Не спорт факультеті


-Лекция. Тақырыбы: Дене шынықтыру бойынша жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар



бет83/108
Дата03.12.2023
өлшемі0.71 Mb.
#485246
түріЛекция
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   108
Лекция Дене шынық теор мен презид сынама 2022-2023 Турыскулов

11-Лекция. Тақырыбы: Дене шынықтыру бойынша жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар
Жоспары:

  1. Дене шынықтыру бойынша сыныптан тыс жұмыстар сыныптан тыс жұмыстардын міндеттері мен маңызы, ұйымдастыру түрлері.

  2. Мектептің оқу және мектептен тыс жұмыстардың міңдеттері мен мен маңызы, ұйымдастыру түрлері.

  3. Мектептің оқу және ұзартылған күн тәртібіндегі дене шынықтыру- сауықтыру шаралары

Мақсаты: Студенттерге дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстар, сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері мен маңызын, ұйымдастыру түрлерін оқытып үйрету
Лекция мәтіні: Сыныптан тыс жұмыстар дене тәрбиесі жаттығулары сабағын сыныптан тыс уақытта ұйымдастыру жүйесі болып табылады. Сыныпттан тыс жұмыстарлың міндеттері, мазмұны және ұйымдастырылуы өскелең ұрпақ дене тәрбиесінің мақсаттары мен жалпы міндеттерін шешуге бейімделген.
Мектеп жасындағы балалардың жалпы дене тәрбиесі жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде сыныптан тыс жұмыстар оқу процесіне бағынышты жағдайда жүргізіліп, оны ерекше (сфецификалық) мазмұнмен байытады және сабақты әртүрлі формада ұйымдастырумен және мақсатты бағытта бірегей бірлікте болып, одан келесі ерекшеліктерімен айырмаланады:
Сыныптан тыс жұмыстар ерікті бастамалық жағдайда іске асырылады. Сабақтың ұйымдастырылу мазмұны мен түрі көпшілік оқушылардың қызығушылығымен және мектептің материалдық базасы мүмкіндігі ескеріліп анықталады, яғни оқушыларға өз еркімен ұнатқан спорт түрінен сабаққа қатысуына мүмкіндік жасалады.
Сыныптан тыс жұмыс мектеп оқушыларының өздерінің кең көлемдегі қоғамдық белсенділік негізінде мектеп дене мәдениеті ұжымының құрамында құрылып үнемі мектеп дерекциясының, дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің, сынып жетекшісінің, басқа да мектеп педагогтарының тарапынан бақыланып, олардың ұйымдастыру т.б. жұмыстарына басшылық жасалады.
Сыныптан тыс жұмыстар барысында педагогикалық басшылық ең көп дегенде әдістемелік-нұсқау және ақыл-кеңес, ұсыныс сипатында ұйымдастырылып, оқушылардың шығармашылық белсенділігін көрсетуіне әртүрлі сыныптан тыс жұмыс формаларында ықпал жасалады.
Сыныптан тыс жұмыстардың маңызы өте зор: балалардың қозғалыс белсенділігі деңгейін көтеруге мүмкіндік туғызады және олардың денсаулығын нығайтады; мектеп оқушыларының демалысын пайдалы ұйымдастыруға жәрдемдеседі; олардың денелерін жетілдірудегі жеке қызығушылық мүддесін қанағаттандырады және спортпен шұғылдануға қызығушылығын қалыптастыруға тәрбиелейді; оқушылардың әлеуметтік белсенділігін дамытады.
Оқушылардың дене тәрбиесі міндеттерін шешуде сыныптан тыс жұмыс мыналарды орындауға бағыт береді:
Дене жаттығуларымен жүйелі шұғылдануға мүмкіндігінше көп оқушыларды тартуға мүмкіндік туғызады.
Білімін, жаттығуды орындай алу қабілетін және дағдысын, қозғалғыштық, адамгершілік және ерік-жігер сапаларын, яғни дене тәрбиесінен міндетті оқу процесінде білімін кеңейту және жетілдіру, оқушылардың оқу бағдарламасы материалдарын барынша сапалы орындауына және Президенттік тест жүйесі талаптарын дұрыс тапсыруына мүмкіндік туғызады.
Оқушылардың бос уақыттарын өздерінің жеке денелерін жетілдіруі және сауықтыруы үшін пайдалы өткізу, өз бетінше орындай алатын дене тәрбиесі жаттығуларымен күнделікті өмірде шұғылдана білуін және дағдыға айналдыруын қалыптастырады.
Өз жас ерекшеліктеріне қарай, таңдаған спорт мамандығынан, яғни сол спорт түрінен спорттық дәреже (классификация) талаптарының деңгейінде нәтиже көрсетуге жәрдемдеседі.
Мектептің қоғамдық дәрежедегі нұсқаушылары мен төрешілерін дайындау жұмыс бөлімдері.
Дене тәрбиесінен сыныптан тыс жұмыстары екі негізгі бөлімдерден тұрады:
Денені шынықтыру, яғни сауықтыру Президент тестін тапсыруға дайындау, секциялардағы Ж.Д.Д., (жалпы дене дайындығы) туристік жорықтар, жалпы көпшілік жарыстар мен денешынықтыру мерекелерін өткізу, сонымен бірге күн тәртібіндегі дене тәрбиесі шаралары.
Спорттық бағыттағы жұмыстар - бұл спорт секцияларындағы оқу-жаттығу сабақтары және спорт түрлері бойынша жарыстар. Балалардың спорттық жаттығуларының негізгі ережесі, сонымен бірге спорттық бейімделу, хабардар болу және таңдау "спорттық дайындық" бөлімінде терең мазмұндалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет