Сәйкестікті растау тәртібі
Cәйкестікті растау міндетті немесе ерікті сертификаттау нысанда жүзеге асырылады. Сертификаттау кезіндегі тәртіптер мен процедуралар мынадан тұрады:
1) Өндірілетін өнімді сертификаттауға өтінішті қабылдау және тіркеу ҚР СТ 3.4 қосымшасы нысаны және енгізілетін өнімді сертификаттауға ҚР СТ 3.9 қосымшасы нысаны бойынша;
2) Өтінішке қоса берілген тауарға ілесетін құжаттарды қарастыру, мұнай өнімдерін ұсынылатын сертификаттау сызбасына байланысты өндіру, енгізу және сақтау шарттарымен алдын ала танысу;
3) Өтінушінің растау жөніндегі жұмыстарды жүргізу және төлеу шарттарымен танысу. ҚР СТ 3.4 сәйкес сертификаттау сызбасын таңдау;
4) Жүргізілген жұмыстар нәтижелері бойынша шешім қабылдау және оны өтінушіге бері. Өнімді сертификаттау жөніндегі шешім және сәйкестікті растаудан бас тарту туралы шешім ҚР СТ 3.4 қосымшаларының нысаны бойынша;
5) Оң шешім шығарған жағдайда - ҚР СТ 3.4 немесе ҚР СТ 3.9
қосымшаларының нысандары бойынша сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге шарт бекіту;
6) ҚР СТ 3.4 бойынша өндіріс жағдайына талдау жүргізу мен өндірілетін өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстар таңдалған сертификаттау сызбасына сәйкес;
7) Өнімнің орналасқан жеріне шығу және өнімге немесе енгізілетін
өнімге арналган ҚР СТ 1009, ҚР СТ 1014, ГОСТ 1510 стандарттарға сәйкес негізгі жағдайына сәйкесуіне арналған өтінілген құжаттар бойынша мұнай өнімдерін сәйкестендіру;
8) Тасымалдау, сақтау, қоймалау шарттарымен танысу және сыртқы түрі бойынша нормативтік кұжаттар талаптарына сәйкестігіне және сертификаттаудың барлық сызбалары үшін ҚР СТ 1009, ҚР СТ 1014, ГОСТ 1510 өнімге арналған стандарттар талаптарына сәйкестігіне сәйкестендіру;
9) Жеткізуші өнімінің шетелдік сәйкестік сертификатында және тануға ұсынылған тауарға ілесетін кұжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкестігіне үйлестіру;
10) (9) бойынша үйлестірудің оң нәтижелері жағдайында ҚР СТ 3.9, ПМГ 36 бойынша шетелдік сертификаты тану жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
11) Сәйкестігі туралы өтінішті қарастырған жағдайда өтінішке қоса берілген қауіпсіздігі мен сапасьш куәліктендіретін тауарға ілесетін құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкестігіне жеткізуші өнімін үйлестіру;
12) (11) тармағы бойынша үйлестірудің оң нәтижелері жағдайында ҚР СТ 3.4 қосымшасы нысаны бойынша сәйкестігі туралы өтінішті қабылдау мен сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
13) Сертификаттаудың барлық сызбалары жағдайында сынамаларды сұрыптау ГОСТ 2517 немесе ГОСТ 18321, немесе өнімге арналған стандарттарға сәйкес және оларды сертификаттау сызбасымен қарастырған жағдайда сынақ зертханасына жібереді. Сынамаларды сұрыптау актісі ҚР СТ 3.4 қосымшасының нысаны бойынша;
14) Қосымша нысаны бойынша ресімделген сынақ хаттамаларын алу және талдау;
15) Сәйкестігі туралы өтінішті қарастырған кезде үйлестіруде немесе шетелдік сәйкестік сертификатын тану жөніндегі мүмкіндіктерді қарастырған жағдайда өндіріс жағдайын талдау жөніндегі жұмыс нәтижелерін алу;
16) Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша сараптық қорытындыны шығару;
17) ҚР СТ 3.1 және ҚР СТ 3.25 сәйкес өнімді Сәйкестік белгісімен таңбалауға өтініш болған жағдайда жұмыстарды қарастыру;
18) Оң сараптық қорытынды жағдайында ҚР СТ 3.11 сәйкес мемлекеттік тізбеге өнімді енгізу;
19) Сәйкестік сертификатын рәсімдеу немесе сәйкестікті растауға бас тарту туралы шешім шығару;
20) Сынау хаттамалары мен сәйкестік сертификатын беру немесе құжаттарды немесе теріс кезеңдерді растайтын қорытындыларды қоса беріп сәйкестікті растаудан бас тартуды беру;
21) Өндірілетін өнімнің сипаттамаларының тұрақтылығына инспекциялық бақылау.
Достарыңызбен бөлісу: |