Научный журнал



Pdf көрінісі
бет43/202
Дата13.04.2024
өлшемі3.75 Mb.
#498565
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   202
П. Ж. Әбдікерімова
1
, Н. Ж. Әбдікерімова
2

1
п.ғ.м., «Шығармашылық мамандықтар» факультеті, Тараз мемлекеттік 
педагогикалық институты, Тараз қ., 080000, Қазақстан Республикасы
2
п.ғ.м., «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы, Жамбыл облысы бойынша 
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты
Деңгейлік бағдарламалар орталығы, Тараз қ., 080000, Қазақстан 
Республикасы 
e-mail: 
1
Abdi-feia77@mail.ru; 
2
naz-a14@mail.ru
МУЗЫКА МҰҒАЛІМІНІҢ ОҚУШЫЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ 
МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ІС-ӘРЕКЕТІ 
Қазіргі таңда оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру 
– өзекті мәселелердің бірі. Оқушылардың музыкалық қызметтерін 
ұйымдастыруда музыка пәні мұғалімінің алдына мынадай міндеттер 
қойылады: оқушылардың музыка өнеріне қызығушылығын ояту, 
олардың музыканы қабылдау қабілетін дамытуды жүйелі түрде 
ұйымдастыру және музыкалық-орындаушылықты насихаттау. Бұл 
міндеттерді іске асыру бірнеше іс-әрекеттер арқылы жүргізіледі.
Оқушылардың музыкалық мәдениетінің қалыптасуына ең алдымен 
оның оқып үйренуі, саналы білім алуы негізгі күш болады. Бұл оның 
даму әрекетіне дайындық жасау дәрежесіне және оқу процесіндегі 
өзіндік белсенділігінің, қызығушылығының деңгейіне байланысты. 
Жас баланың жан дүниесіне музыканың құдіретті сазымен әсер етіп, 
музыкалық тәрбие берудің тәсілдері арқылы парасаттылық, жоғары 
талғампаздық, адамгершілік, патриоттық сияқты ұлы сезімдерге 
тәрбиелеудің мүмкіндігі зор.
Кілтті сөздер: мәдениет, музыкалық мәдениет, тұлға мәдениеті, 
музыкалық-эстетикалық тәрбие, музыкалық қызмет, мұғалімнің іс-
әрекеті, музыкалық мәдениетті қалыптастыру.
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда инновациялық-ақпараттық технологиялар еліміздің 
материалдық-техникалық базасын жасау құралы болуымен қатар, қоғамның 
әлеуметтік дамуын жеделдетуге ықпал етуде. Ол өндірістік техника мен 
технологияны жаңартып, материалдық игіліктер молшылығын жасаудың 
негізінде адамдардың интеллектуалдық байлығын арттырып, шығармашылық 
қабілетінің дамуына мүмкіндік жасайды.
Олай болса, оқушылардың дүниетанымын кеңейтудің, олардың
шығармашылық іс-әрекетін дамыту арқылы музыкалық мәдениетін 
қалыптастырудың қоғамдық мәні бар деген сөз.
Оқушылардың көркемдік шығармашылығының ерекшелігі, мүмкіндіктері 
мен әрекеттің мәні, оның кезеңдері мен негізгі мазмұнды құрылымы туралы 
мәселелер көптеген зерттеулерде көрініс тапқан. Бұл мәселелерді жетекші 
психологтар – Д. Б. Эльконин, Л. С. Выготский, Б. Г. Ананьев, А. Н. Леонтьев, 
С. Л. Рубинштейн, А. В. Петровский, З. Фрейд, Б. В. Асафьев, Б. М. Теплов және 
танымал педагогтар – А. Грамши, Н. Д. Хмель, С. Смаилов, Л. Г. Арчажникова 
зерттесе, мәдениет теориясының дамуы туралы зерттеулер мен жеке тұлғаның 
эстетикалық көркемдік мәдениетін қалыптастыру мәселелері Э. А. Баллер,
М. С. Каган, Э. С. Маркарян, В. С. Грехнев, А. Кробер, А. И. Арнольдов т.б. 
еңбектерінде қарастырылған.
Оқушылардың музыкалық мәдениетін дамыту мәселелерінің тарихи және
әлеуметік түп тамыры тым әріде болғанымен, заман ағымы, уақыт талабы бұл 
мәселелерді шешуді, оны зерттеудің жаңа сатысына көтерілуді талап етеді.
Оқушылардың музыкалық мәдениетінің қалыптасуына ең алдымен оның 
оқып білуі, саналы білім алуы негізгі күш болады. Бұл оның даму әрекетіне 
дайындық жасау дәрежесіне және оқу процесіндегі өзіндік белсенділігінің, 
қызығушылығының деңгейіне байланысты. Оқушылардың интеллектуалдық 
деңгейін қалыптастыруда орта мектепте оқытуды ұйымдастырудың, пән 
бойынша танымдық міндеттерді жиі қоюдың, оқу процесінде оқушылардың 
ізденістерін ұйымдастырудың, оқып-үйрену барысында шығармашылық іс-
әрекетке кеңінен тартудың маңызы ерекше зор.
Осыдан келіп, шығармашыл, музыкалық мәдениетті жеке тұлғаны 
қалыптастыруды ұдайы ұйымдастыру – оқу процесін жетілдірудің негізгі 
шарты болып табылады. Оны жүзеге асыру орта мектепте оқушылардың
белсенділігі мен шығармашылығын арттыруға септігін тигізетін оқу процесін 
ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті 
сипат береді.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Өскелең ұрпақ тәрбиесінің бір саласы – музыкалық-эстетикалық тәрбие 
болып саналады. Жеке тұлғаның музыкалық тәрбиесі отбасынан бастап, 
балабақша, мектептің оқу-тәрбие жұмыстары барысында қалыптасып
қоғамдық сана дәрежесіне көтерілгенге дейін дамып отырады. Дегенмен 
де, жеке тұлғаға тәрбие беру институттарының ішінде мектептің орны аса 


66
67
Вестник ПГУ, ISSN 1811-1831 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   202




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет