Н. Дауенов ДӘСТҮрлі қазақ этнографиясы



бет8/18
Дата24.02.2016
өлшемі1.5 Mb.
#13498
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18

Асар
Асар (салт). Көптік - құдіреттіліктің бір белгісі. "Көп түкірсе - көл" дегеңді айтқан қазақ қаңдай шаруаға болса да жұмыла қимылдаудың артықшылығын пайымдаған. Сондай істері арқылы бауырымалдығын, ынтымағын, бір-біріне ізет-құрметін танытып отырған. Ел ішіңдегі күш-қайраты жоқ, жалғыз ілікті қарт адамдарға камқорлық жасау арнайы ұйымдастырылады. Кеудесіңде жаны бар қазақ қанша қалжыраған халге түссе де ары мен намысын жоғары ұстайды. "Жаным - арымның садағасы" дейтіні содан. Қаңдай қамқорлық жасалса да, сол адамның намысына тимеуі керек. Барлық шара сол негізге құрылады. Сондай шараның бір түрі -асар. Жалғыз басты қарт адамдардың бітпей жатқан жұмысына ауылдың жігіт-желендері жабыла қолқабыс беріп, тез тындырып тастау әдісін қазақтар асар деп атайды. Мұның өмірлік, қоғамдық және әлеуметтік мәні бар. Жұмыс күші кем, ісі бітпей жатқан адамдар осы шараның арқасыңда шаруасын тыңдырып алады.

Асардың да ел қолдаған жөн-жосығы бар. Кез келген кісі асар салмайды. Ел назарын аударған, жұрт қолдаған сипаты сақталады. Күші мығым, қайратты жігіттердің құрбы-құрдастарын жәрдемдесуге шақыруы асарға жатпайды. Асарды үйінде қайратты кісісі жоқ не науқасқа шалдығып қалған, шаруасының науқаны өтіп бара жатқан адамдар жасайды. Ағайын-жұрты мұны қостайды. Сөйтсе де асар салушы жиналған қауымды қанағаттаңдыратыңдай дәрежеде дайыңдалады. Жұмыс істеушілердің қажетіне керектіні толық әзірлейді.

Асар - қазақ арасында біріне-бірі көмек көрсететін ымыралы салт. Ағайынын разы ету үшін қаңдай қиыңдық болса да көптің біріккен күшімен қатар тұрып жеңудің амалы, нақты шара.
Биебау
Биебау - шалғын көкорай,

Күркірей аққан көк өзен.

Шұрқырап жатқан құлын-тай,

Жарыса шапқан желменен.

Биебау - иісі аңқыған

Саумалға толған үр көнек.

Татпағандарды таң қылған,

Қымыздың дәмі бір бөлек.


Ел жайлауға түгел шығып болып, көңілдері жай тапқаннан кейін жылқылы үйлердің әйелдері сабаларын ыстап, қор жинап, қымыз ашытудың қамына кіріседі. Бұл әзірлік біткен мезгілде желі тартылып, бие байлайтын орыңдар тандалады. Шынында бие байланбайды, құлын байланады. Енелері қиып кете алмай, шырғалаңдайды да жүреді. Соңдықтан желі тартылатын жер Биебау деп аталады. Бұл маң шөбі шүйгін, суы жақын, самал соғып тұратын жер болуы керек. Ноқтаға үйренбеген асау құлындар қиналып азап шекпеуге тиіс. Тұмса биелер балажан келеді. Құлынынан ұзамай, желіні айналшықтап жайылады. Шөбі мол болса, биелер тойынады да, жақсы ийді.

Алғаш бие байлаудың өзі қазақ салтыңда бір мерей. Оған арнайы әзірлік жүргізіледі. Жігіт-желең бұл күні ерте тұрып, жарау аттарды ерттеп мінеді. Өрістен айдап келген жылқыларды шашау шығармай биебау басына иіреді, шашыратпай қайырмалайды. Қолдарыңда құрығы бар жігіттер жаяулап жүріп, құлындарды бір-бірлеп бұғалық салып ұстайды. Ырыққа көнбей тулаған асау құлындармен алыса жүріп, басына ноқта кигізеді. Еркіне қоймай жетелеп апарып, желі арқанға тұқыртып байлайды.

Барлық құлып байланып біткен соң, әжелер бастаған қыз-келіншектер жігіттерге сусын ұсынады. Желі басына дастарқан жайылады. Әжелер дұғаларын оқи жүріп, тәңірден молшылық сұраған тілеумен желінің екі басына қағылған қазықтарға ырымдап айран құяады. Содан кейін жиналған жұрт дастарқан басына келіп отырады. Ел қадірлейтін қария ақ батамен дастарқаңды ашады:
Өрісіңе мал толсын,

Ақ тілеуің жар болсын.

Көре алмаған бағынды,

Сындыра алмай сағынды,

Бетін басып жер болсын.

Ит пен құсқа жем болсын!

Балалардың саны өссін,

Абырой мен бағы өссін!

Қорған болса халқына,

Ел сүйінсін даңқына!

Білектері талмасын,

Жүректері сазбасын!

Қалаған тілеулерінді

-Қасындағы елден берсін,

Басып жүрген жерден берсін!..
Игі ниетке арналған ас ішіліп болғаннан кейін тағы бір келелі іс атқарылады. Бұл жұмыс - асау үйрету. Жігіттер асау аттарды, естияр балалар мен бозбалалар асау тайлар мен құнаңдарды үйретуге қамданады. Асауларды ұстау үшін атқа мықты, епті жігіттер тандалады. Бойдақ жылқылар желі басынан аулақтау, оңаша жерге иіріледі. Үйір ішіндегі асаулары жүйрік ат мінген жігіттер құрық салып бұғалықтап немесе ұзын арқанмен шалма тастап ұстайды. Жүген-құрық тимеген шу асаулар да үйретіледі. Үріккен асаулар топтан бөлініп шығып, ешкімді маңайлатпай ыға қашады. Ондай жылқы қашаған аталады. Алғыр ат мінгендер өкшелей қуып жүріп дінкелетеді.

Асау тайларды үйрету үшін әзірленіп тұрған балалар қайратты жігіттердің көмегімен іске кіріседі. Аспанға шапшып мөңкіген асауларды қарулы қолдар тұқыртып шұралайды да, желкеден басады, жеңіл ер ерттеледі. Мұңдай асауға өзінің атқа мықтылығына сенімділер мінеді. Арқасына таңылған ерді түсіріп тастау үшін асаулар мойнын ішке алып тулай жөнеледі. Кейде орғып, кейде басын тұқыртып меңкиді. Тағылық танытып, қайсарлана қарсыласады. Мықты, епті жігіттер бұған ырық бермейді. Асаумен арпалысқа түскен жігіттердің қайратын, айласын елдің бәрі тамашалайды. Тіпті дауыстаған қолдаулар да, тәсіл айтушылар да, жанкүйер-лік етушілер де көп. Мықтылар мақталып жатады. Асауға мінген жігіт қасарысқан арпалыста жылқы мінезінің қыбын тауып, тәсілін асырады. Ырқына көндірудің амалын жасайды. Батыл қимылмен елдің назарын аударады. Үлкен кісілер алғысын айтып жатады. Асау үйрету әдетте екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Асау үйретуші тапқыр айла-тәсілімен көрінуі керек: жылқыны босқа қинамай, екшеп жөнге көндіруге тиіс. Ұрып-соғып көңдіргісі келушілердің қылығы дөрекілік саналады. Малды бұзады деп тыйым салады. Бұл жұмысқа қайта жегілуіне жол берілмейді. Дойырлыққа, қара күшке асау да көнбейді. Мәпелеу, еркелете сипалау арқылы асаудың да қытығын жазып, мінезін жұмсартады. Осы тұрғыдан әр жігіт өзінің беделін асыру үшін де аянбайды. Жылқы мінезін ұғына білу - жігітке бедел. Бұл іс те жігітті сынға салатын қызықтың бір түрі. Бұл әрекеттің тіршілік үшін де мәні зор. Осы арқылы мініс көліктері көбейеді, жұмыс күші артады. Ересек балалар асау тайларды үйретеді. Олар да өздерін болашақ асау үйретушілердің қатарына қосуға дайындалады. Осылайша жұрт та қызыққа батады. Бұл да ел көңілін ашатын ойын.

Биебау басынан басталған қызық асау үйретуге жалғасқан соң әрі созылады да, қара терге малынған асаулар да жуасып көңдігуге бет алады. Енді мама ағашқа байланып, тынықтырылып, суытылады. Әбден ентігі басылып, тері қатып, қызуы тарады-ау деген шамада тай-құнандарды босатып, жылқыға қосып жібереді де, мініс көрмеген ірі асауларды арқандап не тұсап қойып, толық бастыққанша тақымнан босатпайды. Кейде атты жүріс қабілеттілігіне қарай ұзақ пайдаланады.

Бие саууға шыққан әйелдердің көнектерін не ағаш шелектерін білектеріне іліп, биебау қасына қарай жүрісі биелер ағытылғанша тынбайды. Оларды төңіректеп балалар жүреді. Көнек толы саумалдың балдай тәтті көбігін жалауға әуес. Өйткені бұл да биебаудың алғашқы дәмі. Шалғынға жайылған биелердің бұл тұстағы сауыны да жиі болады. Үйіндегі сабалардың бүйірі шығып, бірте-бірте толып, тырсия береді. Ашыған қор ашытқы ретінде құйылады да, сабаларды балалар, үлкен кісілер жиі-жиі піседі. Сол арқылы қымызды ширатып отырады. Пісілуі сирек болса, қымыз іріп, ірімтіктеліп кетеді. Бұл ішуге жарамайды. Пісу - қымыздың бабын асырады.

Осылайша келесі күні-ақ қазақтың көпке ортақ дәмі қымыз дайын болады. Адамдар үй мен үйді аралай жүріп қымыз ішеді. Бұл жүріс секет саналмайды. Бие байланған үйлердің есігі кімге де болса ашық тұрады. Келген кісілерге қымыз құйылады. Бұл –қазақтың бұлжымас салты.
Кеусен
Кеусен (дәстүр). Бұл егіншілікке байланысты айтылатын сөз. Әдетте егін пісіп, мол өнім алынғанда егіншілер туған-туысқандары мен ауылдастарына астық береді. Оны «кеусен» деп атаған. Бұл малшылардың «көгентүп» беретіні сияқты мырзалық дәстүрдің бір түрі.
Көгентүп
Көгентүп (көгендік). Бір-біріне жақын туыс, ілік, жұрағат адамдардың баласына ескерткіш, сый ретінде берілетін мал: (қозы, қой, бұзау, құлын, тай, бота, тайлақ, ат). Бұл бала үшін сый, қуаныш болса, оның ата-аналары үшін құрметтеудің белгісі десе де болады. Көгентүп беруді малды ауылдардың әлі де пайдаланып жүрген жақсы, жарасымды салттарының бірі.
Қолкесер

Қолкесер (дәстүр). «Ділдебек қолкесерім деп санның шақпақ етінен пышақты салды да жаяның қыртысынан апарып бір-ақ шығарды». (Ғ. Мүсірепов). Біреудің соғымын сойысқан соғымшыға үй иесі «қолкесерің» деп сыбағалы етін береді. «Қолкесер» білетіндердің айтуынша соғым союшының байқаусызда қолын кесіп алса соның төлеуі ретінде шыққан көрінеді.
Салбурын
Салбурын (салт). Бұл аңшылық термин. Аңшы, саятшы жігіттердің топ болып, бірнеше күн бойы аңға шығуын «салбурын» деп айтады. Мұны аңшылық мерекесі десе де болады. Мұнда алған аң бәріне бірдей тең бөлінеді. Ауылдағы ақсақалдардың жолы бөлек есептеледі. Салбурын аңшылардың ерлігі мен ептігін, азаматтығын сынайтын жол.
Лау
Лау (ғұрып, дәстүр). «Атшабар келді лепілдеп, «Ояз шықты, сияз бар», «Ылау» деп, - үй» деп дікілдеп (Абай). Бұрынғы кездерде лауазымды адамдар немесе көліксіз кісілер әр ауылдан лау мініп, яғни жұрттан көлік алып жететін болған. Лауға ат, арба, түйе пайдаланылады.
Уызқағанақ
Көктемгі мал төлдету науқанынын, әсіресе, қой қоздайтын кездік қат-қабат қарбаласы көп. Қойдын арқасынан күн өтеді, аузы көкке тиеді. Осы кездегі отардағы төлден қой зарлай маңырап, ауылда калған төліне қарай бөліне қашса, әлі төлдемегендері көк қуалап, ол өз бетінше шашырай жайылады. Бұл аз дегендей, өрісте қағанағын жайып, төлдеп қалатын қойлар өз алдына әр түрлі қамқорлықты кажет етіп жатады.

Осындай қат-қабат қиындықты жеңілдету үшін қойшы қауымы ауылдағы есі кіріп қалған балаларды қолғанат ету үшін өріске ала жүруді қалайды. Тілін таппаса балаға зорлық жүрмейді. Сондықтан да қойшылар уызқағанақ пісіреміз деп балаларды еліктіре ертіп, отарымен бірге өріске алып шығатын болған.

Әрине, шопан уәдеге берік болуы керек. Отар өрістен барып, байырқалаған кезде шопан қойды балаларға қайырмалатып қойып, уызы қатпаған қойларды сауады.

Сол жерде қанжығасындағы бақырашын суға толтырып, ішіне уыз толы аузы буылған бүйенін салып, тобылғы бүрін тұтата кояды. Суы бір бүлк етсе бітті, уыз шіркін қата қалады. Сөл суынған соң, бүйенің бүйірін шопан бәкісімек сырт еткізгенде ақ уыз жарықтық иісі бұрқырап, туырылып түседі. Шопан да мәз, балалардың қуанышында да шек жоқ. Мұнан кейін ауыл балалары өріске баруға өздері тіленіп тұрады. Шопанға керегі де сол, қолы бір босап қалады. Ал шаруа баққан елдің баласы үшін осының бәрі — өмір мектебі.

Қазақ тіліндегі «қағанағы қарық болды» деген сөз тіркесі осы көктемгі уыздың молдығына қарай айтылған. Ел аузындағы:

«Қойым жайып келемін бозқағанаққа, Өзім тойып келемін қағанаққа», - деп айтылатын өлен де осынау молшылық кездегі көтеріңкі көңілдің бір айғағы.


Сыралғы
Сыралғы (дәстүр). «Батырдан-сауға, аңшыдан-сыралғы» (мәтел). Олжалы, қанжығасы қанданып келе жатқан аңшыдан немесе саятшыдан кездескенде сұралатын жол. Мәрт аңшылар мұндайда «сыралғы» сұрағанның сөзін жерге тастамайды.
Сірге жияр
Күзге қарай шөп буыны қатқан кезде, бие ағытылып, бұзаудан сірге алынар шақта жайылар дастарқан дәмін сірге салып, енесімен бірге өріске жібереді. Сіргелі бұзау оты қанып жайылғанымен, енесін еме алмайды. Дәлірек айтсақ, бұзау сіргесі шабына тиген сиыр емізбейді. Сірге бұзаудың да, сиырдың да еркін жайылып, семіруі үшін пайдаланады.

Күзде ауыл балалары семіз бұзауға шалма тастап, сіргесін алып, құлыннан ноқта сыпырылып, бір науқан жұмыс болады. Бұл күнге арнайы ет асылып, бірнеше күн бойы жиналған сірге жияр қымыз ішіліп, үлкен адамдар мал бастың амандығына бата беріп, игі тілектер айтысады.


Сірге мөлдіретер
Сірге мөлдіретер (дәстүр). «Бие ағытар күні берілген қымызды «сірге мөлдіретер»—дейді (ҚСЭ. 7-том. І00-бет). Бұған ауылдың ақсақалдары мен аналары, ел ағалары шақырылады, олар риза болып, алғыс айтып, бата береді. Кей жерлерде мұндай дәстүрді «сірге-жияр» деп те атайды.
Шөміш қағу
Көкек айында, әлбетте, күн жыли бастайды. Сол кезде күн күркіреп, көкте найзағай жарқыл салады. Мұндайда ел-жұрт еңсе көтеріп, жадырай серпілісіп: «Күн күркіреді, көк дүркіреді», - десіп жатады.

Осыған орай жасалатын ырымды «шөміш қағу» деп атаған. Үйдің босағасына, мандайшасына, табалдырығына шөмішті тигізіп:

-Құдайым, Жарылқа,

Береке мол болсын,

Ынтымақ артсын,

Адалдық болсын,

Амандық болсын,

Ырызық көп болсын,

Уайым жоқ болсын.

десіп игі тілекпен тірлікке тәу еткен.

Халық жылдың әр мезгілінің ерекшелігін, қадір-қасиетін, болмысын даналықпен байыптай да, бағалай да білген. Оның тәрбиелік, тағылымдық жағына өте мән беріп, ұдайы ол дәстүрді осылай еске алатын болған.
Шашыратқы
Мал басының есімі мен амаңдығы қашан да береке мен қуаныш кепілі. Сондықтан да малдың қас-қабағына ден қойған шаруақор бабаларымыз "күйек алу" қойға қошқар қосу науқанына айрықша мән беріп, үлкен үміт-тілекпен кіріспек.

Қазақ малшыларының тәжірибесінде үркер туатын қазан айының аяғына қарай қошқардан күйек шешіледі. Күйек алу үшін әдетте сәтті күн деп сәрсенбі, бейсенбі, жұма сияқты күндер тандалады. Сол күні тілеуқор аналарымыз малдың басына келіп, "іске сәт" деп, малдың қысыр қалмауына тілектестігін білдіреді. Сол жерде шашу шашып, малшылардың көңілін жадыратады. Шашу табағының ішінде әдетте бірер уыс тары болады. Отар иесі сол тарыны уыстап алып, бір саулығын ұстайды да, "төл тарыдай көп болсын!" деп әлгі тарыны қойдың алдына қояды. Ал кешке қарай жаңағы тілеуқор анамыз малшыларға шашыратқы деп аталатын тағам таратады.


2.2.3 Исламға, имандылыққа байланысты және қаза болғанда жасалатын әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер
Айт
Айт (діни салт).— «Айт құтты болсын!»—«Айтсын, жақсылығы бірге болсын». (Б. Майлин). Айт мұсылмандардың діни мерекесі. Ол ораза айты, құрбан айты деп аталады. Ораза айты отыз күн ораза біткеннен кейін болады.

Құрбан айты да мұсылмаңдардың бас мейрамы. Ол әр жыл зұлхижжа (маусым) айының 10 күні басталып үш күнге созылады. Бұл Меккеге қажылыққа бару кезінің аяқталуына сәйкес келеді. (Зұлхижжа — қажы-лыққа баратын ай).

Құрбан айтында әр мұсылман дін құрметіне, әруақтарға бағыштап (арнап) мал сойып, яғни құрбан шалады. «Бұл да мұсылманшылықтың басты бір парызы. Әрбір пенде өзінің Алла тағалаға рухани да, дүниелік те жақындығын, яғни қалтқысыз адалдығын көрсету үшін белгілі бір уақытта аты аталып шалынатын мал құрбандық малы делінеді («Мұхтасар» 147-бет). «Құрбанға жарайтын хайуандар: қой, ешкі, сиыр және түйе. Бұлардан басқа хайуандардан құрбан болмайды («Ғылымхал» 97-бет. Ыстанбул — 1991 ж). Қой, ешкі, сияқты ұсақ малдарды бір адам, сиыр, түйені жеті адам бірігіп құрбандыққа шалуына болады: Оларға «Құрбандық қабыл болсын»— дейді. Ауру, ақсақ, соқыр, жаралы, қотыр малды құрбандыққа шалуға болмайды. Құрбандық еті көпшілікке беріледі.

Айт күндері адамдар бір-біріне айтқа құтты болсын айтып, құттықтайды. Ашу — араздық болса татуласады, қателігін кешіреді. Айт күні, ораза кезінде қайтыс болғандар жақсы, иманды адамдар деп саналады.—«Айт күні қайтқаны тілеулері дұрыс екен бишаралардың»... (Б. Майлин).


Айттық
Айттық (дәстүр). «Бір топ ауыл қыдырып «айттық» алып жүр». (Б. Майлин). Айт күні «айттық»—деп сұраған адамдарға берілетін сыйлық. Оны ақшалай да, заттай да беруге болады. Бұл айтты да, дәстүрді де, сұраған адамды да құрметтеудің белгісі болып табылады.
Ақсарбас
«Ақсарбас» (діни ырым). «Әруақтарым, қолдай гөр! Ақсарбас!—деп баланы, шақырып, айғайлай бастайды» (М. Әуезов). Адамның қауіп-қатерге ұшырағанда, жаны қысылғанда алла атымен айтқан құдайысы. Мұндай жағдайға ұшыраған адам «Ақсарбас» деп үш рет айтуы керек. Аман қалған кісі осыдан кейін ел-жұртты шақырып, құдайы береді. Ақсарбастың үш түрі бар. Олар бозқасқа, көкқасқа және қызылқасқа. Бозқасқа десе — қой, көкқасқа десе — жылқы, қызылқасқа десе сиыр құдайы береді.
Аманат қою
Аманат қою (ғұрып). «Әбішті жерге, лахатқа Майқан мен Өтегендер өз қолдарымен қойып жатып «Аманат», «Аманат!» десті. (М. Әуезов). Аманат қою «әзірше жерлеу» - деген мағынаны білдіреді. Марқұмды өз жеріне апаруда немесе қатты қыста, ауа-райының қолайсыз жағдайына байланысты өлік аманат қойылады да, кейін тиісті жеріне апарылып, қайта жерленеді. Мұндай жағдай қазақ арасында бұрын жиі болып тұрған. Мысалы, Абайдың сүйікті ұлы Әбдірахман аманат қойылып, артынан сүйегі еліне әкелінген.
Ас беру
"Тау қанша биік болғанмен, басын бұлт шалады" деп болжайды қазақ өмір ағысын. Бұл санамен түйген ойы. Адамда гүл секілді, құлпырып жетіледі, көркейіп толысады, ақыры суық ұрып солады да, тозады. Табиғат ғылымы да, өмір тәжірибесі де соны растайды. Қазақ ұғымында адам өмірін құрсайтын бұлт — қаза, ойнап-күліп жүрген адам тынысының тынуы. Бұл ұрпағының жанына зіл салмағымен батса да, төзуден басқа амалы жоқ. Алайда тірілер өлінің де жайын ұмытпайды. Қайықтың сусызбен, адамның жолсызбен жүрмейтіні сияқты, тірілер өтеуге тиісті борышын халықтық салт жоралғысымен жүзеге асырады. Бұл ізгі ниеттің нышаны.

Бұлжымас салттың бірі - қайтыс болған адамның дүниеден өткеніне жыл толғанда арнайы берілетін асы. Еске алудың кең жайылған дастарқаны.

Адамның тірлігі - өмірден алған есесі.

Дүниеден өткеннен кейін жұрт:

Құлпырып тұрған қамқа тон.

Шүперек болар тозған соң.

Бүрлеп түрған бәйшешек,

Қурай болар солған соң.

Қайғырғанмен пайда жоқ,

Жазуы солай болған соң.

-деп, қайғырса да, жазмышқа мойын сұнады да, өмірден өткен кісінің қадірін ілтипатпен еске алысады. Ас беру - осы ұғымды іс жүзіңде орындаудың белгісі. Асқа шақырылған құда-жегжат, ағайын-туыстары арнайы әзірлеген дәмді, қымызды ала келеді. Бұл бата оқыр деп аталады.

Салт бойынша асқа арнайы дайыңдық жүргізіледі. Үрім-бұтағы бұл міңдетті өтеуге шын ықыласын салады. Бұл тірілердің аруаққа сый-құрмет көрсетуі, ықылас-пейіліне берілетін баға. Осы жәй қазақта ең алдымен еске алынады. Соған орай асқа сойылатын жылқының жал-құйрығы күзеліп, бос жіберіледі. Ешкім мініп-түспейді, жұмысқа жекпейді. Тіпті, қанша қаныпезер қарақшы не баукеспе ұры болса да мұңдай малға қол тигізбейді, тиіспейді. Тұлдап жіберілетін мал қайтыс болған кісінің салмай мінетін не өте жақсы көретін аты болуы керек. Әйтпесе ағайын-туғаңдары кеңесіп ұйғарған жылқы болуы шарт. Басқа мал асқа шақырылған елдің мөлшеріне қарай сойылады. Бұған сиыр, қой ұйғарылады. Соңда да арнайы аталған малдың етінен келгеңдер түгел ауыз тиюге міңдетті.

Астың өтуі әрқилы. Қайтыс болған кісінің абырой-атағына, бет-беделіне қарай астың аумағы үлкен-кіші көлемде өтеді. Ал тым жас кеткен қыршынға жұрт қатты қайғырып, арманына жетпей өткенін өкінішпен еске алысады. Керісінше асарын асап, жасарын жасап жасы жеткен, дүние қызығын молынан көріп өткен адам үшін жұртқа ас-суы беріліп болғаннан кейін, астың арты салтанатты думанға ұласады. Бұл да қазаққа тән қылық.

Ас берудің түрлі жоралғыларына ауыл-аймақтағы туған-туыстары түгел қатысады. Ас берілетін мезгілге дейін ақтыққа арналған дәмді тағамдарды әзірлейді. Сабамен қымыз жиналады. Дұға оқып, мал да сойылады. Ас күні жегжат-жұрат, көңілдес адамдар бата оқырға ала келген астарын дастарқанға салады. Шелпек пен бауырсақ та пісіріледі. Тағамның мол болуы шарт.

Асқа арналған жылқыға бата жасалып, құран оқылады да, бір-екі күн бұрынырақ сойылады. Мал бауыздалар алдыңда асы берілетін кісінің бала-шағасы, туыстары басын құшып, ақ ниеттерін білдіреді, сауабын тілейді. Бұл асы берілетін кісіге арналған ақтық құрмет, ақырғы ырым болғандықтан, олардың мұң шағып, мауқын басуларына жол беріледі. Молда сойылатын малға құран оқуды бастаған кезде жылау тоқтатылады. Жиналғаңдар иманға ұйыйды.

Осыдан кейін сойылған малдың еті қазанға салынып, түгел пісіріледі. Піскен ет арнайы тігілген жеке үйде ұсталады. Ел жиналып болғанша сақталады. Бұған қоса жегжат-жұрат, ағайын-туыстарынан әкелінген атау тағамдар мен қымыз да сол үйге жиналады. Ет салынатын табаққа сыбаға салу жұмысын басқаруға бұл жүйені білетін, елдің көңілін табатын адам қойылады. Ол барлық жілікті ретімен әзірлейді.

Елдің алды келгеңде-ақ табақ тартыла бастайды. Қонақтарды күтуге бөлінген жігіттер ет жасаушыға табақ тартылатын кісілердің аты-жөнін, қайдан келгенін хабарлап отырады. Соған лайық тартылатын табақ әзірленеді. Жігіттер табақтарды өз лайығымен үй-үйге апарьш тартады. Қазақ салтында табақ тарту да аса зор құрмет. Сый-сияпаттың мәнін аңғартады. Тіпті адамдардың парасаты да сол тартылған табақтағы мүшелердің орнымен өлшенетін кездері де бар. Әсіресе құдалар мен алыстан келген ағайындарға ерекше назар аударылады. Асқа арналған дәм артылып калмауға тиіс. Тіпті мол болған күнде үйде сақтамайды, көрші-қолаңға ақырғы түйіріне дейін қалдырмай таратып береді. Мұның сауабы мол деп саналады.

Қазақ салтыңда аста да ат шаптырып, бәйге ойыны өткізіледі, палуаңдар күреске түседі. Бұдан басқа ойын-сауық түрлеріне жол берілмейді. Аса зор ұлы думаңды астардың салтанаты қазақ өміріне арналған әдеби шығармаларға арқау болғаны көп. Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясында бұл жәй мол қамтылған. Қазақ өмірінің жалыңды жыршысы Ілияс Жансүгіровтің "Құлагер" дастаны да соның бір айғағы. Мұңдай салтанат та асы берілген адамға көрсетілген соңғы құрмет болып саналады.

Ас беру - аруаққа арналған тағам таратудың соңғы түрі. Ел ұғымыңда мұның өліге де, тіріге де сауабы мол. Адамдардың ата-анаға, дүние салған адамына деген ықылас-бейілін танытуы. Сондықтан қазақ баласы "Өлі разы болмай, тірі байымайды" деп, аруақтың құрметін айрықша сыйлайды. Бұл да халық нанымына әзіңдік игілігімен сіңген ізгі дәстүр.
Арыздасу
Арыздасу (салт). «Арыздасып кетпедің, Шақырып алып халқыңды» (Әйекенің жоқтауы). «Мақұлдасып, қолдасып, Ахиреттік жолдасы» (Ә. Оспанұлы).- «Арыздасу» немесе «мақұлдасу» өмірден өтіп бара жатқан (өлім алдындағы) адамның кейінгі туыс-туғандарымен, балаларымен соңғы рет тілдесіп, кешірісіп, ел-жұртымен мен қоштасуы, ақырғы сөзі.
Әруақты еске алу
Үші, жетісі, қырқы және жылын беру (дәстүр). Ересек адамдар қайтыс болған соң үшінші, жетінші, қырқыншы күні әруақ еске алынып, аталып өтеді. Арнаулы мал сойылып, алыс-жақыннан ағайын, жақындары келіп дұға оқиды. Мал әкеліп, бата қылады. Жоқтау айтылады, әруақтың жақсы істері, қасиеттері әңгіме болады. Кейінгі ұрпақтарына, жақындарына тілектестік білдіреді. Марқұмның басына ескерткіш белгі орнатылады.

Адам қайтыс болған соң бір жыл толғанда оның жылы беріледі, дұға оқылады. Бұл марқұмға көпшілік болып жасалатын соңғы құрмет. (Бұдан кейін еске алуды отбасы өздері жасай береді). Жылынан соң қаралы үй қалыпты жайға көшіп, қызықты өмір тіршілігіне араласады.

Мұндай рәсімдер сәбиге жасалмайды. Жасалған күнде де отбасы болып атап өтеді.
Бата оқыр
Бата оқыр (ғұрып). «Бата оқырын қалай жасасын дейді» (М. Әуезов). Қайтыс болған адамға жақын-жуықтары мен ілік-жұрағаттары арнайы келіп бата қылады. Оның мәнісі — қайтыс болған кісінің әруағына жылқы, сиыр, қой сияқты сойыс әкеледі немесе қазіргі жағдайда ақша береді. Дұға оқытады. Бұл сыйласудың әрі қарасудың белгісі ретінде негізделген. Дәстүр бойынша адамы, туысы қайтыс болған адамдарға үйіне әдейі барып көңіл айтады, ет жақындары бата оқыр жасайды жақыны қайтыс болған адамды далада кездестіру үлкен ұят саналады. Мұндайда әлгі адамның өкпе айтуға хақы бар. Бата қылу — сыйластық пен адамгершіліктің, жақын көңілдің белгісі ретінде қалыптасқан ғұрып. Мысалы: М. Әуезов Құнанбайдың Бөжейдің бата оқырына барғанын: «Құнанбайдың үлкен үйі үш саба, бір ту бие, бір тай сойыс апарады. Және азаға салғаным деп Зере мен Ұлжан түйе апаратын болды» деп жазған.
Жан беру
Жан беру (ғұрып). «Келе жатыр дегенге, Жан берсен де нанбаймын» («Ер Сайын»). Қай жерлерде мұны «кепілге шығу» деп те атайды. Ауыр жазаға не өлім жазасына кесілген адамның ақтығын дәлелдеу үшін бір адам «жан беруге» шығады. Ол адам би, молдалар алдында кебін, яғни ақ киініп, мола басына барып (кейде мола ішіне түсіп) немесе өлікке құрған шымылдыққа кіріп, жазаға тартылған адамның ақтығына «жанымды беремін» деп ант береді. «Жан беру» деген осы. Халық ұғымы бойынша жан беруші адам өтірік куәлік берсе, ол сол жерде өліп кетеді деп түсінген. «Жан беруден» кейін істің ақтығына күмән қалмайды. Одан әрі өкім жүрмейді» (А. Байтұрсынов).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет