Научный журнал



Pdf көрінісі
бет70/202
Дата13.04.2024
өлшемі3.75 Mb.
#498565
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   202
Серия Педагогическая № 1. 2018
ПМУ Хабаршысы, ISSN 1811-1831 Педагогикалық сериясы № 1. 2018
қимыл аппараты зақымдалу кезінде емдік дене шынықтырумен қатар жалпы 
емдеу мен нүктелі ысқылау кеңінен қолданылады. Классикалық емдік ысқылау 
спастикалық бұлшықеттердің босаңсуына ықпал етеді, әлсіз бұлшықеттердің 
іс-әрекетін ынталандырады, қатайтады. Ысқылаудың негізгі әдістері сипау, 
ысқылау, бүгу, шапалақтау, дірілдету болып табылады.
Баланы қалыпты ұстап тұруға және еркін қозғлыстарды орындауға 
ерте бастан үйреткен жөн. Түзету жұмысының ең бір күшті механизмі – іс-
әрекетке мотивацияны, қызығушылықты, моториканы үйренуде баланың жеке 
белсенділігін қосу. Жігерді жан-жақты дамыта отырып, балада жасап жатқан 
іс-әрекетіне деген сапа-сезімін ояту, мүмкіндігінше әрбір қозғалысты жасау 
барысын түсіндіру қажет. Емдік дене шынықтыру кешенінің әдіскері, тәрбиеші 
баланың зейінін алдына қойған міндетті орындауға аудартуы керек және жауапты 
реакцияларға қол жеткізуі тиіс. Бұл кезде балаға көп ауыртпалық көрсетпеген 
жөн, себебі көп жүктеме бұлшықет тонусының өсуіне әкеліп соқтырады. 
Емдік дене шынықтыру сабақтарында өмірге ең қажетті қозғалыс 
дағдыларына және бастысы – жүріспен, заттық-тәжірибелік іс-әрекетпен 
және өзіне-өзі қызмет көрсетумен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. 
Жаттықтырылып жатқан дағдылар мен іскерлікті баланың күнделікті 
өміріне үнемі бейімдеп отырған жөн. Ол үшін сабақ уақытында, әсіресе үйде 
функционалдық жағдаяттарды – шешіну, киіну, жуыну, тамақтануды жасап 
шығу керек.
Қозғалыс функцияларын ынталандыру кезінде міндетті түрде баланың жас 
ерекшелігін, оның интеллектуалды даму деңгейін, қызығушылықтарын, мінез-
құлық ерекшеліктерін ескеру қажет. Жаттығулардың біразын балаға қызықты 
ойындар ретінде ұсынған жақсы. Бұл кезде балада белсенді қозғалыстарды 
астарлы сезім арқылы орындау оянады. 
Қозғалыс функцияларын дамыту барысында афференттік стимулдар 
кешенін: көру (айна алдында жаттығулар орындау), тактильді (ысқылаудың 
әртүрлі әдістерін: топырақ пен тастардың үстімен жалаңаяқ жүру, шөткемен 
ысқылау), проприоцептивтік (кедергі келтіру арқылы арнайы жаттығулар, ашық 
және жабық көздерімен жаттығуларды алмастыру), температуралық (мұзды 
қолдану, судың температурасын өзгерте отырып, жаттығулар жасау) қолдану 
зор маңызға ие. Қозғалыстарды орындау кезінде кең көлемде дыбыстық және 
тілдік ынталар қолданылады. Көптеген жаттығуларды, әсіресе күштеп жасайтын 
қозғалыстарды, музыка әуенімен жасаған пайдалы. 
Нақты тілдік нұсқаулық пен қозғалыстарды тақпақтар айта отырып 
жасағанның үлкен маңызы бар. Ол қозғалыстардың мақсатқа бағыттылығын 
дамытады, жақсы эмоционалдық ауа райын құрайды, қаратпа сөздерді түсінуді 
жақсартады, сөз қорын байытады. Барлық сабақтарда балада қозғалыстардың 
қалыптары мен бағыттарын қабылдау қабілетін, сонымен қатар, заттарды ұстап 
қабылдауды қалыптастыру қажет. Дене бөліктерінің сезінуді дамыту да маңызды.
Ысқылау мен емдік дене шынықтыру әсерінен қозғалыс синдромдарының 
байқалу деңгейі төмендейді: бұлшықет тонусы қалыпқа келеді, аяқ-қолдардың 
жағдайы бір қалыпқа түседі, күшпен жасалатын қозғалыстар азаяды. Бала 
қалыптар мен қозғалыстарды дұрыс сезіне бастайды, мұның өзі қозғалыс 
функцияларын дамыту мен жетілдіруге ықпал етеді. Емдік гимнастика мен 
ысқылаудың арқасында баланың бұлшықеттерінде адекватты қозғалыс сезімдері 
пайда болады. Арнайы жаттығуларсыз балалардың церебралдық сал ауруының 
өмірінің алғашқы күнінен бастап өзінің қате қалыптары мен қозғалыстарын ғана 
сезінеді. Мұндай сезінулер бас миының қозғалыстар жүйесіне ынта бермейді, 
керісінше оны тежейді, ал бұл өз кезегінде оның қозғалыс жасау тәжірибесін 
байытпайды және психомоторлық дамуын баяулатады. Сондықтан, баланың 
қозғалысын дамыта отырып, оның дұрыс орындалуын қадағалап отыру керек. 
Сол кезде ғана баланың бас миында дұрыс кинестетикалық сезінулер мен көз 
алдына елестету мүмкіндігі қалыптасады.
Тірек-қимыл аппараты зақымдалған кезінде емдік гимнастикамен
ысқылаумен бірге көп жағдайларда ортопедиялық іс-шаралар: кезеңдік гипстік 
таңулар, арнайы жасаулар, басты ұстап тұруға, отыруға, екі аяқтап тұруға, жүруге 
арналған (қоларба, жүріс арбасы, таяқшалар, шыбықтар) арнайы құрылғыларды 
қолданған жөн. Кейбір жағдаларда ортопедияда хирургиялық емді қолданған 
дұрыс. Қалыпқа келтіру іс-шаралар кешенінде үлкен орынды физиотерапиялық 
ем ( ыстық таңулар, орамдар, криотерапия, дәрілік электрофорез, бұлшықетті
электрлік стимуляциялау), сонымен қатар, дәрілік терапия алады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Тірек-қимыл аппараты зақымдалған кезінде дене тәрбиесінің негізгі 
міндеті баланың жалпы денсаулығын нығайту болып табылады. Бұл жерде 
күн тәртібін сақтау, ағзаның өмірлік маңызы бар – тамақтану мен ұйқы, тұмау 
ауруларына төтеп беру қабілетін дамытатын және ағзаның әртүрлі органдары 
мен жүйелерін дұрыс қалыпқа келтіретін функцияларын дамыту маңызды. Ол 
болмай, бала ағзасы қозғалысты дамытуға арналған арнайы жаттығуларды 
жасау барысында физикалық жүктемелерге дайын болмайды. Жалпы қозғалыс 
тәртібін сақтаған жөн. Науқас бала ояу жүрген кезінде бір қалыпта жиырма 
минуттан артық тұрмауы тиіс. Әр балаға тамақтану, киіну, жуыну, ойнау үшін 
жеке қалыптар алынады. Бұл қалыптар баланың қозғалыс қабілеттері дамыған 
сайын ауыстырылып отырады. Егер науқас бала арқасында немесе ішімен 
жатқан кезде алдына қолдарын соза алмаса немесе заттарды ұстай алмаса, 
керекті қозғалыстарды баланы ересек адамның тізесіне ішімен жатқызып, сәл 


124
125
Вестник ПГУ, ISSN 1811-1831 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   202




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет