«назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы педагогикалық шеберлік орталығы инклюзивті білім беру негіздері, ҚҰралдары және практикалық шешімдері тыңдаушының


Оқушы С, 12 жаста, 7-сынып оқушысы



бет3/8
Дата18.06.2022
өлшемі1.13 Mb.
#459295
1   2   3   4   5   6   7   8
«назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру йымы педаго

Оқушы С, 12 жаста, 7-сынып оқушысы. Көпбалалы отбасында тұрады: оның ағасы және үш інісі бар, кішісі 1,5 жаста. Отбасында бес баланы толық қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ, анасы мен әкесінің тұрақты жұмысы жоқ, өмірінде ешқандай тәртіп жоқ. Ата-анасы көбіне үйде болмайды, үйде оқушы қыз кіші інісіне өзі қарауға тура келеді. Сондықтан ол сабақтан жиі қалады. Ата-аналар қызының оқуына қарамайды, үй тапсырмасын орындауға көмектеспейді, үйде оның сабаққа дайындалуына жағдай жасалмаған. Ол мектепке ұқыпсыз киініп барады, шашы таралмайды. Ата-анасы қадағаламағандықтан оқушы қыз дәптерлерін үнемі үйінде ұмытып кетеді және сабақ кестесін білмейді.
Ол оқушылармен достық қарым-қатынаста, ақкөңіл, көпшіл, сыныптастарымен ортақ тіл табысады, оған мектепке келген ұнайды. Сабақтарда ол белсенділік танытады – топтық жұмысқа белсене қатысады, тапсырмаларды өз бетінше орындайды. Оның есте сақтау қабілеті жақсы. Мәнерлеп жақсы оқиды, оқыған мәтінді аздап мазмұндап бере алады, қойған сұрақтарға жауап береді, рөлдік ойындарға қуана қатысады. Бірақ, математика және басқа да жаратылыстану пәндерінен қиналады. Соңғы тоқсанда бақылау жұмыстарын жазбау, қанағаттанарлықсыз баға алу жиілеген, мектепте үлгерімі нашарлап кету қаупі бар.

Оқушы D, 10 жаста, 4-сыныпта оқиды. Баланың дамуын жан-жақты бағалау нәтижесінде оның психикалық дамуында шектеулер бар екені анықталды. Физикалық тұрғыдан алғанда ол жас нормаларына сәйкес дамыған, бет-әлпеті, киім-киісі жақсы, жағымды әсер қалдырады. Баланың өмірге қажетті дағдылары бар. Оқу жылының басында ол 4 сыныпқа барды. Мектепке анасымен келді, ол әлі сыныпқа үйренбеген. Сыныпта оқушы өте тұйық, эмоцияларын көрсетпейді, сыныптастарымен араласпайды, ешкіммен сөйлеспейді. Сондай-ақ, баланың тілінде сөйлеу проблемалары бар, сөздік қоры өте жұтаң, қарапайым сөйлемдерді ғана құрастыра алады. Мұғалім оның 10-ға дейін қатемен санайтынын анықтады, тек баспа түрінде "А" және "Т" әріптерін ғана жазуды біледі. Бала алғашқы үш цифрды таниды, бірақ тек 1 деген цифрды ғана жазуды біледі. Есепті әбден ежіктеп бірнеше рет түсіндіргеннен кейін ғана әрең шығара алады. Тек екі түсті – қызыл және көк түсті таниды. Отбасы мүшелерінің аты мен фамилиясын айта алады. Мектеп ауласында еркін жүре алмайды, адасып кетуі мүмкін.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет