Білім беру міндеттері оқушыларды дене мәдениеті бойынша дене жаттығуларын орындау біліктілігі және дағдыларымен қаруландырады.
Дене тәрбиесі сабағын өткізудің ілімі мен практикасында міндеттерді нақтылаудың және тұжырымдаудың келесі тәртібі қолданылады.
Қозғалыс әрекетіне үйрету кезінде сабақтың мақсаты келесі бейнеде тұжырымдалады:
1/ қозғалыс әрекетімен таныстыруда: “әдіспен таныстыру...” (одан әрі меңгерілетін жаттығу немесе оның бөліктері көрсетіледі);
2/ қозғалыс әрекетін үйренуде : “Орындау әдісін үйрену ...”;
3/ қозғалыс әрекетін жетілдіруде: “Орындау әдісін жетілдіру...”
Сабақта бірінші қайсы бір қозғалыс әрекетінің әдісімен таныстыру, екінші үйрену, үшінші жетілдіру міндеттері шешіледі.
Сауықтыру міндеттері белгілі бір жастағы мүмкін болған дене дайындығы мен дене дамуын, дене тұлғасының қалыптасуын және шұғылданушылардың ағзасына жаттығулардың сауықтыру әсерлілігі үшін дене тәрбиесі сабағында барынша жақсы жағдай жасауды қамтамасыз етуді қарастырады.
Сауықтыру міндеттерін іске асыру келесі бейнеде тұжырымдалады: “жүру және жүгіру кезінде дене қалпын зорланбай еркін ұстауға қол жеткізу арқылы дұрыс дене сымбатын қалыптастыру”, “кросстық жүгіруді қолданып, жалпы төзімділікті дамыту” және т.б.
Дене сапаларын тәрбиелеу міндеттерін шешуде қысқа терминологиялық жазбамен төмендегіше тұжырамдау ұсынылады: “Қысқа қашықтыққа жүгіруде қозғалыс шапшаңдығын тәрбиелеу”, “жүгіріп келіп ұзындыққа секіруді орындау кезінде жылдамдық-күш сапаларын тәрбиелеу” және т.б. Жоғарыда келтірілген мысалдар көрсеткендей, міндеттерді тұжырымдаудағы бірінші сөз – бұл “тәрбиелеу” одан әрі нақтылы дене сапасы, содан кейін міндетті түрде нақтылы міндетті шешуге жәрдемдесетін жаттығу көрсетіледі.
Тәрбиелік міндеттері оқушының жеке тұлғасының сапалары мен қабілеттерін тәрбиелеуде дене жаттығуларымен шұғылданудың пайдалы әсерін қамтамасыз етеді.
Жеке тұлғаның тәрбиелеу міндеттерін шешуде шұғылданушылардың жас ерекшеліктеріне және оқу материалы мазмұнының ерекшелігіне (спецификасына) сәйкес тұжырымдау нақтыланады, мысалы: “Гимнастикалық ешкіден секіріп түсуде батылдыққа тәрбиелеу”, “5 км шаңғымен жарыста шыдамдылық сезімін тәрбиелеу” және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |