Қорытынды:
2.5-тапсырма.
1. «Жердегі Жұлдыз» фильмінен 1-үзіндіні (1-видеофайл) көріп, сұраққа жауап беріңіз:
Баланың оқудағы қандай қиындықтарын көрдіңіз?
2. «Жердегі Жұлдыз» фильмінен 2-үзіндіні (2-видеофайл) көріп, сұраққа жауап беріңіз:
Мұғалім баланы оқытудағы қандай қиындықтар туралы айтады?
Баланы оқытудағы кедергілер мен қиындықтарды жоюдың шешімдерін анықтаңыз.
3. «Жердегі Жұлдыз» фильмінен 3-үзіндіні (3-видеофайл) көріп, сұрақтарға жауап беріңіз:
Мұғалім осы оқушыны қолдау үшін қандай стратегияларды қолданады?
Ал сіз осы оқушыға қандай қолдау әдістерін қолдануды ұсынасыз?
2.6-тапсырма.
Кейспен танысыңыз.
Кейс.
Оқушы Т. гимназияның 5-сыныбына оқуға келді. ППҚҚ-нің бағалауы барысында балада гипербелсенділік және зейін тапшылығының синдромы бар екені анықталды. Бала мазасыз, зейінсіз, көп сөйлейді. Ол шыдамсыз, импульсивті, орынсыз қыңырлық танытады. Оны үнемі бақылап қадағалау қажеттігі туындады.
Ол басқа балалардан ерекшеленіп, өзін үнемі басты назарда болуға тырысады. Ол таныс емес, жаңа жағдайларда өзін көшбасшы ретінде көрсеткімі келеді.
Оның театрға қызығушылығы бар, рөлдік ойындарда өте жақсы ойнады.
Мұғалімдер оны әлеуметтендіруге бағытталған іс-шараларға қатысуын, атап айтқанда: талантын көрсетуі үшін рөлдік ойындарға тарту, командада жұмыс істеу, жобаны аяқтау үшін басқа құрдастарымен ынтымақтасып әрекет ету, сыныптағы оқушылармен достық, ынтымақтастық қарым-қатынасқа ынталандыруды қолға алды.
Бұл ретте оқушының қол жеткізген жетістігін бағалау маңызды рөл атқарды. Мұғалімдер оның жетістіктерін жазатын дәптер арнап, ата-анасына ұлының оқудағы іс-әрекеті және оның бір аптадағы нәтижелері туралы үнемі хабарлап отырды. Ал ата-анасы баласының үйдегі іс-әрекетінің маңызды аспектілерін бақылап, жазып жүрді.
ППҚҚ ұсыныстары негізінде балаға жүзумен айналысуға кеңес берілді.
Осындай жұмыстардың нәтижесінде баланың өзіне және басқаларға деген құрметі, мектепке және оқуға деген қызығушылығы арта түскені байқалды. Ол сыныпта, мектепте маңызды шаралаға қатысып, белсенділік танытатын болды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |