліктері (сезілмеушілігі, өндірісі мен тұтынуының ажырамастығы, сападағы өзгеріс, сақтау қабілетсіздігі) мұнда, кадрлардың сандық өсуін кідірте және жұмыс істеуді жеңілдете алатын техникалық құралдардың, шын мәнісінде, қонақпен жеке араласудың орнын басу мүмкіндігін бермейді.

Әдебиеттер:


1. Рахметов Б. А. Персоналды басқару, теория, тестілер, тәжірібе сабақтары: оқу құралы / Б. А. Рахметов. – Алматы: Экономика, 2006.
2. Управление персоналом организации: учеб./ Под ред. А. Я. Кибанова; ГУУ – 4-е изд., доп. и перераб. – М.: НИЦ ИНФРА-М, 2014.-695 с.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет