ІІ Ә.ТАРАЗИДІҢ «ҚОРҚАУ ЖҰЛДЫЗ» РОМАНЫНДА ҚОЛДАНЫЛҒАН ЕТІСТІКТЕРДІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ-СЕМАНТИКАЛЫҚ ТОПТАРЫ
Амал-әрекететістіктері, қозғалу етістіктері, сөйлеу етістіктері
Әрекет және қозғалыс амалын білдіретін етістіктер түркі тілдерінде амал-әрекет етістіктері деп танылады. Ол туралы біраз пікірлер айтылып жүр.
Дегенмен түркі тілдерінде бұл етістіктің лексика-семантикалық тобының көлемі бір ізді анықталып, қасиеттері толық зерттелініп болған жоқ. Мысалы, өзбек тілінің маманы М.Садықов өзбек тіліндегі етістіктердің тобын «Фели стилистикасы» деген еңбегінде «харакат феллари (амал-әрекет етістіктері) деп атайды да, оның аяқ әрекетімен байланысты (жүру, жорғалау), қол әрекетімен байланысты (ұстау, шымшу), бас әрекетімен байланысты (басын кесу, басын шайқау), сөйлеу етістіктері» деп төрт топқа бөлген. Ал, И.Қучқартаев «Семантика глаголов речи в узбекском языке» деген кандидаттық диссертациясының авторефератында етістіктерді үш топқа бөліп:
Іс-әрекет етістіктері;
Ақыл-парасат етістіктері;
Сөйлеу етсітіктері
деп көрсеткен. Басқа түркі тілдернің материалдарына негізделген еңбектерде бұдан басқашалау топтастырылған. Мысалы, Г.К.Кулиев «Глагольные управления в азербайджанском и туркменском языках» атты кандидаттық диссертациясының авторефератында азербайжан тілінің материалдарына негіздеп амал-әрекет етісітктерін:
Өнімді әрекет етісітіктері;
Қирату, бүлдіру әрекетті етістіктер;
Ішінара өзгерті мәнді етістіктер;
Заттың динамикалық түрде әсер ететін етістіктер;
Ас қабылдау процесін білдіретін етістіктер
деп бес топқа бөлген [16,35].
Э.Р.Тенишев бұл топқа қимыл-әрекеттен соң әйтеуір бір нәтиженің болатындығын талап ететін етістіктерді енгізеді. Ғалым: «Әрекеттің мейлі ол өндірістік процесі не табиғат құбылысы болсын логикалық тұрғыдан алғанда өзінен кейін әр кез белгілі бір нәтижесі болады. Мысалы: татар тілінде ясау- жасау қимыл-әрекетті білдіреді, әрине, қозғалыспен байланысты бола тұрса да, тек қимыл ғана, өйткені бұл әрекеттен адам қажетін қанағаттандыратын белгілі бір іс пайда болады»,- деп анықтама берген. Амал-әрекет етістіктернің білдіретін мағыналары Э.Р.Тенишев көрсеткен мағынадан кең. Сондықтан да бұл лексика-семантикалық топтың жалпылауыш семасын кеңірек түсініктен іздеу керек. М.Оразовтың пікірінше, бұл лексика-семантикалық топтың жалпылауыш семасы іс-әрекеттің обьектіге бағытталғанын, қимыл-әрекеттің обьектілі болатындығын білдіретін сема.
В.Ф.Вещилова «Глаголы движения в турецком языке» деген еңбегінде бұл топтағы етістіктердің мағынасын субьектінің обьектіге әсер етуін білдіреді деп анықтайды. Екінші бір ерекшелігі бұл топтағы сөздердің барлығы да сабақты етістіктер болады.
А.Ә.Османова «Мағынасына, өзіндік белгілеріне қарай топталған синонимдес етістіктерді іштей кішірек топтарға бөлуге болады. Мәселен, әрекет және қозғалыс амалын білдіретін синонимдес етістіктерді:
а) әрекет амалын білдіретін синонимдес етістіктер
ә) қозғалыс амалын білдіретін синонимдес етістіктер
деп екі топқа бөліп, мағынасын анықтауға да болады»,- деп топтастырған. Сонымен қатар ғалым «Әрекет амалын білдіретін синонимдес етістіктер белгілі бір құбылысқа, затқа бағытталған амалды я әрекетті білдіреді. Осындай етістіктер негізінен сабақты етістіктерден болады. Бұл етістіктер іс, қимыл әрекетті білдірумен қатар заттың,обьектінің болу я болмауын қоса көрсетеді»,- деген түсініктеме берген.
Ең алдымен, амал-әрекеттің алуан түрлі болатындығын есепке алатын болсақ, онда амал-әрекет етістіктерінің де іштей кіші семантикалық топтарға бөлінетіндігі анық.
Олар:
Достарыңызбен бөлісу: |