Не журналистика кафедрасы


Ахметжанова Ф.Р. Әбішев Е.К. Қазақтіліндегіұқсату мен теңеу.Өскемен: С.АманжоловатындағыШҚМУбаспасы, 2006. — 174 б. ISBN 9965-786-06-2



бет17/69
Дата12.12.2023
өлшемі0.98 Mb.
#486228
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   69
ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ. КЕШЕН

8.Ахметжанова Ф.Р. Әбішев Е.К. Қазақтіліндегіұқсату мен теңеу.Өскемен: С.АманжоловатындағыШҚМУбаспасы, 2006. — 174 б. ISBN 9965-786-06-2

9.Хуатбекұлы Е.Н.Ә.Назарбаевшығармаларындағы нарратив пен дискурс. — Алматы: 2021. — 127 б.

10.Аскарова А.Ш. Қазақ әдеби сыны. Теория, тарихимәселелеріжәнеоқытуметодикасы. Оқу құралы. — Алматы: Қазақуниверситеті, 2019. — 209 б.

11.Қожекеева Б.Ш. XIXғасырдағықазақәдебиетініңтарихыЗарзаманәдебиеті. Алматы: Қазақуниверситеті, 2013. — 145 б.

12.Қазыбек Г. Әбдезұлы Қансейіт. Библиографиялық көрсеткіш. Алматы: Қазақуниверситеті, 2013. — 83 б.

13.Тойбаева Ж. АхметБайтұрсынұлы Энциклопедия. Алматы: Қазақэнциклопедиясы, 2017.-744 б.

14.ҚабдоловЗейнолла. Шығармалары. Том 4.Алматы: Қазақэнциклопедиясы, 2013. — 316 б.

15.Кәкішев Т. Қазақәдебиетісыныныңтарихы. Бөлім 2. Алматы: Білім, 2003. — 232 б.

16.Негимов Серік. Шығармалары. Том 2. Астана: Фолиант, 2015. — 335 б.


17. Қабдолов З. Сөз өнері. -Алматы, 1992, 2002.
18.Алпысбаев Қ. Көркем шығарманы талдау жолдары. –А., 2013. – 209 б.
19. Ысқақұлы Д. Сынталқы, Алматы, 2004.
20.Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. –А.,2006. – 259 б.

Білім алушының лекциялық сабақтағы жұмысын бағалау критерийлері:





Бағалау критерийлері

Балл (max)

апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Платонус, ZOOM т.с.с платформаларында сабаққа қатысу

20

+

+

+

+

+

+

+

+






















2

Ұжымдық конспект

10

+

+

+

+

+

+

+

+






















3

Белсенділік, сыни ойлау және басқакритерийлер

70

+

+

+

+

+

+

+

+






















+

+

+

+

+

+

+

+

























Барлығы

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

Білім алушының практикалық сабақтағы жұмысын бағалау критерийлері:



Бағалау критерийлері

Балл (max)

апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Платонус, ZOOM т.с.с платформаларында сабаққа қатысу

20

+

+

+

+

+

+

+

+






















2

Белсенділік

10

+

+

+

+

+

+

+

+






















3

Конспект

10

+

+

+

+

+

+

+

+






















4

Тапсырмалар орындау

60

+

+

+

+

+

+

+

+

























Барлығы

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

Білім алушының зертханалық сабақтағы жұмысын бағалау критерийлері:





Бағалау критерийлері

Балл (max)

апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Платонус, ZOOM т.с.с платформаларында сабаққа қатысу

20














































2

Теориялық дайындығы

20














































3

Зертханалық жұмыстар орындау

40














































4

Қорғау

20

















































Барлығы

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

Білім алушының БОӨЖ бағалау критерийлері :





Бағалау критерийлері

Балл (max)

апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Платонус, ZOOM т.с.с платформаларында сабаққа қатысуы

20

+

+

+

+

+































2

Конспект,
Эссе,
Жеке таныстырылымы,
топтық жоба, және басқа.

80

+

+

+

+

+


































Барлығы

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

Білім алушының БӨЖ бағалау критерийлері:





Бағалау критерийлері

Балл (max)

апталар

Барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15




1

Глоссарий

25

+







+










+
















+




100

2

Топтық жоба қорғау

100


































100










100

3

*****

20




+




+







+




+










+







100

4

*****

10




+

+

+

+







+

+

+

+

+







+

100

5

*****

50













+













+
















100

VI. ПӘННІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТЫ


Білім алушылар пәнді игеру барысында келесі ережелерді қадағалаулары тиіс:


1. Білім алушылардың Платонус АЖ-де онлайн-сабақтарға синхронды қолжетімдігі болуы тиіс, яғни, барлығының – оқытушының да, білім алушылардың да онлайнға бірмезгілде қолжетімдігі болуы тиіс.
2. Онлайн-сабақтардың бекітілген кестесінде көрсетілген уақытта платформадағы оқу онлайн-сабақтарға қатысу және уақытынан бұрын шығып кетпеу.
3. Оқу онлайн-сабаққа қатысу үшін білім алушылар алдын ала сұрақтар құрастырып, алған тапсырмаларына жауаптар дайындайды;
4. Платонус, ZOOM, т.с.с бағдарламаларын қолдану арқылы оқу онлайн-сабақтарға қатысқан кезде білім алушылар алдағы конференцияның сілтемесін, өткізу күні мен уақытын және конференцияда қаралатын сұрақтардың тізбесін жүктеп алады.
5. Жұмыстардың барлық түрлерін орындамаған білім алушылар емтиханға жіберілмейді.
6. Білім алушылар Қорқыт Ата атындағы ҚУ Академиялық адалдық кодексін орындауға міндетті. Толерантты, өзгелердің пікірімен санасатын болуы тиіс. Наразалығын әдепті түрде жеткізуі керек. Плагиат және басқа теріс жұмыс түрлеріне жол берілмейді. Прокторинг арқылы аралық бақылаулар, емтихан өткізу кезінде көшіру, шпаргалкалар пайдалану, басқа біреулер шығарған есептерді көшіру, басқа біреудің орнына емтихан тапсыруға жол беру және пәннің кез келген ақпаратын бұрмалау, интернетке рұқсатсыз кіру фактілері анықталған жағдайда білім алушы «F» қорытынды бағасын алады.
Өзіндік жұмыстарды орындау (БӨЖ), оларды тапсырып, қорғау жөнінде кеңестер алу, сондай-ақ өтілген материалдар бойынша қосымша ақпараттар алу және оқитын курс бойынша туындаған барлық басқа сұрақтар бойынша білім алушылар оқытушыға оның офис-сағаттары кезінде жүгінуге құқылы.

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі бағалар
шәкілі және ECTS аударылған балдық-рейтингтік әріптік жүйесі



Әріптікжүйебойыншабағалар

Балдардыңсандықэквиваленті

Балдар (%-тікқұрамы)

Дәстүрліжүйебойыншабағалар

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

FX

0,5

25-49

Қанағаттанарлықсыз

F

0

0-24

Кафедра меңгерушісі: Ә.Б.Алмауытова


Пән оқытушысы: Ғ.Ә.Тұяқбаев

Дәріс 1.
Тақырыбы: Әдебиет теориясы – ғылым.
1.Әдебиеттегі «көркем образ» және «образдылық» мәселелері.
2. Әдебиет теориясы қарастыратын мәселелердің үш циклы.
3.Әдебиеттің өнер ретінде өзге өнер түрлерінен айырмашылығы.
3.Көркем образ, оның өмірді көркем тану құралы екендігі. Көркем бейненің танымдық, эстетикалық, философиялық мәні
4. Көркем образдың ерекшелігі

Пайдаланылатын әдебиеттер:


1.https://kitap.kz/book/adebiet-teoriyasy-antologiya-1-tom
2.https://adebiportal.kz/kz/books/view/klassikalik_zertteuler_15_tom__857
3.https://kitap.kz/book/adebiet-tanytqysh
4.http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=1152830
5.https://kitap.kz/book/adebiet-teoriyasy-antologiya-2-tom
6.https://kitap.kz/book/q-zhumaliev-z-qabdolov-z-axmetov-adebiet-teoriyasy-1960-70-zhzh-klassikalyq-zertteuler-15-tom


1.Ривкин Д., Райан М.Әдебиет теориясы: Антология [Мәтін]: 1-том / ауд. М.Ибрайымова, О.Кенжебаев, Ж.Қожабекова, "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры.- Алматы, 2019.- 568 б




2.Ривкин Д.,Райан М.Әдебиет теориясы: Антология [Мәтін]: 2-том / ауд. А.Исембердиева, Н.Құдайберген, Ә.Құранбек [ж.т.б.]; "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры.- Алматы, 2019.- 372 б.
3.Ривкин Д.,Райан М..Әдебиет теориясы: Антология [Мәтін]: 3-том / ауд. Ж.Жұмашева, Ә.Исембердиева, М.Төлеген [ж.т.б.]; "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры.- Алматы, 2019.- 440 б

4. Ривкин Д.,Райан М.Әдебиет теориясы: Антология [Мәтін]: 4-том / ауд. А.Шәріп; "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры.- Алматы, 2019.- 452 б.
5.А.Қалшабек. Әдебиеттану ғылымына кіріспе. - Астана, Фолиант, 2016
6.Тайманова С. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. ‒ Қызылорда, 2018. - 169 б.
7.Әбдезұлы Қ. Тәуелсіздік кезеңі және қазақ әдебиеті. ‒ Аматы: «Қазақ университеті», 2019
8.Мәмбетов Ж. Әдебиеттің эстетикалық негіздері. Оқу құралы. ‒ Алматы: Қазақ университеті, 2019
9.Ғазиз Райыс. Сөз өнері теориясы. ­-Алматы, Таңбалы баспасы, 2010.
10.Г.Пірәлиева. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеттануы. –Алматы, 2010
11.Қабдолов 3. Сөз өнері. 1992; 2002;
12.Нұрғалиев Р. Әдебиет теориясы. А.,2003
Алдымен әдебиет туралы ғылымның әдебиеттану аталатынын, оның бір-бірімен сабақтас-байланысты үш салалары бар екеніне көңіл аударайық. Олар: әдебиет тарихы, әдебиет сыны, әдебиет теориясы. Бұлар Ю.В.Манн айтқандай «әдебиеттанудың басты салалары» болып табылады. Ал, библиография, мәтінтану болса, әдебиеттану ғылымының жанама салалары саналады. Әдебиеттану мен тілтану қосыла кеп филология ғылымдарын құрайды. •
Әдебиет тарихы белгілі бір ұлттың, халықтың сөз өнерінің туу, дамуын, бүгінгі кезеңге дейінгі бел-белестерін, қай кезеңце қандай ақын-жыраулар, қаламгерлер болды, олар қандай әдеби мұра қалдырды, оньщ көркемдік маңызы қандай деген мәселелерді анықтаса, әдебиет сыны керісінше, өз тұсындағы, кезеңіндегі әдеби процесс - әдеби даму ерекшеліктерін қарастырып, әдебиет керуені қандай бағыт алып барады, әдеби процесте қандай басым тенденциялар, тақырыптар бар деген мәселелерді анықтап, сондай-ақ күнделікті жарық көрген жаңа туындылардың көркемдік жетістік-кемшіліктерін әділ саралап, жазушы еңбегін бағалау, көпшілікке танытып отыру міндетін алға қояды.
Әдебиет теориясы осы екі саланың фактілерін, материалдарын саралап, түйіндеп, ғылыми қорытынды, тұжырым жасап отыратын басты сала.
Бұл саланың қарастыратын мәселелері өте ауқымды. Түйіп айтқанда, олар мынадай 3 циклдан тұрады:

  1. Қаламгердің өмір шындығын образды-бейнелі түрде суреттеп таныту ерекшеліктерін қарастыру. Бұл дегеніміз көркем туындының бейнелік-суреттілік табиғатын, қаламгердің эстетикалық идеалық, әдеби шығарманың халықтығы мен шыңайылығын тану және байыптау, жалпы сөз өнерінің бейнелілік табиғатын ұғыну.

  2. Туындының көркемдік құрылымын, яғни оның композициясы мен сюжетін, тақырып пен идея бірлігін, тип пен характер жайын, өлең құрылысы, мазмұн мен пішін бірлігі, тіл, стиль мәселелерін қарастыру.

  3. Өнер дамуының арғы-бергі тарихын барлап, ондағы көркемдік әдістер мен әдеби бағыт- ағымдар, мектептер ролін, жанрлар эволюциясы мәселесін сөз ету.

Адамзат қоғамымен бірге жасасып, оньщ рухани-эстетикалық талғамына қызмет етіп келе жатқан өнер түрлері саналуан. Сәулет, саз, мүсін, кескін, қолөнер дегендей. Солардың бірі-бірегейі - әдебиет, яки сөз өнері. Өнер атаулының мақсат-мұраты ортақ болғанымен, әрқайсысы өзіндік сипаттарымен ерекшеленеді. Әдебиеттің өзге өнер түрлерінен басты ерекшелігі - бейнелеу құралы - көркем сөзге байланысты. Осы себепті де әдебиет сөз өнері деп аталады.
Әдебиет өнеріне тән көркем бейне және бейнелілік деген ұғымдар бар. Көркем бейне әдебиеттегі Адам тұлғасы болса, бейнелілік көркем сөздің құдіретін танытатын суретті сөз, айшықты тіл, бейнелі тіл деген мағынада.
Суретті сөз, бейнелілік деген ұғымдар тек әдебиетке, сөз қолданысқа қатысты ерекшелікті танытатын ұғымдар.
Бұл көркем сөз құдіреті арқылы өмір көріністерін, адамның іс-әректтерін, зат- құбылыстар сырын сырлы сөзбен кестелеп, айшықты,суретті, жанды, әсерлі таныту деген сөз. Бұлай бейнелеу өзге өнердің қолынан келмейді, бұл сөз өнерінің еншісіндегі ерекшелік. Демек, бейнелілік (образдылық деп те айтады) автордың нені суреттесе де, сөз құдіреті арқылы сол құбылыстың, заттың айшықты, жанды, көркем бейнесін танытуы.
Аралбай (ХІХ ғ.) ақынның жалғыз ұлы қайтыс болып, қайғы жамылып отырғанда замандасы Қашаған ақынға айтқан мына өлеңіне көңіл аударайық:
Мен – ботасы өлген боз мая,
Тұлыбына келіп аңыраған.
Мен бір жүрген ақ киік
Лағын түзде алдырған
Орнына келіп маңыраған.
Мен – қартайған арыстан
Елсізде қалып аңыраған.
Мен – жапанға біткен бәйтерек
Жапырағы жерге төгілген...
Осындағы боз мая (ботасының тұлыбына келіп аңыраған), ақ киік (лағынан айрылған) деген метафоралық образдар қандай әсерлі, оқып отырып көз алдыңа Аралбай емес, ботасы өлген боз мая келбеті елестейді. Сөзбен сурет салу, ойды айшықты, бейнелі көркем беру, яки бейнелілік дегеніміз осы!
Образ дегенiмiз:
1.“Образ – эстетикалық мәнi бар, ойдан шығару арқылы әрi нақты әрi жинақты жасалған адам өмiрiнiң әсем суретi” (Л.И.Тимофеев. Основы теории литературы.).
2.“…көркемөнерде, соның iшiнде әдеби шығармада жинақталған түрде суреттелетiн өмiр құбылысының нақтылы көрiнiс-қалпы, кейiпкердiң көркем ой елегiнен өткiзiлiп, қорытындылап жасалған тұлға-бейнесi. Көркем образда екi түрлi ерекшелiк – жинақтау, … және даралау … iштей астасып, қабысып жатады.” (З.Ахметов. Әдебиеттану. Терминдер сөздiгi.)
Образға берiлген түрлi анықтамаларды, жоғарыда айтылған пiкiрлердi ескере отырып, сөз түйiнiнде төмендегiдей қорытынды жасауға болады: Әдеби образ нақты өмiрлiк шындықтан алынып, суреткер санасында танымдық және шығармашылық үрдiстер нәтижесiнде жан-жақты екшелген және бейнелi сөз арқылы қайта жасалған әсерлi де көркем өмiрлiк шындық.
Сонымен, көркем образдардың бiрiншi ерекшелiгi оның бойындағы жанды нақтылықтың үйлесiмi, яғни оқырманға, көрерменге, тыңдарманға эмоционалдық әсерлiлiгiн, сонымен бiрге оның идеялық және танымдық маңыздылығын анықтайтын жекелiк сипат-қасиеттердiң молдығы болып табылады. Бұл ерекшелiк нақты образдарды әсерлi де шынайы, жан-жақты бейнелеу нәтижесiнде iске асады.
Көркем образдардың екiншi маңызды ерекшелiгi ретiнде оның оқырман бойында әрқилы ой-сезiмдердi тоғыстыруға қабiлеттiлiгiн атаған жөн. Образдардың бұл ерекшелiгi туындыдағы көркемдiк әлемдi өзiнiң өмiрлiк тәжiрибесi аясында қабылдайтын оқырманға мейлiнше жақындатып, сол арқылы оның таным-түсiнiгiн кеңейте, тереңдете түсуге, сонымен қатар оның сезiмiн де тәрбиелеуге қаншалықты ықпалды болуымен айқындалады.
Әдебиеттiң мазмұнын бейнелi сөз құрайды. Әдебиет тiлi – бұл сөздiк образдар, яғни нақты бiр адамдардың, оқиғалардың, жағдайлардың, сезiмдердiң, ой- толғаныстардың бейнелi сөз арқылы берiлуi.
Әдебиеттегi сөздiк пiшiн тура мағынасындағы сөз емес: яғни қаламгер шығармасын туғызу үстiнде “сөйлемейдi” (немесе ”жазбайды”), сөздi ойнатады. Көркем сөз сөздiк образдарды бiрiнен бiрiн өрбiтедi; сөздiң өзi әрекетке, “болмысқа” айналады. Соның нәтижесiнде әдеби шығарма оқырманды көркем шындықпен бетпе-бет кезiктiредi; көркем шындықты түсiндiрiп қана қоймай, оны “бастан өткеруге, сол өмiрге араласуға” мәжбүр етедi.
Әдеби туынды өте қарапайым да кiшкентай сөздiк образдардан құралған, өзiне ғана тән ерекше “образды” ойлардың күрделi жиынтығынан тұрады. Сөздiк образдардың әрқайсысы оқырманның көз алдына қандай да бiр жеке әрекеттi, қозғалысты елестете отырып, солардың тұтастығы арқылы өмiрлiк үрдiстi туып, дамып, шешiмiн тапқан күйiнде көрсетедi.
Ғ.Мүсірепов бір шығармасында «салпыетек жылауық күз» деп жазады. Күздің жаңбырлы, айнала-төңіректі лайсаң сипатын қаламгер осындай бейнелі жанды сөзбен әсерлі береген.
Вольтердің «Сурет – мылқау поэзия, ал поэзия – сөйлейтін сурет» дегеннің шындығы осы.
Әдебиеттің ендігі бір басты ерекшелігі көркем бейнені таныту ерекшелігіне қатысты. Әдебиеттегі адам - тірі бейне, ол сөйлейді, алысады-жұлысады, әрекет етеді, күрсінеді, күледі. Басқа өнер түрлерінде де (сурет, мүсін) адам бейнесі жасалады бірақ, олар жансыз, қимылсыз, үнсіз, бір қалыпты, бір күйдегі адам келбеті. Әдебиеттегі адам, бейне жанды тірі тұлға, ол өседі, өзгереді, сөйлейді, әрекет үстінде көрінеді т.б.
Қаламгер үшін адам тұлғасын сомдау, яки көркем бейне жасау – басты мақсат әрі үлкен жауапкершілік. Талантты тұлға ғана шынайы бейнені мүсіндейді.
Тегінде өмір-болмыс, тіршілік сырын білу, танудың екі жолы бар. Ол ғылыми тану және көркем тану. Екеуі де адамзат қоғамы үшін керек, маңызды, ғылыми тану дүние болмыс сырын ғылыми тұрғыда тану, оның ролін ғылым, түрлі ғылыми зерттеулер атқарады. Бірақ бұл тану жолы күрделі, жалпы көпшілікке ұғынықты, түсінікті бола бермейді. Ал, көркем танудың жөні де, жолы да бөлек. Бұл қоғам, әлем, табиғат сырларын көркем өнер құдіреті арқылы тану.
Қаламгер алуан мінезді, түрлі тағдырлы адамдар бейнесін, іс-әрекетін не үшін суреттейді? Өмір, қоғам сырын көркем бейнелі таныту үшін. Демек, көркем бейне қаламгер үшін көркем таныту құралы.
Адам тағдырларын, олардың жақсылық үшін күресін, жамандық пен жақсылық, арман үшін арпалысуын, мақсаттарына жеткен-жетпегенін суреттей отырып, қаламгер өмір сырын, өмір философиясын таныта алады. Яғни, әр кейіпкер белгілі бір танымдық, көркемдік-эстетикалық мағына-мәнге ие. Бұл толыққанды көркем, яғни типтік бейнеге қатысты тұжырым, талап-шарт.
Кейіпкерлерді тип, яғни, типтік тұлға немесе эпизодтық, екінші кезектегі бейне деп бөлу оның жасалуына, адамдық болмысының танылуына танымдық, эстетикалық-көркемдік деңгейіне байланысты.
Ең алдымен мұндай толыққанды бейненің екі қырымен ерекшеленетінін білуіміз керек. Олар көркем бейненің жекелік (жалқылық) және жалпылық қырлары.
Бейненің жалқылық (жекелік) қыры дегеніміз қаламгердің оны өзгеге ұқсамайтын, тек өзіне ғана тән мінез, іс-әрекет, танымымен даралай білуі. Құнанбай, Сәлмен, Жарасбай, Тәңірберген, Итбай... Әрқайсысы өзіндік мінез, іс-әрекеті, айла-құлығы, тағдыры жағынан өзгеге ұқсамайтын оқшау бейнелер.
Кейіпкердің жалпылық қыры оның жекелік қырынан туындайтын, осы сипатымен сабақтасып жатқан ерекшелігі. Құнанбай өз тобынан-табынан қанша асып туған ақылды, айлаға бай жан, билеуші топтың көшбасшысы, Әуезов оны осындай жекелік қырларымен жарқыратып көрсеткен десек те, оны өзінің әлеуметтік тобынан бөлектемейтін, қайта тонның ішкі бауындай байланыстырып-жақындататын ортақ жайлар да жетерлік. Ол қанша өз табының көсемі, тежеусіз биліктің иесі десек те, түптеп келгенде Құнанбай мақсаты, көзқарасы жағынан солармен үндес, мүдделес, ауыз жаласары да, кей-кейде билікке таласары да сол топ екенін көреміз. Қодар мен Қамқаны жазалау алдында Құнанбайдың жалпы көпшілікпен емес, осы өз үзеңгілестерімен бірде (бату, бірде тату болса да) ақылдасып-кеңесуі оның осы топпен жақындығын, осы билеуші топтың адамы екенін танытады. Демек, Құнанбай бейнесінің жалпы қыры дегеніміз оның жекелік мінезі, іс-әрекеті, мақсаты арқылы жалпы билеуші топқа тән психология, әдет, әрекет, мүдденің танылуы. Билеуші, дүмді топ өкілдерінің іс-әрекеті, мақсатының Құнанбай көзқарасымен, түсінігімен астасып жатуы.
М.Шолоховтың «Адам тағдыры» әңгімесі Соколовтың соғыста басынан кешкен хикметтеріне құрылған, ол оқиғалар барысында солдаттың өзіндік қайсар мінезі, тапқырлығы тамаша сипатталған. Бұл Соколов бейнесінің жалқылық қырымен көрінуі. Екінші жағынан алғанда жазушы соншалық сүйіспеншілік-тебіреніспен суреттеген Соколов тағдырын соғысқа қатысқан солдаттар тағдырынан, жалпы адамзат, адам тағдырынан бөліп қарай алмаймыз. Қайта Соколовтың жеке тағдыры арқылы майдан тауықметін тартқан, бірақ жеңілмеген, рухы биік мыңдаған Отан жауынгерлерінің ерлігін, өрлігін көріп, сезінгендей боламыз. Соколов ерлігі жалпы кеңес солдаттарына тән ортақ ерлік, тағдыр деп бағалаймыз. Міне, бұл осы бейненің жалпылық жағы, қыры. Сондықтан да, автор әңгімесін «Соколов тағдыры» демей, оның соғыстағы адам тағдырын танытатын жалпылық мәнін ескере отырып «Адам тағдыры» деп атаған.
Көркем бейненің жекелік және жалпылық қырларының байланыс-бірлігі осы.
Әрине, көркем бейненің шыңы – тип, типтік тұлға дейміз. Өйткені тағдыр-талайы, күресі суреттелген бейненің бәрі типтік дәрежеде таныла бермейді. Белинский айтқандай шынында да, «талантты жазушының әрбір образы – тип, «таныс-бейтаныс». Типтік бейне күрделі адамдық болмысы, алуан қырымен, арман-ойы, толғаныстарымен, іс-әрекетімен жан-жақты көрініп, дараланған тұлға. Ол үшін бейне шығармада суреттелген негізгі оқиғалардың жуан ортасында көрініп, тартыс барысында өзінің адамдық барша жақсылы-жаманды мінезімен, іс-әрекетімен әр қырынан танылуы қажет. Екіншіден, тип белгілі бір әлеуметтік топтың, ортаның өкілі ретінде алынып, бейнеленгендіктен, оның әрекетімен ой-толғаныстарынан өзі өкілі болып саналатын ортаның, қауымның шындығы, психологиясы, арман-аңсары аңғарылып тұруы, осылай суреттелуі міндетті. Бұл типтік тұлғаның жиынтық бейне екендігін көрсетеді.
Қазақ, орыс әдебиеттері тарихында мінез-болмысымен, іс-әрекет ерекшелігімен өз заманының, тобының, табының шындығын танытатын әлеуметтік типтер галереясы мол. Мысалы, Әжібай, Тәңірберген, Обломов... т.б.
Дала мен қаланы еркін кезген, әйелді үйірлеп алып, отбасынан безген, талайдың тағдырын талқан еткен Әжібайды (С.Торайғыров «Кім жазықты») даланың Дон Жуаны десе де болғандай. Тасболат байдың тежеусіз өскен баласы Әжібай үшін өз мүддесі, өз қызық-құмарлығынан басқа өмірде қасиетті, ардақты ештеңе жоқ. Ермегі – көрікті қыз, ажарлы келіншекті айналдыру, өзінше сал, өзінше сері. Әжібай - әлеуметтік тип, оның осылай арамза, қасқыр құлықты етіп қалыптастырған әрі қолдайтын әлеуметтік топ, дүмді орта бар. Ол орта ақсаусақ Әжібайды, байлық пен билік, қиянат пен зорлық иелері Әжібайларды тәрбиелеп, ескі қазақ қоғамының әсемпаздық, азғындық дерті – «Әжібайшылықты» (акад. С.Қирабаев) заңдастырып отырған әлеуметтік орта. Әжібай осы ортаның жемісі. Оның ұнамсыз қылық-мінезі, ой-арманы, содыр-сойқанды іс-әрекеті, барша «серілік» болмысы осы өзін тудырып, тоғышарлық қалыбынан шығарған озбыр орта, тыйымсыз топтың шындығымен, таным түсінігімен, тонның ішкі бауындай байланысып жатыр.
Үшіншіден, типтік бейне негізінен бас немесе негізгі кейіпкерлер санатындағы тұлға. Оның тағдыры, күрес-тартысы, жеңісі, жеңілісі арқылы автор идеясы танылады, лайықты көркемдік шешімін табады.
Өмір шындығын көркем жинақтау, яғни типтендіру, адам мінезін даралау реализмге, жалпы реалистік өнерге тән заңдылық. Мұны кезінде Гегель де, Белинский де айтқан болатын.
Автор кейіпкерін немесе кейіпкерлерін тек өз қалауы бойынша суреттей алмайды. Онда жасандылық, штамп туындайды. Энегльс айтқандай «типтік характерді (яғни типтік бейнені – С.М.) типтік жағдайларға сай суреттеу» реализм өнеріне тән ерекшеліктердің бірі. Кейіпкер типтік мінезбен көріну-танылу үшін оның тұлғасы белгілі бір әлеуметтік ортаның типтік жағдайларына етене, лайықты болып көрініс табуы жөн. Қай кейіпкер де өскен орта шындығына сай суреттелсе, іс-әрекеті, танымы уақыты, заманының шеңберінде көрінсе, сол шынайы, сол нағыз тип. Энгельстің айтпағы осы талап.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет