1.2-тапсырма.
Инклюзивті мәдениетті құру туралы пікіріңізді дәл көрсететін жауабыңызды белгілеңіз.
№
|
Инклюзивті мәдениетті құру
|
Толық келісемін
|
Келісемін
|
Келіспеймін
|
Қосымша ақпарат керек
|
1
|
Мектеп қоғамдастығын құру.
|
|
|
|
|
2
|
Әркім мектепте оны жақсы көретінін, оған сыйластықпен қарайтынын сезеді.
|
|
|
|
|
3
|
Оқушылар бір-біріне көмектеседі.
|
|
|
|
|
4
|
Мектеп ұжымы бір-бірімен серіктестікте ауызбіршілікпен жұмыс істейді
|
|
|
|
|
5
|
Оқушылар мен мұғалімдер бір-біріне құрметпен қарайды.
|
|
|
|
|
6
|
Мұғалімдер мен ата-аналар/қамқоршылар арасында серіктестік орнатылған
|
|
|
|
|
7
|
Мектеп пен жоғары тұрған ұйымдардың өкілдері ынтымақтастықта жұмыс істейді.
|
|
|
|
|
8
|
Барлық жергілікті қоғамдастықтар мектеп жұмысына тартылған.
|
|
|
|
|
9
|
Инклюзивті құндылықтар қабылданған.
|
|
|
|
|
10
|
Мектепте оқитын барлық оқушылардан жақсы жетістіктер күтіледі.
|
|
|
|
|
11
|
Мектеп қызметкерлері, жоғары тұрған ұйымдар, оқушылар мен ата-аналар инклюзия идеологиясын түсінеді.
|
|
|
|
|
12
|
Барлық оқушыларды бірдей бағалайды (сыйлайды)
|
|
|
|
|
13
|
Мұғалімдер мен оқушылар бір-біріне адамгершілікпен қарайды, тек өздерінің "рөлдерін" ойнамайды.
|
|
|
|
|
14
|
Мұғалімдер оқудағы кедергілерді жеңуге және барлық оқушыларды мектеп өмірінің барлық салаларына толық қатыстыруға ұмтылады..
|
|
|
|
|
15
|
Мектеп кемсітушіліктің барлық түрлерін барынша болдырмауға тырысады
|
|
|
|
|
Сіздің мектебіңізде білім алу жолындағы кедергілерді жеңіп, барлық оқушылардың мектеп өміріне толық қатысуы үшін қандай жұмыстар атқарылуда?
Нені қайта қарау керек?
Қандай жаңа бастамалар қажет?
1.3-тапсырма.
Қазіргі жағдайдағы мектеп мәдениеті мен тәжірибесінде оқушының білім алуына және мектеп өміріне толық қатысуына қандай кедергілер бар?
1.4-тапсырма.
Инклюзивті білім берудің әлеуметтік-педагогикалық моделінің ерекшеліктерін сипаттаңыз.
ЕБҚ бар білім алушыларды қолдау және бағалаудың
МЕДИЦИНАЛЫҚ МОДЕЛІ
|
ЕБҚ бар білім алушыларды қолдау және бағалаудың
ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МОДЕЛІ
|
Бала жетілмеген
|
|
Диагноз
|
|
Баланы атаумен «бөлектеу»
|
|
Бала бойындағы ауытқушылық басты назарда болады
|
|
Қажеттіліктерді бағалау, мониторинг, денсаулық ауытқушылықтарының терапиясы
|
|
Оқшаулау (сегрегация) және жеке, ерекше қызметтер көрсету
|
|
Тұлғааралық қарым-қатынас қажеттіліктері ескерілмейді
|
|
Мүмкін болған жағдайда жазылып кету/ қалыпқа келу, әйтпесе дәрігерлердің бақылауымен ауруханаларда (интернаттарда және т. б.) өмір бойы болу
|
|
Қоғам өзгеріссіз қалады
|
|
Ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау. Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру.
Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыға арналған қысқартылған және жеке оқу бағдарламасын әзірлеу бойынша ұсынымдар.
1.5-тапсырма.
ЕБҚ бар балалардың сипаттамалары бойынша, 1.2-кестеде "+" белгісімен белгілеу арқылы олардың білім беру қажеттіліктерін анықтаңыз («Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы №4 бұйрығын / 1.3 ресурсты қараңыз).
МІНЕЗДЕМЕ
|
Оқушы А., 9 жасар, 3-сыныпта оқиды. ПМПК қорытындысы бойынша жеңіл зият ауытқуы және 1 деңгейдегі сөйлеу қабілеті жетілмеуі бар. Бала ережелерді түсінбейді, ретін сақтай алмайды, моторикасында ауытқушылықтары бар. Оны қалыпты кұрбылары ойынға қабылдамайды. Ол өз жасынан кіші балалармен ойнауға мәжбүр. Бір нәрсеге назар аудару қабілеті төмен, зейіні тұрақсыз. Бала заттардың ерекше белгілерін ажыратпайды, байқамайды. Сөйлеу тілімен берілген нұсқауларды қабылдауда қиналады. Сөздік қоры шектеулі. Баланың сөйлеу тілінің бұзылысы бар: фонетикалық, лексикалық, грамматикалық жақтарының, сондай-ақ диалогпен байланыстырып сөйлеу бұзылысы байқалады. Баланың қабылдауы, көруі баяу. Сюжетті суретті түсіну, қабылдау, қабылдағанын рет-ретімен атап шығуда қиналады.
|
Оқушы қыз бала В., 10 жасар, 3-сыныпта оқиды. Бала әлеуметтік-экономикалық жағдайы қарапайым толық отбасында өсіп, тәрбиеленеді, ата-анасының екеуі де жұмыс істейді. Ата-аналар қызының оқудағы жетістіктеріне риза емес, бірақ мектепте оқыған жылдар бойында оқудағы қиындықтарға мән бермеген, олар мектепке сирек барды. Оқушы физикалық тұрғыда жақсы дамыған, денсаулығы жақсы, жасына сәйкес өзін-өзі бақылай алады. Жеке заттарына ұқыпсыз, кейде бір заттарын жоғалтып жүреді. Оның мектеп ортасына бейімделуі қиын. Жалпы, оның мінез-құлқы нормаларға сәйкес келеді, бала әлеуметтік ережелерді сақтайды, басқа балалар онымен жақсы араласады, басқа балалар бастаған ойындарға жақсы қатысады, бірақ өзі белсенділік танытпайды. Көп жағдайда ол сабақта басқа нәрселермен шұғылданып, кейбір тапсырмаларды орындаудан бас тартады (оқушының оқу құралдарымен ойнайды, дәптерге шимайлап суреттер салады). Кейде тіпті енжарлық танытады, қысқа уақыт қана назарын шоғырландыра алады (10-15 минут). Жазып үйренген, кітаптағы, тақтадағы қарапайым сөйлемдерді көп қате жібермей көшіріп жаза алады (жазғанда әріптерді қалдырып кетеді, азат жолынан бастауды білмейді), мұғалімнің оқумен жазғанда тек қарапайым сөздерді жаза алады. Ол сандарды біледі, сандармен есептеулер жасай алады, бірақ есепті дұрыс түсінбейді, шығаруда қиналады, дауыстап оқығанда буындап оқиды. Сұрақтар қойып жетелегенде қысқа мәтінді оқып түсінеді, төрт жолды қысқа тақпақты жаттай алады. Сурет салғанды ұнатады, негізінен жануарларды, гүлдерді салғанды жақсы көреді.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |