Серия Педагогическая № 1. 2018
ПМУ Хабаршысы, ISSN 1811-1831 Педагогикалық сериясы № 1. 2018
сұраққа қатысушылардың 42-сі (59,1 %) оң жауап берген. Пәндер бойынша
өзіндік жұмыстардың ұйымдастырылуын 43 студент (60,5 %) жақсы деңгейде
деп бағаласа, 17 студент (23,9 %) қанағаттанарлық, 11 студент (15,4 %) өте
жақсы деп бағалайды екен. Өзіндік жұмыс орындау студенттердің білімді
тереңдету және толықтыруға мүмкіндік береді деп 37 студент (52,6 %)
және дербестік таныту мүмкіндігін 19 студент бағаласа (26,7 %), 15 студент
(21,1 %) баға үшін оқитындықтарын жасырмады. Студенттердің өз бетілік
жұмыстарының арасында 18 студентті (25,3 %) шығармалық тапсырмалар, 23
студентті (32,3 %) қосымша мәліметтермен жұмыс қызықтырады, ал рефераттар
мен баяндамалар, презентациялар даярлауды 24 студент (33,8 %) таңдады,
сонымен бірге қатысушылардың 8,4 %-ы (6 студент) басқа пікірлер деп жауап
беріп, оған ғылыми жұмыспен шұғылдануды жатқызған. Өзіндік жұмысты
ұйымдастырудағы оқытушының рөлін бағалауда 20 білім алушы (28,1 %) СӨЖ
орындау барысында кеңес беру деп есептесе, 39 студент (54,9 %) оқытушының
рөлі жасалынған өзіндік жұмысты түзету, тексеру және бағалау деп, ал
12 студент (16,9 %) тапсырманы түсіндіру деп есептейді. Осы жерде студенттердің
өз бетінше білім алуын ұйымдастыруда оқытушының рөлі жоқ деген жауапты
ешкім таңдаған жоқ. Студенттердің өз бетінше білім алуын ұйымдастыруда
нені өзгерту керек деген сұраққа сауалнамаға қатысушылардың 18-і (25,3 %)
шығармашылық тапсырмаларды көбейтіп, түрлендіру керек деп, 36 студент
(50,7 %) жеке тапсырмалардың санын көбейту деп, 5 студент (7 %) өзіндік
жұмыстың көлемін азайту деп таңдаса, 12 студент (16,9 %) басқа жауап нұсқасын
таңдап, оған өзіндік жұмысты ойын түрінде ұйымдастыру деп жауап берген.
Болашақ биолог мұғалімдердің өз бетінше білім алудағы іс-әрекет
компонентін анықтау үшін студенттермен әңгімелесу жүргізілді. Оның
қорытындысы бойынша білім алушылардың ақпаратпен өз бетінше жұмыс жасау
деңгейі орташа деген қорытындыға келдік.
Студенттердің өз бетінше білім алу қабілетін бағалау компоненті
Н. П. Лукашевичтің «Өз бетінше білім алу мен өзін-өзі дамыту қабілетін өзіндік
бағалау» тестін қолдандық (қосымша 3). Тест нәтижесін талдау оған қатысқан
студенттердің 15-сы (21,1 %) жоғары деңгейді, 34-і орташа деңгейді (47,8 %),
22-сі төменгі деңгейді (30,9 %) көрсетті.
Болашақ мұғалімдердің өз бетінше білім алу қабілетінің даму деңгейін
анықтау эксперименті барысында алынған орташа сандық көрсеткіштер 1-суретте
келтірілген.
Сурет 1 – Анықтау экспериментінің сандық көрсеткіштері
Тәжірибелік-эксперимент жұмысының анықтаушы кезеңіндегі студенттердің
өз бетінше білім алу қабілеті деңгейлерінің сандық-сапалық көрсеткіштері
келесідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді:
Мотивациялық компонент: студенттердің өз бетінше білім алуға ынтасы,
мотиві негізінен жүйесіз, студент өз бетінше білім алудағы жеке қажеттілігін
әлеуметтік қызығушылықтармен байланыстырмайды; өз бетінше білім алудың
қажеттілігін толық сезіне қоймаған.
Іс-әрекеттік компонент: ақпарат көздерімен жұмыс жасау икемі жүйесіз; өз
бетінше білім алу дағдысы толық қалыптаспаған.
Бағалау компоненті: өзін лайықты бағаламау, өзіндік білім алу дағдыларын
талдау толық қалыптаспаған.
Алынған мәліметтер студенттердің өз бетінше білім игеру қабілетінің
деңгейлері орташа екендігін көрсетеді. Біздің ойымызша студенттер өз бетілік
жұмыстар ұйымдастыруда өздерінің мүмкіндіктерін нақты бағалай алмайды, өз
бетінше білім алуға мүмкіндік беретін білім, білік, дағдыны толық игермеген.
Бұл осы бағыттағы жұмысты жандандыру қажет екендігін көрсетеді.
Болашақ мұғалімдердің өз бетінше білім алуын интербелсенді оқыту арқылы
дамыту үшін Биологияны оқыту әдістемесі пәнін оқыту процесінде оқытушы
мен студент субъекті ретінде қарастырылады. Оқытушы студентпен бірлесіп
жұмыс істеу барысында оның білім деңгейінің жоғарлауына, дара тұлға ретінде
қалыптасуына мүмкіндік береді. Бұл ынтымақтастық негізінде кері байланыс
орнап, белгілі бір оқу әрекетінің белсенді түрі жетіліп, оның нәтижесі бақылау
мен өзіндік бақылау арқылы бекітіледі.
Болашақ мұғалімдердің Биологияны оқыту әдістемесі пәні бойынша өз
бетінше білім алуын оқытушы мен студенттің бірлескен ынтымақтастығы
негізінде қарастырдық, ол төмендегі компоненттерден тұрады:
Мазмұндық компонент Биологияны оқыту әдістемесі пәнінде өзіндік
жұмысты ұйымдастыру мазмұнын анықтайды. Мұның негізгі мақсаты
170
171
Вестник ПГУ, ISSN 1811-1831
Достарыңызбен бөлісу: |