Негіздері


Нитрат-иондарын анықтау әдістемесі



бет24/40
Дата26.09.2023
өлшемі323.49 Kb.
#478675
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40
treatise4938

4.3. Нитрат-иондарын анықтау әдістемесі
Азот (II) оксиді газын тотықтырғаннан кейін, ерітіндідегі нитрат-иондары фотоэлектроколориметрлік әдіс бойынша анықталады. Бұл әдіс күкірт қышқылы қатысында натрий салицилатымен нитрат-иондарын анықтауға негізделген. Фотоэлектроколориметрлік өлшеулер КФК-3 қондырғысында, 410 нм толқын ұзындығында жүргізіледі. Ерітіндінің оптикалық тығыздығының нитрат-иондарының концентрациясына түзу сызықты тәуелділігі бойынша (Б=Ғ(С)) анализ іске асырылып отырады.
Құрамында нитрат-иондары бар ерітіндіден 10 мл аликвота алып, оны фарфор табақшасына құйып, су моншасында кептіреді. Су моншасында кепкен құрғақ қалдықты суытып, оған 1 мл концентрлі күкірт қышқылын қосып, 10 минутқа қалдырады. Содан кейін фарфор табақшасындағы қоспаны дистильденген сумен сұйылтып, оны 50 мл-ік өлшеуіш колбаға ауыстырады. Оған 10 н натрий гидроксиді ерітіндісінен 7 мл қосып, колбаның белгісіне дейін дистильденген су құйып, мұқият араластырғанда ерітінді сары түске боялады.
Алынған калибрлі қисық бойынша нитрат-иондарының мөлшері (х, мг/л), мына формула арқылы анықталды:

СV2
X =


V1
Мұндағы, С - калибрлі қисық бойынша табылған нитрат-иондарының мөлшері, мг/л;
V2 - анализ жасау үшін алынған электролиттің көлемі, мл; V1 - боялған ерітіндінің көлемі, мл.

4.4. Элементті азотты анықтау әдістемесі
Жұқа асбест қағазына шамамен 1 г ұнтақ магний салып, оны жоғары температураға төзімді шыны трубкасының ортасына қояды. Трубканың бір шетінен құрамында азот бар газды жіберіп, магнийді алдымен жай, сонан соң күштірек қыздырады. Реакция аяқталғаннан кейін қыздыруды тоқтатып, трубканы салқындатады. Реакция нәтижесінде түзілген магний нитридін фарфор табақшасына салып, оған дистильденген су құяды. Магний нитридінің гидролизі кезінде түзілген аммиакты Несслер реактивімен анықтайды.
N2 + 3Мq → Мq3N2
Мq3N2 + 6Н2О → 3 Мq(ОН)2 + 23
4.5. Аммоний-ионын анықтау әдістемесі
Құрамында аммоний-иондары бар ерітіндінің анализін Несслер реактиві арқылы фотоэлектроколориметрлік әдіспен жүргізеді.
Аммоний-иондарын анықтау үшін 50 мл аликвотаға 1-2 тамшы Сегнет тұзын қосып, қоспаны мұқият араластырады, оған 1 мл Несслер реактивін қосқанда сары-коңыр түсті тұнба түзіледі. Калибрлі график арқылы аммоний-иондарының концентрациясы анықталады. Аммоний-иондарының мөлшері (х, мг/л) төмендегі формула бойынша есептелді:
С·50
X =
V
Мұндағы, С - калибрлі қисық бойынша табылған аммоний-иондарының мөлшері, мг/л;
V - анализ жасау үшін алынған электролиттің көлемі, мл; 50 - боялған ерітіндінің көлемі, мл.

Алынған нәтижелерді кестеге жазады.


Сұрақтар

  1. Азот (ІІ) оксидін зертханада алу үшін қандай реакция қолданылады, реакцияны жазып, иондық-электрондық әдіспен теңестіріңіздер.

  2. Азот (ІІ) оксидінің түзілу көздерін атап өтіңіздер.

  3. Азот (ІІ) оксидін залалсыздандырудың белгілі әдістерін атап өтіңіздер.

  4. Азот (ІІ) оксидін электрохимиялық әдіспен залалсыздандырған кезде жүретін реакцияларды жазып, түсіндіріңіздер.

Әдебиет


  1. Котлер В.Р. Оксиды азота в дымовых газах котлов // Москва: Энергохимиздат, 1987. – 144 с.

  2. Хван Т.А. Промышленная экология / Серия «Учебники», учебные пособия». – Ростов н/Д:Феникс, 2003. – 320 с.

  3. Титов С.П., Бабий В.М., Барбараш В.М. Исследование образования NОх из азота топлива пригорении пыли каменных углей // Теплоэнергетика. 1980. № 3 . – С.64-67.

  4. Аликберова Л.Ю., Лидин Р.А., Молочко В.А., Логинова Г.П. Практикум по общей и неорганической химии. М.: гуманит. Изд. Центр ВЛАДОС, 2004. -320 с.

  5. Рипан Р., Четяну И. Руководство к практическим работам по неорганической химии. – М.: Мир, 1965. – 564 с.

  6. Унифицированные методы анализа вод / Под ред. Проф. Ю.Ю.Лурье. – М.: Химия, 1973. – 376 с.

  7. Практикум по общей и неорганической химии. Под ред. Карапетьянца М.Х., Дракина С.И. учеб. пособие для хим-технологич. вузов. – М.: Высшая школа, 1969. – 288 с.




  1. № 7,8 зертханалық жұмыс . Күкірт диоксидін залалсыздандыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет