Не журналистика кафедрасы



бет18/69
Дата12.12.2023
өлшемі0.98 Mb.
#486228
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   69
ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ. КЕШЕН

1.2. Әдебиет те өзге өнер түрлері сияқты қоғамға қызмет етеді. Ол уақыты, дәуірі күн тәртібіне қойып отырған қоғамдық мұрат-мақсаттардан қалыс қала алмайды. Оның өнерлік сипаты мен мән- маңызы да осы әлеуметтік шындықты таныту арқылы қоғамға, адамзатқа қызмет етуімен айқындалады. Шынайы өнер туындысы өмірдің күрделі мәселелерін алуан характерлі адамдардың арманы мен күрес-тартысын белгілі бір уақыт пен кеңістік аясында суреттей отырып, қоғамның, адамдардың өмір-тіршіліктің сырын тереңірек үғынуына, көзқарас-танымдарының қалыптасуына ықпал жасайды.
Ақындар (бұл сөзді жалпы суреткерлер деген мағынада ұғыну қажет) адамдарды өмір жайлы ізгілік ұғымдарға, ізгі сезімдерге бастаушылар; олардың туындыларын оқи отырып, біз пасықтық пен жамандық атаулының баршасынан жиренуге, жақсылық пен әдемілік атаулының баршасының кереметтігін түсіне білуге, сөйтіп жалпы ізгілік атаулыны сүюге үйренеміз, оларды оқи отырып біз бүрынғыдан әлдеқайда жақсырақ, тазарақ, қайырымдырақ және ізгі ниеттірек бола түсеміз”, - дейді XIX ғасырдың үлы эстеттерінің бірі, қаламгер Ң.Г.Чернышевский.
Кезекті бір конңерті аяқталған кезде ағылшын композиторы Гендельге бір лорд:

  • Сіз біздің көңілімізді сондай көтердіңіз! - деп қошемет сөз айта бастағанда:

  • Жоқ, милорд! Мен сіздердің көңілдеріңізді ешқандай да көтерген жоқпын. Мен сіздерді жақсырақ еткім келді! - депті композитор сөзді қысқа қайырып.

Айтылған ақиқат пікірлер әдебиеттің, өнердің (саз өнері) қоғамдық функциясын, танымдық- тәрбиелік мәнін көрсетеді. Шынында да, шынайы, көркем туындыдан немесе сұлу сазды музыкадан алатын біздің рухани ләззат-әсеріміз көп қой, жамандық деген не, жақсылық-ізгілік деген не, адамдық мұрат, қоғамдық мүдде, сүлулық, қараулық, тоңмойын топастық... мұның толымды жауабын көркем шығармадан, жалпы озық өнер үлгілерінен, ондағы талай-тағдыры, ой- өрісі сан түрлі алуан типтердің бейнелерінен табамыз. Мәселен, “Қозы Көрпеш - Баян сұлу” жырын оқи отырып, Қарабай тұлғасынан оның алуан ұнамсыз іс-әрекеттері арқылы қараулықтың, қатігездіктің сырын, ал қос көгершіндей екі жастың (Қозы, Баян) мөлдір сезімдері арқылы шынайы сүйіспеншілік, түрақтылық, адамгершілік, жан сұлулығы деген ұғым-қасиеттердің мәнін нақтылы сезініп, түсінеміз. Міне, осындай сезіну мен түйсіну - біздің жоғарыда Н.Г.Чернышевский айтқан “пасықтық пен жамандық атаулының баршасынан жиренуге” бет алып, “жақсырақ, тазарақ, қайырымдырақ және ізгі ниеттірек бола түсуіміздің” алғышарты, көрінісі. Гендельдің “Мен сіздерді жақсырақ еткім келді!..” деген сөзінде де өнердің адам баласына зор ықпалын, оның талғамы мен тәрбиесіне әсерін анғартатын үлкен мән жатыр. Тегінде озық өнердің (қай түрі болса да) міндеті қашанда адамзатты асқақтыққа, ізгілікке, жақсылыққа жетелеу ғой.
Әдебиет деген адамгершілікке сүйіспеншілік деген соз. Өйткені шын мәніндегі көркем әдебиет - азаматтық терең ойдан, адамгершілік асыл идеялардан, биік парасаттан туады” (Ғ.Мүсірепов). Сондықтан да әдебиетті адамгершілікке тәрбиелеу ілімі десек те орынды болмақшы...
“Табиғи оттегі адам үшін қаншалықты маңызды болса, адамгершілік оттегісі де соншалықты мәнді” деп жазады орыстың белгілі қаламгері Ф.Абрамов. Ал “адамгершілік оттегісін” тарататын басты қазына - әдебиет, ақиқат шындыққа құрылған шынайы өнер туындылары емес пе?!
Ж.Ж.Руссо “Ұлт - ұлыс халқының санымен емес, рухының биіктігімен әйгіленеді” десе, рух биіктігіне тәрбиелеу миссиясын әдебиет, өнер атқаратынын естен шығармауымыз керек. Әдебиет - азаматтыққа тәрбиелейтін өнер.
От жүректі батыр ақын Махамбет жырларын оқып отырып біз оның “қара қазан, сары бала” қамы үшін “қылыш сермегеніне” сенеміз, орындалмаған “ұлы арманына” ортақтасып, өкінішін бөлісеміз, сахараның үлы ойшыл перзенті Абай туындылары бізге “қалың елім, қазағымның” мүңын ойлап, “мыңмен жалғыз алысқан” азамат ақынның жүрек сырын танытады. Екі ақынның ‘жырларынан түйіп айтқанда, ерлік, батырлық сырын, елдікке, бірлікке шақырған азаматтық үндерін ұғынамыз.
Әдебиет - әсемдік, сұлулық әлемі. Ол бізді ару Жібек пен балғын Баянның нәзіктігіне сүйсіндіріп, қайран Қамар мен тәлімді Тоғжанның ақылы мен ажарына табындырып, таңғы шықтай мөлдір сезімдері мен жан сұлулығына тәнті етеді, осынысымен біздің әдемілік, сұлулық туралы талғамымызды қалыптастыруға ықпалын тигізеді. Өнер, әдебиет туындыларының тәрбиелік- тағылымдық, эстетикалық, танымдық мән-маңызы дегеніміз осы. Әдебиет, яки сөз өнері, тұжырып айтқанда, алуан бедерлі, құпия-қалтарысы да көп, жақсылық-жамандығы да аралас ұлы Өмір-тіршіліктің лүп-лүп соққан жүрек тамырларынан нәр алатын және оны сырлы сурет, жанды бедерлі бейне арқылы танытатын көркем моделі болғандықтан, қоғам үшін де, адамдар үшін де сол өмірдің өзіндей соншалықты қымбат та қажет, мәнді де сәнді өнер болмақшы. Әдебиет немесе сөз өнері дегеніміз не? А.Байтұрсынов оны былай байыптайды: “Сөз өнері деп асылында нені айтамыз? Бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яки қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады. Ішіндегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін тәртіптеп қисынын, қырын, кестесін келістіріп сөз арқылы тысқа шығару - сөз шығару болады. Шығарма дегеніміз осылай шығарған сөз”.
Әдебиет яки сөз өнерінің ғана өмір-болмысты, адамдарды, тіршілік-табиғатгы бейнелеуде өре- өрісі кең, шексіз де шетсіз, мүмкіндігі орасан мол. Бұл мүмкіндік әдебиеттің өмірді бейнелеу құралы - сөз екендігіне байланысты. Белинский сөзімен айтқанда “поэзия (бұл жерде күллі әдебиет деген мағынада ) адамның еркін тілімен берілгендіктен, онда үн де, сурет те және байымды, айқын айтылған түсінік те болмақ. Сондықтан өзге өнердің барлық элементтері поэзияда бар, сөйтіп, ол әрбір өнердегі жеке-жеке тәсілдердің бәрін бірінен-бірін бөлектемей, бірден пайдаланатын сияқты. Поэзия тұгас өнер, соның бүкіл ұйтқысы болып табылады. Және олардың барлық жағын қамти отырып, бүкіл өзгешеліктерін айқын, анық түрде бойына жинақтайды”. “Өнердің алды - сөз өнері” деп саналады. “Өнер алды - қызыл тіл” деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін білгендіктен айтқан. Алдыңғы өнердің бәрінің де (яғни басқа өнер түрлерінің ) қызметін шама қадырынша сөз өнері атқара алады. Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты, кескінді сүгіреттер болсын, қандай әдемі ән-күй болсын, сөзбен сөйлеп суреттеп көрсетуге, танытуға болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді...”. Бұл ұлттың ұлы тұлғасы, филолог, әдебиетші ғалым А.Байтұрсынұлының тұжырымы. Екі тұжырымда да әдебиеттің сөз өнері ретіндегі барша ерекшелік-қыры анық сипатталған.
Демек, әдебиеттің өзге өнер түрлерінен өзіндік басты бір ерекшелігі - бейнелеу құралына - көркем сөзге байланысты. Осы себепті де әдебиет сөз өнері деп аталады.
Суретті сөз, бейнелілік деген ұғымдар тек әдебиетке, ондағы сөз қолданысына қатысты ерекшелікті танытады. Көркем сөздің құдіреті, оның мағыналық аясының кеңдігі, шексіздігі, әсіресе бейнелілік - суреттілік секілді сиқырлы, сазды сипаты қаламгерге өмір-болмысты қалауынша қамтып, шындықты кеңінен жинақтап, оны қабілет-дарынына сай құлпырта, көркем кестелеп, жанды да нақты танытуына мүмкіндіктер береді. Бұлай өмір-болмысты, құбылыстарды, заттарды бейнелеу өзге өнер түрлерінің қолынан келмейді, бұл тек сөз өнерінің еншісіндегі ерекшелік. Бейнелілік (образдылық деп те атайды) автордың нені суреттесе де, сөз құдіреті арқылы сол заттың, құбылыстың т.б. айшықты, жанды, көркем бейнесін танытуы. Өскен орта шындығына сай суреттелсе, іс-әрекеті, танымы уақыты, заманының шеңберінде көрінсе, сол шынайы, сол нағыз тип. Энгельстің айтпағы осы талап.
Әжібайды немесе Тәңірбергенді алыңыз. Әжібайдың бар сорақы іс-әрекеті (көрсеқызарлығы, озбырлығы, өзімшілдігі, білімсіздігі, мақтансүйгіштігі, күлкілілігі т.б.) өзін қалыптастырған орта шындығымен (типтік жағдайға сай) тығыз байланыста алып суреттегендіктен де ол типтік мінезімен толыққанды, жан-жақыты көрінген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет