Не журналистика кафедрасы



бет21/69
Дата12.12.2023
өлшемі0.98 Mb.
#486228
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   69
ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ. КЕШЕН

Тапсырма: 1.Өмірдегі типтік құбылыстар, көріністер дегеніміз не? Олардың өнер туындысында бейнелену себебі не?
2.Типтік бейне қандай тұлға? Мысал келтіріп дәлелдеу.
3.Типтендіру түрлері, ерекшеліктері (мысалдар келтіре айту).

Дәріс 3
Тақырыбы: Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні
1. Мазмұн мен пішін туралы түсінік тарихы.
2.Түр мен мазмұнның элементтері. Мазмұн мен пішін бірлігі - көркемдік тартыс.
3.Түрдің мазмұнға, мазмұн-ның түрге айналуы.
Пайдаланылатын әдебиеттер:




1.Ривкин Д., Райан М.Әдебиет теориясы: Антология [Мәтін]: 1-том / ауд. М.Ибрайымова, О.Кенжебаев, Ж.Қожабекова, "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры.- Алматы, 2019.- 568 б




2.Ривкин Д.,Райан М.Әдебиет теориясы: Антология [Мәтін]: 2-том / ауд. А.Исембердиева, Н.Құдайберген, Ә.Құранбек [ж.т.б.]; "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры.- Алматы, 2019.- 372 б.
3.Ривкин Д.,Райан М..Әдебиет теориясы: Антология [Мәтін]: 3-том / ауд. Ж.Жұмашева, Ә.Исембердиева, М.Төлеген [ж.т.б.]; "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры.- Алматы, 2019.- 440 б

4. Ривкин Д.,Райан М.Әдебиет теориясы: Антология [Мәтін]: 4-том / ауд. А.Шәріп; "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры.- Алматы, 2019.- 452 б.
5.А.Қалшабек. Әдебиеттану ғылымына кіріспе. - Астана, Фолиант, 2016
6.Ғазиз Райыс. Сөз өнері теориясы. ­-Алматы, Таңбалы баспасы, 2010.
7.Г.Пірәлиева. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеттануы. –Алматы, 2010
8.Ж.Камалқызы. Қазақ әдебиетінің теориялық және әдістемелік мәселелері. – Алматы, 2017
9.С.Мақпыров. Адамтану өнері. – Алматы,Арыс, 2009
10.А.Ісмақова Асыл сөздің теориясы.- Алматы, Таңбалы баспасы,2009
11. Т.О.Есембеков. Көркем мәтін теориясы:оқу құралы.-Алматы: Қазақ университеті, 2015.-186 б.
12.Т.У. Есембеков. Көркем мәтін поэтикасы Оқу құралы. -228 б. 2012; 2020 А. Қазақ университеті
Мазмұн мен пiшiн – бiрiмен-бiрi ажыратып қарауға келмейтiн ұғымдар. Яғни мазмұн – “шығармада не айтылды?”, пiшiн – “ол қалай айтылды?” деген сұрақтарға жауап iздейдi. Кез келген қарапайым сезiмдi немесе ойды жеткiзу қажеттiгi белгiлi. Көбiнесе бұл сөз арқылы iске асады. Мәселен, одағайларды алып көрелiк. Олардың қай-қайсы да нақты бiр сезiмдi, толқынысты жеткiзедi. Олар арқылы бiз сол сезiмнiң мәнiн (қуану, ренжу, таңдану, шаршау, т.с.с.) түсiне аламыз. Тағы бiр мысалға назар аударып көрелiк. Ежелгi грек мифтерiнде әдiлеттi қазылық көзi таңулы, бiр қолына – семсер, бiр қолына – таразы ұстаған әйел-құдай Фемида бейнесiнде суреттелген. Бұл әдiл қазы ешкiмнiң бет-жүзiне қарамастан, олардың әрекеттерiн дәл таразылап, кiнәлiнi қатаң жазалайды дегендi танытады. Бұл мысалдағы таңғыш, семсер, таразы – мазмұнның негiзгi сипаттарын бiлдiретiн пiшiн. Мазмұн – әдiл қазылық. Мазмұн неғұрлым күрделi болған сайын, оны бiлдiретiн пiшiн де бай, алуан сипатты болуға тиiс. Бұған керiсiнше, пiшiн арқылы мазмұнның алуан қырын да тани аламыз. Жоғарыдағы жағдайда Фемиданың әдiлдiгi, қаталдығы және дәлдiгi мазмұн қырлары болып табылады. Өмiрдi сан қырымен, әрi мейлiнше нақты бейнелеуге ұмтылатын өнердегi мазмұн мен пiшiн қатынасы айрықша маңызды. Өнер туындысының идеялық-тақырыптық мәнi бәрiнен бұрын кейiпкерлердiң ара қатынасы арқылы танылады. Бұл қатынастар оқиғалар, яғни сюжет арқылы көрiнедi. Оқиғаның даму сипатына қарай кейiпкерлердiң тiлi дараланады. Демек, мазмұн туындының барлық жақтары (мiнездер, сюжет, тiл) арқылы берiлiп, пiшiнге көшкендей әсер етедi. Бұған керiсiнше, кейiпкерлер сөзiн, олардың әрекеттерiн қадағалай отырып, бiз шығарманың тақырыбы мен идеясына тереңдей бастаймыз. Бұл тұста пiшiн мазмұнға ауысқандай көрiнедi. Шығарманы талдау кезiнде пiшiн мен мазмұнды олардың өзара бiрлiгiнде, байланысында, алмасуында түсiнуге ұмтылу қажет. Жоғарыдағы мысал бойынша: әдiл қазылық мәнiн Фемиданың бейнесiнде жинақталған нақты белгiлер (таңғыш, семсер, таразы) арқылы түсiнуге, сонымен қатар бұл белгiлердi әдiл қазылықтың маңызды нышандары (әдiлдiк, қаталдық, турашылдық) ретiнде түсiнуге ұмтылу қажет. Мазмұн мен пiшiн барлық салада кездесетiнi анық, алайда өнердегi мазмұн мен пiшiннiң ерекшелiгi – оның образдылығында.
Бұл ерекшелiктiң мәнiн қалай түсiнуге болады?
Н.Г.Чернышевский өнер мен әдебиетке тән көркем образдылықты, олардың ерекшелiктерiн “өмiр пiшiнi” деп атаған болатын. Демек, өмiр пiшiнi, яғни образды пiшiн, ғылыми дерексiздiктер мен формулаларға, тұтас құбылыстар мен сипаттарды талдауға негiзделетiн ұғымдық ойлауға қарағанда, қаламгер бейнелеген адамдар, құбылыстар, адамдардың iшкi күйлерiн, үрдiстердi, ой-сезiмдердi жанды сипатта жинақтауға бейiм. Бұлайша жинақтау өнер мен әдебиет нысанының жанды тұтастығына да, көркем шығармашылықтың басты мiндетiне де сай келедi. Көркем шығармашылықтың негiзгi дiттегенi – бейнеленген құбылыстың әсемдiгiн немесе сұрықсыздығын жанымен сезiнуге, сол арқылы адамдардың рухани дүниесiнiң қалыптасып, жетiле түсуiне ықпал етудi көздейтiнi мәлiм.
Көркем образдылық тым ерте дәуiрлерде пайда болған тұстан бастап-ақ, өнердiң шексiз мүмкiндiгiн белгiлейтiн басты сипаты болып қалыптасқаны аян.
Сонымен, Н.Г.Чернышевский айтқан “өмiр пiшiнi” дегеннiң мәнi неде? Бейнелеу пiшiнi немесе мазмұн ғана ма? Әлде мазмұн мен пiшiннiң идеялық- көркемдiк тұтастығы ма? Әрине, көркем сөз өнерiнде жинақталған “өмiр пiшiнi” – қаламгер жаңғырта бейнелеген ақиқат өмiрдiң жанды суретi немесе сөздiк бейнелеу құралдары арқылы берiлген адамның сезiм күйлерi. Бұл суреттер, толқыныстар, ойлар мен сезiмдер шығарманың образды тiнiне мазмұн мен пiшiннiң жанды тұтастығы ретiнде, яғни олардың бiр-бiрiмен ұштаса қабысуы ретiнде көрiнедi. Өнер мен әдебиеттiң көркем образдылығы, “өмiр пiшiнi” дегенiмiз – мазмұндық және пiшiндiк бастаулардың тұтаса тоғысқан түйiнi. Әдебиеттiң пiшiнi саналуан, әрқилы тiлдiк және композициялық құралдар. Әдебиеттегi пiшiн мен мазмұн философиядағы пiшiн мен мазмұн категорияларына сүйене отырып, өз бойына әдеби туындының iшкi және сыртқы жақтары жайлы түсiнiктердi тоғыстырған әдебиеттану ұғымы. Әдебиеттегi пiшiн мен мазмұнды саралай қарастырғанда, әркез есте ұстайтын жәйттер бар: бiрiншiден, әңгiме ғылыми абстракциялыққа негiзделетiнi, яғни пiшiн мен мазмұн шындығында еш бөлшектенбейтiнi. Себебi, пiшiн дегенiмiз –мазмұнның қабылдану сипаты да, мазмұн дегенiмiз
– берiлген пiшiннiң iшкi мәнi.
Ал әдеби туындының пiшiндiк (стиль, жанр, композиция, көркем тiл, ырғақ), мазмұндық (тақырып, фабула, конфликт, характерлер, жағдайлар, көркем идея, тенденция) немесе мазмұндық-пiшiндiк (сюжет) көрiнiстерi болып табылатын түрлi бөлшектерi, жекелеген жақтары пiшiн мен мазмұнның бiртұтас күйдегi шындығы болып табылады. Бұл – басқа мәселе.
Екiншiден, пiшiн мен мазмұн ұғымдары барынша жинақталған философиялық категория болғандықтан, оларды нақты-дара құбылыстарды талдау барысында аса абайлай қолдану қажет. Бұл, әсiресе, өзiнiң мазмұндық-пiшiндiк тұтастығы тұрғысынан өзгенi мүлде қайталамайтын, сол қасиетiмен де маңызды саналатын бiрегей бiтiмдi көркем туындыларға қатысты. Мысалы, жалпы философиядағы мазмұнның бiрiншi, пiшiннiң екiншiлiгi жайындағы; пiшiннiң артта қалушылығы; пiшiн мен мазмұн арасындағы қарама-қайшылық туралы қағидалар жеке бiр туындыны, әсiресе сол туындының бөлшектерiн зерттеу кезiнде сақталуы мiндеттi өлшемдер бола алмайды. Өнер мен әдебиеттегi пiшiн мен мазмұн қарым- қатынасындағы ерекшелiк жалпы философиялық ұғымдарды әдебиеттануға көшiре салуға жол бермейдi. Өйткенi көркем туындының өмiр сүруiнiң ең қажеттi шартының өзi – пiшiн мен мазмұнның жарасымы болып табылады. Мұндай жарасым болмаған жағдайда әдеби туынды қалай да өзiнiң көркемдiгiнен айырылады. Сонымен қатар, мазмұнның “бiрiншiлiгi”, пiшiннiң “артта қалушылығы”, пiшiн мен мазмұнның “үйлеспеушiлiгi” мен “қарама- қайшылығы” ұғымдарын жеке қаламгердiң шығармашылығын, әдеби даму кезеңдерiн және тұтастай дәуiрлерiн (әсiресе, өтпелi де шұғыл өзгерiске толы дәуiрлердi) қарастырғанда қолдануға болады. Мұндай кезеңдердегi пiшiннiң мазмұннан кейiндеп қалуын бiр қаламгер шығармашылығын жеке алып қарамай, әдеби даму үрдiсi аясында қарастырғанда ғана аңдай аламыз.
Пiшiн мен мазмұнды жiктей қарастыру қажеттiгi қалай пайда болды? Әдебиеттегi пiшiн мен мазмұн ұғымдары арасына шек қою тек XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың басында ғана, ең әуелi немiстiң классикалық эстетикасында жүзеге асты. Гегель мазмұн категориясын енгiзiп қана қоймай, оған айқын сипаттама да бердi. Бұл жағдай әдебиеттiң табиғатын түсiндiруде орасан мәндi қадам болды, сонымен бiрге бұл тұста пiшiн мен мазмұнды бiр- бiрiнен алшақтату қаупi де болды. XIX ғасыр әдебиеттануында мазмұн мәселелерiне баса назар аударылса, XX ғасырда керiсiнше, мазмұнды жеке алып зерттеу де кеңiнен таралғанымен, әдебиетке пiшiндiк тұрғыдан үңiлу басымырақ болды. Алайда әдебиеттегi пiшiн мен мазмұнға тән тұтастық сипаты оларды бiр-бiрiне қатыссыз жеке-дара түсiнудiң мүмкiндiгiн жоққа шығарады. Егер зерттеушi мазмұнды жеке талдауға ұмтылған жағдайда, ол, өзi қаласын-қаламасын, мазмұнның орнына әдебиеттiң нысанын, яғни әдебиеттегi игерiлген болмысты сипаттауға ұрынары анық. Себебi әдебиет нысаны көркемдiк пiшiннiң шеңберiнде ғана мазмұнға айнала алады. Пiшiннен бой тартқан жағдайда ешқандай да көркемдiк мәнi жоқ оқиғалардың (құбылыстардың, толқыныстардың) қарабайыр жиынтығын ғана тануға болады. Сондай-ақ, тек қана пiшiндi жеке алып талдауға ұмтылған зерттеушi пiшiннiң шынайы болмысын емес, әдебиеттiң материалын ғана, бiрiншi кезекте тiлдi, адам сөзiн талдауға ұрынары сөзсiз. Өйткенi мазмұннан ауытқу әдеби пiшiндi қарабайыр тiлдiк (сөздiк) фактiлерден iздеуге мәжбүр етедi. Бұл – әдеби туындыны өз мақсатына байланысты ғана пайдаланатын лингвист, стилист, логиктер үшiн қажеттi шарттардың бiрi, бiрақ әдебиеттанушы үшiн мүлде терiс жол. В.Г.Белинскийдiң: “пiшiндi мазмұннан бөлiп қарау – мазмұнды жою, мазмұнды пiшiннен бөлiп қарау – пiшiндi жою” деген пiкiрi бар. Бұл пiкiрдiң дұрыстығына оп-оңай көз жеткiзуге болады. Мысалы, қарапайым баяндау арқылы ақын өлеңiнде бейнеленгеннiң жалпы айтпағын жеткiзгенiмiзбен, ақын сезiмiмен жымдаса өрiлген толқыныстардың, сезiмнiң, ойдың барынша әсерлi қуаты жойылатындығы сөзсiз.
Көркем әдебиет туындыларындағы мазмұн мен пiшiн ұғымдарының салыстырмалы да өзара байланысты ұғымдар екендiгiн әрдайым есте тұту керек. Өйткенi, көркем туындыда бiр бөлшекке қатысты мазмұн ретiнде қарастырылған нәрсе екiншi бiр бөлшекке қатысты пiшiн ретiнде қарастырыла беретiнi де бар.
Әдебиеттегi идея түрлi композициялық тәсiлдермен және көркем сөз құралдарымен берiлетiнiнен хабардармыз. Өз кезегiнде, бұлар жай ғана пiшiндi белгiлемей, мазмұндық пiшiндi де көрсетедi. Бұл жағдайда оларға мазмұн мен пiшiн тұтастығы жайындағы қағида толығымен жүредi. Осы тұста мазмұн мен пiшiннiң әдебиеттегi тектер мен түрлерге қатысына байланысты тағы бiр жағдайды да айта кеткен орынды. Яғни мазмұн мен пiшiннiң өзiндiк ерекшелiктерiне байланысты шығарма белгiлi бiр әдеби түрге (мысалы, эпикалық түрде эпос, повесть, роман, әңгiме, мысал, т.с.с.) тән болады. Пiшiн – бейнелеушi, мазмұн – бейнеленушi. Бейнеленушi мазмұн толық ашылу үшiн бейнелеушi пiшiннiң алуан қырлылығы мен байлығы керек. Сонда ғана нақтылық пен айқындыққа қол жетедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет