Нормативтік сілтемелер анықтамалар кіріспе


Обьектіні қозғалысқа түсіретін амал-әрекет етістіктері



бет10/40
Дата25.11.2023
өлшемі209.14 Kb.
#484435
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40
алпысбаева акмарал

Обьектіні қозғалысқа түсіретін амал-әрекет етістіктері: сүру, итеру, шашу, жүру, беру, алу, көтеру, лақтыру, ыршу, түсіру, құлату, сүйреу, тарту. Мысалы: Лима сұлу, оған қосылғаннан кейін қандай өмір сүреміз. Шараның иығынан бүріп ұстаған қалпы ақырын ғана итеріп апарып, дәлізге шығарды. Тауықтарға жем шашады, үйрек қаздарын айдап көшеге шығарады. Бас жақтағы этажеркадағы он шақты кітапты жинап алып кетті. Үйдегі дәрі салған қораптардың бәрін жинап келіп, түрлі дәріні алдына тосты. Бұйырған ризығын теріп жеп, жердегі жемісті місе тұтып жүрген тіршілік иелері. Қан сорғалаған жараның бетіне күл сеуіп, ешқандай жара жоқ,ешқандай пәле жоқ деп мүләйімсіп жүрсіңдер. Тағы да сорпа берді. Тағы да қоюлап шай берді. Лима оған ашуланбақ болды, бірақ ашулана алмады, иығына салған қолдарын лақтырып тастамақ болды, бірақ лақтырып тастай алмады. Сүйдеді де Лима жартастан терең құзға өзін лақтырды…Үстіндегі плащын шешіп, диванға лақтырды. Көп кешікпей, апандай ақ дағараны сүйретіп, қайта оралды. …Қасқа қойды артқы екі аяғынан дырылдата сүйреп, Жанәлидің алдына әкеп мойнынан тұқыртып тоқтады. Қайтадан қарғып тұрып қаты түйілген оң қолының жұдырығын сілтеп қалды. Қолында бажыладауық сағат, соны қоңырау құсатып қатты-қатты сілтеп жүр. Ұлжан келінінің бетіне су бүрікті. Лима басын шайқады. Арасанбай екі бүктеліп қызға бас иді де, әлденеден шошынғандай бөлмеден атылып шықты. Ұлжан әкелген қораптарды ақырын ғана сырып қойды. Шардарадан балық аулап, шалқып қайтқан. Ағасы такси ұстады, машинаға отырғызды. Сол түнерген қалпы өз үйіне жетіп есік қаққан. Лима әрбір айтатын сөзін мәнерлеп айтып, ернін созып, көзңіне мөлтиіп тұрғаны.

  • Обьектіні толық қамтымайтын амал-әрекет етістіктері: керту, шабу, найзалау, сұғу, қамшылау,шымшу, шаншу. Мысалы:Қуана айқайлап, бетін шымшыды…Екеуі қайта-қайта құшақтасып, бірін-бірі түйгіштеді. Денесінің әр жерінен нұқылай берген Сәрсенбайға қарап Жанәли айбат шегіп гүж-гүж етеді. Мұны теуіп кеп жіберіп, шалқасынана құлатты. Олар арасына кіріп кеткен ақ боз арғымақты тістейді, тебеді, жаралайды, жабылады, арларынан қуып шығады. …Нәп-нәзік қызды өз нәрестесіндей-ақ бауырына қысып, төсек жанында еңкейте тұрып, шашынан сүйді. Қолағаштай мұрнының ұшында шып-шып еткен тер бар екен. Бұл соны алақанымен сүртеді. Лима көзілдірігін алып, көздерін уқалады. Лима екі қолымен екі миығынан уқалады. Қыздарының жолы болмай жүрген ата-ана, отырып қалған бикештерін көзге шұқып жүрді. (ауысп. мағ.)



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет