ДӘСТҮРЛІ ТӘСІЛДЕМЕ
|
|
ИНКЛЮЗИВТІ ТӘСІЛДЕМЕ
|
|
|
|
Жақсы оқитын балаларға
көп көңіл бөлінеді
|
|
Барлық оқушыларға
бірдей қарайды
|
|
|
|
Ең үздік мұғалім --
оқушылары жақсы оқитын
мұғалімдер
|
|
Ең үздік мұғалім – барлық оқушылардың дамуына көмектесетін мұғалім
|
|
|
|
Мектеп үздік оқушылардың оқу жетістігіне байланысты бағаланады
|
|
Мектеп барлық оқушылардың оқу жетістігіне байланысты бағаланады
|
|
|
|
Ата-аналарға әдетте баласының қиындықтары мен проблемалары туралы хабарласады
|
|
Ата-аналар мектептегі оқу процесіне тікелей қатысады
|
|
|
|
Білім беру тек мектептің проблемасы ретінде қарастырылады
|
|
Білім беру барлығының ортақ проблемасы ретінде қарастырылады
|
2.2-тапсырма.
Ерекше білім беру қажеттіліктерін қамтамасыз ететін қауіпсіз және жайлы ортаның ерекшеліктерін сипаттаңыз.
Білім алушылардың әр түрлі қажеттіліктері ескерілетін оқу стратегиялары.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға көрсетілетін педагогикалық қолдау.
2.3-тапсырма.
Ө зіңізге қиын болса да (көлік жүргізу, жүзу, компьютерде жұмыс істеу, шет тілін үйрену, музыкалық аспапта ойнау және т. б.) үйреніп, жақсы игерген нәрсе туралы ойланыңыз.
Сізге жаңа дағдыны үйрену қаншалықты қиын болса да, ынтаңызды жоғалтпай, қалай үйрендіңіз? Сізге бұл қиын болған жоқ па?
Сіз бір нәрсені үйренуде қиналған адамдарға көмектестіңіз бе?
Сіз қандай да бір қиындықы жалғыз еңсердіңіз бе? Сізге не көмектесті?
Сіз бір нәрсені үйреніп бастап, кейіннен тастап кеткен жағдай болды ма? Сіздің өз ойыңыздан бас тартуыңызға не себеп болды?
2.4-тапсырма.
Т оптық жұмыс.
1-топ:
2.1-ресурспен танысыңыз (Барлық оқушыны оқуға тарту; Оқушылардың мінез-құлқын бақылау).
- Эмоционалды және мінез-құлық бұзылыстары бар балалар үшін оқудағы, мектептегі кедергілерді жою жолдарын талқылап, ұсыныңыз.
Сіз балалардың мінез-құлқын бақылауға бағытталған басқа әдістерді кездестірдіңіз бе?
Барлық балалар үшін инклюзивті білім беру ортасын құру үшін мектепте қандай өзгерістер енгізу керек?
2-топ:
2.1-ресурсыпен танысыңыз (Қарым-қатынас). Оқушылармен қарым-қатынас жасау кезінде сіз жасаған немесе жасай алатын басқа да өзгерістер бар ма?
Сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балалар үшін оқу мен мектептегі кедергілерді жоюдың басқа да шешімдерін талқылап, ұсыныңыз.
Сыныптағы барлық оқушылармен тиімді қарым-қатынас жасау бойынша ұсыныстар жасаңыз.
3-топ:
2.4 ресурс (Сабақ жоспарлау), 2.1-ресурспен (Жеке көмек) танысыңыз.
Оқуда қиындықтары бар оқушыларға жеке көмек көрсетудің басқа әдістері бар ма?
Оқуда қиындықтары бар балалар үшін оқудағы, мектепке кедергілерді жоюдың жолдарын талқылап, ұсыныңыз.
Барлық оқушыларды сабаққа тарту тәсілдерін ұсыныңыз.
4-топ:
2.1 ресурспен танысыңыз (Жеке бағдарлама; көмекші/қосымша материалдар).
Зерде бұзылыстары бар балалар үшін оқу, оқу процесіне қатысу жолындағы кедергілерді жоюдың басқа шешімдерін талқылап, анықтаңыз.
Сыныптағы оқушыларды саралап оқыту бойынша жұмыс парақтарын ұсыныңыз.
5-топ:
Физикалық және нейромоторлық бұзылысы бар балалардың оқу, оқу процесіне қатысу жолындағы кедергілерді жою жолдарын талқылап, анықтаңыз.
Барлық балаларға бірдей сапалы білім беру үшін өз сыныбыңызда жасаған/жасайтын өзгерістерді ұсыныңыз.
6-топ:
2.1 ресурспен танысыңыз (Сынып жабдықтары).
7-топ:
Есту қабілеті нашар балалардың оқу, оқу процесіне қатысудағы кедергілерді жою жолдарын талқылап, анықтаңыз.
Барлық балаларға сапалы білім беру үшін сыныптағы жасалған/жасайтын өзгерістерді ұсыныңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |