Нақты өнімдерді таңбалау. Негізгі ережелер мен талаптар



бет3/13
Дата03.01.2022
өлшемі0.62 Mb.
#451995
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Зейнолла



































4 Белгілі бір өнім үшін сертификаттау жүйесінің негізгі талаптары мен ережелері. Бастапқы, аралық және түпкілікті өнімнің техникалық, технологиялық және аналитикалық сапасын бақылау жүйесі

Мұнай өнімдерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау ҚР СТ 3.56-2004 стандарт талаптарына сәйкес жүргізіледі. Бұл стандарт меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар шығаратын және сататын, сондай-ақ Қазакстан Республикасына сырттан әкелінетін отынның сұйық түрлерінің, майлардың, созылмалы майлаулар мен мұнай еріткіштерінің (бұдан әрі - мұнай өнімдері) сәйкестігін растау тәртібін белгілейді.

Құжат талаптары газ тектес, балауыз тектес, катты мұнай өнімдеріне жә­не отынның эталондық түрлеріне таратылмайды.

Мұнай өнімдерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі бұл тәртіп ҚР СТ 3.4, ҚР СТ 3.9, ПМГ 36 негізінде әзірленген.

Бұл стандарттың талаптары аккредиттелген сертификаттау жөніндегі органдар, сынақ зертханалары (орталықтары), Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінің, аккредиттеу жүйесінің (бұдан әрі - ҚР МСЖ) іс-әрекетіне катысатын заңды және жеке тұлғалар үшін міндетті.

Мұнай өнімдерінің сәйкестігін растау олардың қауіпсіздік көрсет-кіштерінің және сапасының регламенттелген талаптарға сәйкестігін белгілеу мақсатымен жүргізіледі. Мұнай өнімдерінің сәйкестігін растау қалыптасқан тәртіпте Қазақ­стан Республикасының аумағында қолдануға жіберілген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Республикада импортқа шығарылатын өнімге қойылатын норматив­тік талаптардың болмағаны жағдайда балама отандық өнімге нормативтік құ­жаттар талаптары, немесе импорт өндірілген балама өнімге арналған, қолдану­ға рұқсат етілген кұжаттар талаптары, немесе қалыптасқан тәртіпте қолдануға рұқсат етілген өтінілген өнімге арналған құжаттар талаптары негізінде жүзеге асырылады. Отандық практикада баламасы жоқ өнімнің сәйкестігін растау (немесе балама импорт өнімге қолдануға жіберілген нормативтік құжаттың болмағаны жағдайда) сертификаттық сынаулар жүргізу, сондай-ақ оның республи­ка аумағына бірінші рет әкелгенде санитарлық нормаларға сәйкестігін растаумен, өтінушімен берілген сапа мен қауіпсіздікті куәландыратын құжаттарға сәйкестікке жүргізіледі.

Мұнай өнімдерін сертификаттау міндеттісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгіленеді. Міндетті сертификаттау кезінде мұнай өнімдерінің сәйкестігін растауға жататын көрсеткіштер тізбесі берілген. Растау кезінде қолданылатын сынау әдістері мен процедуралары қалыптасқан тәртіпте қабылданған және бекітілген болуы керек.

Сәйкестікті растау кезінде пайдаланылатын нормативтік құжаттардың тізбесі берілген. Өнімнің сәйкестігін растаудың негізгі ережелері ҚР СТ 3.4 талаптарын есепке алып берілген.

Қазақстан Республикасы аумағына импортталатын өнімнің, сондай-ақ анықталған өңірге енгізілетін отандық өнімнің (бұдан әрі «импортталатын» және «енгізілетін» түсініктерін бірге қоса) сәйкестігін растау ҚР СТ 3.9 сәйкес жүзеге асырылады.

Экспортталатын өнімнің сәйкестігін растау өтінушімен белгіленген немесе экспортқа арналған шартта анықталған көрсеткіштер бойынша жүргізі­леді. Белгіленген талаптарға сәйкестігі расталған өнім өндірілген кезде ҚР СТ 3.1 және ҚР СТ 3.25 сәйкес Сәйкестік белгісімен таңбалануы керек. Сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар мемлекеттік сертификаттау жүйесінің талаптарын есепке алып Өтінушінің коммерциялық құпиясын кұрайтын ақпараттың құпиялылығымен қамтамасыз етілуі керек. Олардың нәтижелеріне қарамастан сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды төлеу талаптарын есепке алып келісімшарттық негізде Өтіну­ші төлейді. Сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар нәтижелері бойынша даулы мәселелердің болуы жағдайында өтінуші ҚР СТ 3.10 сәйкес шағымдануға құқығы бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет