Научный журнал



Pdf көрінісі
бет71/202
Дата13.04.2024
өлшемі3.75 Mb.
#498565
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   202
Серия Педагогическая № 1. 2018
ПМУ Хабаршысы, ISSN 1811-1831 Педагогикалық сериясы № 1. 2018
ғана қозғалта отырып, жасауға болады. Нәтижесінде бала жақсырақ босаңсиды, 
қолдарын алдына жеңіл созып, ойыншықтарды ұстай алады. Баланың басын 
көп уақыт бойы төмен қаратып, арқасын және аяғын бүгіп, отырмауына көп 
көңіл бөлу керек. Бұл қатып қалған патологиялық қалыпқа әкеліп соқтырады, 
тізе және жамбас буындарының контракурасының дамуына ықпал етеді. Олай 
болмау үшін баланы орындыққа аяқтарын жазып, табанын нық қойып, басы 
мен арқасын тік ұстатып отырғызу керек. Күні бойы баланы бір мезгіл ішімен 
жатқызған пайдалы, бұл кезде баланың басын, қолдарын, арқасы мен аяқтарын 
бүгуге қол жеткізу қажет. Осы қалыптарды орындауды балаға жеңілдету үшін 
оның кеудесіне кішкентай білекше қойылады. 
Буын мен қол саусақтарының функционалдық мүмкіндіктерін дамыту 
жалпы моториканың қалыптасуымен тығыз байланысты. Баланың бүкіл өмірлік 
кезеңінде қолдың қозғалысы тік тұру мен тепе-теңдікті сақтау реакцияларының 
дамуында маңызды рөл атқарады. Қолдары ішпен жатқандағы қалыпты ұстауда, 
сонымен қатар қалыптарды өзгертуде (арқасынан ішіне бұрылуда және керісінше 
отыру мен тұруда) қатысады. 
Заттарды ұстау, манипуляциялау және заттың іс-әрекетке қабілеттілігін 
қоршаған ортаны дұрыс қабылдау мен танымдық іс-әрекетті дамытуға әсер етеді. 
Әдетте артикуляциялық моториканың бұзылысы қолдың ауыр бұзылысымен 
қатар жүреді. Сол себептен, қол буыны мен саусақтарының функционалдық 
мүмкіндіктерін жаттықтыру баланың жалпы моторикасын дамытып қоймай, 
оған қоса психикасы мен сөйлеу қабілетін дамытады. Өз кезегінде қол буынының 
қозғалысын қалыптастыру қозғалыс анализаторының пісіп дамуымен, көру 
қабілетінің, сезімнің сан қилы түрлерінің, гнозистің, праксистің, кеңістік бағыт-
бағдарының, қозғалыс координациясының дамуымен тығыз байланысты. 
Балалардың церебралдық сал ауруы кезінде әсіресе сәбилік кезеңінде 
және ерте жаста қол буындарының патологиялық жағдайы көру-моторикалық 
координациясының ұстау, манипуляциялық іс-әрекеттің жеткіліксіздігі немесе 
мүлдем болмауы байқалады. Көп жағдайда қол саусақтары жұдырыққа жинаулы, 
бас бармақ алақанда орналасады. Қол саусақтарын жазу мен бүгу функциялары 
және олардың бас бармаққа қарап тұру қалпы әлсіз. Балалардың көбінде мектеп 
жасына дейін және мектеп жасы кезінде саусақтардың дифференциялдық 
қозғалыстары бұзылған, ал ол өз кезегінде, өзіне өзі қызмет көрсету, сурет салу, 
жазу дағдыларын қалыптасуына кедергі келтіреді. 
Емдік-педагогикалық жұмыс барысында буын мен қол саусақтарының 
моторикасының функционалды даму кезеңдері: буынды ашуда тірек 
функциясын дамыту, заттарды еріксіз саусақтарымен ұстау, қол саусақтарының 
қозғалыстарын дамыту, манипуляцияларды және заттық іс-әрекеттерді қиындата 
түсуді, қол саусақтарының дифференциялдық қозғалыстарын дамытуды ескеру 
қажет. 
Барлық қозғалыстарды арнайы сабақтарда, сонымен қатар баланың ояу 
жүрген кезінде – киінгенде, тамақтанғанда, жуынғанда, ойнағанда, ең алдымен 
бейтарап, кейін бейтарап – белсенді, соңында белсенді түрде жаттықтырады. 
Қолдарының тірек функцияларын дамытуға баланы үлкен доп үстіне ішімен 
жатқызып, алдына қарай баяу домалату ықпал етеді. Себебі, доптың беті дөңес, 
балаға оның үстіне саусақтарын қойған ыңғайлы; бұл кезде бас бармақ әрі қарай 
бұрылады.
Қорытындылай келе, тірек-қимыл аппараты зақымдалған балалардың 
физикалық даму жағдайы олардың психикалық және эмоционалдық 
қалыптарына теуелді емес. Дегенмен ауытқуы бар баланы оңалту кезеңінде 
индивидуалды жұмыс түрін таңдауда бұл факторларды ескерген жөн. «Тірек-
қимыл аппаратының зақымдалуы» деген ұғымға әртүрлі себептерден пайда 
болған және алуан түрлі көрініс беретін қимыл-қозғалыс бұзылуы енеді.
Әдетте, тірек-қимыл аппаратының зақымдалуы ми қыртысының жоғары 
қызметінің бұзылуымен, пирамидалық жолдардың және қыртыс асты өзектердің 
зақымдануымен сипатталады. Тірек-қимыл аппаратының зақымдалуы – тұқым 
қуалайтын дерт емес. Бала дүниеге келгеннен бастап бұл ауру бір қалыпта 
болғанымен, одан толықтай арылу мүмкін емес, бірақ бұл мәселеге дер кезінде 
назар аударып, уақытында емдеу курстарын бастап, жаттығуларды кешенді түрде 
жүргізу – тірек-қимыл аппараты зақымдалған баланың денсаулық жағдайын 
жақсартуға мүмкіндік береді. 
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
Белоусова, А. З. Руководство к практическим заниятием по гигиене детей 
и подростков. – М. : «Медицина», 1972. – 301 б.
Неменко, Б. А., Оспанова, Г. К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы 
(Оқулық). – Алматы, 2002. – 344 б.
Дмитриев, А. А. Коррекция двигетельных нарушений у учащихся 
вспомогательных средствами физического воспитания. – Красноярск, 1987. – 
152 б.
Ефименко, Н. Н. Особенности двигательных нарушений у дошкольников, 
страдающих церебральным параличом, и пути их коррекции средствами 
физического воспитания. – кандидат. дисс. – М., 1987.
Түсіпова, Ж. Б. Дене бітімдік және психомоторлық дамытудың арнайы 
әдістемесі. Оқулық құрал. – Қарағанды, 2009. – 104 б.


126
127
Вестник ПГУ, ISSN 1811-1831 
Серия Педагогическая № 1. 2018
ПМУ Хабаршысы, ISSN 1811-1831 Педагогикалық сериясы № 1. 2018
Вайзман, Н. П. Психомоторика умственно отсталых детей. – М., 1997. 
– 121 б.
Мастюкова, Е. М. Физическое воспитание детей с церебральным 
параличом. – М. : Просвещение, 1991. – 159 б.
Материал 12.02.18 баспаға түсті.
Б. Дахбай
1
, А. С. Кударинова
2
, Р. К. Бегежанова
3
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   202




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет