Н. Дауенов ДӘСТҮрлі қазақ этнографиясы


Тәжірибенің жұмыс бағдарламасы



бет18/18
Дата24.02.2016
өлшемі1.5 Mb.
#13498
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Тәжірибенің жұмыс бағдарламасы. Жұмыс бағдарламасы – этнографиялық материалдарды жинақтау бойынша тәжірибешілердің негізгі бағыттарын анықтау керек. Сонымен қатар бағдарламадағы тақырыптардың орналасуы, кафедрада жүргізілетін этнографиялық материалдарды жинау мен өндеуге қатысты арнайы курстардың мазмұнымен сәйкес келіп отыруы керек. Ереже бойынша, арнайы кәсіби археология мен этнография топтарының студенттері этнографиялық экспедиция ішінде негізгі құрамды құрайды. Соңғы кездері бірқатар университеттерде «Археология және этнографияға» қатысты кафедралар мен бөлімшелер ашылуда.

Белгілі мақсаттағы далалық жұмыстар этнографиялық зерттеулер жүргізуге көп көмегін тигізеді.

Этнограф далалық экспедиция барысында әртүрлі оқиғаларға кез болып, бағдарламадан тыс жұмыстарды қамтуға тура келеді. Мұндай жағдайда этнографтың тек өзінің шығармашылық қабілеті көмектесе алады. Ал этнограф үшін өзінің жұмыс барысында не бір жаңалықтарға кез болу немесе ашып көрсету әрине қуантарлық жағдай. Біздің зерттеу бағдарламамыздың аясын көбіне қазақ қоғамының этноәлеуметтік ұйымының институтын зерттеуге көңіл бөлеміз.
Тақырып 1 Шаруашылық

Адамның өндірістік іс-әрекеті – оның өмірінің негізі болып табылады. Өндірістің спецификасы, адамның экономикалық іс-әрекетінің ерекшеліктері мәдениеттің барлық жақтарына әсер етеді.

Этнография көбінесе шарушылықтың тарихи формасын немесе шарушылық салаларының іс-әрекетінің бүгінгі күнге дейінгі ең қарапайым түрлерін, шарушылықты жүргізудің артта қалған түрлерін зерттеуге бағытталады. Бұларды білу адамзаттың тарихын, тарихи процестің механизімін тануға көп көмектеседі.

1.1 Жер игеру

Жер игерудің жағдайы: а) революция, ә) ұжымдастыру, б) тыңайған жерлерді игеру: ауылшаруашылық мәдениеттері, егістік көлемі, жер игеру жұмыстарының техникасы, еңбек құралдары, шаруаға жегілетін мал, ылғалдандыру, тынайтқыштарды қолдану, егістік өнімін жинау және дайындау, сақтау.

- Жер игерушілердің экономикалық және әлеуметтік жағдайы;

- Жер өндеуге қатысты дәстүрлер мен шаралар;

- Жер игерушілер, малшы-көшпенділер;

- Қазіргі жер игеру: мәдени дәнді-дақыл құрамының, техникалық әдістерінің, ауылшаруашылық күнтізбесінің өзгеруі.

1.2 Бау-бақша өсіру

- Тұрғылықты жердің маңызы;

- Өндеу техникасы;

- Халықтың көкөніс, жеміс-жидектермен қамтамасыз етілуі.

1.3 Мал-шаруашылығы

Малшаруашылығы жағдайынан мәліметтер: а) революция, ә) ұжымдастыру; б) тыңайған жерлерді игеру кезеңдері бойынша. Жайылымдық жерлер және олардың маусымдық қолданылуы. Су арықтар. Көшпенділер жолының бағыты мен ұзақтығы. Жерге деген меншік, шекараларды заңдастыру және бекіту. Малдың құрамы және саны;

- Қазақтардың малшарушылығына қатысты наным-сенімдері (малдың жеке түрлерінің қорғаушы иесі, таудың иесі, үңгірлер т.б.);

- Халықтық ветеринария жөнінде мәліметтер. Малшаруашылығына қатысты халықтық мейрамдар. Малшаруашылық өнімдерін өндеу;

- Еңбек құралдары: бұғалық, байлау-күрмеу түрлері, ертоқым түрлері, қырқу және емдеу құралдары;

- Малшарушылығының қазіргі кезеңдегі маңызы. Мал құрамының өзгеруі, еңбекті ұйымдастыру, жайылымның қазіргі тәсілдері.

1.4 Шаруашылықтың өзге де түрлері:

- Аңшылық;

- Аңшының қару-жарақпен жабдықталуы;

-Аңшылық әдістері: қарумен, итпен, жыртқыш құстармен;

- Аңшылыққа байланысты дәстүрлер, олжаны бөлісу;

- Балық аулау.

Түрлері, таралуы, дәстүрлер. Балық аулау жабдықтары: тор, басқа да түрлері (мысалға қазақтың «қазасы»), қайықтар (табан қайық, құс қайық т.б.).

-Балықшының киімі;

-Балық өнімдерін өндеу мен тұтыну.

Халық шаруашылығын зерттеуге кіріспес бұрын, ең алдымен халық тіршілігіне әсер ететін географиялық жағдайды: климаты және топырақ құнарлығы, өсімдік және жануарлар әлемінен мәліметтер жинақтау. Шаруашылыққа байланысты мәліметтерді жинақтауда далалық жұмыстың тәсілдеріне: тұрғындардан сұрақтарға жауап алу, жеке бақылау, тұтынатын заттарды фиксациялау, олардың ішінде (еңбек құралдарын, өсірілетін мәдени дақылдарын, еңбек мерекелерін т.б.)
Тақырып 2 Қолөнер және үй шаруашылығы

Қолданбалы өнер мен қолөнер, үй шаруашылығы халықтың еңбек іс-әрекеті мен өмір сүру жағдайында барлығы бір-бірімен тығыз байланыста болады. Негізінен көшпелі мал шаруашылығы арқасында азық-түлік пен шикізатты тұтынудағы бірден бір жетекші күшті атқарады. Қазақтың ертедегі кәсіби қолөнерінен куә бола алатындай, келесі шаруашылық түрлеріне арқа сүйеуіміз қажет.

2.1 Үй шаруашылығы және қолөнердің негізгі түрлері.

-Ұсталық өнер: руданы өндіру, руданы балқыту, еңбек құралдарын жасау, қару-жарақ, сауыт-сайман, ұста пайдаланатын заттары;

-Зергерлік өнер: әйелдердің сәндік әбзелдері, ер тоқым, жүгендерге, қару-жараққа түсті металлдардан көркем жапсырма безендірулер;

-Ағаш ұқсату өнері: тұрғын үй салу, екі аяқты және басқа да арба түрлерін жасау. Үй тұрмысындағы заттарды дайындау және безеңдіру.

-Сүйекті пайдалану: жасау техникасы, материал.

2.2) Былғары ісі: киімдер дайындау, ыдыс-аяқ ретінде (торсық, саба т.б.), ат әбзелдері (жүген, ноқта, құйысқан, тоқым т.б.)

-Тоқыма: шикізаты, техникасы, қандай мақсатта;

-Алаша тоқу. Алаша түрлері, алаша тоқу құрылғылары;

-Тоқыма-тігін. Техника. Кигіз үй жабдықтары үшін дайындау;

-Тоқыма өндірісі;

-Сабын қайнату. Шикізат. Өндеу;

-Бояулар дайыдау. Материал, шикізат;

2.3 Ертеде және қазіргі кезеңде жергілікті жерге қолөнердің маңызы.

2.4 Жұмыс бөлмесі: шеберхананың жабдықталуы, құрылғылар, инструменттер.

2.5 Қолөнердегі жыныстық-жастық бөліну: ерлердің және әйелдердің қолөнері.

2.6 Шебердің рецептілері және белгілі бір қолөнер бойынша техникалық қолөнер.

2.7 Қарым-қатынасты ұйымдастыру: бұрын және қазір.

Этнограф үшін зерттелетін қолөнердің барлық орындалатын кезеңдерімен танысып шығуы керек. Сонымен қатар толық мәліметті сол қолөнердің кәсіби мамандарының аузынан естуге болады. Қолөнерге байланысты барлық заттар - музейлер үшін тамаша экспонаттар болып табылады.


Тақырып 3 Тұрғын-үй, қоныс-жай

3.1 Қоныстанудың тарихи формасы: тұрақты және уақытша болып бөлінеді. Қоныстану уақыты, атауы, тұрғылықты халықтың саны және этникалық құрамы. Қоныстану орны не үшін тандап алынды.

-Қоныстанудың сипаттамасы – көшелік, бытырап қоныстану, топпен қоныстану, реттік т.б;

-Қоғамдық, мәдени, шаруашылық құрлыстарының орналасуы. Бейіттер мен мазарлардың орналасуы.

3.2 Кеңестік дәуірдегі болған өзгерістер: отырықшы шаруашылыққа көшуге байланысты тұрғын үйді салу және материалдарды пайдалану ерекшеліктері.

-Елді-мекеннің орналасуы, географиялық жағдайы;

-Ұлттық құрамы. Қоғамдық құрлыстар.

3.3 Бау-бақшаның орналасуы, тұрғын-үй және шаруашылық кешеңдерінің құрлысы.

-Сумен қамтамасыз ету: құрылымы;

-Жазғы тұрғын үйлер (киіз үй, қос), шаруашылық құрылыстар – олардың ертеректе тұрғызылуы, қазір қалай тұрғызылады (шошала, қора т.б.);

-Пештердің құрлысы, оларды қолдану;

-Көгалдандыру, бау-бақша: көлемі, орналасуы және жеміс-жидектің құрамы.

3.4 Тұрғын үй: киіз үй – құрылымы, қысқыға жабдықтау, киіз үйді құру және бұзу реттілігі.

-Көшкен уақытта киіз үйді жинау және байлау тәсілдері;

-Жертөлелер және жартылай жертөлелер – типі (бір бөлмелі, екі бөлмелі және көп бөлмелі т.б.). Архитектурасы, жылытуы және жарықтандыруы;

-Қазіргі тұрғын үй – құрылымы.

3.5 Тұрғын үйдің ішкі жабдықтары, әр заттардың атауы және қолданылуы. Үйдің көше немесе жарық жақты бағдарлап орналасуы.

-Есік, әйнектердің орналасуы. Еден;

-Құрлыс материалдары және техникасы. Халықтық шеберлер.

3.6 Тұрғын үй құрлысына байланысты дәстүр, ырымдар.

-Мерекелерге байланысты тұрғын үй құрлысының ерекшеліктері, үйлену тойына тұрғызылған үйлер.

3.7 Қазалы оқиғаларға байланысты тұрғызылған үйлер: ішкі және сыртқы көріністерінің өзгерістері.


Тақырып 4 Киім және безендірулер

4.1 Ерлер киімі.

-Үстіге киетін киімдер: жейде, пішілуі, жағасы, қимасы.

Шалбарлар;

-Сыртқы киім: жылы халаттар, материал, түсі, тігісі;

-Аң терісінен жасалған шубалар, шүберекпен қапталуы, тақыр шубалар;

-Камзол немесе женсіз көйлектер. Олардың шығу кезеңі, қай жастан бастап киеді;

-Белдіктер. Әрлеуі. Белдіктерге ілінетін заттар: пышақ, шақпақ. Оларды кім киді;

-Бас киімдер: (тақия, бөрік, малақай, тымақ, далбағай т.б.);

Формасы, пішілуі, матасы, түсі, әрлеу сипаты. Кию үлгісі. Қырғыз қалпақ. Алтын түспен немесе басқа да түстермен безендіріліп кестеленуі.

-Аяқ-киім түрлері (саптама, байпақ, шәрке, байпақ т. б.);

-Ерлердің шашын сәндеуі: ер балалар, ер адамдар. Мұрт, сақалдың түрлері;

-Күйеу жігіттің үйлену тойындағы киімі.

4.2 Әйелдер киімі:

-Жейде: пішілуі, жағасы; қимасы;

-Шалбарлар.

-Сыртқы киімі: Халаттар: жеңіл, жадағай немесе астары бар. Матасы, түсі, пішілуі;

-Камзол: мата, түсі, пішілу түрлері, әрлеу;

-Жеңсіз көйлек: қысқа немесе ұзын;

-Белдемше, белдік, тізеқап: қай жас шамасында және қандай жағдайда киді;

-Белдік. Матреиал және безендірілуі.

-Бас киім (кимешек, бөрік, тақия, желек, т. б.), бас орамалдар;

-Қыздардың бас киімі. Тақия: олардың формасы, безендірілуі.

-Аяқ киім түрлері (кебіс, мәсі, етік, жартылай етік т. б.);

-Әйелдердің және қыздардың шашын сәндеуі;

-Әшекейлер: құлаққа тағатын, мойынға және кеудеге тағатын, қолға, киімге тағатын, тұмарлар және көзтиместер;

-Косметика;

-Келіннің және жас келіннің костюмдері. Келінді киіндіру салты.

4.3 Балалар киімі.

-Жас баланың киімі. Киім түрлері;

-Балалардың киіміне тағатын тілтимес, көзтиместер;

-Баланың алғаш рет шашын алуы. Шаш алуға байланысты алғашқы салт-дәстүрлер.

4.4 Мерекелік, демалыстық киімдер.

4.5 Табынушылық киімдер.

4.6 Азалы киімдер.
Тақырып 5 Ас-су

Әр бір халық тағамдарының сипаты мен құрамы көптеген себептерге байланысты. Олардың ең маңыздылары: географиялық жағдай, жергілікті жердің даму дәрежесі, тарихи-мәдени дәстүрлер және әдеттер.

Қолданылатын тағамдардың дайындау әдістері және құрамы көбінесе рухани дүниелермен, діни тиымдармен тығыз байланысты. Сондықтан да адамзат аспаздық дағдыларға үлкен көңіл аударып, ғылми қызығушылық білдіреді.

5.1 Сүт өнімдерінен жасалған тағамдар, олардың жасалу жолдары, сусын түрлері: қымыз, айран, қатық, шұбат (пісіру, іріту, ашыту, ұйыту).

- сақтау амалдары (сүзбе, құрт, ірімшік);

- ақ тағамға байланысты ырым-тыйымдар.


Тақырып 6 Ет тағамдары

6.1 Тағамға ең көп пайдаланатын мал еті. Ет тағамдарын дайындау әдістері.

- етті сақтау амалдары (кептіру, сүрлеу, ыстау);

- ішек қарыннан жасалған тағамдар (үлпершек, жөргем т. с. с);

- сый-қонақ, кәде мүшелері, қоспа мүшелері;

- ет тағамына байланысты ырым-тыйымдар.

6.2 Өсімдік тағамы. Бидай ұнын қолдану. Бауырсақ, жайма нан, таба нан дайындау түрлері.

6.3 Балық тағамы, аулау және дайындау әдістері.

6.4 Мерекелік және салт-жоралық тағамдар.

6.5 Ас ішіп-жеу түрлері: жерде, жер үстел, биік үстел.

6.6 Тағамдану мерзімі.

6.7 Тағамдық тиымдар, кейбір тағамдардан уақытша ауыз тыйу.

6.8 Жабайы өсімдіктерді, дәрілерді қолдану.

6.9 Белгілі бір тағам түрлеріне немесе тағамдану мерзімдеріне байланысты салт, ырымдар.

6.10 Қазан-ошаққа жататын ыдыс түрлері (шәйнек, қазан, саба, күбі, ожау, шөміш, тегене, шара, саптыаяқ, астау, шелек, көнек, аяққап, шынықап).

-Ыдыс-аяқ жасау шеберлері: заттың аты, оның тұрмыста атқаратын қызметі; түрлері; жасалған жылы;

-Ыдыс-аяқ жасау әдістері, технологиясы, өрнектелуі;

-Ыдыс-аяқтарға байланысты әдет, ғұрыптар, салт-дәстүрлер, ырым-жоралғылар;

-Ыдыс-аяқтардағы ою-өрнектердің мағынасы, маңызы қандай?

Тақырып 7 Қоғамдық өмір мен тұрмыс

Этнографтар үшін қоғамдық өмір екі жағынан да қызықты.

Біріншіден, сақталынып келген ертедегі қоғамдық қатынас алғашқы формациялардың қоғамдық қатынасын білуге мүмкіндік береді. Екіншіден, жеке халықтар мен этникалық топтардың қоғамдық тұрмыстың нормасы үлкен өзіндік типтерімен ерекшеленді және оларды сол халықтардың этникалық мәдениеті мен этникалық тарихының көзі ретінде пайдалануға болады. Қоғамдық тұрмысты зерттеу қазіргі күні де қажет.

7.1 Өндірістік іс-әрекетпен байланысты қоғамдық тұрмыстың дәстүрлері мен нормалары. Егіншілік алқап, жайылым, су көздерін қолданудың қоғамдық ережелері. Меншік құқығы немесе иелену (мысал; жерге, малға). Шүлен тарту институты, оның таралуы. Асар ғұрпы, асар формалары.

7.2 Қоғамдық өмірдің дәстүрлері мен нормалары: қоғамдық пікір, қоғамдық міндеттерді бөлу.

7.3 Адамдар арасындағы қатынас және қоғамдағы мінез-құлық нормалары: көршілік дәстүр және көршілік көмек. Қонақты қарсы алу дәстүрлері. Үлкендермен және кішілермен қарым-қатынас. Әйелдермен қоғамдағы қатынас. Әдеп. Көңіл аудару формалары.

7.4 Қоғамдық мерекелер мен жиналыстар. Халықтық мерекелерді, шығындарды, ұйымдастыру. Көңіл көтеруді ұйымдастыру (күрес, ат жарыс т.б.).

7.5 Жат жұрттықтарға немесе белгілі бір тұлғаларға деген көзқарас (арнайы қонақ, жолаушы, құдайы қонақ).

7.6 Жаңадан көшіп келгендерге деген қатынас.

7.7 Қоғамдық тәртіпті бұзушыларға деген қатынас.

7.8 Құрметті адамдарға деген қатынас.

Бағдарламадан көріп отырғандарыныздай мұнда жеке бақылау әдісі басым, көптеген адамдардың мінез-құлықтарын қоғамдық қатынастардан сұрақ-жауап арқылы немесе далалық жұмыстың басқа да түрлері арқылы біле алмайсыз. Бұл ерекшеліктері күнделікті өмірде байқалып, тұрғындардың өздері де білмей қалады.


Тақырып 8 Отбасы және неке

Ерекше бұл қоғамдық институттың сипаты мен формалары қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуымен байланысты. Этнограф отбасылық өмірді бақылай отырып, туысқандар арасындағы қатынасты, отбасындағы тұрмыстық моральдық, этикалық нормаларды жинауына жақсы мүмкіндік алады.

8.1 Отбасы және некенің тарихи формалары.

-Отбасы түрлері: патрономия, үлкен патриархалдық отбасы, тұтас үлкен отбасы, кіші жеке отбасылар т.б.;

-Неке түрлері: қалын малмен алынған неке, алып қашу арқылы құрылған неке, левират, сорарат.

8.2 Туысқандық жүйесі және терминологиясы.

-Тұтастай туысқандық жақтың туыстық атауын бір терминмен белгілеу (өз жұрты, қайын жұрты) ;

-Туысқандық терминдерінің жас шамасына қарай және жынысына қарай диференцияциясы;

-Әкелік және шешелік жақтағы туысқандықтың шектелуі мен терминологиясы.

Туысқандық жүйені белгілеу үшін сандар қойылады:

Әке – 1 Күйеуі - 5

Шеше – 2 Әйелі - 6

Ұлы – 3 Ағасы - 7

Қызы – 4 Апасы – 8


Бұл жүйені қолдана отырып, туысқандықтың кез келген желісін, қатынасын жазу оңайға түседі. Еске сақтайтыны бұл жерде сандар әрқашан терминдердің үлкендігіне қарай қойылады: ата (әкенің әкесі) -1 – 1, әйелінің енесі (күйенің анасы) -2 – 5.

8.3 Қатынас құрамы.

-Тікелей туысқандық қатынастар (күйеу бала мен ене, келін және оның енесі);

-Шартты туысқандық қатынастар (құдалар, өкіл әке, кіндік шеше, аталық, аванкулат).

8. 4 Мұраға қалдыру жүйесі және мүлікке деген құқық.

8. 5 Отбасы мүшелерін бағындыру, күйеуінің, әйелінің, балаларының орны.

8.6 Үйленбегендер: бойдақтар, кәрі қыздар. Қандас туысқандар арасындағы неке. Жыныстар арасындағы қарым-қатынас: махаббат, азаматтық неке.

8.7 Қазіргі кезеңдегі отбасы мен неке: отбасының саны және құрамы, дәстүрлері және жаңашылдары.


Тақырып 9 Халықтық білім

Халықтық білім – этнографияның маңызды, бірақ әзірге аз зерттелінген саласы. Бұл сала көптеген ұрпақтардың тәжірибесі арқылы жинақталып, табиғат заңдылықтарын зерттеу және көпғасырлық еңбектің арқасында келеді. Этнографтардың аға ұрпақтардан жинап алған мәліметтері тек қана ғылыми қызығушылық емес, үлкен тәжірибелік маңызды ие.

9.1 Халық медицинасы:

Ел ішінен шыққан атақты тәуіптер мен емшілер, оларға халықтың көзқарасы:

-сынықшылар;

-бақсылық;

-ел ішінде болған атақты бақсылар, олардың, емдеу тәсілдері;

-бақсылық құралдары (қобыз, қамшы);

-қазіргі кезде бақсылықпен айналысып жүрген адамдар.

9.2 Халық ветеринариясы.

Мал емдеудің дәстүрлері, рәсімдері: мал пішу, мал ауруларының түрлері, оларды емдеу жолдары.

9.3 Халық астрономиясы.

Ел ішіндегі ауа райын болжаушылар мен жұлдызнамашылар;

-қазақша жұлдыз атаулары, ай, жыл, мүшелге бөлу т. с. с. ;

-қазақша жыл санау.

9.4 Дәстүрлі күнтізбе. 12 жастық мүшел. Мұсылман күнтізбесін қолдану.

9.5 Уақытты өлшеу бірліктері: (ет пісірім, бие сауым, жыл, ай т.б.)

9.6 Қашықтықты өлшеу бірлігі: ит өлген жер, ат шаптырым жер, бір көш т.б.

9.7 Өсімдіктердің, жануарлардың, аңдардың халықтық атауы.

9.8 Ономастика – антропонимдер, топонимдер, гидронимдер, этнонимдер (терминдер сөздігін құрастыру керек).

9.9 Көшенің, қыстаудың, ферманың, қоныстың, бейіттің атауы.
Тақырып 10 Дәстүрлер

Дәстүрлерді зерттеуге қолайлы болу үшін оларды арнайы топтарға бөлуіміз керек: шаруашылық, күнтізбелік сипаттағы, өмірлік.

10.1 Өмірлік циклдің дәстүрлері өткен тарихымыздың сырларын терең түсінуге мол мүмкіндік береді.

-Баланың өмірге келуі (туғандағы дәстүрлер, ат қою, бесікке салу, қырқынан шығару);

-Инициациялар (тұсау кесер, сүндет, атқа мінгізу т.б.);

-Жастық класстар (терминология, мүшел жас);

-Үйлену тойы (некеге отыру, неке, ұрын келу);

-Балаларды тәрбиелеумен байланысты дәстүрлер (ойындар, дене шынықтыру, шаруашылықтың тәжірибелік дағдылары, аңға баулу, өнерге баулу, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу);

-Қайтыс болғанда орындалатын және жерлеу дәстүрлері (жуындыру, өлікті киіндіру, қайғының белгілері, құрбан шалу, жерлеу, көңіл айту).

10.2 Шаруашылық циклдағы дәстүрлер көбінесе ауылшаруашылық жұмыстарына қатысты ұнататын істерімен айналысу. Наным сенімге байланысты ертедегі еңбек дәстүрлері мен дағдылары.

-Малшаруашылығына байланысты дәстүрлері;

-Жерөндеуге байланысты дәстүрлер;

- Кәсіптік дәстүрлер (үй кәсібі, қолөнер, балық аулау, аңшылық).

Шаруашылық дәстүрлерді сол саламен жұмыс істейтін адамдардан сұрап зерттеу тиімді.

10.3 Күнтізбелік дәстүрлер көбінесе көшпелі шаруашылыққа байланысты келіп отырады.

10.4 Діни дәстүрлерге сол халықтың наным-сеніміне байланысты оқып білуіміз керек.

10.5 «Төтенше дәстүрлер». Тасаттық беру, құдайы, ақсарбас т.б.

Этнограф үшін дәстүрлердің өту процесін бақылап, қағазға жазып, суретке түсіріп, түсініксіз жерлерін информаторлардан сұрап алу керек. Дәстүрді орындау барысында фольклорды, адамдардың киімдерін, заттарын анықтап біліп алу қажет.


Тақырып 11 Наным сенімі

Бұрын бұл жерде мешіт болды ма, қай жылдары салынды?

-Ол мешіттің басында кім болды, имам, молда, олардың ата-тегі;

-Мешіт қай жылы қиратылды? Қазан төңкерісі кезінде, 1930 жылдары мешіт иесінің тағдыры не болды?;

-Қазіргі дінге деген көзқарас? Елде мешіт бар ма? Қай жылы кімнің айтуымен, кімнің қаржысымен салынды?;

-Мешітке елдің келуі қалай, қазіргі молда кім, бұрын не кәсіп істеген?;

-Кезбе, дүмше, жалған молдалар бар ма, қайдан шыққан, қайдан келген?;

-Жастардың дінге көзқарасы, ораза тұтып, намаз оқи ма?;

-Діни мейрамдар: айт, құрбан айт қалай өтеді?;

-Жергілікті халықтың басқа дінге өтуі бар ма? Кімдер, неліктен, не себептен?;

-Басқа елден, көрші республикадан келген басқа дінді насихаттаушылар, миссионерлер бар ма? Оларға жергілікті халықтың көзқарасы?
Тақырып 12 Халықтың ауыз екі шығармашылығы

Халықтың ауыз екі шығармашылығы – бұл тек қана халық фольклорларын жинау үлгілері емес, сонымен қатар этнографиялық мәліметтердің құнды көзі болып табылады. Тарихи аңыздар жекелеген этностар жөнінде мәліметтер беріп қоймай, олардың көшіп-қонған жерлерінен мәліметтер береді. Ертегілерде ежелгі наным сенімдердің болғанын аңғарамыз. Әңдер болса көптеген дәстүрлердің айшықты айғағы болып табылады. Халықтың ауыз екі шығармашылығына тарихи дерек көзі ретінде жақындай отырып, этнограф мұнда құнды мәліметтерді қалдырады. Халықтың ауыз екі шығармашылығын біліп зерттеудің келесі тәсілдерін ұсынамыз:

-Шежіре – этногенез және этникалық тарих жөнінде мәліметтер;

-Батырлар жөнінде тарихи аңыздар;

-Мифологиялық аңыздар;

-Халықтық эпос;

-Ертегілер;

-Мақал-мәтелдер, жұмбақтар, нақыл сөздер;

-Дәстүрлік әндер (шілдехана, сыңсу, қоштасу, жоқтау т.б.);

-Халықтық әндер (отан, табиғат, махаббат, жолдастық т.б.);

-Күнтізбелік поэзия (наурыз жыры т.б.);

-Бақсы әндері;

-Айтыс;

-Балалар фольклоры.



Әндерді екі кісі кезек-кезек бір сөзден жазып отыру тиіс. Соңғы кезде этнографиялық-фольклорлық материалдарды жинақтауда, музыка мен әндерді жазғанда аудио және бейне жазбалар өте тиімді.

Әдебиеттер
1 Абуль-Гази. Родословное древо тюрков. Сочинение Абуль-Гази, Хивинского хана. (Пер. и предисловие Г.С. Саблукова, с послесловием и примечаниями Н.Ф. Катанова. – Казань, 1906). ­ – М. : Ташкент-Бишкек, 1996. ­ – 358 с.

2 Агаджанов С. Г. Очерки истории огузов и туркмен Средней Азии IX-XIII вв. ­ – Ашхабад, 1969. –­ 483 с.

3 Аджигали С. И. Генезис традиционной погребально-культовой архитектуры Западного Казахстана /на основе исследования малых форм/. ­ –Алматы, 1994. ­ – 258 с.

4 Аджигалиев С. И. Особенности мемирольной эпиграфики Западного Казахстана // изв. НАН РК. Серия философическая, 1994. – №1. ­ – 84 с.

5 Амангелді А. Ұлттану. – Алматы, 1998. – 155 б.

6 Акишев К. А. К проблеме происхождения номадизма в аридной зоне древнего Казахстана // Поиски и раскопки в Казахстане. ­ – Алма-Ата, 1972. ­ – С. 31 –­ 46.

7 Акишев К. А. Курган Иссык. – М., 1978. – С. 55.

8 Ақтаев С. А. Аруақ деген не? «Білім және еңбек». – Алматы, 1974. – ­ 146 б.

9 Ақатаев С. Н. Культ предков у казахов и его этногенетические и историко-культурные истоки. Дисс. канд. ист. наук. – Алматы, 1973. –­ 25 с.

10 Алимбай Н., Муканов М.С., Аргынбаев Х.Традиционная культура жизнеобеспечения казахов. Очерки теории и истории. –­ Алматы, 1998. ­ – 324 с.

11 Алекторов А. Е. Бакса (Из мира киргизских суеверий) // ИОАИЭ, 1900. – Т. 16. – Вып 1. ­ – Б. 32 –33.

12 Ал-Якуби. Қитаб ал-Будая. В кн: Материалы по истории туркмен и Туркмении. ­ – М., Л., 1939. – Ч.1. –­ 150 с.

13 Аммиан Марцеллин. История. Пер. Ю. Кулаковского. ­ – Киев. 1906-1908. ­ – С. 15-56.

14 Амантурлин Ш. Б. Предрассудки и суеверия, их преодоление. – Алматы, 1985. – С. 19.

15 Амбразон С. М. Формы родоплеменной организации у кочевников Средней Азии // ТИЭ, новая сер. – М., 1951. ­ – С. 19-256.

16 Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. – Алматы: «Өнер», 1987. ­ –126 б.

17 Арғынбаев Х., Мұқанов М., Востров В. Қазақ шежіресі хақында (құраст: Ә. Пірманов). ­ – Алматы, 2000. ­ – 246 б.

18 Арғынбаев. Х. Қазақтың отбасылық дәстүрлері. – Алматы: «Қайнар» баспасы, 2005. ­ – 216 б.

19 Аристов Н. А. Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведения об их численности. ­ – СПб., 1897. – ­185 с.

20 Ахинжанов С. М. Кипчаки в истории средневекового Казахстана. ­ –Алма-Ата, 1989. ­ – 256 с.

21 Ахмедов Б. А. Государство кочевых узбеков. – М., 1965.

22 Артыкбаев Ж. О. Материалы к истории правящего дома казахов. ­Алматы, 2001. ­ –201 с.

23 Артыкбаев Ж. О. Қоғам және этнос XVIII ғасыр. ­ – Павлодар, 2004. ­ – 321 б.

24 Артыкбаев Ж. О. Историческое наследие М.-Ж. Копеева. – ­Павлодар, 2004. –­ 156 с.

25 Артықбаев Ж. О. «Шәкәрім шежіресіне» қайта оралсақ.... // Қазақ тарихы, 2003. ­ – №2. ­ – Б. 46-48.

26 Артықбаев Ж. О. «Жеті жарғы» - мемлекет және құқық ескерткіші (зерттелуі, деректер, тарихы, мәтіні). Оқу құралы. –­ Алматы: Заң әдебиеті, 2004. – 150 б.

27 Артыкбаев Ж. О. Этнология: учебник. – Алматы: «Қазақ университеті», 2006. ­ – 316 с.

28 Аяпбекова А. Табиғат заңдылықтарын зерттеудегі халықтық қағидалар // Ізденіс, 1999. ­ – № 2. – Б. 105-106.

29 Әмірғазин С. Дін және жауапкершілік. ­ – Астана, 2002. –­ Б. 25 –42

30 Әжіғали Е т. б. Салт дәстүрлер мен әдет-ғұрыптары. / Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты ред. –Алматы: Арыс. Біртұтастығы мен ерекшелігі, 2005. ­ –Т. 1. – 356 б.

31 Әуезов М. Әр жылдар ойлары. – Алматы, 1959. – 217 б.

32 Байтұрсынов А. Ақ жол. Өлеңдер мен тәржімелер, публицистикалық мақалар және әдеби зерттеу. –­ Алматы, 1991. –­ Б. 431 – 432.

33. Бартольд В. В. История турецко-монгольских народов // Соч.т.5. –М., 1968. ­ – 251 с.

34 Бартольд В. В. Бахши // Соч. – ­М., 1968. – Т. 5. – ­501 с.

35 Банзаров Д. Избранные произведения. – М., 1955. – ­52 б.

36 Басилов В. Н. Шаманство у народов Средней Азии и Казахстана. ­ –М., 1992. ­ – 50 б.

37 Бахтин М. Творчество Ф. Рабле и народная культура Средневековья и Ренессанса. – М., 1979. – С. 71.

38 Бекмаханов Е. Казахстан в 20-40 годы XIX века. 2-е изд. – ­Алма-Ата, 1992. ­ – 248 с.

39 Бекмаханов Е. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында. – ­Алматы: «Санат». 1994. – ­236 б.

40 Бекмұхамедов Е. Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері. – Алматы, 1974. – 146 б.

41 Берімжанова Р. Орталық ғылыми кітапхана қорындағы қазақ шежірелеріне байланысты материалдары //Қазақ тарихы, 2005. –­№ 1. ­ – Б. 81-82.

42 Бернштам А. Н. Очерки истории гуннов. – ­Л., 1951. ­ – 136 с.

43 Бичурин Н. Я. (Иакинф) Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. – М-Л., 1950. – Т.3. – М-Л., 1953. –­ 254 с. –T.1-2.

44 Бикенов А. Х. Дәстүрлі қазақ қоғамына тән төлеңгіттер институты функционалдық қызметі және тарихи тағдыры (ХҮІІІ-ХІХ ғғ. деректер негізінде) // Этнос және социум. –­ Қарағанды., 2003. ­ – 89 б.

45 Валиханов Ч. Ч. Собрание сочинений. В пяти томах. ­ – Алма-Ата, 1984-1985. – ­458 с.

46 Вайнштейн С. И. Мир кочевников центра Азии. ­ – М., 1991. – ­213 с.

47 Валиханов Ч. Ч. Записка о судебной реформе // Собр. Соч.: В 5 т. Т. 3 –­ Алматы., 1985. – С. 325 –356.

48 Взаимодействие кочевых культур и древних цивилизаций. – Алма-Ата, 1989. – ­150 с.

49 Вельяминов-Зернов В. В. Исследования о Касимовских царях и царевичах. Т. 4. 1-11. – СПб., 1863 –1864. –325 с.

50 Владимирцов Б. Я. Общественный строй монголов. – Л., 1934. – 184 б.

51 Востров В. В., Муканов М. С. Родоплеменной состав и расселение казахов (конец XIX - начало XX в.). – Алма-Ата, 1968. – 250 с.

52 Востров В: В., Захаров И. В. Казахкое народное жилище. – Алма-Ата, 1989. – С. 34.

53 Галузо П. Г. Аграрные отношения на юге Казахстана. – М., 1960. – 136 с.

54 Грач А. Д. Древние кочевники в центре Азии. – М., 1980. – 354 с.

55 Греков Б. Д. , Якубовский А.Ю. Золотая Орда и её падение. – М-Л., 1950. ­ – 213 с.

56 Гумилёв Л. Н. Хунну. – М., 1960. – 266 с.

57 Гумилев Л. Н. География этноса в исторический период. – Ленинград: «Наука», 1990. – Б. 33.

58 Гуревич Е.П. Международные отношения в Центральной Азии в XVII - первой половине XIX вв. – М., 1979. – 231 с.

59 Геродот. История в девяти книгах. Перевод с греческого Ф.Г. Мищенко. Изд. 2-е., – Л., 1972. – 130 с.

60 Ғабдуллин М. Қазақ әдебиеті. – Алматы, 1967. – Б. 156 .

61 Диваев А. Киргизский заговор против укуса насекомых и пресмыкающихся // ЭО. 1910. - № 1-2. ­ Б. 128 - 130.

62 Диваев А. Из области киргизских верований. Баксы как лекарь и колдун // ИОАИЭ, 1899. – Т. 15. – Вып. 3. –­ С. 327 – 330.

63 Ж. Дәуренбеков, Е. Тұрсынов. Қазақ бақсы-балгерлері. – Алматы, 1993. – Б. 82 .

64 Дулати М.-Х. Тарих – и Рашиди. Рашидова история /пер. с персид. языка, 2-е изд. дополн. -– Алматы, 1999. – 234 с.

65 Егоров В.Л. Историческая география Золотой Орды в XII-XIV вв. – М., 1985. – 253 с.

66 Жирмунский В. М. Тюркский героический эпос. Избранные труды. – Л., 1974. – 168 с.

67 Жәнібеков Ө. Үйлесімі жарасқан. (Киіз үйлердің тарихынан) //Халық кеңесі, 1993. – 19 наурыз.

68 Жәнібеков Ө. Жолайрық. – Алматы: «Рауан», 1995. – 152 б.

69 Жәнібеков Ө. Қазақ киімі. – Алматы. «Өнер». 1996. – 152 б.

70 Жүнісов К. Ай мен амал белгілері //Ана тілі 1991, – № 22. – Б. 7.

71 Жүністегі К. Жұлдыз әлемінің қазақы ұғымы // Егемен Қазақстан. 2000. – 22 қараша.

72 Жүннен жасалған бұйымдар. /Құраст: К. Мұқанов. – Алматы: Қайнар, 1990. – 210 б.

73 Златкин И.Я. История джунгарского ханства. – М, 1983. – 213 с.

74 Ибрагимов И. И. Очерки быта киргизов. Поминки // Древняя и Новая Россия. – СПб., 1876. – Т. 3. – С. 51-63.

75 Иванин М.И. О военном искусстве при Чингизхане и Тамерлане. 2-е изд. – Алматы, 1998. – 124 с.

76 Инсебаев Т.А., Садвокасова М.А., Жанабекова Н.М., Кулумбаева А.Н., Шалгумбаева М.Т. Павлодар уезі қазақтарының шежіресі. «Прометей» бағдарламасы бойынша. – Павлодар: 2005 жыл. – Б. 81 – 108 б.

77 Игисинова Н.Б. Мәдениет құндылықтарын қалыптастыру негізі. // Саясат. – № 10. – 2005 ж.

78 Ысқаққызы Ә. Сырмақ өнері. Танымдық-көпшілік басылым. Жоғары сынып оқушылары мен педагогтар мен көпшілк қауымға арналаған. – Алматы: «Алматыкітап» ЖШС, 2007. – 165 б.

79 Касиманов С. Қазақ халқының қолөнері. – Алматы: «Қазақстан», 1995. – 243 б.

80 Кастанье И. Из области киргизских верований // Вестник Оренбургского Учебного Округа. 1913. № 5. – С. 156-161.

81 Казахи. Историко-этнографическое исследование. – Алматы, 1995. – 183 с.

82 Калиев С. т. б. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. – Алматы: «Рауан» 1994. – 122 б.

83 Кәрімов М. Қазақстандағы этносаяси процестердің ішкі саяси жағдайға ықпалы // Ақиқат. – № 5. – 2000

84 Книга Марко Поло. Серия: путешествия, открытия, приключения. – Алма-Ата, 1990. – 125 с.

85 Козин С. А. Сокровенное сказание. – М-Л., 1941. – 132 с.

86 Кляшторный С. Г., Султанов Т. И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. – ­ Алма-Ата, 1992. ­ – 356 с.

87 Кенжеахметұлы С. «Жеті қазына» (екінші кітап) – Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС, 2005. – 136 б.

88 Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. – Алматы: Ана тілі, 1994. – 132 б.

89 Кляшторный С. Г. Мифологические сюжеты в древнетюркских памятниках. Тюркологический сб. – М., 1981. – 135 с.

90 Көне түркі сөздігі. –Алматы, 1969. – 544 б.

91 Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл: Әдеби-этнографиялық таным ( Құраст: Б. Әлімқұлов, Е. Әбдірахманов). – Алматы: «Санат», 1994. – 143 б.

92 Кустанаев Х. Этнографические очерки киргиз // Перовского и казалинского уездов. – Ташкент, 1894. – Б. 44.

93 Көпейұлы М. Ж. «Қазақ шежіресі» . – Алматы. 1993. – 14 б.

94 Кәмәләшұлы Б. Ауа райының қазақи дәстүрлі болжамдары. // Сарыарқа самалы. 2004, 8 шілде, 27 шілде, 5 тамыз, 12 тамыз.

95 Кенжеахметұлы С. Халық ауа райын қалай болжаған // Баянтау 2004. – 12 қараша.

96 Кәмалашұлы. Бақсылық деген дәстүр ме? // Сарыарқа самалы. 2004. 5 қазан. – Б. 6.

97 Кенжеахметұлы С. Ұлттық әдет-ғұрыптың беймәлім 220 түрі. Көмекші оқу құралы. – Алматы, «Санат» 1998. – 256 б.

98 Косвен М. О. Семейная община и патрономия. – М. : Наука, 1964. – 320 с.

99 Красовский М. Область сибирских киргизов. – СПб., 1868. –125 с.

100 Курылев В. П. Скот, земля, община у кочевых и полукочевых казахов (вторая пол. ХІХ –нач. ХХ вв.). – СПб., 1998. – 296 с.

101 Кудайбердинов Ш. Родословная тюрков, киргизов, казахов и ханских династий. – Алма-Ата, 1990. – 136 с.

102 Кычанов Е. И. Кочевые государства от гуннов до маньчжуров. – М., 1997. – 210 с.

103 Қаймулдинова Қ. Д. Қазақ топонимдерінің этноэкологиялық негіздері. – Алматы: Ғылым, 2001. – Б. 92.

104 Қараманұлы Қ. Тәңірге тағзым. – Алматы: «Ана тілі», 1996. – Б 12.

105 «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы» (Қазақстан композиторлар одағы, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы, Жаңа музыкалық газеті). – Алматы, 2005. – 234 б.

106 Қазақы неке: (Салт-дәстүр жөніндегі жазбалар) / Орыс тілінен ауд. Б.Қожабекова. – Алматы: Жалын, 1994. – 64 б.

107 Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Құраст. Б.Ж.Жүсіпова. – Алматы: «Көшпенділер» баспасы, 2007. – 160 б.

108 Қазақтың дарқан дастарқаны. – Алматы: «Алматыкітап», 2007. – 240 б.

109 Қамбаров Қ. Қазақтың ұлттық күнтізбесі //Парасат 1998. – № 6. –№ 7. – № 8.

110 Қоңыртаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. – Алматы: Ана тілі 1991. – 135 б.

111 Қани М. Қазақтың көне тарихы. – Алматы: Жалын, 1993. – 349 б.

112 Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей.Ч.1-3. – СПб.,1832. – 135 с.

113 Мақсат А. Қазақ, түрік шежірелерінің зерттелуі // Қазақ тарихы. 2004. – № 4. – Б. 31.

114 Медоев А. Г. Гравюры на скалах. – Алма-Ата, 1979. – С . 377 –37.

115 Маргулан А. Х. Кахазская юрта и ее убранство. – М., 1964. – 125 с.

116 Марғұлан Ә. Х. Ежелгі мәдениет куәлары. – Алматы. 1966. – С. 20 –23.

117 Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. – Алматы, 1985. – Б. 212-217.

118 Миропиев М. Демонологические рассказы киргизов. – СПб., 1888. – 49 с.

119 Мустафина Р. М. Представления, культы, обряды у казахов (в контексте бытового ислама в Южном Казахстане в конце ХІХ-ХХ вв.). – Алма-Ата, 1992. – Б. 59-78.

120 Мерғалиев Т, Бүркіт С, Дүйсен О. "Қазақ күйлерінің тарихы". – Алматы, 2000. – Б.12-14.

121 Мұқанов С. Қазақ қауымы /Ата мұран – асыл қазынан. – Алматы: «Ана тілі», 1995. – 303 б.

122 Маргулан А. Х. Казахское народное прикладное искусство. Т. 1,3. – Алма-Ата: Өнер, 1986-1994. –356 с.

123 Муканов М. С. Казахская юрта. – Алматы: Өнер, 1980. – 220 с.

124 Мекебайұлы А. Ұлттық сана // Жаңа ғасыр. 2006. - № 10. – Б. 35-40

125 Ниязбеков Н. Біз қалай туысамыз. – Алматы, - Өнер, – 1992. –132 б.

126 Нүрпейіс К, Қойшыбай Б, Ұлттық сана дабылы // Жалын. 2004. -№3. – Б. 12.

127 Никонов А. Ю. Алтун Битиг. Тенгрианство. – Алматы, 2000. – 122 с.

128 Нұралыұлы Н. Қазақтардың дәстүрлі отбасы және неке құқықтары. – Алматы: КазМЗА, 2001. – 110 б.

129 Орынбеков М. С. Ежелгі қазақтардың дүниетанымы. – Алматы: «Ғылым, 1996. – С. 19.

130 Паллас С. П. Путешествие по разным провинциям российской империи. – СПб., – С. 140.

131 Плано Карпини мен Рубруктың шығыс елдеріне саяхаты. – М., 1954. – Б. 28. (Атамұра , 1994).

132 Первые лица государства. Политические портреты с точки зрения истории и современности. Под ред. Е.М.Арын. – Алматы, 2001. – 121 с.

133 Плетнева С.А. Кочевники средневековья. Поиск исторических закономерностей. – М., 1982. – 136 с.

134 Прошлое Казахстана в источниках и материалах. Сб.1.(V-XVIII вв.) – Алматы, 1935. – 254 с.

135 Радлов В.В. Из Сибири. Страницы дневника. – М., 1989. – 130 с.

136 Рубрук В. Путешествие в восточные страны. – СПб., 1911. – С. 69..

137 Руденко С. Очерк быта казахов бассейна рек Уила и Сагыза. — Казаки. Антропологические очерки. – Л., 1927. – С. 29.

138 Сатершинов М. Б. Қазақ мәдениетінің теориясы мен тарихының кейбір мәселелері. – Алматы, - 2001. – 160 б.

139 Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды. Т.1. – СПб.,1884. – Т. 2. – М., 1941. – 122 с.

140 Сәрсенбина Г. Ұлттық салт-сана // Ақиқат журналы. – №5. – 2001 . – Б.12.

141 Сейдімбеков А. Әріп, дін және мәдениет. – Жаңарқа, «Өмір» журналы. – № 1. – 1992. – Б. 35.

142 Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті. – Алматы, 1932. – 104 б.

143 А. Сейдімбеков. Күңгір-күңгір күмбездер. – Алматы: «Жалын», 1981. – 210 б.

144 А. Сейдімбек. Қазақ әлемі. Этномәдени пайымдау: оқу құралы. – Алматы: «Санат» 1997. – 211 б.

145 Сәттімбекұлы Р. Табиғат құбылыстары мен жануарлар тіршілігі арасындағы үндестік // Атамекен. 2000, 12 наурыз. Б. 12.

146 Тарақты А. Көшпенділер тарихы. – Алматы: Атамұра-Қазақстан, 1995. – 96 б.

147 Тілеке Ж. Шежіре: Ертіс – Баянаула өңірі. – Павлодар: «Дауа»; «Қазақстан», 1995. – Кт. 1. – Б. 58.

148 Тілемісов Х. Қазақтың ұлттық тағамдары. – Алматы: Қайнар, 1995. – 168 б.

149 Токарев С. А. Алтайлықтардағы тектік артықшыдық сарқыншақтары. – М., 1972. – Т. 1. – 154 б.

150 Тоқтабаев А. Бақсылық сарындар. «Жас қазақ». – Алматы, 1974. – 146 б.

151 Толыбаев Қ. Бабадан қалған бар байлық. – Алматы: ЖШС «Қазақстан» баспа үйі, 2000. – 256 б.

152 Тасболатов Н. Қазақша күнқайыру // Егемен Қазақстан 1996, 31 желтоқсан. – Б. 6-7.

153 Төлбасиева С. М. Тынышбаев- инженер, тарихшы // Қазақ тарихы. 2002. – № 1. – Б. 47-53.

154 Тынышпаев М. История казахского народа. (Сост. и авторы предисловия А.С. Такенов, Б. Байгалиев). – Алма-Ата, 1993. – 145 с.

155 Уәлиханов Ш. Тәңірі [Құдай] // Таңдамалы. – Алматы, 1985. – 160 б.

156 Халид К. Тауарих хамса (бес тарих). – Алма-Ата, 1992. –182 б.

157 Чеканинский И. А. Баксылык (следы древних верований казахов). – Семипалатинск. –Т.1. – С. 75.

158 Чеканинский И. А. Бақсылық. Следы древних верований казахов // Записки Семипалатин. Отдела общества изучения Казахстана. – Семипалатинск, 1929. – Т. 1. – С. 78-79.

159 Штернберг Л. П. Діндегі таңдамалық. – Ленинград, 1986. – 268 б.

160 Щетинкин Д. О способах лечения у киргизов // Тургайская газета. 1895. – № 45. – С. 12.

161 Шаңырақ. Үй-тұрмыс энциклопедиясы. – Алматы: 1989. – 460 б.

162 Шоқпарұлы Д. «Қазақтың қолөнері». – Алматы: «Өнер». 2005. – 154 б.

163 Ястребов М. Киргизские шаманы // Москвитянин, 1851. – № 87. – Кн. 2. – С. 309.

Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………………...3

1 Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы

1.1 Әлеуметтік-саяси ұйымдасу.................................................…..5

1.2 Қазақ қоғамындағы әлеуметтік және субэтникалық топтар.......10

2 Әдет-ғұрып, салт-сана

2.1 Классификациялау мәселесі, түп-төркіні...............................42

2.2 Әдет-ғұрып заңдары.................................................................48

3 Отбасы және неке, туысқандық қатынастар

3.1 Отбасы түрлері........................................................................145

3.2 Неке түрлері.............................................................................159

3.3 Туысқандық қатынастардың ерекшелігі................................195

4 Қазіргі этникалық даму және этнографиялық зерттеу әдістері

4.1 Қазіргі этникалық процесстердің ерекшелігі.......................214

4.2 Ұлттық сана деңгейі және консолидация.............................223

4.3 Зерттеу методикасы, негізгі бағыттар...................................230





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет