Ауыспалы өлшем – музыкалық шығармадағы бастапқы метр мен өлшемнің өзгеруін ауыспалы өлшем деп атайды.
Афония (ежел.-грек.ἀ- теріс бөлшектер және φωνή- дыбыс) - дауыс қызметінің бұзылуы, дыбысталуының жоғалуы. Дыбыс шығару нәтижесіздігі.
Aфтофония- ән caлy кeзiндe өз дayыcын ecтy.
Ашық дауыс - халық әндерін орындау кезінде академиялық ән айту мұқамының сақталмауына байланысты ән салу дағдысын игермеген әншілердің арасында жиі кездесетін мәселе. Негізгі ереже бойынша дауысты дыбыстар: а, о, е, э, и, ы. Ән – үндiлiк, көpкeмдiк қacиeттepi бap әyeннeн құpaлaды.
Ән салу (вокалды-хор өнері) - ән музыка мен сөздің бірлігі ғана емес, осылар арқылы орындаушының өз сезімін білдіруі. Өз сезімін орындаушы ән арқылы бере алғанда ғана орындалған ән тыңдаушының сезіміне әсер етіп, музыка мазмұнын түсінуге жол ашады. Ән айту жеке орындауда (бір дауысты); ансамбльдік (дуэт, трио, т.б.), хормен ән айту; аспаптық сүйемелдеу,
«a`capella»; сөзімен, сөзсіз айтылуы (вокализация). Ән салу өнері келесі жанрларға бөлінеді: опералық, камералық, концерттік, халықтық, эстрадалық. Ән салудың үш стиль ерекшеліктерін білеміз: контленалық, колоратуралық, декломаниоциондық.
Әуен (грек. melodia - ән айту, өлең, ән, әуез).Әуен дегеніміз - өзінің жүйелік қиысу жағынан белгілі әсемдік тауып, көркемдік жағынан бүтін бір бейне болып, лад пен өлшем – ырғақтықтағы өзара қатынаста үйлескен бір дауысты дыбыстардың тізбегі.
Әуен ән айту, ән салу барысында туған. Ол сонау ерте заманнан бастап қазіргедейін адамның ішкі жан-дүниесін тебірентіп келеді. Халық әуендерді қашан да халық өмірімен бірге жасайды. Әуен - музыкалық шығарманың негізі болып табылады. Ол жеке өзі көркем бейнені терең де жан-жақты көрсете алады. Әуен шығара білу - сазгерлердің дархан дарыны. Әлемнің ұлы сазгерлері барлық уақыттарда да әуеннің музыкадағы алғашқы мәнін мойындаған, әуенсіз музыкалық шығарма болмақ емес. Әуен және тақырып (тема) ұғымдарын ажырата білу қажет. Тақырып шығарманың бейнелік мағынасының неғұрлым жарқын да көрнекі жақтарын топтастырады және де музыкалық форманы айқындауында қызмет атқарады. Көлемі жағынан үлкен музыкалық шығармаларда әуен – тақырып ретінде беріледі де, содан кейін шығарма сол тақырып бойынша (немесе соның төңірегінде) дамиды. Сондықтан шығарманы тыңдау үстінде тақырып біздің есімізде сақталып, шығарманы санамызға музыкалық тұтастықпен қабылдауға мүмкіндік туғызады.