Дәріс 15
ХУІІІ ғасырдағы Еуропадағы ағартушылық дәуір эстетикасы
Дәрістің мақсаты:
ХУІІІ ғасырдағы Еуропадағы ағартушылық реализмнің қалыптасуы, дамуы жайлы түсінік беру, сол дәуірдегі эстетиктердің пікірлерін талқылау.
Жоспары:
1. ХУІІІ ғасырдағы Еуропадағы ағартушылық реализмнің дамуы. ХУІІІ ғасырдағы ағартушылық дәуір эстетикасы өкілдерінің өнер, әдебиет жайлы пікірлерін талдау. Ағартушылық реализмінің дамуы
2. Д.Дидро, И.Гердер, Лессинг еңбектеріндегі өнер, әдебиет туралы ойлар
Пайдаланылған әдебиеттер:
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1.Ривкин Д., Райан М.Әдебиет теориясы: Антология [Мәтін]: 1-том / ауд. М.Ибрайымова, О.Кенжебаев, Ж.Қожабекова, "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры.- Алматы, 2019.- 568 б
|
2.Ривкин Д.,Райан М.Әдебиет теориясы: Антология [Мәтін]: 2-том / ауд. А.Исембердиева, Н.Құдайберген, Ә.Құранбек [ж.т.б.]; "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры.- Алматы, 2019.- 372 б.
3.Ривкин Д.,Райан М..Әдебиет теориясы: Антология [Мәтін]: 3-том / ауд. Ж.Жұмашева, Ә.Исембердиева, М.Төлеген [ж.т.б.]; "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры.- Алматы, 2019.- 440 б
|
4. Ривкин Д.,Райан М.Әдебиет теориясы: Антология [Мәтін]: 4-том / ауд. А.Шәріп; "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры.- Алматы, 2019.- 452 б.
5.А.Қалшабек. Әдебиеттану ғылымына кіріспе. - Астана, Фолиант, 2016
6.Ғазиз Райыс. Сөз өнері теориясы. -Алматы, Таңбалы баспасы, 2010.
7.Г.Пірәлиева. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеттануы. –Алматы, 2010
8.Ж.Камалқызы. Қазақ әдебиетінің теориялық және әдістемелік мәселелері. – Алматы, 2017
9.С.Мақпыров. Адамтану өнері. – Алматы,Арыс, 2009
10.А.Ісмақова Асыл сөздің теориясы.- Алматы, Таңбалы баспасы,2009
11. Т.О.Есембеков. Көркем мәтін теориясы:оқу құралы.-Алматы: Қазақ университеті, 2015.-186 б.
12.Т.У. Есембеков. Көркем мәтін поэтикасы Оқу құралы. -228 б. 2012; 2020 А. Қазақ университеті
ХУІІІ ғасыр басында Батыс Еуропаның бірсыпыра елдерінде (Франция, Англия, Германия т.б) қоғамдық билік сипаты өзгере бастады, монархиялық ел билеу жүйесі әлсіреді. Қоғамда өнер, білім, ғылым дами бастады. Жаңа қоғам, жаңа қайраткерлер ілім, өнерге жаңа көзқараспен қарады. Ағартушылық дәуір осылай басталды. Францияда әйгілі энциклопедист ғалым, ағартушылар Вольтер, Ж.Жак Руссо, Монтескье т.б. осы дәуірде өмір сүрді. Олар әдебиет пен өнерге, білім, тәрбиеге қатысты еңбектер жазды. Классицизм эстетикасьшьщ шектеулілігі мен кертартпалығын сынады, озық өнер, озық прогресшіл идеялалардың жаршысы болды. Өнер қарапайым жандардың да тіршілігін қамтуы, көпке түсінікті, ортақ болуын кейіпкерді нақты ісімен көрсету т.б. мәселелерін көтерді. Бұл тұста фр. Қоғамында театр, баспасөз өркендеді, журналдар шықты. Өнер теориясы туындады. Реализм термині қолданылмаса да өнердің шынайылығы, к.бейненің нақтылығы мәселелері талап етілді.
Ағарту дәуірінің эстетеикасын буржуазиялық революция қарсаңындағы француз энцеклопедистерінің басы - аса ірі философ-материалист Дени Дидроның (1713-1784) еңбектерінен көріп-білеміз. Оның теориялық толғамдары демократиялық сипатта болды. Дидро Буалоға керісінше, сарай аристократиясының сұлулық талғамы мен талабын аяусыз сынға алды. Ол шын суреткерге тұп-тура «сен әрбір қимыл-қарекеттегі ұлылық пен сұлулықты мәңгіге дәріптеуің керек, талайсыз-бақсыз қор болған ізгіліктің абыройын сақтауың қажет, рақат пен құрметке бөленген кеселді кескілеуің керек, мейірімсіз жуандардың зәресін ұшыруың шарт», деп, ап-ашық күрес талабын қойды; суреткер еңбегіндегі шыншылдықты уағыздады; эстетикаға реализм ұғымын енгізді; реализмнің қиялға, ойдан шығару мен көркем жинақтауға ара-қатысын белгіледі. Ал оның Сараң мен Тартюф бүкіл жер бетіндегі шықберместер мен екіжүзділердің жиынтық тұлғалары екенін дәлелдеуі тіпті білгірлік пікір еді.
Француз ағартушы ғалымы Д.Дидро бірсыпыра еңбектерінде театр мэселесін көтерді. Шынайылық мәселесін бірінші кезекке қойды, өз тұсындағы өмірді зерттеуді, соны бейнелеуді талап етті, типтік бейнеге қатысты алғашқы пікірді де осы Дидро айтты.
Ал, неміс ағартушылық дәуірінің үлкен қайраткері Лессинг (1729-1781) өз заманының білімдар адамы болды. Оның дүниетанымы дін мен теологияға қарсы тартыс үстінде қалыптасты. Ол да Дидро секілді «ақынның өнер объектісі - сарай емес» деп үзілді-кесілді байлау жасап, әдебиет пен өнерді ақсүйектер әулетінің ат төбеліндей аз ортасынан кең далаға - қалың бүқара арасына алып шығып, реализм рельсіне түсіруге күш салды. Осылайша ол классицизмнің кертартпа жақтарын сынға алды (көне дэуір әдебиетіне көзсіз бас ию, өз заманының шындығына, оның кемшілікті жақтарына мән бермеу т.б.). Өнер, әдебиет өз заманьшың шындығына мән беруі керек деп есептеді. Шындық пен көркемдікті өнердің басты заңдылығы санады. Лессингтің басты еңбегінің ірі «Лаокоон немесе сурет пен поэзияның шекарасы жайлы» деп аталады. Онда Лессинг сурет пен поэзияның, яғни әдебиеттің ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін салыстыра пайымдайды.
Лессингтің өнер туралы ой-толғамдары - дидро туындылары секілді, буржуазияльщ ағарту эстетикасының шыңы және өзінен кейінгі ағартушылар үшін өнегелі мектеп: немістің белгілі ойшыл жазушысы Иоганн Гердердің (1744-1803), айталық, «жекелеген жұпыны жертөледегілерде салтанатты сарайдағылардан әлдеқайда әсем талғам бар» деген тамаша тұжырымы тек қана Лессингтің әсерінен туғандығын эстетика тарихын зерттеушілер әлдеқашан дэлелдеді. Н.Г. Чернышевскийше айтқанда «неміс халқының жаңа әдебиетіне ата болған» Лессинг еңбектерін Карл Маркс пен Фридрих Энгельс те өте жоғары бағалады.
Бұл айтылған эстетикалық ой-пікірлер ағартушылық дәуір эстетикасының оңды жағы. Дегенмен ағартушылық дэуір эстетикасының да бірсьшыра әлсіз жақтары болды. Олар әлеуметтік мәселелерді моральдьщ-ағартушьшық тұрғыдан шешуге ұмтылуы. Қаламгердің өз кейіпкерлерін ағартушылық идеяларьшың жаршысы етіп көрсетуі. Өнер өмір, қоғам кемшіліктеріне де назар аударуы керек дей отырьш, өздерінің ұнамсыз қоғамдық құбылыстарды ашып көрсете алмауы т.б. Бұл кемшіліктердің бірсыпырасын неміс ағартушылық дәуірі өкілі Гердер де айтты. Ол ағартушылық дәуір өнерінде бейнеленген геройдың моральдық тұрғыдан мінсіздігін сынады. «Адам да, өмір де өзіндік қайталанбайтын ерекшеліктерімен суреттелуі керектігінң айтты. Шекспир шеберлігін үлгі етті. Сөйтіп ағартушыльщ дәуір эстетикасы да өнерге қатысты бірыңғай озық ой- пікірлерімен көрінген жоқ. Озьщ, іргелі ойлар, тұжырымдары болса да, оны өнерде, өмірді бейнелеуде толық іске асыра алмады. Бірақ ағартушылық дәуір эстетикасы классицизмнің көркемдік принциптерінің мақсатьгаың шектеулілігін батыл сынады, бұқаралық өнерге жол ашты, өнердегі шынайылық мәселесін көтерді, өнердің өз заманының шындығын зерттеуін және бейнелеуін талап етті. Плехановтың әдеби-эстетикалық көзқарасындағы өнердің генезисі, өзіндік ерекшеліктері, қоғамдьщ құбылыс екендігі, дүниетаным, реализм мәселелері, көркемдік шарттары, пішін мен мазмұн бірлігі,сынның екі актісі, «өнер өнер үшін» көзқарастары жайлы мағлұмат берудің де маңызы зор.
Тапсырма:
Ағартушылық эстетикасының классизимнің нормативтік, сословиелік шектеуліктерін т.б қайшылықтарын сынауы.
Д.Дидроның, И.Гердердің, Лессингтің еңбектеріндегі ой толғамдарды оқып, конспектілеу.
Лессингтің «Лаоокон» еңбегінің маңызы
Достарыңызбен бөлісу: |