Не журналистика кафедрасы



бет42/69
Дата12.12.2023
өлшемі0.98 Mb.
#486228
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   69
ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ. КЕШЕН

Тапсырма: Сыр өңіріндегі қалыптасқан ақындық мектеп дәстүрі, стиль, ағым, бағыт ерекшеліктері
Дәріс 12
Әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық мәселесі

Қаралатын мәселелер:


1.Дәстүрді шығармашылықпен игеру
2.Қазақ әдебиетіндегі дәстүрлер
3.Абай дәстүрі және қазақ поэзиясындағы жалғастығы


Пайдаланылатын әдебиеттер:




1.Ривкин Д., Райан М.Әдебиет теориясы: Антология [Мәтін]: 1-том / ауд. М.Ибрайымова, О.Кенжебаев, Ж.Қожабекова, "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры.- Алматы, 2019.- 568 б




2.Ривкин Д.,Райан М.Әдебиет теориясы: Антология [Мәтін]: 2-том / ауд. А.Исембердиева, Н.Құдайберген, Ә.Құранбек [ж.т.б.]; "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры.- Алматы, 2019.- 372 б.
3.Ривкин Д.,Райан М..Әдебиет теориясы: Антология [Мәтін]: 3-том / ауд. Ж.Жұмашева, Ә.Исембердиева, М.Төлеген [ж.т.б.]; "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры.- Алматы, 2019.- 440 б

4. Ривкин Д.,Райан М.Әдебиет теориясы: Антология [Мәтін]: 4-том / ауд. А.Шәріп; "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры.- Алматы, 2019.- 452 б.
5.А.Қалшабек. Әдебиеттану ғылымына кіріспе. - Астана, Фолиант, 2016
6.Ғазиз Райыс. Сөз өнері теориясы. ­-Алматы, Таңбалы баспасы, 2010.
7.Г.Пірәлиева. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеттануы. –Алматы, 2010
8.Ж.Камалқызы. Қазақ әдебиетінің теориялық және әдістемелік мәселелері. – Алматы, 2017
9.С.Мақпыров. Адамтану өнері. – Алматы,Арыс, 2009
10.А.Ісмақова Асыл сөздің теориясы.- Алматы, Таңбалы баспасы,2009
11. Т.О.Есембеков. Көркем мәтін теориясы:оқу құралы.-Алматы: Қазақ университеті, 2015.-186 б.
12.Т.У. Есембеков. Көркем мәтін поэтикасы Оқу құралы. -228 б. 2012; 2020 А. Қазақ университеті
13.Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Кіт: Шығармалары. Алматы, 1989
Өмір - тіршіліктің өз заңдылығы бар. Ол тынымсыз дамуы, алғы күндерге бет алуы. Ескі, тозығы жеткен құбылыстардың, жаратылыстың, заттың тозып күйреуі, жоғалуы, орнына жаңаның өркен жаюы, оның дамуы, жетілуі т.б. Күн мен түннің алмасуы, бір жылдың төрт мезгілден тұруы. Осындай заңдылықты өнер табиғатынан да байқаймыз, көреміз. Өнердің де дамуының өз заңдылықтары, тоқырауының да өз себеп - салдарлары бар.
Әдеби даму яки әдеби процесс немесе әдебиеттің даму тарихы бұл үзіліссіз жалғасып отыратын процесс. Бүгінгі XXI ғасыр басындағы әдеби даму жетістік - кемшілігімен күні ертең төл әдебиетіміздің тарихына, оның бір жарқын тарауына айналады, көркемдік дамуымыздың тарихы саналады. Әдеби процесс тірі, жанды процесс, қозғалыс, күрес, әдебиеттің қоғам, замана, уақыт алға қойған мәселелерді көтеруі, сан сала бағыттарда ізденуі, күнделікті дамуы, жетілуі, әдеби дамудың тарихы.
Әдебиеттің, кеңірек алсақ, өнердің дамуы, өсіп - өркендеуі, алға басқан қадамы әрқашан да белгілі бір әдеби-көркемдік дәстүрлердің дамытылуы, жалғастығы арқылы анықталады, көрінеді. Екінші сөзбен айтқанда, әдеби даму дегеніміз бұл әдебиеттегі белгілі бір дәстүрлердің - көркемдік тағылымдардың жалғастығы, дамытылуы деген сөз.
Демек, дәстүр жалғастығы - әдеби дамудың басты заңдылығы, басты тетігі. Дәстүрсіз әдеби даму жоқ.
Сонымен дәстүр, әдеби дәстүр дегеніміз не?
Бұл жекелей алғанда аса үздік сөз зергерінің қоғамдық - әлеуметтік мәселелерді, белгілі бір тақырыптар мен идеяларды жырлауда қол жеткізген өзіндік зор көркемдік жетістігі, тың көркемдік жаңалығы. Осы көркемдік жетістік - жаңалықтары арқылы шеберлік танытуы.
Міне қаламгердің осындай көркемдік жетістіктері немесе шеберлігі өз тұсындағы әдеби процесс үшін де, кейінгі әдеби даму үшін де шеберлік өнегесі, яғни дәстүр қызметін атқарады.
Ал дәстүр ұғымы кеңірек алып қарастырғанда белгілі бір ұлт әдебиетінің даму тарихы қалыптастырған көркемдік тағылымдар, жетістіктер. Мәселен, ауыз әдебиеті дәстүрі дегенде біз жекелеген ақынның, жекелеген шығармашылық тұлғаның емес, халықтың ұжымдық көркемдік мұрасының тағылымын айтамыз. Ұлттық төл әдеби дәстүр дегенде біз бай ауыз әдебиетінің, фольклордың дәстүрлерін, жыраулар поэзиясының тағылымын, ақындық - импровизаторлық дәстүрді, айтыс ақындарының өнегесін, жазба әдебиеттегі көрнекті тұлғалардың дәстүрін т.б. айтамыз.
Енді әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық көрінісін Абай шығармашылығына байланыстыра пайымдап көрейік.
Абайдың қазақ эдебиетіне қосқан көркемдік олжасы дегенде біз ақын көтерген тың тақырьштар мен соны идеяларды, олардың ақындық үздік шабытпен, көркемдікпен жырлануын, өлең құрылысы мен мазмұнына енгізген жаңалықтарын, поэтик тілінің көркемдігін-суреттілігін, байлығын, шебер аудармаларын, жалпы туындыларының көркемдік, халықтық, реалистік сипаттарын айтамыз. Міне бұлар оның ақындық жаңашылдығының көріністері болса, бұл шеберлік-суреткерлік жетістіктер XIX ғ. II жартысындағы әдеби процесс үшін де, кейінгі әдеби даму үшін де көркемдік тағылым, яғни дәстүр қызметін атқарды, атқарып та келеді.
Әрине, Абай мұндай суреткерлік биіктікке - дәстүр қалыптастыратын шеберлікке кездейсоқ жетпегені белгілі. Таланттылық, азаматтық биік позиция, озық дүниетаным, парасаттылық та сөзсіз керек, мәнді. Алайда, қай-қай қаламгер де өзінен бұрынғы әдебиетте, асса әлемдік, кем дегенде ұлттық әдебиетте қалыптасқан көркемдік тағылымды - дәстүрді терең игермей, оны барынша сіңірмей тұрып, өнерлі іргелі жетістіктерге жете алмайды. Абай да осындай ақындық ізденіс мектебінен, қалыптасу кезеңдерінен өткен. Абай шығармашылығының бас зерттеушісі М.Әуезов, өздеріңізге де белгілі, оның ақындық тұлғасының қалыптасуына негіз болған үш арнаны айырықша атап айтады ғой. Осы үш арна- үш көз Абай шығармашылық нәр алған, қанаттанған, бойға қуат, ойға азық алған әдеби дәстүр:

  1. Төл әдебиеттегі озық дәстүр.

  2. Шығыс әдебиеті.

  3. Орыс жэне Еуропа әдебиетінің дәстүрлері.

Дәстүрге қатыссыз қаламгер болмайды, бұл аксиома. Әрине, дәстүрден үйрену, өнеге алу дегеніміздің мән-мағынасы үлкен және жан-жақты. Бұл ретте М.Әуезовтің пікірі айқын әрі біз үшін мәселені түсінуде аса мәнді. Ол Абай тағылым алған үш қайнарды атап қана қоймай, оларды ақынның қалай игергені туралы былай деп жазған: «Абайдыңц ақындық ең бір ірі жагы осы ‘айтқан үш қазынаның қайсысына болса да қүр үйренуші, еліктеуші болып барган жоқ. Қайдан алсьін, нені алсын - баршасын да өзгенің үлкен ойлы, терең толғаулы ірі ақындық ерекшелігі арқылы үнемі өз елегінен өткізіп, өз өнерімен мықтап қорытып, өзінің қайран жүрегінен шыққан бұйым - табысы етіп ала білді».
Осы бір іргелі пікірде біз сөз еткелі отырған дәстүр және оған суреткердің қатынасы қандай болады, дәстүрден үйрену дегеніміздің мәнісі не деген сұрақтардың айқын жауабы берілген. М.Әуезов тегінде еліктеушілікті ақындық үлкен қасиет деп санамаған. Сондықтан да ол «ақын қайдан алсын, нені алсын - баршасын да өзінің үлкен ойлы, терең толғаулы ірі ақындық ерекшелігі арқылы үнемі өз елегінен өткізіп, өз өнерімен мықтап қорытып, өзінін қайран жүрегінен шыққан бұйым-табысы етіп ала білуі» керектігін айтқан.
Бұдан туындайтын қорытындылар:

  1. Дәстүрден өнеге алу - өнер заңдылығы. Белгілі бір дәстүрге қатыссыз қаламгер болмайды. Бұл - өнер заңдылығы, шығармашылық ерекшелігі. Дәстүрсіз суреткер де қалыптаспайды, жалпы, әдеби даму да жалғаспайды. Алдында бай дәстүрлер болмаса. олардан үлгі-өнеге алып, ізденбесе Абай да үлкен ақын болып қалыптаса алмас еді.

  2. Еліктеу шығармашылық процесте бар нәрсе. Бірақ бұл дәстүрден толық мәнінде тағылым алудың, оны игерудің өнімді жолы емес. Өйткені, еліктеу ақындық қуаттың әлсіздігі (М.Әуезов). Еліктеу болған жерде қаламгер өнерде өз ерекшелігімен көріне алмайды.

  3. Демек, дәстүрді сол қалып-үлгісінде айна-қатесіз қайталау қажетсіз, қайталаған жағдайда қаламгер өзіндік дара бітімімен, ақындық ерекшелігімен көріне алмай, эпигондыққа ұрынады. Тегінде «ақындар өзара ұқсастығымен емес, ерекшелігімен қызық» (А.Блок).

Абай өнегесі көрсеткендей, дәстүрді қабылдау дегеніміз оны шығармашылықпен үйреніп, игеріп, дамытқан, жетілдірген жағдайда ғана толық іске асады әрі өзіңнің ақындық- суреткерлік тұрғыңды (түлғаңды) айқындауға, шеберлік шыңына көтерілуіне ықпал етеді. Демек, дәстүрге шығармашылық тұрғыдан келу, оны шығармашылықпен үйрене отырып игеру және дамыту, жалғастыру ғана әдеби процестің өрлеуіне, суреткердің қалыптасуына жол ашады. Шыны да осы, әдеби дәстүрді - белгілі бір суреткердің шеберлік тағылымдарын дәл сол қалпында қайталау мүмкін де емес, міндетті де емес кейінгі өнер иесі үшін.
Бұл құбылысты - дәстүр иесі мен оны қабылдаушы суреткер қарым-қатынасының сырын сыншы Белинскийдің мына пікірі әдемі ашып береді: «Ұлы ақынның басқа ақындарға ықпалы оның поэзиясының сол ақындарда айнымай көрінуінде емес, олардың өз бойындағы күш-қуатының оянуына әсер етуінде».
Демек, дәстүрден үйрену - шығармашылық құбылыс, заңдылық, қажеттілік, оны қайталау емес, дәстүр үйренуші қаламгер үшін шығармашылық стимул, импульс, оның бойындағы күш-қуаттың оянуына әер етуші (Белинский), өнер айдынына бастаушы, шығармашылық әрекетке жігерлендіруші іспетті.
Әрине, әдеби дәстүрден, озық үрдістен үйрену мен оны игеру күрделі де ұзақ шығармашылық процесс. Қаламгердің өзіндік шығармашылық бітімі-тұлғасы қалыптасқанша үздіксіз жалғасатын заңды шығармашылық процесс.
Дәстүрді шығармашылықпен игеріп, жемісті жалғастыра, дамыта білу - суреткер жаңашылдығының белгісі. ‘
Жаңашыл суреткер кім? Жаңашыл суреткер дегеніміз уақыт, қоғам мінберінен заманы, заманының адамы жайлы жаңа сөз, жаңа ой айта алған қаламгер, тың идеялар мен тақырыптарды көтеріп, оларды жаңаша, үздік шеберлікте бейнелей алған, сөйтіп өнерге соны көркемдік жаңалықтар (пішін, мазмұн тұрғысынан) әкелген суреткер. Бұндай көркемдік жетістікке қаламгер дәстүрді шығармашылықпен игеру жэне жаңаша дамыту негізінде жетеді. Міне, өздеріңіз байқағандай, өнердегі, әдебиеттегі дәстүр мәселесін сөз ету түптеп келгенде жаңашылдық проблемасы да әңгімелеу болып шығады екен. Өйткені бұл екі ұғым тақырып пен идея, мазмұн мен пішін секілді бір бірімен тығыз сабақтас, байланыстағы, бірінсіз бірі болмайтын, бірін-бірі толықтырып отыратын егіз ұғымдар, әдебиет, өнер дамуының негізгі алғышарттарының, заңдылықтарының бірі.
Дәстүрсіз әдеби даму жоқ десек, дәстүрді шығармашылықпен игеру мен жалғастыру суреткерді жаңашылдыққа әкеледі екен. Ал белгілі бір суреткердің өнердегі толағай табысы, көркемдік, шеберлік тұрғысындығы жаңашылдығы өз кезеңі үшін де өнеге көзі, дәстүр, дәстүр қызметін атқарады. Бұл дәстүр мен жаңашылдықтың сабақтастығын, өзара байланысын көрсетеді. Дәстүрді шығармашылықпен игеру жаңашылдыққа әкелсе, жаңашылдық негізінде дәстүр қалыптасады.
Абай поэзиясының жаңашылдығы алдымен өз кезеңіндегі әдеби даму үшін өте пайдалы дәстүр құрады, реалистік әдебиеттің өркендеуіне мықты негіз болды. Абай жаңашылдығының негізінде оның ақындық мектебі қалыптасты, оның аясындағы шәкірт ақындарға (Шәкәрім, Мағауия, Ақылбай, Көкбай т.б.) ұлы суреткер жаңашылдығының - дәстүрінің әсер-ықпалы зор болғаны белгілі.
Өнердегі, әдебиеттегі жаңашылдықты көбіне көп көркем пішіннен іздейтін көзқарас біржақты әрі бұл формализмге соқтыратын қате түсінік. Ірі суреткерлердің қай-қайсысы да мазмұн мен пішін бірлігін көркемдіктің шарты, жаңашылдық көрінісі деп білген. Ш.Айтматов: «жаңашылдық дегеніміз бәрінен де бұрын көркемдік ойлаудың тәсілі мен ауқымынан танылмақ, сондықтан, затты ия құбылысты суреттеу мәнеріне, көріктеу-бейнелей құралдарына, интонацияны таңдай білуге де байланысты» деп жазған екен.
Суреткер жаңашылдығы күрделі ұғым. Оны идеядан, тақырьштан, проблемадан, образдан, жанрдан, әдіс пен стильден, тіл мен өлшемнен, көркем жйнақтаудан іздеу керектігі жайлы пікірлер құптарлық.
Енді Абай шығармашылығы мысалында ақынның ортағасырлық түркі әдебиетінің және орыс әдебиетінің озық дәстүрлерін шығармашылықпен игеруіне, жаңашылдығына қатысты бірер мысалдар келтірейік.
Абайдың ғылым-білімді, ізгілікті, адамгершілікті жоғары насихаттаған ғибратты туындыларының бірі - «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі. Ақынның осы өлеңіндегі бес асыл іс, бес дұшпан жайлы ойының төркіні белгілі бір әдеби дәстүрден бастау алған.
XI ғасырдың белгілі ақыны Жүіп Баласағүни өзінің «Құтты білік» дастанында ел басқарған бектерге төмендегідей кеңес береді:
Жүрсін бектер бес нәрседен алыстап,
Есі болса, жұрнақ болса намыстан.
Ұшқалақтық - бірі, екіншісі - сараңдық,
Үшіншісі - ашу, оған егіз - надандық.
Қырсығың - сор бетті жер ғып жүргізер Бесіншісі - өтірік, жерге тірі кіргізер.
Абай Баласағұнидың бектерді сақтандырған бес жаман мінезді сол қалпында алмай, яғни дәстүрді қайталамай әрі өз сөзін замандас-атқамінерлерге арнамай, заманның жаңа төлі

  • оқудағы білім қуған балаларға арнаған. Бұл дәстүрдің бірінші өзгеріске түсіп, түрленуі, екіншісі, ақын бес жаман мінездің өзін заманының сипатына, айтар идеясына сай басқаша алуы, оны «бес дұшпаның» деп атаған. Бұл атауда да, оның мазмұнында да өзгешелік бар. Баласағұни ұшқалақтық, сараңдық, ашу, надандық, өтірік десе, Абай - өсек, өтірік, мақтаншақтық,' еріншектік, бекер мал шашпақтық деп алған. Өзгермегені тек өтірік қана! Бұнымен шектеліп қалмай Абай оқудағы балаларға бес асыл істі жаныңа серік ет деп оларды да атап-атап береді ғой. Енді ойланып қарасаңыз, онда Баласағұни ойынан дәл қалпында ештеңе қалған жоқ. Абай үшін Баласағұнидың айтпақ ойының мәнділігі мен айту пішіні (қарата сөйлеу) ғана керек, маңызды. Сонда Баласағұни идеясы, дәстүрі Абай үшін жоғарыда айтқанымыздай шығармашылық түрткі, стимул, жаңа толғаныстар мен ізденістерге бастаушы, ой туғызушы, Белинский айтқандай ақындық қуатьш қозғаушы ғана Абай Балаағұнидың кеңес беру үлгісін - пішінді ғана қабылдап, оны түрлендіріпмүлде жаңа мазмұнды көркем танытуға шебер қолданған.

Дәстүрді шығармашылықпен игере-дамыта отырьш оны жащ мазмұнға неғіз ету ,жэне оны үздік таныту немее жаңашьшдық дегеніміз осы.
Енді Абайдың орыс поэзиясы дэстүріне қатысы жайлы бірер мысалға жүгініп көрейік.
Абайдың әйгілі «Қыс» өлеңін Пушкиннің, Некрасовтың қыс туралы өлеңдерінің көшірмесіндей көретін көзқарас та болды бір кезде. Ал байыптап қарасақ, бұл үш ақынды үндес ететін тақырып және суреттеу тәсілі ғана. Пушкин «Қысқы кеш» өлеңінде қарлы, боранды кешті «то как зверь она завоет, то заплачет как дитя» дей келе, «то как путник запоздалый, к нам в окошко застучит» деп тірі адам кейпінде жанды қимыл-қозғалыспен берсе, Некрасов қысты «Қызьш мұрьш аяз, аяз ата» деп ол да кейіптеу тәсілімен жанды бейнеге айналдыра суреттегені белгілі. Абайдың қызыққаны ақындардың табиғатты осылай жанды кейіпте әсерлі беру шеберлігі, өлеңіне негіз етіп алғаны да осындай жанды суреттеу дәстүрі. Әйтпесе, Абайдың қысы қай жағынан да қазақтың қысы, оны ақын кэрі құда бейнесінде теғін альш отырған жоқ.

  1. Пушкин, Некрасов, Абай, үш ақын да бір тақырыпты - қысты жырлаған. Бірақ, үшеуінде қыс үш түрлі екеніне қарамастан, өлеңдерде ортақтық, үндестік те байқалады, ол қысты жанды бейнеде суреттеуден көрінеді. Ортақтық дәстүрден туындаса, айырмашылык ақындық даралықтан, дәстүрді өзінше түрлендіруден көрінеді ғасырдағы қазақ әдебиетінің қалыптасуына ұлттық дәстүрлермен қатар орыс әдебиетінің, кеңес және әлем эдебиетінің озық дәстүрлері игі әсерін тигізгені белгілі. Қазақтың көрнекті қалам қайраткерлерінің шығармашьшығынан Л.Толстой, Н.Гоголь, А.Пушкин, Ф.Достоевский, В.Шекспир т.б. дәстүр ізін аңғару қиын емес. Мәселен, М.Әуезовтің суреткерлік қалыптасуында аталған қаламгерлер дәстүрінің орны ерекше. Ал, М.Әуезовтің өзі XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің, Ш.Айтматов айтқандай, кеңестік Азия әдебиетінің дамуьша зор ықпалын тигізді.

М.Әуезов дәстүрі дегенде біз оның тарихи роман жанрындағы ұлы жетістігімен қатар, драмалық туындыларының да, аудармаларының да дәстүрлік - өнегелік маңызын қоса айтамыз. Әуезов дәстүрі қазақ әдебиетінде аталған салаларда айырықша өрістеуін, жалғастығьш тапты дейміз.
Сонымен, ой түйіндесек, келтірілген мысалдар мен ой-тұжырымдар негізінде дәстүр мен жаңашылдық проблемасының әдебиеттің өзекті мәселесі .екенін, дәстүрдің әдеби дамудың тетігі, онысыз әдеби дамудың болмайтьшдығын, дәстүрді шығармашыльщпен игеру мен дамыту суреткерді жаңашылдыққа әкелетінін, ал жаңашьшдық жаңа дәстүрдің негізі екенін байыптауға ұмтылдық. Ұлттың, халықтың әдебиетінің даму тарихы белгілі бір әдеби дәстүрлердің жалғастығы, дамытылуы арқылы айқындалатыны да ақиқат.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет