10.1 Музыка мұғалімі және оның қоғамдағы статусы
Музыка мұғалімі – музыкантқа да, педагогқа да ең қажетті тұлғалық
қасиеттерді талап ететін қиын да әрқырлы мамандық иесі.
Көптеген танымал музыканттар педагогикалық қызметтен бас
тартатыны да шыңдық. Ал кейбір музыканттар өз мүмкіншіліктерін
педагогикалық әрекеттер арқылы толық ашуға мүмкіндік алуда. Олар
балалардың музыкаға деген махаббатын оятып, оларға музыканың
сұлулығын
бағалауға, құндылықтарын сезіне білуге, оқушыларды
музыкалық шығармашылық қаблетін дамытуға тәрбиелей отырып өздері де
шығармашылық шабытпен дамып өседі.
Үкімет алдындағы маңызды әлеуметтік мәселелердің бірі – музыка
мұғалімінің қоғамдағы
статусын көтеру.
Өкінішке орай, күні бүгінге
дейін педагогика мен білім беру жүйесінде гуманитарлық пәндерді соның
ішінде жалпы білім беру процесіндегі музыкаға деген көзқарас кейінгі
орынға шегіріліп келеді. Осыдан келіп музыка мұғалімінің қоғамдағы
орыны да төмен деңгейде.
10.2 Музыка мұғалімінің приоритетті кәсіби спалақ деңгейі
Бұған жататындар: музыкалылық, эмпатийліқ,
кәсіби ойлау және
өзіндік сана, креативтілік, әртістілік, жеке кәсіби позициясы.
Музыкалық қаблет
Музыкалылық музыка мұғаліміне өнердегі жаңалықтарды бірігей
қабылдауға, қоғамдық қабылдауға түспеген әлі де болса даулы, қызық
шығармаларды бағалауға көмектеседі.
Музыка мұғалімінің маңызды музыкалық көрсеткішінің бірі –
музыкалық мәнерлілік. Дамыған музыкалық мәнеліліктің болуы –
балаларды музыкалық мәдениетіне қалыптастырудың бірден-бір жоғарғы
жетістігі болып табылады.
Музыка мұғалімінің музыкалық қаблеті оның педагогикалық
қызметінің барлық түрінде көрініс береді. Атап айтқанда: вокалды және
аспаптық орындашылықта, жеке музыкалы-пластикалық
әрекетінде,
балалардың аспаптық орындаушылығына басшылық жасауда, өзінің ән
шығаруында, драмаларды, мюзиклдарды ұйымдастыруды,
сабаққа
музыкалық шығармаларды таңдағанда т.б.
Мына мәселені есте сақтаған жөн, муғалімнің музыкалық-
педагогикалық қызметі әр түрлі психикалық процестерді жандандыра
отырып, музыка мұғалімінің музыкалық қаблетінің дамуына жағдай
жасайды. Ең маңыздысы –
музыка мұғалімінің жадын дамытады.
Музыкалық жадтың - есту-бейнелілік, эмоциялық, құрылымды-
логикалық, қару және қозғалыс-маторлы түрлері бар.
Эмпатийлік
52
Музыка мұғалімінің эмпатийлік дамуы оқушылармен жандүниелік
және рухани «туысқандық» принципіне,
қарым-қатынас жасауына
мүмкіншілік туғызады. Оқушылардың әр қайсысын қалыптасып келе
жатқан тұлға ретінде көре білуге, музыкалық білім берудегі оған деген
өзінің қатысын сезуге қалыптастырады.
Музыка мұғалімінің эмпатийлік даму тәсілдеріне жатқызады:
- ассоциативті тәсіл;
- музыкалық шығарма бейнесімен рөлдік бірігу;
- олармен музыка сабағында тұлғалық, субьективтік өмір сүру.
Педагог және психолог Ш.А.Амонашвили
мұғалімнің тұлғалық
сапасын былай анықтайды:
Біріншіден, біз - жанымыз жайсаң адамдар болуымыз керек және
балаларды сүйе болуімыз керек.
Екіншіден, біз - балаларды түсіне болуіміз керек.
Үшіншіден, оптимист болуымыз керек. Өзіміздің педагогикаға
сенуіміз керек,тәрбиенің өзгертушілік күшіне сенуіміз керек.
Төртіншіден, біз - болашақ музыка мұғалімі олардың бойындағы бар
жақсылықты көре біледі және олардың кемшіліктерін жоюға көмектеседі.
Бұған эмпатийлік көмекке келеді.
Достарыңызбен бөлісу: