«ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ» ПӘНІ БОЙЫНША ПРАКТИКАЛЫҚ /СЕМИНАР/ САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ МЕН ТАҚЫРЫПТАРЫ
№1практикалық сабақ тақырыбы: Көркем образдар. Тип жӘне характер
Сабақтың мақсаты: Әдебиеттану ғылымындағы образдар, олардың түрлері, тип және типтендіру, образ жасаудағы басты әдіс-тәсілдер турасьшда мағлұмат беру.
Сабақ жоспары:
Образ жэне образдылық туралы жалпы түсінік
Типтілік проблемасы. Жинақтау мен даралау.
Тип және прототип.
Образдың жасалу жолдары мен тәсілдері
Образдың түрлері
Бақылау сұрақтары:
Образ дегеніміз не?
Образдың қандай түрлерін білесің?
Образдылық дегеніміз не?
Глоссарий:
Реалистік образ- әдебиеттегі адам бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрі.
Романтикалық образ- әдебиеттегі адам бейнесінің байырғы түрлерінің бірі.
Эпикалық образ- кескін -кейпі, мінез- құлқы, іс- әрекетімен тұтас көрінген әрі толық жинақталған, әрі әбден даралған тип.
Драмальщ образ- эпикалық не лирикалық образдар секілді қағаз бетінде емес, тура өмірдің өз аясында - сахнада көзбе- көз, қолма- қол жасалатын көркем бейне.
Юморлық образ- күлкілі кейіпкер; юмор- өмірдегі кісі күлерлік құбылыстардың өнердегі сэулесі.
Сатиралық образ- ұнамсыз тип. Сатирамен суреттелер құбьшыс – керексіз, кесір құбьшыс.
Фантастикалық образ- қиялдан туған қаһарман, адамның ақиқатқа ұқсас арманында
бедерленген бейне. Әдебиеттегі адам образының бағзы замандардан күні бүгінге дейін келе жатқан көне түрлерінің бірі.
Трагедиялық образ- әдебиетте тым әріден келе жатқан адам бейнелерінің бірі. Трагедиялық кұбьшыстар өмірде де , өнерде де юморлық не стиралық құбылыстар қарама- қарсы: юмор мен сатира да күлкілі жайлар ажуә, мысқыл, кекесін түрінде көрінсе, трагедияда қатерлі нәрселер қайғы, қорқыныш, қаза түрінде көрінеді.
Геройлық образ- ұнамды кейіпкер. Адамға тән небір тамаша сипаттардың синтезі секілді сом тұлға, өз дәуірінің ең аяулы асыл мұраттарынан туған тарихи тип.
Достарыңызбен бөлісу: |