Тапсырма:
1. Абай шығармашылық нәр алған, қанаттанған, бойға қуат, ойға азық алған әдеби дәстүр:
Төл әдебиеттегі озық дәстүр.
Шығыс әдебиеті.
Орыс жэне Еуропа әдебиетінің дәстүрлері. Мысалдар келтір.
2.Әуезов дәстүрі туралы ойыңыз
Дәріс 13
Әдеби бағыттар мен ағымдар.
Дәрістің мақсаты:
Әдеби ағым, бағыт, мектеп туралы түсінік, беру, олардың әдеби процесте алатын орнына, ғалымдардың ой-пікірлеріне талдау жасау.
Жоспары:
1.Әдеби бағыт, әдеби ағым, эдеби мектептің әдеби процестегі алатын орны, байланысы.
2.Әдеби бағыт, ағым, мектеп туралы ой-пікірлер.
3.Әдеби мектеп - суреткерлік шеберлік нәтижесі.
4.Қазақ әдебиетіндегі әдеби мектептер.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1.Ривкин Д., Райан М.Әдебиет теориясы: Антология [Мәтін]: 1-том / ауд. М.Ибрайымова, О.Кенжебаев, Ж.Қожабекова, "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры.- Алматы, 2019.- 568 б
|
2.Ривкин Д.,Райан М.Әдебиет теориясы: Антология [Мәтін]: 2-том / ауд. А.Исембердиева, Н.Құдайберген, Ә.Құранбек [ж.т.б.]; "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры.- Алматы, 2019.- 372 б.
3.Ривкин Д.,Райан М..Әдебиет теориясы: Антология [Мәтін]: 3-том / ауд. Ж.Жұмашева, Ә.Исембердиева, М.Төлеген [ж.т.б.]; "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры.- Алматы, 2019.- 440 б
|
4. Ривкин Д.,Райан М.Әдебиет теориясы: Антология [Мәтін]: 4-том / ауд. А.Шәріп; "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры.- Алматы, 2019.- 452 б.
5.А.Қалшабек. Әдебиеттану ғылымына кіріспе. - Астана, Фолиант, 2016
6.Ғазиз Райыс. Сөз өнері теориясы. -Алматы, Таңбалы баспасы, 2010.
7.Г.Пірәлиева. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеттануы. –Алматы, 2010
8.Ж.Камалқызы. Қазақ әдебиетінің теориялық және әдістемелік мәселелері. – Алматы, 2017
9.С.Мақпыров. Адамтану өнері. – Алматы,Арыс, 2009
10.А.Ісмақова Асыл сөздің теориясы.- Алматы, Таңбалы баспасы,2009
11. Т.О.Есембеков. Көркем мәтін теориясы:оқу құралы.-Алматы: Қазақ университеті, 2015.-186 б.
12.Т.У. Есембеков. Көркем мәтін поэтикасы Оқу құралы. -228 б. 2012; 2020 А. Қазақ университеті
13.Байтүрсынов А. Әдебиет танытқыш //Шығармалары, 1989.
14.Қабдолов 3. Сөз өнері. 1992; 2002;
15.Жарылғапов. Ж. Қазақ прозасьндағы эдеби ағымдар және көркемдік әдіс. Фил.ғыл. докторы ғылыми дәр. алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. Астана, 2009
Әдеби процесс, яки әдеби даму үрдісінде әдеби бағыт, әдеби ағым, әдеби мектептердің мән-маңызы зор. Бұл үшеуін тегінде әдеби дамудың формалары деп танимыз. Әдеби процесс жайлы, қозғалыс үстіндегі процесс десек, әдеби бағыт, ағым, әдеби мектепті оған жан беретін, оның өзіндік ерекшеліктерін танытатын сипаттарды санаймыз.
Бір кезеңдегі әдеби процесс аясында түрліше әдеби бағыттардың, әдеби ағымдардың, мектептердің қатар өмір сүруі, дамуы, әрқайсысының өз басымдығы үшін күресуі әдеби дамудың толыққандылығын, әдебиеттің қоғамдық өмір проблемаларына белсене араласуын, сөйтіп, ұлт әдебиетінің жан-жақты ізденіс, өсу, өрлеу үстінде екендігін көрсететін фактор. Демек, әдеби даму заңдылығы.
Әдеби бағыт, әдеби ағым, әдеби мектеп, бұлар бір ұғымдар емес, алайда бір бірінен соншальщты алшақ құбылыстарды емес, керісінше бір-бірімен байланысты, қатар өмір сүретін құбылыстар.
Орыс ғалымдары (Поспелов, Гуляев, Ревякин, Кулешов т.б.) бұл мәселені қарастыра келе олардың өзара байланыстылығын, әдеби бағыттың біріншілігін анықтап дәлелдейді. Бір әдеби процесс аясында қоғамдық, көркемдік сұраныстарға орай әуелі әдеби бағыттың туып қалыптасатындығы, бағыттың өз ішінен бірнеше ағымдарға бөлінетіндігі де өнер заңдылығы. Мұны орыс, қазақ эдебиеті тарихынан көптеген мысалдар келтіріп дэлелдеуге болады. Мысалы, XIX ғасырдың II жартысында Абай өзінің шығармашылық тың ізденістері арқылы қазақ әдебиетінде жаңа реалистік жазба әдебиеттің бағытын қалыптастырды, ол осы ғасыр әдебиетіндегі жетекші бағыт болды. Сондай-ақ XIX ғ. орта тұсында қазақ әдебиетіндегі халықтық-бұқарашыл бағыттың аясында кейін осы дәуірді түгас қамтыған зар заман ағымы (М.Әуезов) туып, қалыптасты.
Ұлттық әдебиеттану ғылымында аталған категорияларға қатысты жан-жақты болмаса да сипаттамалар беріліп келеді. Е. Ысмайыловтың «Әдебиет теориясының мәселелерінде» (1940) әдеби ағым көркемдік әдістің алғашқы сатысы ретінде қарастырылып, әдіс пен ағым арасьшдағы айырым-белгілерді нақтылауға қадамдар жасалады. Қ. Жұмалиевтің екінші рет басылған «Әдебиет теориясында» (1964) әдеби бағыт пен көркемдік әдіс бір-бірінің синонимі ретінде қолданыла береді. Ал 3. Қабдолов «Әдебиет теориясының негіздері» (1970), «Сөз өнері» (1982) еңбектерінде бағыттар туралы сөз қозғамайды. Ғалым классицизмді де, сентиментализмді де, натурализмді де әдеби ағымдар деп қарастырады. Ол: «Әрбір әдеби ағымды әр қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік жағдай туғызады. Әрбір әдеби ағым - әр дэуірдегі идеологиялық күрестің эдебиеттегі көрінісі. Әдеби ағым - тарихи категория: жалпы қоғамдық дамудың белгілі кезеңдегі белгілі саяси- әлеуметтік сипатына сэйкес туады да, сонымен бірге дамып, бірге жоғалып отырады» деп баға береді [9, 340 б.]. Зерттеуші ағымды белгілі бір тарихи кезең сипатына орай өрістейтін шығармашылықтың идеялық мұраггарымен тығыз байланыстырды.
Сонымен әдеби бағыттың әдеби ағымнан басты айырмашылығы - мынау: бағыт - нақты-тарихи мәнді білдіретін, әрқилы тарихи жағдайларда пайда болатын, алдын ала дайындалған шығармашылық бағдарламаға негізделетін және мақсатты түрде нақты бір теориялық-эстетикалық ұстаным астына біріккен жазушылар тобы. Бағыттың әдеби топ, әдеби мектеп сияқты ұғымдарға сәйкесетін тұстары болғанымен, бағыттың оларға қарағанда ауқымы анағұрлым кең. Бағыт көбінесе қоғамдық-әлеуметтік, мәдени-тарихи қажеттіліктер тоғысында туьш, ол қажеттіліктер өз актуалдьшығын жоғалтқанда бірге жоғалып отыратын қасиетке ие. Ал әдеби ағымға дүниетанушылық қырлары, тарихи-әлеуметтік мәселелерге қарым-қатынасы, оны шешу жолдарындағы идеялық-көркемдік концепңиясы ұқсас қаламгерлер жатқызылады. Сонымен қатар бір бағытты құрайтын бірнеше ағымдар болады да, керісінше әдебиеттің нақты бір кезеңінде үстемдік етіп тұрған бағытқа жатпайтьш, олардың шығармашылық бағдарламаларындағы ереже- талаптарды ұстанбайтын тәуелсіз ағымдар да бола береді. Әдеби ағымдар поэзиялық форма мен прозалық жанрларда түрліше көрініс тапты. Ұлттық поэзиядағы кей ағымдар прозаның даму жолында мүлде ұшырасқан жоқ немесе жекелеген элементтері ғана кездесіп отырды.
Адамзат баласыньщ көркемдік дамуындағы ең ірі белестері болған классицизм, ағартушьшьщ, сентиментализм, романтизм, реализм, модернизм, постмодернизм сияқты бағыттар мен ағымдардьщ алмасулары - әдебиеттің сатылап дамуындағы ортақ заңдылықтар көрсеткіші. Әдебиет дамуының сатыларына сэйкес пайда болған бағыттар мен ағымдар көркем ойдың түрлі арнада дамуына, әдебиет функциясының күрделенуіне әкелді. Қазақ әдебиеті басқа елдердің мәдениетімен белсенді қарым-қатынасқа түсуі нәтижесінде жаңа стимулдар қальштастырды. Ондай ықпалдастықтар ұлтымыздың бай фольклоры жэне поэзиялық құндылықтарымен бірге өрілуінің нәтижесінде кәсіби ұлттық прозамыздың дүниеге келуін жылдамдатты. Ең бастысы, жаңа формамен бірге сыртқы елдердің әдебиетінде дамьш үлгерген бағыттар мен ағымдардың эстетикасы мен түрлі көркемдік әдістердің бейнелеу элементтері келді. Әдеби байланыстардьщ күрделенуі ұлттық эдебиетімізді жедел даму кезеңіне шығарды.
Көркемдік таным аясы кеңіген сайьш, ұлтгьщ әдебиеттің өзіндік даму логикасы мен көркемдік таным динамикасыньщ өсуі жаңа әдістер, өзгеше бағыттар талап етіп отырады. Көркем сөздің прозалық формаларының оның ішінде романның қалыптасуында романтизм эстетикасының үлкен мәні болды. Реализмнің ұлттық прозаның даму тарихында аса маңызды орын алып, адам мен дүние құбылыстарын бейнелеудегі негізгі әдіске айналуына эстетикалық алғышарттар жасаған - романтизм.
Ағартушылық реализм, сыншыл реализм, социалистік реализм қазақ прозасының даму кезеңдерін айқындаған әдістер. Ұлттық әдебиетімізде ағартушылық реализмнің күшеюі дәстүрлі жанрлық канондардың өзгеріске ұшырауына, прозалық жанрлардың өркен жаюына мықты серпін берді. Ағартушылық реализмдегі дидактизм - публицизм - поэтизм бірлігі сақталды. Сыншыл реализм суреткерлері адам болмысын бейнелеуде оның тек сыртқы тұрпат-белгілері және әрекеттерімен шектеліп қалмай, тұлғаның ішкі дүние иірімдері мен әлеуметтік шарттылығына баса назар аударды. Ұлттық прозамызда соцреализмнің әдебиеттің халықтығы, партиялылығы, таптығы, тарихи оптимизм, сопиалистік гуманизм, интернационализм сияқты қағидалары жүзеге асқан әр түрлі денгейдегі шығармалар дүниеге келді.
Ал қазақ прозасында ағымдарды саралау барысында символизм ұстанымдарымен катар сентиментализмнің, экзистенциализмнің өмір құбылыстарын игерудегі ерекшеліктері, бейнелеу тәсілдері жекелеген туындыларында айғақтальш отырғанын таныдық. Сентиментализм ағымы XX ғасыр басындағы прозада ерекше аңдалады. Ал натурализм ұлттық әдебиетте реализм ағымы ретінде өмір сүрді.
Модернизм эстетикасы XX ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы қазақ әдебиетінде түрлі ағымдар арқылы көрініп, сол ғасырдың 60-80 жылдарында өз жалғасын тапты. Жазушылардың адам табиғатының қарама-қайшылығына дендеу үшін архетип- кеніпкерлерге, мифологизм элементтеріне, аңыздық сюжеттерге жүгінуі қазақ прозасында неомифологизм ағымының қальштасуына әкелді. Қаһарманның рухани өмірінің түйткілдерін импрессионистік тәсілдермен бедерлеп отыру артты. Экзистенциализмдегі өмір шындығын абсурд пен хаос дүниесі деп танитын идеялардың мейлінше маңызы өсіп, түрлі философиялық жинақтаулар жасалып отырды.
Әдеби бағыт та, әдеби ағым да ақындар, жазушылар тобына қатысты құбылыс. Әр әдеби бағыттың немесе әдеби ағымның өз платформасы, бағдарламасы болуы зандылық. Мәселен, Абай негізін қалап дамытқан жаңа реалистік бағыттың мақсаты, өнерге көзқарасы оның көптеген өлеңдерінде («Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы») айқын тұжырымдалган. Ал «зар заман ағымының мақсаты Шортанбайдың («Зар заман), Дулаттың, Мұраттың («Үш қиян) т.б. өкілдері туындыларын идеялық нысанасынан жақсы аңғарылады. Отаршылдықтың келуі мен орнығуы кесірінен қазақтың ұлттық мемлекеттігінің, ел басқар.у жүйесінің бұзылуы қазақтың қалыпты өмірінің жойылуы, отаршылдық еріксіз толған ұнамсыз құбылыстардың көбеюі, діннен безу, елдіктен айрылу жайларьш «заман азды, халық тоздың деп түңілу және қатты сынау, бұрынғы дәуірді аңсау сарыны, міне «зар заман ағымының ерекшелігі осылар. (Ағым ерекшелігімен жете танысқысы келгендерге Б.Омарұлының «Зар заман поэзиясың (2001) монографиясын оқуды ұсьшамыз).
Көркемдік әдіс неғұрлым тұрақты құбылыс болса, әдеби бағыт, әдеби ағым қоғамдық дамудың белгілі бір кезеңінде туып, екінші бір кезеңінде өнер сахнасынан кетуі әбден мүмкін. «Зар заманың ағымы» соның айқын бір дәлелі.
Ал әдеби мектеп мәселесіне келсек, бұл да әдеби бағыт, әдеби ағым ұғымдарымен сабақтасьш-байланысып жатқан әдеби құбылыс. Әдеби бағыт, ағым бар жерде әдеби мектеп те бар. Бұлардың қатар өмір сүруі, әдеби процестегі тайталасы, қайталап айтайық, өнер дамуының заңдылығы.
Әдеби мектеп үғымының басты бір ерекшелігі оның жалпы қаламгерлерге емес, жеке үздік сөз зергері шығармашьшығына қатысты құбылыс екендігінде. Әдеби мектеп үздік талаптың өнердегі өнегесіне, оның өзгелерге тікелей шығармашылық ықласы мен жетекшілігіне қатысты ұғым. Орыс әдебиетінің тарихьшдағы әйгілі «Гогольдің натуралдық мектебің Гогольдің шығармашылық ықпалымен қалыптасқан, оның шәкірті іспетті жазушылар арасындағы шығармашылық қарым-қатьшасты танытатын мектеп, сондай-ақ орыс поэзиясы тарихьшда «Некрасов мектебініңң атқарған ролі де жоғары.
Қазақ поэзиясында Абайдьщ ақындық мектебі - әдеби мектеп. Әдеби мектеп болғасын ұстаз қаламгер бар және оның үлгісімен, ақыл-кеңесімен шығармашылық еңбек ететін шәкірт қаламгерлер бар. Абайдың ақындық мектебінің шәкірттері, айталық, Көкбай, Шәкәрім, балалары Ақьшбай мен Мағауия, сондай-ақ Нармамбет, Әріп т.б. Кейін әрқайсысы да белгілі ақындық биіктікке көтерілді. Олардың тақырып таңдау, машықтану, іздену жолдарында Абайдың ұстаздық жетекшілігінің мэн-маңызы зор болғанын білеміз.
Сонымен қорытындылай келғенде әдеби процесс-әдеби даму жанды, үзіліссіз үрдіс. Әдеби процесс формалары: әдеби бағыт, эдеби ағым, әдеби мектеп екендігі. Бұлардың өзара байланыс - сабақтастығы жэне айырмашылықтары. Әдеби даму аясында саналуан әдеби бағыт, ағымдардың, әдеби мектептердің болуы, қатар өмір сүруі - өнер заңдылығы дейміз. Бұл әдебиеттің қоғам өмірінен белсенді байланысының, ізденіс, жетілу үстінде екендігінің көрінісі. Ал, көркемдік әдіс болса, жазушьшар тобына ортақ өмір шындығын тану, бағалау және бейнелеуде қаламгерлер басшылыққа алатын көркемдік-эстетикалық суреттеу принциптері. Әр бағыт, ағымға қатыссыз қаламгер болуы мүмкін, алайда көркемдік әдіске қтыссыз суреткер болмайды. Көркемдік әдіс неғұрлым тұрақты құбылыс болса, бағыт, ағым, мектептер уақытша құбылыс.
Тапсырма:
Қазақ әдебиетіндегі әдеби мектептер, көркемдік мұра деп аталатын теориялық ұғымды түсіндіріңіз
Достарыңызбен бөлісу: |