Н. гумилева ministry of education and science of kazakhstan



бет10/46
Дата13.06.2016
өлшемі5.56 Mb.
#131499
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46

Результаты исследования

По результатам проверочного списка навыков для детей дошкольников с аутизмом было выявлено, что у испытуемых детей с аутизмом сформировались навыки первой группы, вследствие чего, принято решение переходить на следующий более высокий уровень навыков.

Результаты теста для диагностики раннего детского аутизма составил у 5 летнего ребенка 33 баллов, у 5.6 лет ребенка 37 баллов, у 6 летнего ребенка - 36 баллов, что соответствует мягкой или умеренной степени аутизма.

После того, как мы установили уровень детей, было выбрано 16 задач, по которым учили следующие 3-6 месяцев. Общее количество ограничено для того, чтобы обеспечить достаточно тренировки (повторения) одних и тех же упражнений. Занятия начались с 3-5 заданий и постепенно увеличивались, по мере того, как дети проявляли больше терпения и усидчивости.



Обучение новым навыкам, путем оценки успехов с помощью фиксирования данных процесса обучения, и выявления среднего показателя (формула: количество правильных реакций делим на количество выполнений и умножаем на 100%) показал следующие результаты.


п/п

Программа

Ребенок

5 лет

Ребенок

5,6 лет

Ребенок

6 лет

1

Устанавливает зрительный контакт

26%

32%

44%

2

Имитирует основные движения

6%

13%

62%

3

Имитирует действия с предметами

30%

37%

84%

4

Имитация произносительных движений

0%

13%

74%

5

Части тела

0%

0%

75%

6

Предметы

0%

0%

75%

7

Узнавание знакомых людей

6%

7%

93%

8

Глаголы (команды и действия на картинках)

4%

5%

98%

9

Окружающие предметы

0%

0%

71%

10

Сопоставляет

0%

0%

100%

11

Цвета

0%

0%

10%

12

Формы и фигуры

0%

0%

10%

13

Числа

0%

0%

50%

14

Повторяет конструкцию с кубиками

0%

0%

100%

15

Копирует простые рисунки

0%

0%

95%

16

Эмоции

0%

0%

55%

Итого: средний показатель

4%

6%

68%

Таким образом, в ходе исследования была изучена степень влияния психолого-коррекционной работы направленных на создание социально-полезных навыков на положительные результаты для детей с аутизмом.

Учитывая вышеуказанное, мы видим, что средний показатель ребенка, который получал интенсивное обучение по 30 часов в неделю значительно выше и составляет 68%, чем у детей, с которыми занятия проводились по 6 часов в неделю и составляет 4% и 6%.

В результате психологической работы по преодолению поведенческих трудностей у ребенка 6 лет, было сформировано понятие ситуации занятия. Ребенок стал более усидчив, появился интерес к занятиям, объем внимания увеличился, на более продолжительное время удерживает инструкцию педагога. Понимание на обращенную речь в контексте данной ситуации, интонацию взрослого увеличился. Выполняет простую инструкцию, подкрепленную жестом. Реагирует на слова запрета и поощрения.

При наблюдении за психическим статусом детей 5 лет и 5,6 лет, на первый план выступают нарушения в социальном взаимодействии и коммуникации, повторяющиеся, стереотипные формы поведения, интересов и деятельности. Трудности понимания обращенной речи, мышление преимущественно наглядно-действенное, внимание неустойчивое, «избирательное», быстро пресыщается деятельностью, отвлекается.

На основании вышеперечисленного, мы видим что, наше предположение, о том, что аутизм как синдром поведенческих дефицитов и избытков, которые имеют неврологическую базу, могут меняться под воздействием специальных, тщательно спланированных, конструктивных взаимодействий с окружающими подтверждается.


Заключение

Детям с аутизмом необходима длительная помощь, целенаправленные усилия семьи, учителей, воспитателей, врачей, психологов. Постоянная психолого-коррекционная работа, направленная на создание социально-полезных навыков, дает положительные результаты для детей с аутизмом, тогда как недостаточное проведение вышеуказанной работы приводит к задержке по всем сферам развития ребенка.

Необходимо подчеркнуть, что на долю родителей выпадает наиболее трудная роль по развитию и подготовке аутичного ребенка к жизни. Успех социальной адаптации аутичного ребенка, занимающегося в коррекционной группе либо другом специальном учреждении или на дому, тесно связан с возможностью координации действий родителей, врача, психолога и педагога.

Не каждого аутичного ребенка можно вывести на уровень массовой или вспомогательной школы. Но и в случаях, когда он остается в пределах дома, труд специалистов работающих с ним и родителей будет вознагражден тем, что ребенок станет ровнее в поведении, более управляем; у него разовьется интерес к какой-либо деятельности, которая заменит бесцельное времяпрепровождение и сделает его поведение более целенаправленным, эмоционально насыщенным и контактным.

Хочется также отметить, что в настоящее время информированность общества про детский аутизм очень низка. Конечно, люди, специализирующиеся на них обладают достаточной информацией, но большинство людей мало или совсем ничего не знают про это заболевание. Нужно информировать общество, ведь согласно современным данным, каждый пятисотый ребенок страдает аутизмом, а это немаленькие цифры.

Из выше сказанного, можно сделать вывод о том, что только развитая сеть социальной помощи может обеспечить нормальную психологическую обстановку в каждой семье, имеющей ребенка с отклонениями. В частности, это может обеспечиваться и самими родителями при объединении их в ассоциации.

Обмен опытом, контакты с людьми, имеющими аналогичные проблемы, и их моральная поддержка также позволяют родителям избавиться от чувства одиночества, безысходности и незащищенности. Семейная ситуация перестает восприниматься только в черном свете, родители начинают видеть и положительные стороны своей жизни. Это снижает остроту психологического отвержения больного ребенка и позволяет родителям ощутить радости от материнства и отцовства. Родители начинают понимать, что больной ребенок является не столько обузой, сколько источником, способствующим их духовному расцвету. Ежедневное общение с ним коренным образом меняет их мировоззрение. Они становятся гуманнее и мудрее, осознавая, что все люди имеют право на существование и любовь независимо от того, похожи они или непохожи на других, учатся они, или нет. Такое «прозрение» родителей является благом для всех – отца, матери и их ребенка – и играет решающую роль в гармонизации семейных отношений[3].
Литература


  1. Депутатский запрос на имя Премьер-министра страны по проблемам детей, страдающих аутизмом от 23.06.2010 г. www.muratabenov.kz, www.muratabenov.com.

  2. Никольская О. С. Баенская Е. Р. , Либлинг М. М. Аутичный ребёнок (пути помощи). Москва.1997. - 286 с.

  3. Карвасарская И.Б. Из опыта работы с аутичными детьми - М.: Теревинф, 2003 - 70 с.


ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУ ЖАҒДАЙЫ
Иргебаева Н.М.

Абай атындағы ҚазҰПУ
Мемлекеттің басты байлығы интеллектуалды, яғни ойлы, ақылды, түрлі кедергілерді барынша ешкімнің дамуына кедергі келтірмейтіндей етіп шешуге мүмкіндігі бар азаматтары.Интеллектуалды ұлт деп танылудағы басты құрылымдардың бір саласы рухани бағытта жүйелі жұмыс атқарып отырған білім беру ұйымдары. Білім беру ұйымдарында білім алу арқылы жастардың рухани байлығының молайып, саясат, экономика, әлеуметтік мәселелерді аңғару, әлемдік аренадағы мемлекеттің бет бейнесі туралы түсніктер, яғни дүниетану көкжиегі кеңейеді. Жоғары оқу орнында оқу уақыты жастық шақтың екінші кезеңімен және ержету шағының бірінші кезеңіне сәйкес келеді. Бұл кезеңде жеке бой сызықтарының ( бұл процесс Ананьев Б. Г., Дмитриев А. В. Кон И. С. Лисовский Т. И. және басқалардың жұмыстарында талданған) дамуының күрделілігімен ерекшеленеді/1,/. Тұлғаның өнегелі дамуының сипатты белгісі мінез – құлықтың қалыптасуына әсер ететін себептердің көптігі. Бұл кезеңде білім алушылардыңтәуекелшілдігіне мотивінің үнемі сәйкес келе бермеуі, өзінің жасаған ісін алдын ала болжап көре алмауы басым болатыны, яғни албыртығы байқалады.

Әлемнің екінші ұстазы әл-Фарабидің мәнін жоймаған: «Адамның дене мүшелері хақында», «Аристотель мен Галенге қарсы айтылған дау хақында», «Аристотель мен Галеннің арасындағы дәнекер», «Түс көру туралы сөз»т.б.трактаттарындамедициналық психологиянының кейбір жақтары талданған.әл-Фараби: адам нәтижелі еңбек етіп, дұрыс дем алып, жақсы өмір сүру үшін тән саулығына ерекше назар аудару қажеттігі, «тәнді емдеуөмірді ұзартатын болса, жанды емдеу онан да жақсы нәтижеге жеткізуі тиіс» деп,организмнің физиологиялық әрекетіне тәннің, дененің жеке мүшелерінің атқаратын қызметіне, әсіресе жүйке саласының әрекетіне ерекше мән берген. Ол тән мен жанның әрекеті үшін аяқ пен қолдын, бірлескен қызметін айтумен қатар бүкіл организмді басқаруда жүрек негізгі рөл атқарады, тіпті жан қуаттарының жұмысына да жүрек басшылық етеді дейді. Оның пікірінше, жүрек тіршілік атаулының, денсаулықтың, өмір сүрудің негізгі арқауы/2,23б./.

Ғылымда студент ерекшеліктерінің психологиялық, биологиялық, әлеуметтік жақтары қарастырылады. В.Т. Лисовскийдің пікірі бойынша студент: оқуға, ғылымға, мамандыққа; қоғамдық-саяси істерге (белсенді өмірлік ұстанымға);мәдениетке (жоғары руханилыққа); ұжымға (қарым-қатынас жасауға) бағыттылық бойыншасипатталады /3, /. И.А. Зимняя студентте білімнің жоғары деңгейі;жоғары деңгейдегі танымдық мотивация; жоғары деңгейдегі әлеуметтік белсенділік;зияттылық және әлеуметтік кемелденудің үйлесімібайқалатынын жазады /4, /.

Ғылыми зерттеулерде студенттік шақтағы жаңа құрылымдарға мынадай сапалар жатқызылған: Ересектік сезімінің артуы; Ерік– жігердің дамуы; іс–әрекетінде рефлексияға қабілетің артуы; Логикалық ойлауға мән беру; Іс –әрекетінде бейнелік ес– сапаларының қарқынды көрінісі; Ақыл– ой әрекетінің жеке дара мәнді сипатының артуы; «Мен» тұжырымдамасының мәнінің артуы; Конформдық мінезге мән беріп, оны өз әрекетінде қолдануға мән беру. Перцепцияға ұмтылыстың басымдығы: Өмірдің мағнасын түсінуге талпынысы; Ғылыми ізденіске талпыну; Эмпатия/5,51б/.Әрине, сапалар тізбегі бұдан да көп.

Студентік шақта қарым– қатынастағы эмпатияға ерекше мән беріледі. М.Гаурон эмпатияны өз зерттеулерінде: «Басқаларды бейнелеу, түсіну процесіндеді когнитивтік қатынас; Субектінің эмпатия обектісінің күйзелісін сезінуі, күйзелісті өз болмысынан өткізудегі эмоциялық қалпы; Субекттің басқаның эмоциялық тәжірибесіне тікелей қатысудағы жігерінің көрінісі» деп қарастырады. Ал, В.В.Бойко эмпатияның басты компонентінің критериіне қарай мынадай түрлерге бөледі: «Басқа адамға қатысын, көңілін білдіру ол туралы ақпаратты интенсивті өңдеу арқылы іске асатын рационалды эмпатия. Эмоциялық эмпатия, эмоциялық тәжірибе арқылы болатын басқа адамның жағдайын бейнелеу процесі. Интуитивтік эмпатия серіктесі туралы ақпаратты бейсаналық деңгейде талдайтын басқаның интуициясын бейнелеу сапасы»/6, 21 б/.

Эмпатия барлық адамға тән сапалардың бірі болғанымен адамның жай күйін, күйзелісін сезіну, оған қолдау көрсетуге қазақ халқы ерекше мән берген,оны кісіліктің, адмшылықтың белгісі деп есептеген. Студенттік шақ жастардың өз ісіне ерекше мән беріп, ойы мен бойын түзеудегі барынша кемел кезі. Студенттің өзіне өзі талап қойып, өз ортасындағы орны мен беделін, көшбасшылық сапаларын саралап, өмірде өз қабілетіне қарай орнын табуға ұмтылудың мәнінің артатын кезі. Ол студенттің осы уақытқа дейінгі жинаған өмір тәжірибесі мен алған білімінің, өскен ортасының және алдына қойған мақсатының нақтылығына, сезімталдығына,ерік– жігеріне де байланысты. Осының бәрі студенттің денсаулығына байланысты.2012 жылғы 26 желтоқсандағы«Қазақстан-2050» стратегиялық жолдауда Н.Назарбаев «Ұлт денсаулығы біздің келешек жетістігіміздің негізі» деп көрсетті /7/.

Денсаулықтың басты көрсеткіштері қан айналымының дұрыс жұмысы мен байланысты организм иммунитетінің күшінде. Бұл жүйке жүйесінің қызметіне ықпал етеді.Жүйке жүйесі организмнің түрлі жағдайда қызметін сақтап қалу үшін үнемі әрекетте,қозуда болады.

Адамың денсаулығына кері әсер ететін жағдайлар: Қалыптасқан күн режимінің болмауы; Тамақтанудағы кездейсоқтық,немесе мүлде уақыттың болмауы; Түрлі еліктіргіш заттарға құмарлану, салыну; Дененің суық алдыруы (жас кезде білінбегенімен, ұлғая келе бәрінің де әсері байқалады, өмірде із түзсіз жоғалатын ешнәрсе болмайды); Өмірдегі сан алуан стрестер. Әрине, стрессіз өмір жоқ. Бірақ әр адамның стрестің мәні мен мазмұнына қарай әсерленуі әр түрлі сатыда,түрлі мағанада жүруінде.Білім алу инемен құдық қазғандай деген сөздің мәні ой жұмысының, білім алу процесінің күрделігін білдіреді Бірлескен танымдық іс- әрекетте оқытушы мен білім алушылардыңмотивациялық-фондық, интеллектуалдық - танымдық, эмоциялық-еріктік және коммуникативтік - мінез- құлықтық ерекшеліктері дамып, реттеліп, бақыланады. Соның негізінде тұлға психологиясы бейімделіп, тұрақталып, өзгеріп отырады.

Білім беру саласында қызмет істейтін ғалым педагогтардан талап етілетіні-педагогтік этиканы сақтау, оқытушының дара тұлғалық сапаларының үлгі алуға лайықты болуы.

Өкінішке қарай билік қолына тигеннен кейін білім алушыға қалай сөйлесе де өзінікін орынды деп есептеу, іс- әрекетіне мән бермеу, өзі жеткен биікке одан басқа ешкім жетпейтіндей сезіну иллюзиясы басым болатын жағдайлар ұшырасып жатады.Оқытушылар арасында оқытушының қабілетіне, қарым- қатынас мінез-құлқына, қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін әрекеттер жиі кездеседі. Оқытушы білім алушыларға ақталып, немесе өзін өзі мақтап жақсы болмайды. Барлық өлшем оның іс- әрекеті,қарым-қатынастағы мінез- құлқы, ішкі мәдениеті, басқаны өзіндей деп, немесе өзінен де жоғары бағалай білуінде.Оқытушының жеке тұлғасы, даралық ерекшеліктері білім алушылар үшін референт деңгейіне жеткенде ғана оқытушыға деген құрмет, оны силау, ұстазым деп санау шынайы мәнінде болады.

«Дені саудың жаны сау», «Жақсы сөз жарым ырыс» деген халықтың дана мақалдары мен философиялық тұжырымдары білім алушыға да, оқытушыға да әс- ірекетінде өзін- өзі реттеуші, бақылаушы өлшем болуы психологиялық денсаулықты мейірім арқылы сақтаудың таптырмас жолдарының біріжәне шарты болып табылады. Бірлескен танымдық іс-әрекеттегі мақсатқа жетудегі әрекетті реттейтін ақылдылық, саналылық. Бұл жұмыстардың жолға қойылуы білім беру ұйымдарындағы психологиялық кеңес беру жұмысын ғылыми негізде жүйелі іске асыру.
Әдебиет


  1. Смирнов Педагогика и психология высшего образования: от деятельности к личности -М.:Издательский центр «Академия»,2003

  2. Жарикбаев К.Б. Психологическая наука в Казахстане (история и этапы развития в ХХ в.) Алматы, 2002

  3. ЛисовскийВ.Т. Личность студента – М., 1990.

  4. Зимняя И.А. Педагогическая психология М.: «Логос» 2005

  5. Педагогика и психология высшей школы /Отв. ред. М.В. Буланова-Топоркова. – М., 2002.

  6. БойкоВ.В. Энергия эмоции в общении-www.koob.ru/boyko_v_v/energiya_emociy_boyko



ФОНЕТИКАЛЫҚ-ФОНЕМАТИКАЛЫҚ ДАМЫМАУШЫЛЫҒЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУДА ОЙЫН МЕН ОЙЫН ТӘСІЛДЕРІН ҚОЛДАНУ
Тұрдалиева А.Ш., Исаева Ж. Қ.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға білім беру дамытудың мемлекеттік бағдарламасынада мүмкіндігі шектеулі балаларға көп көңіл бөлінген. Аталған құжатта белгіленгендей, түрлі кемістіктері бар балаларға сонымен бірге жалпы дамымаушылығы бар балаларға түзету-педагогикалық көмек көрсетудің маңызды міндеттері көрсетілген.

Қазіргі заманғы логопедияда баланың сөйлеу тіліндегі кемшілікті неғұрлым ерте жастан түзету принципі жиі көрінеді, өйткені кез-келген сөйлеу тілінің бұзылысы қандай деңгейде болмасын баланың іс-әрекеті мен мінез-құлқына сондай-ақ сөйлеу тілінің ары қарайғы дамуына әсер етеді.

Сөйлеу тілін естіп ажырата алмаған жағдайда дыбыстық талдау мен жинақтау дағдысын меңгерту, жазуды үйрену мүмкін емес. Мектеп жасында дыбыстық анализ бен синтезді меңгеру кезінде туындайтын қиындықтар жиі дисграфияға алып келеді. Қазақстандық ғалымдардың зерттеулері дисграфияның сол не басқа түрінің дамуының алғашқы белгілері мектепке дейінгі жастағы балалардың 10,5%-нан 55,5%-на дейін жететінін көрсетті. Балалардың 25%-нда дыбыстық анализ бен синтездің жетілмеуі негізінде дисграфия туындайтын болса, ал 16,7%-ында артикуляциялық-акустикалық дисграфия туындауы мүмкін, яғни ол фонематикалық функцияның жетілмеуінің салдары болып табылады. Сонымен жазу мен оқуға үйретудің сәтті болуы сөйлеудің фонетикалық-фонематикалық жағының дамуы жағдайына да байланысты.

Қ.Қ. Өмірбекова, С.Ж. Өмірбекова сөйлеу тілінде дамымаушылығы бар балалардың – сөйлеу тілін тексеру әдістерін жинап ол әдістерге қолданылатын дидактикалық материалдарды ұсынған.



Фонематикалық қабылдау және қабілетінің қысқаша сипаттамасы және анықтамасы. Сөйлеу қабілеті сөйлеу жүйесінің басты афферентті бөлімі болып есептеледі. Сөздік және сөздік емес қабілеттер өз бетінше жұмыс жасайтын қабілет жүйесінің формасын ұсынады. Сөйлеу тілі құрылымының негізгі бөліктері, дыбыстар, сөздіктер және грамматикалық құрылысы болады.

Сөйлеу қабілеті өмір сүрудің барысында қалыптасады және осы қоршаған ортаның заңдары бойынша құрылады.

Сөйлеу тілінің фонетикалық-фонематикалық дамымауы. Сөйлеу тілінің фонетикалық-фонематикалық дамымауы-бұл сөйлеу жүйесіндегі дыбыс айту үрдістерінің қалыптасуындағы бұзылыс, ол әртүрлі сөйлеу бұзылыстары бар балаларда дыбыс айту мен қабылдаудың бұзылу салдарынан болады.

Сөйлеу тілінің дыбыстық қатарының қалыптасуындағы ауытқушылықтардың барлық түрі екі категорияда біріктіріледі-фонетикалық және фонематикалық (фонологиялық) бұзылыстар. Сөйлеу тілінің фонетикалық бұзылысы моторлы механизмдермен, ал фонологиялық-сөздің дыбыстық қатарының тілдік бағдарлану операцияларының толық болмауымен байланысты деп саналады. Сөйлеу тілінің дыбыстық қатарының қалыптасуындағы бұзылыстарға себепші механизмдердің 7 түрін қарастыру қабылданған:



  1. артикуляциялық мүшелердің бұзылысы (неврологиялық механизм);

  2. артикуляциялық праксистің қалыптаспағандығы;

  3. сенсорлы (перцептивті) бұзылыстар (көбіне есту);

  4. аралас сенсомоторлы механизмдер;

  5. артикуляциялық мүшелер мен тісжақ аппаратының анатомиялық аномалиясы;

  6. функциональды бұзылыстар;

  7. ақыл-ой дамымаушылығы;

Фонетикалық-фонематикалық дамымаушылығы бар балаларды түзете оқыту жүйесі мектеп жағдайындағы логопедиялық пункттерде жұмыстағы негізгі бағыттардың бірлігі қарастырылады-жоқ немесе дұрыс айтылмайтын дыбыстарды қою, қойылған дыбыстарды сөзде қолдану және сөздің дыбыстық құрамын талдау мен жинақтау дағдыларын дамыту.

Дыбыс айту мен фонематикалық қабылдаудың қарастырылған ерекшеліктермен қатар, фонетикалық–фонематикалық дамымаушылығы бар балаларда сөздің түсініктілігі мен айқындылығының дамымаушылығы байқалады.

Фонематикалық қабылдауды қалыптастыру бойынша жұмыс ең алдымен сөздік емес дыбыстар материалында жүзеге асады. Арнайы ойындар мен жаттығулар үрдісінде балаларда сөздік емес дыбыстарды тану мен ажырату қабілеттілігі дамиды.

Балалар ойын кезінде дыбыстық тіркестерді, сөздерді естіп, дауыстың тембрін, күшін және биіктігін ажыратуды үйрене білуі қажет. Осыдан кейін олар дыбыстық құрамы жағынан жақын дыбыстарды, кейінірек-буындарды және қазақ тілінің фонемаларын ажыратуды үйренеді. Жұмыстың соңғы кезеңінің міндеті балаларды қарапайым дыбыстық талдаудың қалыптасуы-сөздегі буындардың санын анықтай білуі, екпінді буынды бөлу, дауысты және дауыссыз дыбыстарға талдау жасау болып табылады.

Фонематикалық дамымаушылығы бар балалар тек дыбыстарды ажыратқанда ғана қиналмайды, сондай-ақ сөздің дыбыстық құрамының анализдерімен бірге сауат ашуды қиындықпен үйренеді. Сөйлеуінде бұзылысы бар балаларда ең көп таралған қателердің қатарына бір әріпті басқасымен ауыстыру жатса, екінші топқа әріптерді тастап кету жатады.

Сөйлеудің фонетикалық-фонематикалық дамымаушылығын тексерудің мектепке дейінгі логопедиялық жұмысы бұзылысты түзетумен қатар, сауаттылыққа оқытудың жалпы қабылданған аналитика-синтетикалық әдісін игеруге дайындықты және кейбір сауат ашу элементтерін қарастырады. Фонематикалық қабылдауды дамытуға арнайы уақыт бөлінеді, қойылған дыбысқа байланысты әр түрлі жаттығулар немесе айтылған дыбысты есту, сондай-ақ есту қабілетін дамыту.

Фонетикалық-фонематикалық сөйлеу бұзылысы – сөйлеудің дыбыстық жағының қалыптаспауының нәтижесі лексикалық-грамматикалық қатардың дамуының дамымаушылығынің салдарын күшейтетін жүйелі бұзылыс. Яғни, мұндай балалар тек сауат ашу, жазу мен оқу процесінде ғана емес, сондай-ақ толығымен бастауыш оқыту бағдарламасын меңгеру қиынға соғады.

Баланың сөйлеу тіліндегі дамымаушылықтың қатарына дыбыстарды дұрыс айтпау, сөздік қорының жетіспеуі, мәнерлеп айту тәсілдерін дұрыс қолданбау, сондай-ақ «шамадан тыс бос сөйлеу» жатады, Осыған байланысты сөйлеу тілінің құрлымы мен оларды балалардың ақылмен қолдануына аса назар аудару керек.

Ойын- мектепке дейінгі баланың негізгі іс-әрекет түрі. Н.И.Крупская мектепке дейінгі жастағы бала үшін ойынның алатын орны ерекше деп жазған: олар үшін ойын, оқу, еңбек, тәрбиелеудің бір түрі.

А.С.Макаренко да ойынның орнына үлкен мән берген: баланың ойнауға деген құштарлығы бар, соны қанағаттандыру керек. Балаға ойнау үшін уақыт беріп қана қоймай, оның бар өміріне ойынды сіңірту керек оның өмірінің барлығы бұл ойын.

Ойын барысында бала қоршаған әлемнен алған әсерін, кітаптан алған әсерін көрсетеді; құрдастары мен үлкендермен қарым-қатынасы дамиды. Ойын ұжымшылдық, елестету, мақсат ұя ұмтылу, жинақылық сияқты қасиеттерінің дамуына әсер етеді. Ойын барысында баланың қоршаған орта туралы дағдысы бекиді; қабылдау, елестету, зейін, сөйлеу, сияқты қабілеттері дамиды. Ойын баланың көңіл-күйін көтеріп, сергітеді.

Мектепке дейінгі ойынның түрлері: дидактикалық, қимылды, шығармашылық құрастырушы, драматизмдер, мағыналы-рөлдік ойындар. Ойын баланың психикалық және ақыл-ой дамуына жақсы әсер етеді.

Сөйлеу тіліміздегі ақаулықтыр еріксіз ойынға да әсер етеді. Мұндай балаларды ойынға қосу қиындайды. Зерттеу бойынша дамымаушылығы бар балалар әлсіз, ойында алдына мақсат қоя алмайды. Олар көбіне көрермен болады немесе орындаушы рөлін алады. Күрделі дамымаушылығы бар балалар құрдастарымен ойнаудан бас тартады.

Толық еместік сезім балада ұжымға деген теріс көзқарас тәрбиелеуі мүмкін. Сөйлеу тіліміздегі кемістік, қимылының бұзылысы-балалық толық қанды ойынға араласуына кедергі болады, екінші жағынан бала өз кемшілігіне аса мән береді. Сөйлеу моторинасы мен ұсақ моторинасындағы бұзылыстардың салдарынан бала ойын барысында тез шаршайды,қимыл бұзылысы, тез шаршау ұжымдық ойынға араласуы да қиындайды.

Бұлардың барлығы мектеп жасындағы фонетикалық- фонематикалық дамымаушылығы бар балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстарда ойынды қолдану керектігін көрсетеді.

Логопедтің алдына қойған мақсатына байланысты логопедиялық сабақта да олардың аралығында да әр түрлі ойындар қолданылады. Бірінші жағдайда ойын дұрыс сөйлеу туралы білім алуға, оларға қажетті дағдылар мен білімдерді тәрбиелеуде ұжымға деген дұрыс қарым-қатынас қалыптастыруда көмектессе. Екінші жағдайда баланы іс-әрекеттің бірінші түрінен екінші түріне ауыстыруға, сондай-ақ демалуына, сабақ барысында алған білімін еш мәжбүрсіз бекітуге мүмкіндік береді.

Қазіргі заманғы логопедия бойынша әдістемелерді мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыстарда ойынды қолдану ұсынылған. Авторлар ойынды сөйлеу тілін дамыту және түзету мақсатында қолдануды ұсынған.

Мектепке дейінгі тәрбие бойынша әдебиеттерде ойынның түрлерін бөлген; дидактикалық, қимылды, шығармашылық құрастыру, драматизм-ойындары, рөлдік-мағыналық.

Дидактикалық ойындар. Бұл ойынды белгілі ережесі мен мазмұны бойынша үлкендер ұйымдастырады. Дидактикалық ойындардың міндеті- балалардың бағытталған және ортақ іс-әрекетін ұйымдастыру.

Оқытушы ойындар. Бұл ойын барысында бала еш мәжбүрсіз,байқамай қажетті білімдерді алады.

Балалар ойын тапсырмаларына қызыға көңіл бөледі. Табу, айту, атау, ойын тапсырмасын сапалы шешуге көңіл бөледі: сұлбаны әдемі құрастыру, суретті дұрыс таңдау.

5 жастаға бала дидактикалық ойын барысында заттардың саны мен сапасын оның атауларды, оларды сыртқы бейнесі бойынша салыстырып, есте сақтауды үйренеді. 6 жастағы бала ойын тапсырмасын сапалы шешуге қызығушылығы арта түседі. Ал 7 жасқа таман бұрынғысынша ойын әрекеті қызықтырады, бірақ көбіне ойынның нәтижесі қызықтау болады. Бұл кезде өзіндік ұйымдастыратын, бағалау, өзін-өзі бақылау сияқты қасиеттерін дамытуға ықпал ететін ойындар қолданылады. Бұл жастағы балалар үшін аспапты таны, дыбыстарды қайтала, өзің сүйетін әуенді орында деген сияқты музыкалық дидактикалық ойындар қолданылады.

Логопедиялық сабатардағы дидактикалық ойын барысында балаларды асықпай сөйлеуге тәрбиелейді; дыбыс айтуы шыңдалады, сөздік қоры молаяды. Есту зейіні мен фонематикалық естуін дамыту үшін музыкалық дидактикалық ойындардың да маңызы зор.

Сөйлеу тілінде кемшілігі бар балаларда қимыл бұзылысы жиі кездеседі: қимылдың епсіздігі жинақылық емес ебедейсіз, әр түрлі қимыл икемсіздігі. Сол үшін қимылды ойындардың алатын орны ерекше. Балалар қажет қимылды шыңдайды, ұжымдық ойындар ойнауды үйренді.

Олар үшін дыбысталған қимылды ойындардың маңызы зор, логоепедияда бұл ойындар логопедиялық ритмика деген атаумен таныс.

Бұл ойындар алада дұрыс тыныс өлең мен дыбыстауды, қимылды сөзбен ұштастыруды тәрбиелеуге әсер етеді.

Шығармашылық ойындар. Бұл ойында балалар өз ойын қиялын, қоршаған әлемнен алған әсерін өз білімі мен тәжірибесін көрсете алады.

Шығармашылық ойынның бір түрі құрылыс заттарымен ойнау. Бұл ойынға баланың кеңістікте бағдарлануына көлем мен сан, сапа туралы түсінігін дамытуға әсер етеді.

Құрылыс ойындарында кубиктер, қораптар, баулар, құм, сазбалшық, т.б. қолданылуы мүмкін және де құрылыс ойындарын сондай-ақ түзету мақсатында да қолданады: баланың байсалды мінезіне, сабаққа өзгерту енгізу үшін.

Құрылыс ойындарын бірінші логопедиялық сабақтарда ғана қолдануға болады. Бұл баланың сөйлеуімен байланысты. Жеке заттарды атайды, сұрақтарға жауап береді.

Драммалық ойындары өте қызықты өтеді. Бұл кезде балалар сүйікті ертегілерін айтады, ертегі кейіпкерлерін салады, диалог жүргізеді. Егер қажетті киімдер мен бетперделер дайындалса ойын одан әрі қызығырақ болады. Драммалық ойыны бала бақша қуыршақтары мен де жүргізіледі.

Бұл ойын бала дұрыс сөйлеуге үйренгеннен кейін ғана ойнатылады. Ойынды өткізу үшін жақсы дайындалу керек. Алдымен балаларға ертегіні оқиды, сұрақтар қояды, қимылдарды бейнелейді. Осыдан кейін ғана барып ойынға кірісуге болады.

Мағыналық-рөлдік ойындарда баланың өмір туралы түсінігі кеңейеді. Мағыналық –рөлдік ойындардың тақырыбы әртүрлі әрі балаға жақын болуы керек.

Логикалық сабақтарда рөлдік ойындар бала еркін сұрақтарға жауап бере алғанда ғана ойнатылады.

Демек баланың дұрыс дыбыстау мәселесіне отандық және шығыс Педагогтары үлкен көңіл бөлген.

Баланы сөйлеу тілін дамыту мектепке дейінгі жастағы баланың сөздік және қарым қатынас жүйесін қалыптастыруды болжайды. Бірақ қазіргі жағдайда мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілерінің 50% сөйлеу тілінде ақаулығы бар және мектепте оқуға дайын емес.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тіліндамытуға Р.Е.Левина, Р.М.Боскис, Н.Х.Швачкин,А.Ф.Чистович, А.Р.Лурия сияқты Педагогтар еңбектерін арнады. Фонетикалық фонематикалық тілдік дамымаушылығы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесін құруға Г.А. Каше, Т.Б.Филичева, Г.В.Чиркиналар аса мән берген. Фонетикалық фонематикалық тілдік дамымаушылығы-бұл ана тіліндегі дыбыстарды дұрыс емес айтылуы.

Баланың сөйлеу тілінің дамуы баланың сөздік қарым -қатынас жүйесін қалыптастыруға бағытталады. Бірақ қазіргі кезде мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілердің 50% да сөйлеу тілінде ақаулығы болады және мектепке толық дайын емес болады. Балалардың сөйлеу тіліндегі ақаулығы айқын көрінуі де мүмкін, сондай ақ сөйлеу іс-әрекетінің деңгейлерін қамтитын ерекшеліктері де болуы мүмкін.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тіліндегі ақаулықтарды Р.Е. Левина, Р.М. Боскис, Н.Х.Швачкн, Л.Ф.Чистович, А.Р.Лурия сияқты психологтар, дефектологтар және педагогтар зерттеулер жүргізді. Г.А.Каше, Т.Б.Филичева, Г.В.Чиркина сияқты педагогтар фонетикалық- фонематикалық тілдік дамымаушылығы бар баланы тәрбиелеу мен оқыту жүйесін жасауға көп көңіл бөлді.

Фонетикалық- фонематикалық тілдік дамымаушылығы- бұл әртүрлі сөйлеу бұзылыстарының салдарынан баланың ана тілінде дыбыстау жүйесінің қалыптасуының бұзылысы.

Фонетикалық -фонематикалық тілдің дамымаушылығы бар алты жасар баланың сөйлеу тіліндегі негізгі көрінетін белгі дыбыстарының қалыптаспауы. Бұл балаға тән белгі фонематикалық қабылдау қабілетін қалыптасуының жеткіліксіздігі болып табылады. Лексикалық- грамматикалық дамуы да кешеуілдейді.

Мектепке дейінгі жаста ойын бала іс-әрекеінің негізгі түрі болып табылады. Баланың дұрыс емес сөйлеу тілі мен мінез-құлқындағы ерекшеліктері олардың ойын іс-әрекетіне әсер етеді. Осылардың барлығы фонетикалық -фонематикалық тілдің дамымаушылығы бар мектепке дейінгі жастағы балалармен жүргізілетін логопедиялық сабақтарда ойынды қолдану қажеттігін дәлелдейді.

Логопедтің алдына қойған мақсатына байланысты әр түрлі ойындар логопедиялық сабақтарды да, олардың аралығында да қолданылуы керек. Бірінші жағдайда ойын балаға дұрыс сөйлеу мен мінез құлық туралы қажетті білім береді, балада ұжым мен ондағы өз орнына дұрыс қарым қатынасты, қажетті дағдылар мен қабілеттерді тәрбиелеуге көмектеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет