Жоқтау
Жоқтау (салт). Адам туады, өмір сүреді, өледі. Бұл - жазмыш. Осы құбылыстың қазақ салтыңда өзіндік сипаты бар. Абайша айтсақ, Дүниеге елендетіп келіп, жер қойнына елендетіп кіреді. Бір қазақтың үйінде бала дүниеге келсе, ауыл жиналып той жасайды. Ән мен жыр төгіп қуанысады. Ал жасы жеткенде не ұрыс-керісте қаза болса — ел қайғырады. Асыл қасиеттерін өленге қосып, мұңды сарынмен шығарып салады.
Дүние салған адамның бала-шағасы келушілермен көрісуге дайындалады. Бәйбіше қара жамылып аза тұтады. Оны абысын-ажындары, қыздары мен келіндері, ауыл әйелдері көріп ап отырады. Еркек балалары мен бауырлары есік алдыңда тұрады. Топырақ салып, парызын өтеуге келгеңдер азалы ауылға таяған соң, бір шақырымдай жерден ат қояды. Сол кезде әйелдер дауыс салады. Жылау қай үйден шықса, келушілер солай беттейді. Ат ұстаушылар алдын ала белгіленеді. Келгендер үйге кіріп, жылап отырған әйелдер мен көріседі. Одан кейін сыртқа шығып, мұндағылармен құшақтасады, қайғысына ортақтасады. Әйелдер беталды бақыра бермейді. Әуеңдете дауыс айтып, қайтыс болған кісінің адамдығын, артықшылығын, өздерінің орны толмас қайғыға ұшырағанын өлеңдетіп жылайды. Бұл құбылыс ел түгел жиналып болғанша созылады.
Мәйіт жуылып, жаназасы шығарылғаннан кейін қабірге қарай алып жүргеңде, әйелдер жылап қоштасып қалады. Қабір басына еркектер ғана барады. Жерлеу рәсімі аяқталып, ауылға қайтқан сон, өлген кісінің балалары, туыстары әйелдермен мұндасып көріседі. Қариялар тоқтау айтып жұбатады. Сонымен қазаның алғашқы күні аяқталады.
Әйелдердің жоқтау айтып жылауы үздік-создық жалғасып жатады. Жетісіне арналған нәзірден кейін өлген кісінің қадірін асырып, жоқтау айту рәсімі арнайы ұйымдастырылады.
Өлген кісіні жоқтау — қазақтың ұлттық салты. Жоқтау батырларға, билерге, ел қадірлеген адамдарға және шайқаста өлгендерге арналады. Ел сүйсінер өнегесі болмаса, өлген кісінің бәріне жоқтау айтыла бермейді. Бұл салт жыл толып, асы берілгенше созылады. Осы уақыттың ішінде ол кісінің таныс-білістері, әр шалғайдағы жолдас-жоралары әр мезгіл ат қойып келген сайын бәйбіше бастап жылайды да, жұбату айтылып тоқтайды. Одан әрі жоқтау айтушылар дауысты жалғастырады. Бұл міңдет арнаулы қыз-келіншектерге жүктеледі. Тапсырмамен ақыңдар құрастырған жырды мүдірместей жаттап алады.
Кең дүние құшағыңда өскен қазақтың азалы үйге келім-кетімі де үзілмейді. Өйткені қайтыс болған кісіні еске алған көңілдес, пікірлес кісілер қай шалғайда жүрсе де оның үйіне бір келуді міндет санайды. Жәй емес, ауылдың сыртынан ат қойып келеді. Бұл - дүниеден өткен кісіге кұрмет. Ал жайдан-жай ауылға қарай шапқанды қазақ теріске, жаман ырымға жориды. Көңіл айта келгеңдер көрісіп, жайғасып отырғаннан кейін арнайы орыңда отырған жоқтау айтушылар өлген кісіге арналған жырды айтып шығады. Жұрт құлақ түріп тындайды. Жоқтаудың үлгісі көп. Әр адамның бейнесін көрсетеді.
Ағузы деп бастайын,
Асығыс айтып саспайын.
Шариғаттың жолына.
Жалған сөзді қоспайын.
Иманды болғыр атамды
Аузымнан қалай тастайын.
Ұялы терек - ордалым,
Атекем еді қормалым.
Күн жағыма көлеңке,
Жел жағыма қорғаным.
Жоқтағанда өзінді
Тұрады асқар тау жылап,
Саялы бақша-бау жылап.
Күңіренеді ой мен қыр,
Айдын көл, жасыл орманың.
Атекем сапар шеккен соң,
Кетті ғой сәні орданың.
Осыдан кейін жоқтау арналған кісінің атқарған игі істері, парасаты толық қамтылған мұңды да әсерлі жыр төгіледі. Жыр аяқталған соң, тілек айтылып, сабыр-тақатқа шақырылады. Аса игі қасиеттер дана, ақылгөй кісілерге арналған жоқтаулардан байқалады. Ол ел есіңде үлгі ретіңде сақталады.
Мың жасаған адамды?
Алладан әмір келгенде,
Ел-жұртыңды қинадың.
Кішілерді аялап,
Үлкендерді сыйладың.
Өкінгеннен өксідің,
Өлімге басты қимадың.
Жоқ екен ғой дүниеде
Тапжылмай мәңгі тұрмағың.
Нәсіп етсін енді алла,
Жолдас болсын иманың!..
Жоқтау айтылатын үйде келген кісілер күтілетіңдіктен оңаша тігіліп, ту қадалады да, тұлдаулы тұрады. Бұл манда саяқ жүріс болмайды. Тосын күлкі естілмейді. Жыл толғандағы асы берілгенше қаралы ту жығылмайды. Бұл өлген адамның аруағына ұрпағының сыйы.
Жоқтаудың да өзіне тән тәлімі, жарасымы, елдік сипаты болуы шарт. Соңда ғана оның тәрбиелік тәлімі, өнегесі артады. Бұл істегі ожар қылықтар ажуаға айналады. Халықтық салттың сиқын бұзады. Соңдықтан ел де одан сақтаңдырады.
Біреу алыстағы құдасының қайтыс болғанын естіп, жырақ жолдан ат арытып келіпті. Соңда онымен көріскен құдағиы отыра қалып:
-Мінгенде атың қара ала,
-Пейіштің төрін арала.
Пейіштен орын таппасаң,
Күркеңе келіп панала!..-
деп, дауыс айта бастапты. Бұл сөздің қисынсыздығын байқаған құдасы зарлаған құдағиымен көріскен болып тұрып, қапсыра құшақтайды да, тоқтау айтады:
- Есіктің алды күйреме, Құдағи балшық илеме. Пейішке барған кұданы Күркеге қарай сүйреме...
Мұны естіген жұрт ду-ду күліп, жылаудың арты ажуаға айналып кетіпті. Сондықтан жоқтаған дауыстың маңызды, тәлімі мол мағыналы болуына ерекше назар аударылады.
2.2.4 Күнтізбе, маусымдық кезеңдерге қатысты тойланатын
әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер
Наурыз мейрамы
Наурыз мейрамының түп-тегі өз бастауын б. э. д. заманаларда өмір кешкен Қорқыт (Зоротуштра) бабамыздың ілімінен (Зороастризммен) алынған. Мақсаты-мәні:
1.Тепе-тендік. Ұлыс тойы Күн мен Түн, Қыс пен Жаз тепе-теңдікке келген сәттен бастап тойланады. Осыған сәйкес Наурыз тойы жаратылысты қоршаушы күштердің, алдымен Табиғат пен Қоғамның, екіншіден, Ел мен Елдің, үшіншіден, Қоғамдағы әлеуметтік топтардың тепе-теңдігінің сақталуын талап етеді.
2. Игілік. Наурыз тойы қарсаңында: "Бұлақ көрсең көзін аш",— деп қаумаласқан жігіттер бастаулардың көзін ашып, қариялар: "Армысың, қайырымды Күн-Ана, құт дарыт, жарылқа!"— деп бұлаққа май құйып, өсімдіктерге ақ бүркеді. Сөйтіп табиғаттың өсіп-өнуіне жағдай жасалады.
3. Жаңару. Ұлыс күні аспан денелері бастапқы айналу нүктесіне келеді. Мал төлдеп, ер көктеп, дүние жаңарады. Осыған сәйкес адамдар да шашын алып, сақал-мұртын күзеп, жуынып-шайынып, ақ көйлек пен су жаңа киінеді. Тазару үшін Көктөбенің басына көтерілген азамат "Малым — жанымның садағасы, жаным — арымның садағасы" деген асқаралы түсінік бойынша, өткен жылына есеп беріп, ары алдында арылады.
Ел билеген көсемдер "Жақсылыққа жақсылық — жай адамның ісі, жамаңдыққа — жақсылық ер адамның ісі", "Тас атқанға — ас ат" деп ту көтеріп, ат құйрығын кесісіп, араға жік түскен бауырлас ел руларын дастарқан басында табыстырып, татуластырады. Аты аталып, түсі түстелген "Тепе-теңдік", "Игілік", "Жаңару" — үшеуі қоғамда орын тауып, тоқайласқан сәтте халқымызға Құт қонып, ұлтымызға РУХ ұялап, ел басына БАҚ қонып, ел ішінде Береке орнайды.
Демек, Наурыз ілімін жаңғырту арқылы, біріншіден, айнала төңірек ағаш отырғызып, гүл егіп, су көздерін тазалап, тәуелсіз еліміздің экологиялық мәселесін шешуге көмектесуге болады. Екіншіден, өнер-білімнен, кәсіп түрлерінен, сәулет пен мүсіннен, спорттан т. б. жарыстар ұйымдастырып, жас талант көздерін ашу арқылы қоғамымыздың дамуына үлес қосылады. Үшіншіден, республика тұрғындарының арасында шынайы сыйластық, достық қарым-қатынас орнатуға септігі тиеді.
Наурыз туралы түсінік
Наурыз — парсы сөзі. Бұл қазақша айтқанда, "жаңа күн" деген сөз. 22 наурыз күнін "Жаңа күн" деп атаудың мәнісі не? Оның мәнісі мынау: 21-нен 22-не қараған наурыз күні күн мен түн теңеледі. Сонан кейін күн ұзарып, жылы бола бастайды. Күн жылыға айналғаны — жазға айналғаны, Соңдықтан 22 наурыз жаз айы болып табылады. Жаз болса, дүние жаңаланады: ағаш бүршік атып, жердегі шөптер қылтиып, малдар төлдейді. Жылдың төрт тоқсанының ішінде дүниені жасартып, жаңалайтын тоқсаны — жаз. Сол тоқсанның басы 22 март болғандықтан бұл күн "Наурыз" яғни "жаңа күн" деп аталады.
Наурыз сөздігі
1. Әз — халық аңызында күн мен түннің дәлме-дәл теңелер сәтінде көкті жарып ерекше бір гуіл өтуге тиіс. "Оны қой ғана біледі. Егер күндіз өтсе, қой арқылы қойшы ғана аңғаруы мүмкін" деген сөз бар. Осы гуілді наурыздың 22-сіне дейінгі үш күннің ішіңде өтеді деп есептеген халқымыз: "Әз болмай, мәз болмайды", деген тәсіл қалдырған. Сол үш күннің ішіңде тырнақ пен шаш алуға болмайды. Әз өткенде өсімдік әлемінен бастап, күллі тіршіліктің тұла бойына, бір тал түгіне дейін жан жүгіреді. Сол жан байқаусызда тырнақ, шашпен бірге қиылып кетсе, адамның қолы мен басы селкілдейтін болады-мыс.
2. Наурыз — парсы тілінде бір ғана күн аты, жаңа жылдың бірінші күні — жаңа күн. Қазақ халқында қалыптасқан түсінік бойынша, осы мағыналармен қоса, жаңа жылдың алғашқы айының атын да толық қамтиды.
3. Наурыз бата — наурызға арналып сойылған малдың басы мен жамбасына, ескі жылдың дәмі — сүрленген қазы-қарта, жал-жая берілетін арнаулы бата.
4. Наурыз жыры — қазақ халқының жаңа жыл, Наурызға арнап айтатын тұрмыс-салт жырының бір түрі.
5. Наурыз көже — келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде әр шаңырақ міндетті түрде жасайтын арнаулы тағам. Оған кем дегеңде, жеті түрлі (бидай, тары, қонақ, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты) азықтық заттар қосылуға тиіс. Тақ санын сақтап, тағам түрін көбейте беруге болады. Құрт пен қатықтың қай-қайсысы да сүттің орнын толықтырады. Наурыз көжені халық арасында "тілеу көже", "көп көже" деп те атай береді.
6. Наурыз мейрамы (наурыз тойы)— күн мен түннің теңелетін күні — 22 наурызды атап өтетін ұлы мереке. Ұлттық дәстүр-салтымыз бен ойын-сауығымыздың бәрі де тегіс қамтылатын жыр-думан.
7. Наурыз жұмбақ — наурыз айындағы жұлдыздардың қозғалысы мен орнына, күн мен түннің теңелуіне, табиғат құбылысына, бұл айдағы амалдар мен ауа райының өзгерісіне байланысты айтылатын жұмбақ өлең.
-
Наурыз тілек — наурыз күнгі бет көрісіп, амандасу рәсімімен құттықтау негізінде тақпақпен айтылатын қуанышты тілек.
-
Наурыз төл — наурыз айында туған бота, құлын, бұзау болса, наурыз төл деп аталады. Осы түліктерге тән төл басы.
10. Наурызша — наурыз қырбақ, қарайған жерді жасыра алмай, қылаулап жауған жұқа кар.
Уыз той
Қыс шықты, сірескен қар да еріп бітті. Көктемнін шуақты күні басталды. Бұл - уақыттың ағысы. Сонылық ала келген наурыз айының жылы лебі, өмірді өрге жетелеген баспалдағы. Ата-бабаларымыз қастерлеген уақыт есебі. Ғасырлар қалыптастырған салттың үзілмес желісі. Жылдың жаңаруы - ойдың, сезімнің, тіршіліктің жаңаруы. Ел өткен уақытқа пейіл білдіріп, жаңа басталған мезгілге үміт артады. Жебегіш мұратпен жаңа тілеу тілейді.
Жаңа жыл, жарылқашы жана леппен,
Жотама таңылып жүр жала көптен.
Мен де бір жадырайын жұрт қатарлы,
Ескі жыл, кесірінді ала кетсен!..
Адам жүрегі ізгілік пен игілікке құштар. Жамаңдықтан жаны түршігеді. Үмітін алғы күнге артады. Арқа сүйері — төзім мен шыдам. Қыс қинайды. Қанша ұзаққа созылса да жұрт көктемнің шуағынан қуат табатынына сенеді. Сол үміт пен келер күнді сарыла күтеді, жылылықты аңсайды. "Жылға жыл ұқсамайды" деп, сабыр сақтайды. "Сабыр түбі — сары алтын". Уақытқа өкпе айтылмайды. Бұл - қазақтың өзіне тән ұлттық қалпы.
Ұлттық қалыпты бостаңдық қалыптастырады, алдымен адамды соған иегершілік етуге желпіндіреді. Дербес өмір - ойдың өрісі. Қазақ елі дербестік хұқығы үшін күресті. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігінің тізгінін қолына ұстап, ерікті ел ретінде қадам бастағалы ұлттық санамыз да, жігеріміз де өсті. Салтымыз тарихи келбетін қалпына келтіруге бет бұрды. Халықтың өзіңдік бейнесін танытатын белгі - ұлттық сипат. Одан әр халықтың өзіне тән ерекшелігі айқыңдалады. Осы өзгешелік — ұлттық салтта. Арман да ұлы көктемнің желісі.
Шұғылаға малындыршы, атқан таң,
Тазалансын өне-бойды басқан шаң.
Көк орайға оранғанда дүние,
Үйлері де молаймай ма ақ шаңқан?..
Бұл қазақтың ұлттық сезімі. Көзге дала төсіндегі әппақ отаулар елестейді. Наурыздың жылы күні жарқырап тұрғанда әр қазақтың санасында осы сезім қозданады. Адам жүрегіне қуаныш, жігер құйады. Ойды ізгі сезімдер тербейді. Бүгінгі танда әр қазақтың мұраты халқымыздың, елдігіміздің, мемлекетіміздің мүддесімен қабысып, соны ойларға шомдырады. Барлық тілек-бата осы мақсатпен сабақтас.
Көктем көркімен сәңді. Үй-үйдің бәріңде ұлттық мереке. Жеті түрлі дән қосылып жасалған қазан-қазан көже пісіріледі. Бұл - тоқшылықты көксеген мұраттан туған ізгілік асы. Оны ішкендер келер күңдердің ала келетін ырысын да күтеді. Ол - қорада төл шулап, өріске мал қаптайтын мезгіл. Ағаш бүрлейді, жыл құстары оралады. Табиғатта, жан-жануарлар да түлейді. Жалпақ дала төсіне түрен түсіп, алдағы жылдың ризығы себіледі.
Көктемнің шуағына малынғаңда әрбір іс-қимылдың нәтижелі болуын да анық мөлшерлеуді қазақ парыз дейді. Тіршіліктің өзегі қимылынды есептеуінде. Күн батып, таң атса - адамның жасы ұлғаяды. Жас өседі, кәрі қалжырайды. Баланың да, қарттың да қамқоры -қауқарлы адам. Ол қандай қиыңдық тап болса да жеңіп шығу үшін болашақтың қамын өзі жасауға міндетті. Соңда өзіне керегін межелей алады. Осы мақсаттар ғана елдік салттармен ұштасады. Айқын мақсатпен атқарылған істің есесі мол. "Еңбегің еш, тұзың сор болмасын" деген қағида бар ғой. Адам тұрмысын өзі түзейді. Бұл — тіршілік ережесі. Көршіге сену шарт емес, күшіңе сену - салт.
Көктем де ұлттық салтқа қызмет етеді. Көктемнің де үміті сол. Малшы өсірген малына, егінші еккен астығына өзі қожалық етсе - уақыт жемісінен ұтылмайды. Соңда маңдай тері еш кетпейді. Көктемгі тілектің кебі соған саяды.
Дала төсінен балауса майсаның иісі аңқыса, әр үй отының басынан жаңа сүттің, уыздың иісі шығады. Сиыр бұзаулап, қой қоздап жатқаңда елдің көңілі неге жадырамасын!.. Ұйыған уызға ауыз толады. Көктемгі қызықтың алғашқы дәмі. Уыз халқымыздың ерте заманнан бері қастерлеген асы. Алғаш сауған уызды пісіріп, бүкіл ауыл той жасаған. Уыз - маңызы көп, жұғымды тамақ. Мал өсірмеген халық оны білмейді.
Уыздың дәмі де, жұғымы да ерекше. Сол қасиеті "Оғызнамада" да сипатталады. Дүниеге көзін жаңа ашқан нәрестеге Оғыз деген ат қойылады. Өйткені ол анасының уызын ғана емеді, бір-ақ рет сорып, әрі қарай ембейді. Бұл сілтемеден уыздың жұғымтал қасиеті аңғарылады. Жаңа туған малдың да уызы өте қою болатыны жұртқа аян. Елге ұсынылатын тағам әзірленетін уыз екі-үш күн сауып жиналады. Одан әрі сүтке айналып, сұйылып кетеді. Бойына даналық туа біткен Оғыз батырдың ембей қоюы да бір тойғаннан кейінгі өткен уақыт ішіңде уыз дәмінің кете бастауынан шығар немесе уыздың маңызды ас екенін ұқтыру үшін айтылған халық қиялы болуы да мүмкін. Қалай болжасақ та, халық ерте заманнан-ақ уызды қастерлеген. Жетілмей қалған төлдерге уызға жарымаған дейтін де сөз бар. Халық ұғымыңда уыздың қасиеті зор. Уыз той да сондай ниеттің қуанышы. Қорғасындай балқып піскен уыздың дәмін татқан адамның мейірі қанып, мерейі өседі. Қариялар молшылықтың үзілмей жалғаса беруін уыздың молдығымен өлшейді. Ізгі тілектерін бата арқылы білдіреді:
Ал, батамды берейін,
Үстем болсын мерейің.
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.
Дастарқаның мол болсын,
Абыройың зор болсын!
Көк жайлауды жайласаң,
Тай, құлынды байласаң,
Келін тұрсын керіліп,
Салтанаты көрініп,
Сабаң толсын қымызға,
Шараң толсын уызға!..
Уыз той да көктем әкелген мерей. Елдің ақ молдығын тілейтіні - молшылық, тоқшылық. Уыз тойдағы тілеу де ұлы:
- Келесі көктем тағы бір биікке шығарсын. Ізгі тілеулер келер күндердің сөнбес шырағы болсын! Қиындықты тарпып тастайтын қарқынды қимылдар осы көктемнен басталсын! Әр үйдің шаңырағы биіктей берсін!
Уыз тойдағы бата мен тілеудің бағдары ұлы мұраттарға жетелейді. Уыз - көктемнің адам баласына ұсынған жаңа дәмі. Оның тойы да қуаныштың басы. Қазақ өз салты бойынша уыздың дәмін татуды ортақ мерей санайды...
Елге көштің келе жатқан сыңайын сездіреді. Салт атты жастар шоғырын көрген ауыл әйелдері сусындары мен айрандарын әзірлей бастайды. Шөлдеп келе жатқаңдарға сусын ұсыну елдің салты... Бұл күні таңертең қозғалған көш түске таман орта жолдағы Шұрық аталатын шұңғыл сайдың күнгей бетіндегі жатаған жоңдардың бір текшесіне тоқтады. Жүк түсірілді. Көліктер мен аттар қаңтарылды. Тері кеуіп, ентіктері басылуы керек. Әр отбасы өз керегелерінен итарқа қалайды да, киіз жауып, көлеңке жасайды. Балалар бұлақтан су тасиды.
Ірі қара мен жылқы орта жайлауға жетіп жығылмақ. Жайылыммен сырғып жеткен қалың қой төбе-төбеде жусап жатыр. Бұл еру - жүк артылған көліктерді қинамаудың тәсілі. Жүріс жарты-ақ күнге созылған. Жауын жауып кеткен жағдайда тағы бірер күнді осында өткізеді. Жер отты, шебіш үйгін. Ел ештеңеге алаң емес... Күн қызарып барып батты да, тау қойнауларына қараңғылық тез үйірілді. Ашық аспаңда жыпырлаған жұлдыз самсады. Қариялар мұны ертеңгі күннің ашық болатынына жорыды.
Келесі таң атқаңда тағы да жүк артылды. Бұдан арғы жол ылғи өр. Шұбала тізбектелген көштің көлігі ілби аяндап, бір жотадан бір жотаға өрмелейді. Сәске түсте орта жайлаудың бергі шетіңдегі Көкшоқы аталатын биік жонның төбесіне шыққан салт аттылар қарсы алдарыңдағы астаудай шұңғыл ойпатқа сағыныш пен ынтыға ентелеп, қадала қарасады. Терең ойпаттың үстіңде көгілдір мұнар көлкіп тұр. Табаны бұлыңғыр... Бейне тұнып жатқан келбеті секілді. Үлкен-кішінің жүздеріңде күлкі ойнайды. Осы жерді аңсап жежені, соған мейірлері түсіп тұрғаны анық. Кештің алды жотаға шыққаңда жасамыс адамдардың жүздерінен де қуаныш сәулесі байқалды. Қазақ баласына жердің қаншалық қадірлі екені осы сезімдерінен-ақ білініп тұр. Иен тау да өз түлектерін күткендей құшағын айқара ашқан.
Бұдан әрі ылди. Салт аттылар жел айдағаңдай женки жөнелді. Сол бетімен көз ұшындағы астаудай ойпатпен жалғасқан қырқалардың ауыл қонып, үй тігетін жұрттарына жетіп тізгін тартты. Әр үйдің өзіне тиесілі орны бар. Оған басқа үй қонбайды. Қазақ тұрмысының заңы сол. Салт аттылардың қарасын көрген еру ел көштің келе жатқанын біледі.
Көліктердің ылдиға қарай жүрісі де ширап, қадамдары шапшаңдады. Шұбалған кеш ауыл-ауылдың тұсынан өткеңде әйелдер тостаған мен шараларын сусынға толтырып, жол жағалауыңда тосып тұрады да, балалы әйелдер мен қарт әжелерге ұсынады. Бұл жолаушыларды қуантады әрі қалжыраған бойларын бір сергітіп тастайды. Адамдар біріне-бірі көрсеткен сыйға сүйсініп, көңілдері жадырайды.
Қазақ көшінің шын мәніңдегі сипаты, мән-мағынасы осындай игі мақсаттарға құрылады. Бұл көріністер мал бағып, көшіп көрмеген елдерге мүлде жат...
Қымыз-мұрындық
Қымыз-мұрындық (дәстүр). Жаз тойы — мамырдың онынан бастап ай соңына дейін созылатын үлкен той. "Өлі разы болмай, тірі байымайды" демекші, ата-бабаларымыз санаттағы тірілердің аман-саулығын тілеп, қыстаудағы бейіт басында әруақтарға бағыштап, құран оқып, ақсарбас айтып, ақбозды құрбандыққа шалатын.
Қос аттың ортасынан мал-жанын, көш-қонын аластап қыстаудан көшкен ел мен жазықта бие-бау тартып, қымыз жинап, мал-жанның саулығы үшін кеудесі түкті Жер-Ананың, асқар таудың, аққан судың, соққан желдің, ұшқан құстың, жүгірген аңның, көкорай шалғынның, төрт түлік малдың Киелеріне арнап мінажат етіп, жарқын Күнге иіліп сәлем беріп, көк шалғынға қымыз тамызып, рәсімін орындайтын.
Ала қыстай бытырап шаруа соңында жүрген жұрт жазық далада киіз үйлерден таңғажайып орда тігетін. Бір-бірін сағынып табысқан халайықтың төскейде малы, төсекте басы қосылатын мекені "Қанжайлау" деп аталады. Қанжайлауда бас қосқан халық қыз айттырып, құда түсісіп, сүндет той, бесік той жасап, қысқасы, қыс бойғыға істелінбеген ырым-сырым той-томалақтарын жинап-теріп бір-ақ өткізетін. Бозбалалар мен бойжеткендер алтыбақан құрып, ақсүйек ойнап, қызойнаққа барып, жорға жарыстырып, жұмбақ айтысып, жаңылтпаш айтып, мәз-мейрам болатын. Қанжайлаудағы той қызығы небары 15—20 күнге созылады.
Демек, жаз тойын жаңғырту арқылы елімізді ел еткен арыстарымыздың әруағына бас иіп, тәрбиелік мәні зор кеш ұйымдастыруға болады.
"Сабантой, мизам"
"Мизам"— Күн мен Түннің күз айында теңелу сәтіне орай тойланатын жалпыхалықтық мереке. "Мал баққандікі, отын шапқандікі" демекші, ол малға — мал, жанға — жан қосып, ала жаздай арқа еті арша, борбай еті борша болып еңбектенген бағбандар мен диқандардың құрметіне арналған той. "Еңбек етсең емесің" дегендей, шаруалар жыл бойы төккен терінің зейнетін тек күзде көрмек.
Сондай-ақ күздің қоңыр күндеріңде қазақ елінің алты алаштан азамат шақыртып, ас беретін дәстүрі де бар. Әдетте, аста ақындар айтысы, аламан бәйге, палуандар күресі, көкпар ұйымдастырылады.
Демек, күз мейрамын жаңғырту арқылы еңбек адамдарына, маман иелерін елеп-ескеріп, оларды құрметтеп, өз ісіне жетік мамандар санын көбейтуге ықпал етуге; астанада жылына бір рет күзде халқына еңбегі сіңген тарихи тұлғаларға арнап ас беріп, ел жадынан ұмыт болған арыстарымызды тірілтіп, кеш өткізуге; республика бойынша Алматыда Халық шаруашылық жетістіктер көрмесін ұйымдастыруға болады.
Сондай-ақ, "Көкпар", "Қыз қуу", "Бәйге", "Аударыспақ", "Ақындар айтысы" да бұл мейрамға бап келіседі.
"Соғым басы"
Қыс тойы — алғаш жауған қар қатып, аяз түскен сәттен бастап тойланады. Малшылар қауымы үшін қылышын сүйреген қыс оңай жау емес. Олар қатал қыстың құрығынан мал-жанын аман-есен алып шығу үшін, алдымен, қыс иелері — калтырауық қамар кемпір, оның екі ұлы Ақпан, Тоқпан және аяз иесі — Әз мырзаға арнап "Қыстың мойыны қысқа болсын, шаруаның мойыны ұзын болсын" деп құрбандық шалып, ал қарға қызыл қан тамызып, рәсім жасаған. "Сауық-сайран Салбурын" мерекесін ұйымдастыруға; ә) жыршылардың ұмыт бола бастаған қисса, дастан айту өнерін жалғастыруға; б) балалар үшін Алматының кең көшелеріңде Аяз ата мен Қарша қызға қоса Қалтырауық қамыр кемпірін, Ақпан, Тоқпанның, Әз мырзаның бейнесін қардан жасатып, аққала соқтырып жарыс ұйымдастыруға; в) табиғат құбылыстары мен жан-жануар дыбыстарын салатын байырғы дәстүрімізді қайта тірілтуге болады.
2.3 Астрологиялық немесе космологиялық халықтық болжау дәстүрлері
Қазақтардың барша тіршілік болмысы табиғатпен тамырлас. Жыл маусымдарымен санаса отырып, бойлық бойынша тербеліп көшіп қонуға бейімделген көшпелі қазақтың материалдық өндіріс жүйесі шаруашылықтың біртұтас құрылымын қалыптастырып, мұның өзі бір-бірімен өзара біте қайнасқан әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-мәдени жүйені қалыптастырған.
Қазақтар табиғат құбылыстарына, қоршаған ортаға қарсыласы ретінде қарамаған. Неғұрлым табиғат сырын терең тануға, табиғатпен бірге өмір сүруге бейімделген. Олар табиғатты бағындыру арқылы емес табиғатпен тіл табысу арқылы бақытты өмір сүруге болатынын таным-тәжірибе деңгейінде ғана біліп қоймай, мұның өзін өздерінің моральдық-эстетикалық қалыптарына айналдырған. Ғасырлар бойы қоршаған орта мен табиғат құбылыстарының қасиет-болмысын қалт жібермей бақылау арқылы қазақтар өздерінің білік-тәжірибесін шыңдап отырған.
Дәстүрлі шаруашылық мәдениетіндегі кеңістік және уақыт санаты.
Кез келген этностың дәстүрлі мәдениетінің сипаты кеңістік пен уақыт санаттарына негізделеді. Тарихи тұрғыдан алғанда, әртүрлі халықтардың дүниетанымы әркелкі болуға тиіс, ал дәстүрлі дүниетанымды қоғамдық сананың негізі ретінде түсінуге болады. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымының жүйелігі кеңістік пен уақыттың өзара байланыстылығын түсінуден көрінеді. Халықтық
өлшемдер жүйесінде қашықтықты білдіретін ұғымдардың негізінде уақыт өлшемдері жатыр. Мұның мәнісін қазақ халқының көшпенді
Ескерту: атаулы бөлімде тақырыбымызға қатысты мәселелер М.Қ. Омаровтың магистрлік жұмысынан (ПМУ, 2006 ж. «География» кафедрасы) алынып отыр.
тіршілігімен байланыстыруға болады. Мысалы, «күндік жердің» ұзақтығы салт атпен бір тәулік ішінде жүріп өтуге болатын қашықтықпен (30 шақырым) анықталса, «шақырым» атауы адам даусы естілетіндей қашықтықты білдіреді.
Болмыстың кеңістіктік-уақыттық шамаларын анықтауда шаруашылық әрекеттің сипаты жетекші орын алады. Қазақ халқының уақытты шаруашылық әрекет тұрғысынан танып білуі осыны дәлелдейді. Уақыт өлшемдерінде мал шаруашылығының доминантасы айқын көрініс тапқан. Қазақтың халықтық күнтізбесіндегі ай атаулары да табиғат ерекшеліктері мен шаруашылық әрекетінен туындайды. Қазақ халқында «бие сауым», «қой сауым», «сүт пісірім», «шай қайнатым» және тағы басқа қысқа уақыттық өлшемдері де бар. Қоршаған ортаның ырғақты сипатын танып білуі барысында жыл мезгілдері туралы ұғым қалыптасты. Қазақша жыл мезгілдерінің атауларында да мал шаруашылығына қатысты деректер негіз болған деуге болады: көктем – «мал жайылымындағы шөптердің көктеуі», жаз - «малдың өрісінің кеңейіп, жазылатын мерзімі», күз - «малдың жүнін күзейтін мерзім», қыс – «мал шаруашылығына кедергілер келтіріп, қысылатын кезең». Осы тұрғыда көшпенді қазақ қоғамы үшін апат болып есептелетін жұттардың қайталану уақытын жорамалдауын да айта кетуге болады.
Экологиялық уақыт бойынша жыл мезгілдерін «көктем», «жаз», «күз», «қыс» деп саралау халықтың таным тәжірибесінде айрықша мәнге ие. Әр маусымның өз ішінде өтетін табиғат құбылыстары, сол табиғат құбылыстары мен тікелей байланысты әрекет шаралар уақытқа меже болып отырады. Бұл ретте, қоршаған орта, табиғат, аспан денелерінің құбылыстары, сол құбылыстар мен орайлас келетін әрекет шаралар да уақытқа меже бола береді. Мәселен, әр маусымға орай уақыт межелерін былайша болжайды: көктем шыға, жаздың басында, жаз ортасында, жаздың соңына қарай, күз түсе, қыстың бас кезінде, қар бір жауғанда, қар бекіген кезде, қыс ортасында, қыстың соңына қарай, құралайдың салқыны кезінде, текенің бұрқылы бастала, өларада, айдың қараңғысында, боқырау түсе, шөп буыны қата, жазғытұрымда, жазғытұрымғы қарақатқақта, көк қылтия, көк шыға тағы басқа. Ал табиғат құбылыстарымен тікелей байланысты әрекет шараларды мына тұрғыда уақытқа меже етеді: ел жайлауға көшерде, малды көктеуге шығарғанда, күзекке көшіп қонарда, қыстауға қайтар кезде тағы басқа. Бұл сияқты межелеу барысында уақыт пен кеңістік біртұтас құбылыс қабылданып отырады. Мәселен, «ел жайлауға көшерде дегенде» сол елдің көшетін мезгілінде, қонатын жайлауында бажайлап - пайымдауға болады.
Қазақтың астрономиялық білім тәжірибесі көшпелі өмір салттың барлық жағдайына бағдаршы болып отырған. Түптеп келгенде, Еуразияның Ұлы Даласындағы көшпелі өмір салт астрономиялық және фенологиялық тәжірибенің жинақталуы арқылы орныққан деп тұжырым жасауға әбден болады. Нақты астрономиялық жылдың ұзақтығы әр кезде әртүрлі тұрақсыз, бүтін сандармен өлшеуге келмейді. Жуық шамамен алғанда бір жылда 365,24 тәулік немесе 365 тәулік 6 сағат бар. Тәуліктің ширек бөлшегін әр жыл күнтізбесіне қосып айтуға да, есептеуге де ыңғайсыз болғандықтан, ширектің төрт жылда бір тәуліктік мезгіл құрайтыны есептеліп, төрттің алдыңғы 365 тәуліктен тұратын үш жылы - жай жыл, 366 тәуліктен тұратын соңғы жыл кәбисә жыл атанған.
Кәбисә жыл есебін ескере отырып, қазақ есепшілері әр дәуірде түрлі наурыз күн қайыру жүйесін жасаған. Олардың біз білетіні үшеу:
-Қарт наурыз жүйесі - наурыз айының бірінші жұлдызынан басталатын жыл санау.
-Байбақты Қазыбек жүйесі - наурыз айының 9-10 жаңасынан басталатын жыл санау.
-Жас наурыз жүйесі (Көктастың наурызы) – наурыз айының 22 жұлдызынан басталатын жыл санау. Қазақтың күн қайыруында соңғы жүйе тұрақтаған.
Халқымыз «Ұлыстың ұлы күні» деп көктемгі күн мен түн теңелген жаңа жылдың бірінші күнің айтқан. Қазіргі Григориан күнтізбесі бойынша бұл 21 – 22 наурызға сәйкес келеді. Ұлыстың ұлы күні Ай мен Үркердің наурыз айының ішінде болатын 7 – тоғысынан басталған. Ай мен Үркердің 7 – тоғыс айын есепшілер «жаңа тоғыс» деп атаған және бұл тоғыстың жыл сайын үнемі наурыз айының ішіндегі тұрақты бір күннен (21 – 22 наурыз) басталып отырғанын есте ұстаған жөн. Себебі, Айдың қозғалысы Күн жылымен салыстырғанда жыл сайын 10 – 12 күн шамасында ауытқып отырады. Ұлыстың ұлы күні есепшілер таңертең Күннің шығыс көкжиектен қандай болып көрінетінін бақылауға алған. Олардың бай тәжірибесіне сүйенсек бұл таңда Күн төрт түрлі болып атуы мүмкін.
1) Егер бұл таңда Күн жанған оттай қызарып қып – қызыл болып атса – ол жылы өлім – жітім, өрт көп болады. Тіпті осы аймақта және көршілес елдерде соғыс қан төгістер болуы мүмкін. Мысалы, «Ақтабан шұбырынды, Алакөл сұлама» болатын 1723 – қоян жылы жаңа тоғыста күн дәл солай атқан екен деседі.
2) Егер бұл таңда Күннің түсі күңгірт тартып, қораланып солғын көрінсе сол жылы жауын – шашын мол болып, жер көгі құлпырып өсетін көрінеді.
3) Егер бұл таңда Күн сары – қызыл болып, ыстық лебі бірден бетке ұрып шақырайып туса – ол жылы құрғақшылық болуы мүмкін. Мұндай жылдары таулы аймақтарда жиі – жиі тасқын болып, шалғынды далада өрт болу қаупі туады.
4) Егер бұл таңда Күн сәулесі жан - жаққа шашағын төге шашырап, рауандап атса – ол жылы жанға жайлы жайма шуақ, молшылық жылы болады. Есепшілердің бұл бақылауды жүздеген жылдар бойы жүргізілгендіктен, оның негізіне сәуегейлік емес, қазіргі ғылымға белгілі Күн гравитациясына негізделген болжамдық тұжырымдамалар алынған.
Есепшілер мен қарапайым жай халық тоғысу кезінде Аймен Үркердің орналасуына қарай түрлі болжамдар жасаған.
1) Егер тоғыс кезінде Аймен Үркердің бір – біріне жақын орналасқанын көрсе «мына екеуі әмпәй – жәмпәй бола қалыпты, мал мен жанның жағдайы жаман бола қоймас» деп қуанысыпты.
2) Егер тоғыс кезінде Аймен Үркер бір – бірінен алыс болса, «бұл екеуі бір – біріне қырбай болған екен, қырсығы мал мен жанға тимесе болар еді» деп қауіптеніпті. Әсіресе, «жұт» болатын жылдардың алдында осындай құбылыстар бірнеше рет қайталанып отырған екен.
3) Егер тоғыс кезінде Аймен Үркер бір – біріне жақын орналасқанымен Ай сәл шалқайып тоғысса да халқымыз «бұл тоғыс Айға жайлы, малға жайсыз» болады деп ренжіскен.
Есепшілерден қалған азды - көпті мағлұматтар бойынша шаруа халық үшін ең ауыр тиетін «тоғысу» - 9 тоғыс айына сәйкес келеді. Бұл айды есепшілер «екі ағайынды айы» немесе «Ақпан мен Қамбардың тоғысы» деп атаған. Сондай – ақ шаруа халқымыз бұл тоғысты «білмесең сілдірем, білсең бүлдірем» деп атап кеткен. Жұлдыздық жылға негізделген он екі шоқжұлдыздық (зодиак) күнтізбе бойынша бұл кезең жуық түрде сәйкес келетін «хұт» айын «білсең хұтың, білмесең жұтың» деп атайды. Ақиқатында бұл «тоғыс» ақ бораны мен аязы екі бүйірден бірдей ысқан қақаған қыс ортасына сәйкес келеді. Бұл шынында да «жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін» тоғысы болып табылады. Жұлдыздық – күндік жылдың 91 – 92 күндік төрт маусымда Үркер шоқжұлдызын аспанның мынадай бөліктерінен түнде немесе іңір қараңғысында көрініп тұрады. Олар:
1) Жазғытұрым наурыз – көкек (жаңа тоғыс) айларында Үркер күн батыстан іңір жарығымен қоса – қабат көрінеді. Бұл табиғат кезеңі, «жаңа тоғыс» деп аталып осыдан бастап жаз есебі жүргізіледі. (Көктемгі күн теңелу)
2) Жазды күні маусым айында Үркерді аспаннан көре алмаймыз. Бұл кезеңді есепшілер тілінде «Үркер қырық күн жерде жатады» дейді. Ал ғылыми тілмен айтар болсақ – Үркер бұл кезде Қазақстан жеріне көрінетін солтүстік жарты шардан оңтүстік жарты шарына ауысады. Осы құбылысқа орай есепшілер тілінде «Үркер жерге түссе, қой қырқылады» деген және «Үркер жерге түспей, жер қызбайды» деген тұрақты сөз тіркестері қалыптасқан. (Жазғы күн тоқырауы).
3) Күзді күні қыркүйек айында Үркер аспанның шығыс жағында тұрады. Есепшілер бұл табиғат кезенің «мизам түскен кез» деп атап осыдан бастап – қыс есебін жүргізген. Мұны есепшілер өз тілінде «Үркер туса, сорпа ас болады» деп атаған. Яғни, қыркүйек айында жаз бойы оттаған малға шыр бітіп және шөп қуаты дәніне жиналған уақытта оны жеген малдың етінің құнары артқаны дәл басып айтқан. (Күзгі күн теңелу).
4) Қыс ортасында, ақпан айында күн батысымен тас төбеде Үркер шоқжұлдызы жарқырап көрініп тұрады. Осыған орай есепшілер тілінде және халық ауызында «Үркерлі айдың бәрі – қыс» деген сөз қалыптасқан. Ол сөздің төркіні қарапайым халықтың қыс айларында Ай мен Үркердің «тоғысу» құбылысын өз көздерімен көре алатынына байланысты. (Қысқы күн тоқырауы.
Тоғыс есебінің астрономиялық негізі.
Тоғыс есебі деп есепшілер жұлдыздық – күн жылын жұлдыздық ай жылымен сәйкестендіріп қолданған өте күрделі ай – күн күнтізбесін айтқан. Тоғыс есебінің құрылысы өте қарапайым жасалған:
-
бір тоғыс айында 28 тәулік бар.
-
Бір жылда 13 ай бар.
-
28 тәулік * 13 ай = 364 тәулік.
Ең алғашқы нұсқасында тоғыс есебі жұлдыздық ай күнтізбесіне негізделеген. Осы арада жұлдыздық айға сипаттама бере кету керек.
Жаңа ай туғаннан кейін 7 күн өткенде Ай Күннен шығысқа қарай 90 градус жылжиды, бұл кезде Жерден Айдың оң жақ жарты шары көрінеді. Мұны халқымыз «айдың бірінші ширегі» деп атайды. Шамамен 180 градустай жылжығанда Аймен Күн қарама – қарсы тұрып, Айдың шары тұтас көрінеді. Мұны халқымыз «он төртінде толған ай» деп атаған. Он төрттік айдан кейін Ай Күнге батыс жағынан жақындайтындықтан, енді Айдың оң жағы өшіп, сол жағы жарықтана бастайды. Ай мен Күн арасындағы бұрыштық қашықтық 90 градусқа жеткенде, Айдың сол жақ жарты шары көрінеді. Мұны халқымыз «Айдың соңғы ширегі» деп атайды. Соңғы ширектен кейін Айдың жіңішке орағы таң алдында шығыс жақтан көрініп отырады да, біржолата ғайып болады. Мұны халқымыз «Айдың өларасы» деп атайды. Айдың соңғы ширегінен кейін шамамен 9 тәуліктей өткенде батыс жақтан қайтадан жаңа Айдың жіңішке орағы көрінеді. Жаңа Айды көргенде халқымыз «Ескі Айдай есірке, жаңа Айдай жарылқа» дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |